Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бөлме гүлдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, оларды баптап , күту ережелерімен таныстыру. Гүлді отырғызу жолын көрсеріп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім саласы: «Әлеуметтік орта», «Таным»

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен танысу.құрастыру

Тақырыбы: Бөлме гүлдері.

Мақсаты: Бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, оларды баптап , күту ережелерімен таныстыру. Гүлді отырғызу жолын көрсеріп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.

Көрнекілік: Модельдік сызба, гүл өсіндісі, топырақ, су, түбек, ал жапқыш, гүлдің күлтелері.

Әдіс-тәсілі: Практикалық,сұрақ-жауап,түсіндіру,көрсету,модельдік, психологиялық тренинг,көрнекілік, әңгімелеу.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалар әрекеті

Ұйымдастырушылық оятушылық
























Ұйымдастырушылық ізденушілік




















































































































































































Жетекші жөндеуші

Психологиялық тренинг.

Біз барлығымыз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз.(аудио жазба)

Кенеттен жел соғып, гүлдер шайқала бастады.

Аспанды бұлт қаптап, жаңбыр жауа бастайды. Гүлдер тоңып бүріседі.

Сол кезде күн шығып, гүлдер жайқалып, қуанып ашыла бастайды.

Жарайсыңдар балалар, әрқашан гүл сияқты күліп жүріңдер.

Өткен оқу іс-әрекетін қайталау.


Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер оның жауабан дұрыс шешуге тырысыңдар.


Жұмбақ.

Адамдардың бәрі қызығады,су құймасаң сәні бұзылады, хош иісін таратып, ауаны тазартады. Біз оны бір-бірімізге сыйлаймыз.

Бұл не?

Дұрыс. Жарайсыңдар балалар !


Гүлдер екі түрге бөлінеді, дала гүлдері және бөлме гүлдері. Ендеше бүгін біз бөлме гүлдерімен таныс боламыз.

Гүл өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай , бөлменің , үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Олардың көптеген түрлері бар.


Хлорофитум -басты ерекшелігі, күтімді көп қажет етпейді, есесіне бөлменің ауасын жақсы тазартады. Ғалымдар хлорофитум өсімдігінің ауаны улы тұншықтырғыш газдан жақсы тазартатынын анықтап, бұл өсімдікті әсіресе ас 1бөлмесінде өсіру керектігін айтқан.

Енді балалар тақтаға назар аударайық.

Балаларға модельдік сызба арқылы гүлдің дамуын көрсету.


Осы мезетте Ханқызы ұшып келеді.

Ханқызы: Сәлеметсіңдер ме , балалар !

Мен Ханқызымын! Мен ұшқанды жақсы көремін.

Тәрбиеші: Қош келдің Ханқызы, қайдан жүрсің?

Ханқызы: Аулада ұшып келе жатып сендердің терезелеріңнен өте әдемі бөлме гүлдерін көріп , жақынырақ көруге келдім. Менде гүл өсіргім келеді, бірақ мен күту , баптау әдістерін білмеймін.

Тәрбиеші: Ханқызы сен мұңайма. Балалармен бірге отырып көріп, үйренуіңе болады.

Олай болса, балалар орнымыздан тұрып тынығып алайық.


Сергіту сәті

Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың әйбәт,

Былай-былай ойнат.

Топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса,жаса алтын күн,

Жаса,жаса жарқын күн.


Балалар енді Ханқызына гүлді отырғызу жолын көрсетейік. Балалар, жақсы көріну үшін жаныма, үстелге жақынырақ тұрыңдар.


Практикалық әрекет.

Гүл отырғызу үшін ең әуелі бізге гүл түбек қажет. Түбекті алып, ішіне жай даладағы топырақ емес, құнарлы топырақ саламыз, жақсы өсу үшін.

Содан соң , топырақ ортасына құдықша жасап , гүл өсіндісін отырғызамыз.

Енді осы гүлімізді табиғат бұрышына қояйық.

-Балалар гүл отырғызып тек осылай қоямызба?

Сендер тамақ ішпесеңдер не болады?

Ия, балалар гүлдерде су ішпесе ауырып қалады екен.

Ханқызы: Балалар мен сендерге құр алақан келген жоқпын, сендерге сиқырлы құрастырмақ ойын алып келдім.

Қане , олай болса құрастыру орталығына барып құрастырайық.

Ойын «Әсем гүлдер»

Шарты: Балалар күлтелерден гүл құрастыруы керек. Әр күлтені пішініне қарай өз орнына орналастыруы керек.

Мақсаты: Балаларды ептілікке, пішіндерді, түстерді ажырата білуге үйрету.

Жарайсыңдар балалар, орындарымызға отырайық. Сендер құрастырған гүлдер өте әсем болды. Күлтешелерді де дұрыс орналастырдыңдар!

Балалар жаңағы отырғызған гүлімізді Ханқызына сыйлайық, келісесіңдер ме?

Ханқызы: Рахмет, балалар, сендер әдепті, білімді екенсіңдер. Бөлме гүлдері журалы көп мәлімет алдым, енді менде гүлдерімді күтіп , баптап отырамын. Сендермен оқу іс-әрекетін өткізген маған қатты ұнады. Енді мен өз әлеміме оралайын.

Сау болыңыздар!


Балалар гүлдердің неше түрі бар?

Атап айтыңдаршы


Біз қандай бөлме гүлдерімен таныстық?

Гүлдердің бізге қандай пайдасы бар?



Бізге қонаққа кім келді?

Балалар сендерге бүгінгі оқу іс-әрекеті ұнадыма?

Белсенді балаларды мақтап мадақтау.

Балаларға гүл сыйлау,бағалау.





Қолдарын жоғары көтеріп шайқалады

Бүрісіп отырады


Орындарынан тұрып, күледі





















Балалар жұмбақты тыңдайды

Балалар гүл деп жауап береді




















Балалар тақтаға қарайды
































Сәлеметсіз бе!



















Балалар қимыл-қозғалыс жасай отырып сергіту жаттығуын жасайды




Балалар тәрбиешіге жақындайды























Жоқ, гүлге су құю керек.

Ауырып қаламыз






















Балалар үстел жанына келіп, ойын шарты бойынша күлтелерден гүл құрастырады.
















Ия, келістік.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2020
515
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12