жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бөлме өсімдіктері
«Бекітемін»
Балабақша әдіскері: С.М.Бақтығазиева
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 12.11.2019 жыл
Тобы: ересектер
Тәрбиеші: Адилгереева Г.М.
Тақырыбы: "Бөлме өсімдіктеріне күтім жасаймыз"
Білім беру салалары: Таным
Бөлімдері: Жаратылыстану.
Мақсаты: Балаларға бөлме өсімдіктері туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын,
сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын, оларды күтіп баптау, күтім
жасау ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты
аялауға, сүюге үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: бөлме гүлдері туралы әңгімелесу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Қажетті көрнекі құралдар: бөлме гүлдері суреттері, тамырланғанн гүл, ыдыс, басқа
қажетті заттар.
Көптілділік компонент/билингвальный/: гүл-цветок-flower.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Себепті қызығу- шылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбері. Біз кішкентай баламыз, Өсіп-өніп толамыз. Күнге қарай талпынып, Көкке қолды созамыз. Айналамыздағы және әлемдегі барлық адамдарға тек жақсылық тілейміз. |
Шеңберге тұрады. Өлең жолдарын айтып, соған сай қимылдар жасайды. |
|
Ұйымдас- тырушы- лық ізденіс кезеңі |
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын: Адамдардың бәрі қызығады, Су құймасаң бұзылады? -Дұрыс балалар, жарайсыңдар. Ендеше біз бүгін бөлме өсімдіктерімен танысамыз. Өсімдіктер өзі дала және бөлме өсімдіктері болып екіге бөлінеді. Өсімдіктер өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды, оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады. (Тәрбиеші бөлме гүлдерін көрсетіп әңгімелейді). Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді.сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз. Бөлме гүлдерінің басқа гүлдер секілді тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар. Ендеше балалар тақтаға назарымызды аударайық. Мынау алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэ нің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайды. Алоэ үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді.Егер бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз, сол жерге осы алоэны кесіп, шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді. Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды өз бойына жұтады. Раушан гүлі гүлінің түсі қызыл, хош иісті болып келеді. Раушан гүлі өте әдемі, бөлмемізге сән беріп тұрады. Хлорофитум – ең пайдалы бөлме гүлдерінің бірі Жапырақтары қияқ тәріздес, гүлдері ұсақ,төрт күлтелі ақ түсті болады. Бөлмедегі ауа қысымын және ылғалдылықты реттеп отырады. Тұмау тиюден қорғайды, жарық таңдамайды.
Практикалық әрекет: ал енді балалар біздер тамырланған гүлді ыдысқа отырғызамыз. Гүл отырғғызу үшін бізге ең әуелі ыдыс қажет. Ыдыстың түбі тесік болады. Содан кейін топырақ саламыз. Құнарлы гүл отырғызуға арналған қара топырақты саламыз.Содан соң топырақ ортасын құдықша жасап, гүл өсіндісін отырғызамыз. Енді бұл гүлімізді табиғат бұрышына қоямыз.
-Жылына бір рет ыдысы мен топырағын ауыстырып тұру қажет.
Сергіту сәті (Әуенмен орындалады.) Дидактикалық ойын: «Гүл құрастыру» |
-Гүл
Сергіту сәтінде өлең мазмұнына қарай қимыл жасайды. -Аналар мейрамы. Балалар желімді пайдалана отырып, гүлдің суретін жапсырады. -жоқ, гүлге су құю керек. Әуенге сай қимыл жасайды. Қиынды суреттерден гүл құрастырады. |
|
Іс-әрекетті бақылау кезеңі |
Тәрбиеші: -Біз бүгін қандай гүлдермен таныстық? -Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар? -Гүлге өсу үшін не қажет? - Оқу іс-әрекетінің қай сәті сендерге ұнады? - Сендер бүгінгі оқу іс-әрекетінде білімді де, тәртіпті бала болдыңдар. (Балаларды марапаттау) |
Сұрақтарға жауап береді. - Балалардың жауаптары |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Бөлме гүлдерін күтіп баптау жолдарын.
Қандай түсініктерді игерді: Бөлме гүлдері мен оларды күтіп, баптау ереджелерін
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: қиынды бөлшектерден сурет құрастыруды.
Әсемпаз болма әрнеге
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан
Қайрат пен ақыл жол бастар,
Қашқанға да, қуғанға
Әділет шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға
Бастапқы екеу соңғысыз,
Біте қалса қазаққа
Алдың жалын, артың мұз
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артыллам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Ақырын жүріп, анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық қылған жалықпаас,
Үйретуден балаға
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген