Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бопай ханым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Тарих және құқық факультеті
«Қазақстан тарихы» кафедрасы
Тақырыбы: « Бопай (Бәтима) ханым (1690-1780) »
Орындаған: Кощжанова Ш.У.
050203 «Тарих» мамандығының
07411- топ студенті
Ғылыми жетекші: Байболсынова А.С.
ОРАЛ-2011
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
I. КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ӘБІЛҚАЙЫР ХАН..................5
1.1. Әбілқайырдың таққа отыруы........................................................................5
1.2. Әбілқайырдың әйелдері және Бопай ханым................................................7
II. БОПАЙ ХАНЫМ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ.......................14
2.1. Бопай ханша мен патшайым Елизавета ....................................................14
2.2. Сүйегі өзге елде қалған қайран ана ...........................................................20
2.3. Әуенімен әйгілі Әбілқайыр-Бопай әулеті .................................................27
Қорытынды..........................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер ...............................................................................32
Қосымшалар.........................................................................................................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Адам бойындағы асыл қасиеттің бәрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып бүр жаратынын атам қазақ атам заманнан-ақ білген. Алаш баласының ананы айрықша ардақтап, есімін асқақ ұстайтыны да сонан болса керек. « Алып-анадан» деп, алыптың алыбы- халықты анаға теңейтіні де тегін емес. Шынында да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, аузын айға білеген ақын да, семсерін кекке суарған батыр да, ой кенін қазған ғалым да,әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Туған халқының атақ-даңқын дәуірлетіп, дүйім дүниеге танытатын да солар. Ал олардың ананың ақ сүтіне жүгінбей, ақылына жығылмай кеткені кемде-кем. Демек, бұл дүниеде анадан асқан жан иесі жоқ.
Арғы-бергі көшпенділер тарихына көз салып, ой таразысына тартар болсақ, белгілі хандардың көбінің-ақ ханымдары отбасындағы оңаша тірлікпен ғана шектелмей ел ісіне араласып, алдағыны болжайтын қайраткер болғанына көзің жетеді. Қазақ ханымдарының да біразы сол ұлы аналарының ұлағатты үлгісін еншілеп, ерге ердей, серіге серідей серік бола білген.
Қазіргі таңда әйелдерге ХІХ ғасырдың аяғы - ХХІ ғасырдың басында бостандық беріліп отыр делінеді. Қате ұғым. Қазақ қыздары әу бастан тең, еркін. Оған мыңдап мысал келтіруге болады. Халық эпосындағы Сақтардың ханшайымы Тұмар ханым, Гүлбаршын мен Құртқа, Ақжүніс пен Назым, бергі дәуірдегі Домалақ ана мен Айша бибі, ұлы Абайды тәрбиелеген Зере мен Ұлжан, қолбастаған Бопай, ел билеген Айғаным, Ұлпан аналарымыз сол әйелдердің шоқ жұлдыздай бір шоғыры.
Енді ата-баба ұстанған салт-дәстүрге үңіліп көрелік. Мұнда да әйелдерге деген ұстаным шариғаттан алшақ жатқан жоқ. Кемсітушілік, қорлау, мүсіркеуден ада. Қызын еркелетіп әлпештеп өсірген халық, Айғаным, Зере Ұлпан секілді аналарында көкке көтерген. Билігіне бағынып, бітіміне көнген. Бірақ осы аналарымыз тайраңдап төске өрлемеген. Ер азаматтарды бағалап, қадіріне жете білген.
Ал бертін келсек, 1986 жылдың ызғарлы желтоқсанында мұз құрсауында алау болып жанып, әділдікті талап етіп, әміршіл жүйеге қарсы шыққан жастарымыздың дені – қайтпас, қайсар, қаршадай қазақ қыздары болды. Қазақтың қызы – адалдықтың, пәктіктің, тазалықтың символы. Арам ойлылардың айтқан анайы сөздері ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан «алтын жіпті» үзе алмасы анық. Қыздар тұрғанда, қыздарды тәрбиелейтін аналар тұрғанда.
Бар тірліктің бастау көзі, әрі ұйытқысы, әрі тұтқасы осы ана, қарлығаштай қанатымен су сеуіп, қашанда өз отбасының ғана емес, күллі отандасының тыныштығын қорғайды. Ел басына қатер төнсе, ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының бейқұт өңірі, бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын қиып, қасықтай қанын төгуге де әзір. Үй ішінің алаңсыз тірлігін ғана емес, ұлысының ынтымақ -бірлігін ойлап, жоғында ерінің орнын басып, елінің қамын жеген аналар да адамзат тарихында аз ұшыраспайды. Солардың бірі де бірегейі Әбілқайыр ханның әйелі Бопай ханым.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақ халқының сан ғасырлық тарихында ел билеу ісінде тек ерлер ғана емес, сонымен қатар әйел-аналарымыздың да саяси билікке араласып, белгілі бір шешімдер қабылдауда беделінің зор болғандығын ашып көрсету менің осы курстық жұмысты жазудағы басты мақсатым болып табылады.
Қарға тамырлы халқымыз әрқашанда нәзік жанды әйел затын қастерлеген, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.Ұлт басына күн туған замандарда ер азаматтардың жігерін жанып, жүрегіне от берген де әйелдер, қаһарман қазақ қыздары. Егер тарихқа үңілсек, аналар қандай ауыртпалықты да халқымен бірге көтерген. Жаугершілікте ерлермен бірге атқа қонып, қолына қару алса, бейбіт кезеңде бесік тербетіп, ұл-қыздарын даналық пен көрегендікке, ізет пен ілтипатқа баулыған.
Курстық жұмыстың міндеті:
− Әйел тек жанұя ұйытқысы ғана емес, сонымен бірге ел тізгінін де ұстай алатын, бүкіл елді басқаруға қабілеті бар тұлға екенін айқындау;
− Ерінің даңқын шығаратын әйел-анамыздың бейнесін сомдау;
− Билікке араласқан Бопай ханым бейнесі арқылы қазақ әйелінің асқақтығын кейінгі ұрпаққа үлгі ету;
− Кіші жүздегі саяси билікке Бопай ханымның қосқан үлесін деректер негізінде ашып көрсету.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық ғылыми жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар тақырыптың мазмұнына сай қосымшалар берілген.
I КІШІ ЖҮЗДЕГІ САЯСИ ЖАҒДАЙ ЖӘНЕ ӘБІЛҚАЙЫР ХАН
1.1 Әбілқайырдың таққа отыруы
Әбілқайыр хан — Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен, айқас-шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды. Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.
1710 ж. Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып атақты Бөгенбай батыр тағайындалды.
ХҮІІІ ғ. қазақ халқы үшін ел басына күн туған кезең болды, жоңғарлар тарапынан болатын шабуылдар халықты көп күйзеліске ұшыратты. Әбілқайыр бұл сұрапыл соғыста жанкештілік танытты. Ол бабаларының иелігінде болған Сайрам, Түркістан және Ташкент қалаларын қорғау жолында ерен ерлігімен көзге түсті. Бұл қалалар жоңғарлардың қоршауында қалған кезде, тең емес ұрыста анасы мен әйелі тұтқынға түскен соң, Әбілқайыр хан шегінуге мәжбүр болды.
1718 жылы Аякөзде Әбілқайыр мен Қайып 30 мыңдық әскері жоңғарлармен қанды шайқас жүргізді. Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және білгір саясаткер болды.
1726 ж. үш жүздің қазақтары бас қосқан құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық дәрежеге қалай жеткендігін 1736 ж. оның Ордасына келген ағылшын суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді: Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат-күш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны хан сайлады. Әскербасы Әбілқайыр халық жасақтарында қыруар істер атқарды, соғысу қабілетін жоғары деңгейге көтерді және қарулы күштерде адамгершілік рух пен патриотизмді марапаттап отырды.
1728 ж. қазақ әскері жеңіске қол жеткізді. Бұл шайқастар Ұлытау тауларында, Қарасиыр жері мен Бұланты өзенінің бойында болды, мұнда қазақтар қонтайшының ұлы басқаратын экспедициялық корпусты талқандады. Бұл жеңістен кейін халық көкейінде жеңіліске қол жеткізуге болады деген сенім ұялады. Басқыншыларға қарсы халық жұмыла көтерілді. Алайда бұл жеңілістен кейін де жау әлі күшті күйінде қалды. Жағдайға қанық Әбілқайыр жаңа шабуыл бастады.
1730 ж. көктемде Балқаштың оңтүстік-шығысындағы Итішпес елді мекенінде Әбілқайыр бастаған қазақ әскері жауларды тағы талқандады. Жоңғарларға қарсы жүз жылдық соғыста қазақ халқы өзгерісті кезеңге аяқ басты, жеңіске бір табан жақындағандай болды. Алайда дәл осы кезеңде Болат хан қаза табады. Сондықтан да басқа ханды тағайындау төңірегінде сауал туындайды. Қат-қабат келген жағдайларға байланысты, Болат ханның жас ұлы Әбілмәмбет хан сайланды.
Билік басына келген жаңа ханды Әбілқайыр құптамай, бас сардар атағынан бас тартып, өз әскерімен Кіші жүзге келеді. Осыдан соң біріктірілген қазақ халқының жасақтары ыдырай бастады. Күллі қазақтың әскері ыдыраған соң, әр жүз жаудан жеке өзі қорғана бастады. Бұл кезеңде Кіші жүз тұрғындары өте ауыр әскери жағдайға тап болды, төрт жағынан бірдей қоршаған жаудың қыспағында қалды.
Тығырыққа тірелген Әбілқайыр Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болды. Ресейдің қоластына еніп, жан сақтап қалу үшін Әбілқайыр 1730 ж. күзінде елші жібереді. 1731 жылы Ресей сыртқы істер министрлігінің М. Тевкелев бастаған елшілігі Ырғыз өзенінің бойындағы Майтөбе деген жерде отырған Әбілқайырдың ордасына келіп, қазақ ұлысын Ресей құрамына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қазанның 10 Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді. Бұл антты 1738, 1740, 1742 жж. қайталады. Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді.
Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды. Сөйтіп, ол жеке мүддесімен қатар халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да тереңде жатты. Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербор сарайы мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсінді. Ханның өз ұлы Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей әкімдерімен тартысы, императрицалар Анна Ивановнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне қарсылығын байқатады.
Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (пэренмен) астыртын байланыста болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уақыт осында хан атанды. Бірақ Иранның Нәдір шахынан ығысып, тастап шығуға мәжбүр болды.
Әбілқайыр үш жүздің қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш — Әбілқайырдың қызы.
Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды (1735) өзі ұсынды. 1737—38 жж. башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді.
Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сұлтаны Барақ Ор бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайырмен ен далада кездесіп қалып, оны өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ Әбілқайырды «орысшылдығы» үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп «қарақшылық» іске барған еді.
Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Өлкейекке құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 км жерде. Кейін бұл жер «Хан моласы» аталды.
1.2 Әбілқайырдың әйелдері және Бопай ханым
Ішкі және сыртқы саяси қызмет процесінде көптеген қиындықтарды бастан өткерген Әбілқайыр ханға өзінің жанұя мүшелері және ататегіне жататын көпжылдық сынақтан өткен кейбір адал достары мықты тірек бола білді. Жалпы қазақ ханының жеке өмірінде сол дәуірдің көшпелі қазақтарына тән неке-отбасылық мәдениет өзіндік орын алғанын байқауға болады. Орталық Азияның мұсылмандық мәдениет әлеміндегі көптеген лауазымды билеушілері тәрізді, Әбілқайырдың да өмірінде бір емес, бірнеше әйелдері болды, алайда сол уақыттың еуропалық-христиандық түсінігіне сәйкес тек Бопай ханым ғана ханның заңды әйелі болып есептелді.
Әбілқайырдың бірінші әйелі ( немесе бәйбішесі) аты белгісіз қазақ қызы болды, яғни оған хан жас кезінде белгісіз бір себептермен үйленген. Ол туралы ең алғашқы мәлімет 1731 жылы 5 қазандағы Әбілқайырдың Ырғыз өзені бойындағы жазғы ордасында орыс елшісімен алғаш кездесуі туралы сипаттайтын А.И.Тевкелевтің « Журналында» кездеседі. Хан бұл кезде елшіге жоңғар басқыншылығы мен Түркістан қаласын басып алу кезінде қонтайшы оның өгей шешесі мен әйелін тұтқынға алғандығы жөнінде және оларды әлі күнге дейін жоңғар тұтқынынан босата алмай жүргенін айтқан болатын. Кейін Әбілқайырдың аты белгісіз бұл бәйбішесінің өмірде болғандығы жайлы нақты деректі Орынбор губернаторы және сыртқы істер Коллегиясының мүшесі Неплюев келтірген болатын. Ол 1749 жылғы мәліметінде ханның бірінші әйелінен туған Кіші жүз сұлтаны Жәнібекке тұрмысқа шыққан қызы туралы айғақ келтіреді. Осыдан ханның бұл әйелі 1731 және 1736 жылдары жоңғар тұтқынында қаза тапқандығын көруге болады. 1731 жылдары шамасында Әбілқайыр ханның бірінші некесінен жоғарыда айтылғандай Жәнібек сұлтанға күйеуге шыққан ересек қызы болған. Оның анасы Бопайдан бұрын болғандықтан, осыған сәйкес, хан алғаш рет 20 жыл бұрын, яғни шамамен 1709 немесе1710 жылдар шамасында үйленген болу керек. Жас Әбілқайырдың бәйбішесі өз қалауымен таңдаған жары емес, керісінше үлкен ағасы Тоқтамыс сұлтан қаза тапқаннан кейін әмеңгерлік салты бойынша келген көрінеді.
Әбілқайырдың бірінші әйелінің әлеуметтік тегіне қатысты деректерде ешқандай мәлімет келтірілмеген, бірақ олардың кейбіреуінде ханның жақын туыстары арасынан оның « туған балдызы», Кіші жүздің байұлы тармағынан таралған адай руынан шыққан Мырзатай батыр аталады. Мұның өзі ханның үлкен әйелі қазақ элитасының « қарасүйек» тобынан шыққан деп болжауға негіз береді. Негізінен осы некеге қатысты деректерге сүйене отырып, оның Кіші жүз билеушісінің жеке және саяси өмірінде ешқандай із қалдырмады деген қорытындыға келуге болады.
Қазақстан тарихнамасында ерекше белгілі сұлу Бопай ханыммен болған Әбілқайырдың екінші некесінің XVIII ғасырдың 30 жылдарының ортасында дүние салған бәйбішесімен некесіне қарағанда біршама айырмашылығы болды. Бұл неке өмірінің соңына дейін сақтап қалған екі жас ғашықтардың бір-біріне деген үлкен және ұлы сезімінің лайықты нәтижесі болды.
Болашақ ханша Бопай өзінің жұбайы сияқты төре тұқымына жатты және Кіші жүз сұлтаны Дербісәлінің туған қарындасы болды. Оның Шыңғыс тұқымынан шыққандығы жөнінде қосымша мәліметті ағылшын саяхатшысы Джон Кэстль береді. Ол өзінің қазақ еліне саяхат «Журналында» Әбілқайырдың басқа да әйелдерінің ішінен жалғыз Бопайды ғана « ханша» деп көрсетеді.
Бәтима ( Бопай) - Әбілқайыр ханның зайыбы, ел басқару ісіне араласқан димломат қайраткер, төре тұқымынан шыққан. Бопай күйеуі Әбілқайырдың түпкі мақсаты Жайық казактарының, орыс бодандығындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының шапқыншылықтарын тоқтату, жоңғарларды түпкілікті талқандау екендігін және бұл күрделі мәселелерді уақытша болса да, Ресей империясына бодан болу арқылы шешуге тырысқандығын терең ұғынған. Сондықтан да Әбілқайырдың осы бағыттағы саяси қадамдарына қолдау көрсеткен. Оны ханымның 1731 жылы 22 қарашада орыс патшайымы Анна Иоановнаға, 1748 жылы 5 қазанда Елизаветта Петровнаға, әруақытта Орынбор әкімшілігінің басшыларына жазған хаттарынан айқын көруге болады. Күйеуінің қазасынан кейін де Бопай өзінің ұстанған бағытынан танбайды. Әбілқайыр саясатының өз жалғасын табуы баласы Нұралының орнын басу екендігін терең ұғынған Бопай батыл, ойлап пішілген қадамдар жасайды. Орта жүз бен Кіші жүздің беделді билері мен батырларының Нұралыны хан көтеруге келісімін алғаннан кейін ғана Бопай патшайым Елизаветта Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал Тевкелевпен Орынбор губернаторы Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. Осы хаттарды жеткізу үшін екі жүздің сегіз беделді биі Орынборға, одан кейін Санкт – Петербургке аттанады. Нұралыны « қазақ-қырғыз ханы» етіп бекіту туралы Елизаветта Петровнаның 1749 жылғы 2 мамырдағы жарлығы, онда Бопай ханымның хатына да сілтеме жасалуы, канцлер А.