Бөлімшені сапқа тұрғызу. Далалық оқу жиыны 28-сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөлімшені сапқа тұрғызу. Далалық оқу жиыны 28-сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Саптық дайындық 1. Бөлімшені өрістелген сапқа тұрғызу. Бөлімшені жорықтық сапқа тұрғызу. 2. Бөлімшені өрістелген саптан жорықтыққа сапқа жəне керісінше қайта сапқа тұрғызу. 3. Бөлімшені жазылған және жинақталған сапқа тұрғызу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

    Сабақ тақырыбы: Бөлімшені сапқа тұрғызу

Бөлім:

Саптық дайындық

Педагогтің аты-жөні:

Абдикешов Д.А.

Күні:


Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бөлімшені сапқа тұрғызу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1. Бөлімшені өрістелген сапқа тұрғызу. Бөлімшені жорықтық сапқа тұрғызу.

2. Бөлімшені өрістелген саптан жорықтыққа сапқа жəне керісінше қайта сапқа тұрғызу.

3. Бөлімшені жазылған және жинақталған сапқа тұрғызу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Бөлімшені өрістелген және жорықтық сапқа тұрғызу тәсілдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

Бөлімшенің жазылған және жинақталған сабына тұра алады, бөлімшенің өрістетілген сабынан жорықтық сапқа және керісінше сапқа тұра алады

Кейбір оқушылар:

Саптық тәсілдерді дұрыс көрсетумен бірге жарғыға сəйкес дəл анықтама бере алады

Құндылықтарға баулу

Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын болу

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресур-р

Басы

3'

Амандасу, түгелдеу, оқушылардың сырт көріністерін тексеру.


Взвод командирінің орынбасары оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға сабаққа дайындығы жөнінде баяндама жасайды.



Ортасы

6'

Білу

Жазылма сап тексерістер, санақтар, байқаулар, парадтар жүргізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.

Жорық сабы-бөлімше лекке немесе бөлімшелер лектерде бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.

Жорық сабы марш жүргізудегі, ән салып салтанатты шерумен жүріп өтудегі бөлімшелердің қозғалысы үшін, сондай-ақ басқа қажетті жағдайларда қолданылады.

Бөлімшенің жазылма сабы бір қатарлы немесе екі қатарлы болуы мүмкін.

Бөлімшені бір қатарлы (екі қатарлы) сапқа тұрғызу «Бөлімше, бір қатарға (екі қатарға)-Саптан» командасы бойынша жүргізіледі.

Саптық тұрысты қабылдап және команда беріп бөлімшенің командирі сапқа тұрудың маңдайшебіне қарама-қарсы тұрады; бөлімше штатқа сәйкес командирден солға қарай тұрады.

Сапқа тұру басталғанда бөлімшенің командирі саптан шығады және бөлімшенің сапқа тұруын қадағалайды. Төрт және одан да аз адамнан тұратын бөлімше әрқашан да бір қатарға тұрады.

Бөлімшені орнында түзету қажет болғанда «Түзел» немесе «Солға-Түзел» командасы беріледі. «Түзел» командасы бойынша оң жақ шетте тұрғаннан басқасының барлығы бастарын оңға бұрады. «Солға-Түзел» пәрмені бойынша сол жақ шеттегіден басқасының барлығы бастарын солға бұрады. Түзелену кезінде әскери қызметшілер біршама алға, артқа немесе жан-жағына қоғала алады. Түзулену аяқталған соң әскери қызметшілердің барлығы бастарын жылдам тік ұстайды, ал карабиндер (пулеметтер) бұрыңғы күйге келтіретін «Тік тұр» командасы беріледі.

«Бөлімше-Тара» командасы бойынша әскери қызметшілер саптан шығады. Бөлімшенің жиналуы үшін «Бөлімше-Маған Кел» командасы беріледі де, әскери қызметшілер жүгіріп командирге жиналады және оның қосымша командасы бойынша сапқа тұрады.

Бөлімше орында жазылу үшін «Бөлімше, оңға (солға ортадан) мыншама адым алшақта» (жүгіре алшақта) командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша, жазылу басталатын басқа барлық әскери қызметшілер көрсетілген жақа қарай бұрылады, бір мезгілде аяқтарын қоя отырып бастарын саптың маңдайшеп жағына бұрады және артта келе жатқанның иығы арқылы қарап және одан көз айырмастан жиіленген жартылай адыммен (жүгіріп) жүреді; соңғы адам тоқтағаннан кейін команда бойынша қанша адым айтылды, сонша адым жасайды, және оңға (солға) бұрылады.

Бөлімшені орнында жинақтау үшін «Бөлімше оңға (солға ортаға) жинақтал» (жүгіре, жинақтал)» командасы беріледі. Орындалатын команда бойынша жинақтау тағайындалған басқа барлық әскери қызметшілер жинақтау жасалатын жаққа бұрылады, одан кейін жиіленген жартылай адыммен (жүгіріп) жинақталған сап үшін белгіленген аралыққа келеді және келуіне қарай өз бетінше тоқтайды және солға (оңға) бұрылады.

Бөлімшені тоқтату үшін «Бөлімше-Тоқта» командасы беріледі.

Бөлімшенің жорық сабы бір лек бойынша немесе екі лек бойынша болуы мүмкін.

Бөлімшенің орында бір (екі) лек бойынша сапқа тұруы: «Бөлімше, бір (екі) лекке-Сапқа тұр» командасы бойынша жүргізіледі. Бөлімшенің командирі саптық тұрысты қабылдап және команда беріп, қозғалыс бағытына қарап тұрады, ал бөлімше штат бойынша сапқа тұрады.

Бөлімшенің бір лектен екі лекке қайта сапқа тұруы «Бөлімше, екі лекпен-адым-Бас»(жүріс кезінде-«Адымда»).

Орындалатын команда бойынша бөлімше командирі (бағыттаушы) жарты адым жүреді, ал екінші нөмірдегілер, оңға шығып адымның ырғағымен лектегі өз орнына тұрады; бөлімше «Тура» немесе «Бөлімше-Тоқта» командасына дейін жарты адымға қозғалады.

Бөлімшенің екі лектен бір лекке қайта сапқа тұруы «Бөлімше, бір лекпен-адым-Бас» (жүріс кезінде-«Адымда»).

Орындалатын командасы бойынша бөлімшенің командирі (бағыттаушы) қалыпты адыммен, ал қалғандары жарты адымның ырғағымен бірінші тұрғанның ту сыртына енеді және қалыпты адыммен қозғалысты жалғастырады.

Лектін қозғалыс бағытын өзгерту үшін «Бөлімше, оң (сол) иық алға-Адымда» командасы беріледі; бағыттаушы «Тура» пәрменіне дейін солға (оңға) енеді, қалғандары«Бөлімше, менің артымнан-Адымда» (жүгіріп-Адымда») командасы бойынша оның артынан жүреді; бөлімше командирдің соңынан ереді.

Дескриптор

- Бөлшектеп дайындық жаттығуларын дұрыс орындайды.





Дескриптор

арқылы бағаланады


Саптық дайындық бейнефильмі.


3'


Түсіну

1. Бөлімшені өрістету және жорықтық сапқа тұрғызу үшін қандай команда беріледі?

2. Қажет болған жағдайда, орнында бөлімшенің сабын түзеу үшін қандай командалар беріледі?

3. Жазылма және жорықтық сап дегеніміз не?

4. Бөлімше қандай сап түрлерінде болуы мүмкін?

5. Лек қозғалысының бағытын өзгерту үшін қандай команда беріледі?

- Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогқа түседі.





Қ/Б

АӘТД оқулығы

18'


Қолдану

Үш бөлімшеге үш түрлі тапсырма беріп, үш оқу жаттығу орнына жіберемін.




Әрбір 8 мин. сайын оқу жаттығу орындары ауыстырылып отырылады.

І-ші оқу жаттығу орнына- 1-ші бөлімше барып, бөлімшенің жазылған және жинақталған сабына тұруға жаттығады

ІІ-ші оқу жаттығу орнына- 2-ші бөлімше барып, бөлімшені өрістетілген саптан жорықтық сапқа және керісінше сапқа тұруға жаттығады

ІІІ-ші оқу жаттығу орнына- 3-ші бөлімше барып, «Саптан шығу және сапқа қайта тұру, бастыққа келу және одан кету тәсілдерін орындауға жаттығады

Қ/Б

АӘТД оқулығы

5'

Талдау

Оқу жаттығу орындарын взвод командирінің орынбасарымен аралап жүріп ескерту жасаймын, көрсетемін, қимыл-қозғалыс әрекеттерін бағалаймын.

- қимыл-қозғалыс әрекеттерін дұрыс жасауға тырысады.


Қ/Б


АӘТД оқулығы


3'


Жинақтау

Салтанатты шерумен өту


Оқушылар салтанатты шерумен өтеді





Аяқталуы

2'



Кері байланыс

Жақсы жұмыс жасаған бөлімше командирлерін атап өтемін.

Үйге тапсырма беру

Саптық тәсілдерді дұрыс орындауға жаттығу.

Бөлімше командирлері жақсы жұмыс жасаған жас сарбаздар мен бөлімшелерді атап өтеді.



     




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
225
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі