Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Болымды және болымсыз етістік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы мен жолдап отырған материал ҚМЖ сабақ, жас мамандарға көп көмегі бар деп ойлаймын. Ішінен бәрін алмағанмен, өзіне керекті сәл тұстарын алады деген ойдамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім. «Атақты тұлғалар»

Күні: 3 тоқсан

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

90 сабақ. Болымды және болымсыз етістік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.4.2.5 болымды және болымсыз етістіктердің айырмашылығын анықтау;

3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

-мұғалімнің қолдауымен болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;

-мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Оқушылардың көбі:

-болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді үлгі/талдау негізінде тауып, түзетеді

Оқушылардың кейбірі:

-болымды және болымсыз етістікті ажырата алады;

-жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Бағалау критерийлері

- болымды және болымсыз етістіктерді ажыратады;

- жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді



Құндылықтарды дарыту

Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану

Алдыңғы меңгерілген білім

Етістік тақырыбынан игерген білімдеріне негізделіп меңгертіледі.


Сыныпты 4 топқа бөлу.

1.Негізгі етістік

2.Туынды етістік

3.Болымды етістік

4. Болымсыз етістік

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Қалам» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау

1.Етістік дегеніміз не?(Заттың қимыл іс-әрекетін білдіретін сөз табы)

2.Етістіктің сұрақтары?(Не істеді? Не қылды? Қайтты?)

3.Етістік сөйлемде қандай қызмет атқарады?(Баяндауыш)

4.Баяндауыштың астын неше сызықпен сызамыз?(2)

5.Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді ?(Дара және күрделі болып 2-ге бөлінеді)

6.Дара етістік дегеніміз не?(Бір ғана сөзден тұратын етістікті дара етістік дейміз)

7.Қүрделі етістік дегеніміз не?(екі немесе үш сөзден тұртын етістікті күрделі етістік дейміз)

8.Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?(Негізгі және туынды болып 2-ге бөлінеді)

9.Негізгі етістік дегеніміз не? (Түбір сөзден болған етістікті негізгі етістік дейміз)

10.Туынды етістік дегеніміз не? (Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістікті туынды етістік деп атайды)

Ресурстар

Сабақтың басы. Мағынаны тану


0-5 минут

І. Морфологиялық ширату. 28-жаттығу.

Әр топқа болымды және болымсыз етістіктер таратылып беріледі. Осы етістіктерде қандай өзгешелік бар екенін анықтама шығарып айтулары керек.

1-топ.

Жүз-жүзбе

Жаз-жазба


2-топ

Күл-күлме

Бар- барма


3-топ

Төк – төкпе

Тақ – тақпа


4-топ

Аш- ашпа

Ал-алма

Неліктен олай топтадыңдар?

Оқушыларға екі бағандағы етістіктерді салыстыру ұсынылады. Қосымшалы етістіктерге назар аударылып, ол сөздердің беретін мағынасы анықтатылып, айырмашылығы түсіндіріледі.

Үлгі: «Жаз»- етістігі іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

«Жазба» етістігі іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

«Жазба» етістігі «жаз» етістігіне –ба жұрнағы жалғануы арқылы жасалынды.

Мұғалім оқушының жауаптарын тыңдай отырып, ережені қорытып дәптерлеріне жаздырады.

Жүзбе, жазба, күлме, барма, төкпе, тақпа, ашпа, алма.

Жарайсындар балалар,ал енді бүгінгі сабағымызда болымды және болымсыз етістік туралы алған білімдерімізді дамытып, олардың қызметтері туралы тереңірек біліп түсінеміз

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

Презентация

Слайд 2

Слайд 3

Сабақтың ортасы

5-11 минут















12-17 минут





















18-23 минут









24-29 минут




30-35 минут

ІІІ. Негізгі бөлім

29-жаттығу. Мақалды жатқа, көркем жаз. Мақалдың мағынасын түсіндір. Қарамен жазылған етістіктерді салыстырып, олардың мағынасында қандай өзгешелік бар екенін айт.

Атаңның баласы болма,

Адамның баласы бол.

Бол - болма

- «Бол» етістігі іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.

- «Болма» етістігі іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.

Қорытынды жасау. (оқушылардың ереже шығарып, қорытындылауы)

Жаңа ақпарат: Етістік болымды (күл, жаз) және болымсыз (күлме, жазба) болып бөлінеді. Болымсыз етістік болымды етістікке -ма, -ме, -ба, - бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: ерінбе, бұзба, жұлма.

Сергіту: «Жалғасын тап» ойыны.

1-топ. «Не істеуге болмайды?» жазылған сұрақты топқа көрсетеді. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастырып айтуы керек.

- Үлкендердің алдынан.......(кесіп өтуге болмайды.)

- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)

- Құстарды ...........................(атуға болмайды.)

- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)

- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)

- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)

- Үлкен адамға......................(сен деп айтуға болмайды.)

2-топ. «Не істеу керек?» (жоғарыдағыдай жүргізіледі)

- Үлкен кісіні..........................(сыйлау керек.)

- Үлкеннің тілін.....................(алу керек.)

- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)

- Кішілерге.............................(қамқорлық жасау керек.)

- Оқу құралдарын..................(күтіп ұстау керек.)

- Ата-ананы (құрметтеу керек.)

-

Екі топтың тапсырмаларындағы етістіктерді анықтап, құрамына қарай талдау жасайды. Етістіктің болымды және болымсыз түрлеріне қарай ажыратады.

3- топ. Дұрысын тап та, сәйкестендір.

1.Адамға саусағыңды ішпе.

2.Адамды тұрма.

3.Тамақты асығысып шошайтпа.

4.Ас қайырмай дастархан басынан санама.

5.Ауруға болма.

6.Әдепсіз күлме

7.Бас киімді айналдырып сүйенбе.

8.Босағаға үзбе.

9.Бір қолмен нан киме.

Тыйым сөздердің мағынасын түсіндіру. Етістіктерді тауып, құрамына қарай талдау. Жұрнақтарды тиісті белгімен белгілеу.

30-жаттығу. Тыйым сөздерді қатесін түзеп, көшіріп жазады. Мағынасына талдау жасайды. Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.

Босағада тұрма көк шөпті жұлма малды теппе ақты төкпе

Дұрысы: Босағада тұрма . Көк шөпті жұлма. Малды теппе. Ақты төкпе.

Шығармашылық тапсырма

Болымсыз етістіктерді тауып, болымды етістікке айналдырып жазыңыз.

1 – топ. Күлме досыңа, келер басыңа. (Күлме – күл)

2 – топ. Досыңмен көп сөйлеспе, жолынан қалдырасың. Дұшпаныңмен көп сөйлеспе, сырыңды алдырасың. (Сөйлеспе – сөйлес)

3 – топ. Еңбектен қашпа, ырысыңды шашпа. (Қашпа – қаш, шашпа - шаш)

4 – топ. Болымсыз етістіктің жұрнағы жалғанып тұрған сөздерді табыңыз.

Дамир ауырып қалды. Ата – анасы жұмысқа кетті. Анасы Дамирге:

  • Тәттіні көп жеме, телефонға көп қарама, далаға шықпа, - деп ескерту айтты.

(же – ме, қара – ма, шық - па)


31-жаттығу. Ребусты шешу. Өз ойын дәлелдеу.

Ребусты шешеді. (Ребустағы үшінші суреттің – парта екендігі ескертіледі). Ребустың шешуіндегі «баспа» сөзінің мағынасы ашылады. Ол сөздің болымсыз етістік болу, болмауы сұралады. Оқушылар өз ойын мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.

Үлгі: Қазақ тілі оқулығы «Атамұра» баспасынан (зат есім) шығады. Бас киімді баспа (болымсыз етістік).

Шешуі: Баспа- болымсыз етістік бола алады.

Баспа: 1. Лайды баспа (етістік)

  1. Баспа – тамақ ауруы/ангина – латынша анго «қысамын, тұншықтырамын»/ (зат есім)

  2. Баспа – кітапгазет

    Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    20.10.2020
    811
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12