400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға көбейту және бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика 2 сынып ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Математика

Сабақтың тақырыбы: Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға көбейту және бөлу

Мұғалімнің аты-жөні: Хасенова Қаршыға

Сынып: 4ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.1.2.11-екі таңбалы/үш таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдану



Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Сандарды көбейтінділерге көбейту және бөлу ережелерін біледі.

Көптеген оқушылар: Сандарды көбейтінділерге көбейту және бөлу ережелерін біледі. Нөлдермен аяқталатын көптаңбалы сандарды көбейту және бөлу алгоритмдерін қолдана алады.

Кейбір оқушылар: Осы ережелерге қатысты мысалдар жаза алады.

Бағалау критерийлері:

Сандарды көбейтіндіге көбейту және бөлу ережелерін қолданасың.

Нөлмен аяқталатын көптаңбалы санды біртаңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіру.

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс арқылы өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Тілдік мақсат

Көбейту және бөлу алгоритмі.

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі ( 3 тілділікті қолдану ), дүниетану ( тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысу),. Әдебиеттік оқу (Шәмші Қалдаяқов туралы мәлімет)

Күтілетін нәтиже

Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға жазбаша бөлуді орындап үйренеді.

Бастапқы білім

Көбейту, бөлу ережелерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5минут








Ұйымдастыру кезеңі:

- Сәлемдесу 3 тілде;

- Түгелдеу;

- Психологиялық ахуал

Балалар бүгін біз жетістік қаласына саяхат жасаймыз. Олардың өзіндік бір амандасу дәстүрі бар екен. Бірге орындап көрейік. Ең алдымен қазақ тілінде «сәлем» деп қол алысамыз. Екінші орыс тілінде «здраствуй» деп арқамен амандасамыз. Үшінші ағылшын тілінде «Hello» деп тіземен амандасамыз.

Біреу есік қағады.

Балалар естідіңдер ма, біреу есік қағып тұр? Бұл кім екен?

Бұл Дара екен! Балалар мен сендердің білімдеріңді тексеруге келдім.

Менде өзіммен бірге сиқырлы қалпақ бар, онда сендердің есімдерін жазылған. Әрбір тапсырма орындағанда осы қалпақтан бір адамның есімін таңдаймын сол бала тапсырманы орындайды.

Әрбір кезеңнен кейін сендерге жулдызша беріп отырамын, кімде көп жулдызша болады сол жақсы бағаға ие болады.















Қалпақ






жұлдызша

Сабақтың ортасы

30 минут




































I кезең. Кім жылдам?!

Балалар сендерге музыка сабағы ұнайды ма?

1)«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарлама аясында қазақтың музыкатану ғылымы тарихында тұңғыш рет бес томдық «Қазақ музыкасының антологиясы»жарық көрді. Сендер оны қай жылы жарық көргенің блесің бе?Қанекей онда жауабын табайық.

650*25-14237=2013

Қ.Б:Осы кезеңде өрнекті бір бала шығарады, сол оқушы жауабын тақтаға жазады және жұлдызша алады.

2)Есептеуге қара. Екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолданып, есептеуді түсіндір.

8624:28=308 93860:52=1805

II кезең. Жасырын есеп. 4 есеп партанын астына жапсырылады, балалар есептерді тауып шығарады.

Дұрыс, шапшаң орындаған балаға Дара жұлдызша береді.

9684:12= 807 94770:45=2106

4784:23=208 95883:31=3093

БК. Өрнектерді жылдам және қатесіз есептеу.

III кезең. Жұптық жұмыс. Есептеуге қара. Қалай есептелгенін түсіндір.

820680:21=39080 Тексеру: 39080*21=820680

Бірінші 3 жұп тексеріледі.Болған жұп қол шапалақтайды. Сол бойынша Дара жұлдызшалар таратады.

IV кезең. Мен түсіндім! Есептеп, дұрыстығын тексер.

45150:14=3225 740160:36=20560

921570:51=18070 888860:98=9070

175440:43=4080 813400:28=29050

986750:50=19735 526350:30=17545

Өзіңді тексер әдісі арқылы текшелерді көтеріп, сол бойынша жұлдызшалар таратылады.

Жасыл текше- дұрыс. Қызыл текше-қате

Оқушылар шаршап қалған боларсыңдар, қанекей бір сергіп қалайық.

Сергіту сәті.

Секіреміз топ-топ,

Шапалақтап көп-көп.

Иілеміз оңға қарай бір, екі, үш,

Иілеміз солға қарай бір, екі, үш.

Балалар Дарада басқа балалардың білімін тексеретін сыныптар бар екен. Қане орнымыздан тұрып шығарып салайық. Сауболындар балалар.

V кезең. Математика күнделікті өмірде.

Копозитор Шәмші Қалдаяқов 1930 жылы туған. 1956 жылы «Менің Қазақстаным» әнін жазған. Ол уақыт өте келе Қазақстан Республикасының қазіргі гимніне айналды. Өзінің осы танымал әнін жазған кезде Шәмші Қалдаяқов неше жаста болған?

Талдау:

  1. Есепте кім туралы айтылған?(Ш.Қалдаяқов)

  2. Менің Қазақстаным әнін қай жылы жазған?(1956)

  3. Менің Қазақстаным әнін жазғанда Шәмші Қалдаяқов нешеде болды?

Туған жылы – 1930ж

Әнді жазды – 1956ж

Жасы - ?

Шешуі: 1956-1930=26

Жауабы: 26 жаста жазды

Дұрыс болса 3 рет шапалақтау

VI кезең. Мен үшін оңай! Өрнектердің мәнін тап.

988+1530:(12*6-62)=1141

(1519-637)-(4892-4781):37=879

Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін текшені көтеріп мұғалімге белгі береді. Сол бойынша жұлдызшалар таратылады.

VII кезең. Ойлан,тап. Мәтіндегі деректер бойынша есеп құрастыр және шығар.

А) 1980 жылы Алматы қаласында «Ұлттық музыкалық аспаптар» музейі ашылды. Музей ғимараты – ағаштан салынған сәулет өнерінің үлгісі. Оны 1908 жылы Андрей Павлович Зенков тұрғызған.

Балалар қарандаршы бұл есеп па? Жоқ...

Ендеше сөз есепке айландырайық. Сұрақты қалай қойсақ болады? (салғаннан кеін неше жылдан кейін музейге айналды?)

Ашылды – 1980

Салынды – 1908

Музейге айналды - ?

Шешуі: 1980-1908=72

Жауабы: 72 жылдан кеін музейге айналды.

Ә) Музейде көптеген концерттер мен кездесулер өтеді. Ересектердің билеті – 500 тг, ал балалардікі 300 тг тұрады. Экскурсия жетекшісінің қызметі - 850 тг.

Балалар қарандаршы бұл есеп па? Жоқ...

Ендеше сөз есепке айландырайық. Сұрақты қалай қойсақ болады?(Экскурсия жетекшісінің ақшасы ересек пен балалардың ақшасынан неше теңгеге артық ?)

ЕПрямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 8 Прямая со стрелкой 1 ресек – 500тг

Балалар – 300тг артық

ЖПрямая соединительная линия 7 .қ – 850тг,

Шешуі:850-(500+300)=50

Жауабы: 50 тг –ге артық.

Орындап болғаннан кейін мұғалім барып тексереді және жұлдызша береді.

VIII кезең. Мен тапқырмын!Теңдеулерді шешеді.

12000*х=800*30 80000:у=4000-2000

12000*х=24000 80000:у=2000

х=24000:12000 у=80000:2000

х=2 у=40

Орындап болғаннан кейін мұғалім барып тексереді және жұлдызша береді.

IV кезең. Ойлан және жауап бер.

Музейге бару үшін оқушылар үш-үштен сапқа тұрды. Айна, Әлия, Арман – алдынан санағанда 7 – қатарда, соңынан санағанда 5 – қатарда тұрғандарын байқады. Музейге неше оқушы барған?

Оқушылар былай талдайды:

Айна, Әлия, Арман алдынан санағанда 7 – қатарда, яғни алдындағы 6 қатардағы оқушылар санын анықтаймыз

6*3=18(оқушы)

Соңынан санағанда 5 – қатарда тұрған, яғни соңындағы 4 қатардағы оқушылар санын анықтаймыз.

4*3=12(оқушы)

18+12+3=33

Жауабы: Музейге барлығы 33 оқушы барған.




39бет 1 тапсырма












39бет 2 тапсырма






39 бет 3 тапсырма







40бет 4 тапсырма














40бет 5тапсырма.
















40 бет 6 тапсырма

Ш.Қалдаяқовтың суреті





















40бет 7 тапсырма








41 бет 8 тапсырма.





































41 бет 9 тапсырма








41 бет 10 тапсырма








Сабақтың соңы











Үй тапсырмасы.41бет 11 есеп.

Есептеп дұрыстығын тексер










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 қаңтар
2139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі