Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі кесе»
Мақсаты: ыдыстың шығу тарихымен, ыдысты жасайтын материалдар түрімен (тас, әйнек, ағаш, металл, қыш, пластик) таныстыру, балалардың танымдық іс-әрекетін, ой-өрісін дамыту, дөңгелек ермексаздың ішін шұңқырлау арқылы кесе жасау, кесені әшекейлеу тәсілін үйрету, балаларды өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыландыру, тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ыдыс түрлері, түрлі түсті ермексаз, тақтайша, сулық, кескіш.
Сөздік жұмыс: көрме, қыш
Билингвальды компонент: әдемі-красивый-beautiful, кесе-пиала-cup
|
Іс-әрекеттер кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жылулық шеңбер. Бәріміз бүгін біргеміз, Сөгілмесін іргеміз. Құшақты кең ашайық Бірімізге-біріміз ізеттілік жасайық. |
Балалар сөзін айтып, қимылын келтіреді. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Ерте заманда ежелгі адамдардың ыдысы болмапты. Олар ыдысты әртүрлі материалдардан жасап көреді. Ең бірінші тастан жасалған ыдыстың салмағы ауыр болады, ал ағаштан жасалған ыдысты отқа қоюға болмайтындықтан ағаш ыдыстарды да қолданбайды. Қыштан жасалған ыдыс сынғыш болады, ал металдан жасалған ыдыс ыстық тамақ салғанда ысып кетеді екен. Біртіндеп ыдысты пластиктен жасай бастайды. Біз бүгін ата мен әжеге шәй ішетін кесе жасаймыз. Таңдап алған ермексаз кесектерін не істейміз? Кесенің іші қуыс болады, сондықтан домалақ бөлшектің ішін саусығымызбен шұңқырлаймыз. Содан соң іші-сыртын тегістеп шығамыз. Кесе әдемі болу үшін оны безендіруіміз керек. Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Алақан арасына салып домалақтаймыз. Кесені өз қалаулары бойынша безендіреді. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың жасаған кеселерінен көрме ұйымдастырады. Балаларды мадақтайды. |
Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дөңгелек ермексаздың ішін шұңқырлау арқылы кесе жасайды, оны әшекейлейді.
Түсінеді: кесені жасау тәсілін, ыдыстардың қандай материалдардан жасалатынын.
Қолданады: ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Әдемі кесе»
Бөлімі: Мүсіндеу Тақырыбы: «Әдемі кесе»
Ортаңғы топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі кесе»
Мақсаты: ыдыстың шығу тарихымен, ыдысты жасайтын материалдар түрімен (тас, әйнек, ағаш, металл, қыш, пластик) таныстыру, балалардың танымдық іс-әрекетін, ой-өрісін дамыту, дөңгелек ермексаздың ішін шұңқырлау арқылы кесе жасау, кесені әшекейлеу тәсілін үйрету, балаларды өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыландыру, тілдерін дамыту, саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: ыдыс түрлері, түрлі түсті ермексаз, тақтайша, сулық, кескіш.
Сөздік жұмыс: көрме, қыш
Билингвальды компонент: әдемі-красивый-beautiful, кесе-пиала-cup
|
Іс-әрекеттер кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Жылулық шеңбер. Бәріміз бүгін біргеміз, Сөгілмесін іргеміз. Құшақты кең ашайық Бірімізге-біріміз ізеттілік жасайық. |
Балалар сөзін айтып, қимылын келтіреді. |
|
Ұйымдастыру-іздестіру |
Ерте заманда ежелгі адамдардың ыдысы болмапты. Олар ыдысты әртүрлі материалдардан жасап көреді. Ең бірінші тастан жасалған ыдыстың салмағы ауыр болады, ал ағаштан жасалған ыдысты отқа қоюға болмайтындықтан ағаш ыдыстарды да қолданбайды. Қыштан жасалған ыдыс сынғыш болады, ал металдан жасалған ыдыс ыстық тамақ салғанда ысып кетеді екен. Біртіндеп ыдысты пластиктен жасай бастайды. Біз бүгін ата мен әжеге шәй ішетін кесе жасаймыз. Таңдап алған ермексаз кесектерін не істейміз? Кесенің іші қуыс болады, сондықтан домалақ бөлшектің ішін саусығымызбен шұңқырлаймыз. Содан соң іші-сыртын тегістеп шығамыз. Кесе әдемі болу үшін оны безендіруіміз керек. Сергіту сәті. Сағаттың тіліндей, Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір. Оң аяқ, сол аяқ, Жаттығу оңай-ақ. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Алақан арасына салып домалақтаймыз. Кесені өз қалаулары бойынша безендіреді. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Балалардың жасаған кеселерінен көрме ұйымдастырады. Балаларды мадақтайды. |
Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дөңгелек ермексаздың ішін шұңқырлау арқылы кесе жасайды, оны әшекейлейді.
Түсінеді: кесені жасау тәсілін, ыдыстардың қандай материалдардан жасалатынын.
Қолданады: ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
шағым қалдыра аласыз