Бестужев – Рюминнің Бопайға арнайы хат жазып, патшайым атынан сыйлық жолдауы- ханым саясатының жеңісі еді. Бопай Әбілқайыр әулетінің дәрежесі мен беделін көтеруге ұмтыла отырып, орынсыз қантөгіс болмауын, ел іргесінің сөгілмеуін қалады. Сол үшін де ол күйеуінің кегін алу үшін Барақ сұлтанды жазалауды орыс әкімшілігі арқылы заңдастырып алуға тырысты. Қоғам дамуының негізгі көзі тыныштық өмір екендігін, тірлдігін ат үстінде өткізген халықтың болашағы бұлдырлығын ұғынған ханым орыс әкімшілігін Елек өзені бойында қала салдыртуға үгіттейді. Бопай орыс-қазақ қарым-қатынастарындағы және сол кездегі қазақ қоғамындағы шешімін таппай жүрген кейбір мәселелерді талқылау үшін Орынбор әкімшілігінің басшыларымен кездесіп, келіссөз жүргізгісі келеді. 1740 жылы Санкт-Петербургке ресми сапармен барып, Анна Иоановнаға жолығу ниеті де болған. Бопайдың зеректігі мен тапқырлығы жөнінде ағылшын суретшісі Дж. Кэстльдің Әбілқайыр ордасынла болған орыс шенеуніктерінің жазбаларында біршама деректер келтіріледі. Тарихи құжаттармен жақсы таныс А.Левшин XIX ғасырдың 30 жылдарында: « Бопай...өзінің ақылдылығы арқасында бүкіл Кіші жүздің құрметіне бөленді және кейде оны басқаруға үлкен ықпал етті» деп жазды. Ол Елекке құятын Жосалы өзенінің жоғары жағасындағы қорымда жерленген.
Бопай ханшайым 1780 жылы 31 мамырда қайтыс болып, күйеуінен кейін 32 жыл ғұмыр кешеді. Бопай ханшайымның мавзолейі болған,қаншама адам барып табынып отырған. Бопай анамыздан жаны қысылған да, жәбірленгенде, қиындықта барып жалбарынып, құран оқып отырған. Кейін патша үкіметі құлаған кезде мавзолейдің кірпіштерін алып адамдар үй тұрғыза бастаған деп айтады.
Кіші жүз қазақтарының тарихи шежіресіне сәйкес, Әбілқайыр хан өзінің болашақ әйелімен Жәнібек батырмен бірге болған жорықта танысқан. Олар жолда өте көп табын-табын малы бар бір бай ақсақалдың ауылына бірнеше күнге аялдайды. Сол жерде Әбілқайыр кәрі ақсақалдың көрікті жас қызын алғаш көрген деп есептелінеді, Қыз оның жүрегін бірден жаулап алады және оның тарапынан да өзіне деген сондай ыстық махаббатты оятуды аңсайды. Тапқыр сұлтан белгілі бір себептерді сылтауратып Жәнібекпен бірге қайта жолға шығудан бас тартады және Бопайдың ата-анасынан өзінің ақсүйек тұқымынан екенін жасырып, өзін баураған қыздың әкесіне малшы болып жалданады. Ержүрек, ұзын бойлы, келбетті және қол-аяғы балғадай Әбілқайыр ақылды және өткір мінезді Бопайдың көңілінен аз уақыт аралығында шыға алды. Бопай да оның албырт сезіміне ілтипатпен жауап берді. Аз ғана уақыттың ішінде жастардың арасындағы сезім шынайы махаббатқа ұласады және Бопай одан сәби күтіп жүрген кезінде, Әбілқайыр сүйген қызының менменсіген және қырсық әкесінен олардың некесіне рұқсат беруін сұрауға шешім қабылдайды. Шежіреде айтылғандай, қарт Әбілқайырдың Бопайға үйлену ниетін білгеннен кейін, өзінің жалғыз қызын кедей, атағы шықпаған және жетесіз отбасының тексіз сұлтанына күйеуге бергісі келмейді. Сол себепті де ол алдындағы бөгеттерден өте алмай, қыздан өзі бас тартады деген оймен Әбілқайырға өте көп көлемде қалың мал әкелуді бұйырады. Әбілқайыр қарттың қойған талабына келіседі және оның әйелі, Бопайдың анасына бір ай аралығында « қалай болса да белгіленген қалың малды әкелемін» деп ескертеді. Шөл далада нәтижесіз көп күндерді өткізген ол ойламаған жерден үйір-үйір жылқыны айдап жүрген Жәнібекке кез болады және осы атақты батыр өзіне ұнаған жас төреге болашақ қайынатасының қалың малын өтеу үшін табынынан ең жақсы деген 150-ге жуық айғырды таңдап береді. Әбілқайыр Бопайдың ата-анасының ауылына жылқыларды айдап әкелді, іле-шала оның артынан Жәнібек батыр да келеді. Ол жалғыз басты жас сұлтанмен ере келген құда саналды және тіпті оның тойдағы барлық шығынын көтеруді өз мойнына алды. Қырсық ақсақалдың өзінің сүйікті қызын бірбеткей Әбілқайырға тұрмысқа беруден басқа амалы қалмады, бірнеше күннен кейін ғашықтар қосылады.
Халықтық шежіренің аңызға айналған мифологиялық сюжетінен Әбілқайыр мен Бопайдың жас кезі олардың кейінгі бүкіл ғұмырына тарихи алғышарт болғанын көре аламыз. Екі жас ғашықтың бір-біріне деген ұлы сезімін барлық әлеуметтік теңсіздіктен, сенім мен дәстүрден жоғары қоюы; кедей және жалғыз басты сұлтанның әлеуметтік жағдайы, осыған орай некеге деген қарсылық; сондай-ақ ғашық жұптың өздерінің бақыты мен ортақ тағдыры үшін табандылықпен күресуі осылардың ішіндегі ең бастысы болып табылады. Сұлу ханшайымның жүрегі мен қолы Әбілқайырға дәстүрлі салт бойынша емес, керісінше оның ұлы сезімде көрсеткен табандылығы үшін марапат есебінде қыздың өзінен сыйланды.
Сыртқы келбет пен зияткерлік-ақылдылық қасиеттің бірге тоғысуы жиі кездесетін тұсынан алсақ та, тұлғалық еркі мен өзінің күйеуіне, тіпті старшындар тобына да мықты ықпалы болу тұрғысынан алсақ та, Бопай ханым ортағасыр және жаңа заман кезеңі дәуіріндегі қазақ әйелдерінің ішіндегі ең атақтыларының бірі екені даусыз. Араларындағы ыстық сезімнің нәтижесінде оның Әбілқайырмен некелік одағы және бір-бірін толықтырып тұруы, сондай-ақ әлеуметтік мәні жағынан Кіші және Орта жүз қазақтарын басқару ісін Юлий Цезарь мен Клеопатра, князь Игорь мен Ольга, Әмір Темір мен оның бірінші әйелі Бибі ханым, Бабыр сұлтан мен оның жұбайы Сұлтан-Нигар ханым және т.б. сияқты өз дәуірінің үйлесімді жұптары ретінде кеңінен танымал үлгілермен салыстыруға болады. Сол себепті де Бопай ханшаның көрнекті тұлғасы мен саяси қадамдары XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарихының көптеген жазба деректерінде аз орын алмайды.
Орынбор өлкесі шенеуніктерінің пікіріне және Кіші жүз қазақтарының тарихи шежіресіне сәйкес, Бопай ханша әйел адамға тән емес ерекше терең ақылмен, іс-әрекеті және саяси қимылының күштілігімен ерекшеленді. Өмірінің әр кезеңінде Бопай ханым қазақ старшындарының арасында үлкен құрметке ие болды және кейде Кіші және Орта жүз қазақтарын басқаруға да атсалысып отырды.
Хан әйелінің ерге тән парасаттылығы мен күш-қуаты оның сұлу келбеті және тартымдылығымен ерекше үйлесім тапты. Бұл туралы тек қазақ халқының ауызша шежіресінде ғана емес, сонымен қатар ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің Кіші жүз қазақтарына саяхат « Журналында» айтылады. Дж.Кэстль 1736 жылы маусымда Әбілқайырдың жазғы ордасына барған сапарында Бопайдың суретін салады, бұл тұста оған ханның отбасымен жақын танысуға және оның басты әйелінің суретін салуға мүмкіндік туады.
Көшпелілердің қоғамдық жиналыстарында Әбілқайыр мен Бопай әсерлі және үйлесімді жұп ретінде көрінді. Хан мен оның әйелі өмірлерінің көптеген жауапты сәттерінде қазақ сұлтандарының жиналыстарына бірге келуді қалады.
Бопай Әбілқайырдың өмірдегі тек адал жары болып ғана қалған жоқ, сонымен қатар қоғамдық істерде ақылды кеңесшісі мен сенімді серігі болды. А.И.Тевкелевтің, П.И.Рычковтың және И.И.Неплюевтің бірқатар пікірлеріне қарағанда, ол Әбілқайырдың негізгі саяси қимылдары мен әлеуметтік қайта құрудағы жоспарларына көмектесті, бірақ жұбайының кейбір жаман қасиеттерін біле тұра оған тоқтау айтып, ашуын басып, қажет болған кезінде түзеп те отырды. Тіпті ханша кейбір кездерде қолына қаруын алып, жауға қарсы шапқан сәттеріде болды. Алайда ол күйеуінің саясатын үнемі қолдап, жақтап отырмады. Жоңғарларда өзара ішкі талас болып және оларға Қытайдан үлкен әскери қауіп төнген мезгілде осы қазақтардың ең басты жауы жоңғар қонтайшысы Әбілқайырдан көмек, пана сұраған болатын. Ол кездері бітім туралы одақ некелік қатынастар арқылы жүзеге асатын. Әбілқайыр жоңғар қонтайшысының бұл ұсынысына келісіп, оның бір баласына өзінің қызын бермекші болады. Алайда Бопайдың бұл мәселеге қатысты ойы мүлдем өзгеше еді. Осы мәселені шешуге байланысты жиналған құрылтайда ол ханға қарсы шығады. «Әлі күнге дейін жүрегіміз қан жылап жүр, жоңғарлардың көрсеткен қорлығы ұмытылмады, әрбір отбасында қаза тапқандарды жылап-сықтап жатыр, көптеген қазақ батырлары жоңғар тұтқынында отыр»,- деп Бопай құрылтайда сөз сөйлеген болатын. Сол себепті де ол бұл одаққа үзілді-кесілді қарсы болады. Бұл жолы халық жиналысы Әбілқайырды емес, Бопайды қолдап шығады. Осының өзі-ақ Бопайдың көрегенділігінің, ақылдылығының мысалы іспеттес.
Бопай ханша өзінің күйеуінен кейін бірнеше уақыт өмір сүрді және құжаттық мәліметтер бойынша 1780 жылы 31 мамырда 100 жас шамасында дүние салған. Оның Әбілқайырмен некесі барлық жағынан да сәтті болды, жұбайлардың алты баласы болған: бес ұлы – Нұралы (шамамен 1710/11-1790), Ералы ( шамамен 1721-1794), Қожахмет ( шамамен 1722-1749), Айшуақ ( шамамен 1723/24-1810/1811), Әділ ( 1724-1750) және әкесінің өлімінен 2-4 жыл бұрын туылған қызы Зүлейха еді. Бұл кезде хан шамамен 60 жаста болатын.
Бопайдан басқа Әбілқайырдың екі кіші әйелі болған: алғашқысы шыққан тегі жағынан – қалмақ-торғауыт, одан Шыңғыс есімді баласы ( 20 ж.-50 ж. аяғы/60 ж. басы) және екі не үш қызы; ал екіншісі – башқұрт қызы, бұдан ханның Қаратай деген баласы ( 1738-1830 ж.ж.) болды. Бұл екі некелік одақ Әбілқайыр хан үшін башқұрт және қалмақ көршілес мемлекеттерімен пайдалы қарым-қатынас орнату мақсатында ғана қажет еді, сол себепті де оның жеке өмірінде де, санасында да ешқандай орын алмады. Оның үстіне қалмақ әйелімен отбасылық өмірінде ханның деспоттық қасиеті байқалып отырды, яғни бұл әйелін тек күңі ретінде ғана қабылдады. Әбілқайырдың қалмақ тоқалына деген мұндай қатыгездігі әйелінің оған адал болмауынан туындауы әбден мүмкін. Бұл туралы мәліметті озінің күнделігінде ағылшын Джон Кэсть келтірген болатын. Алайда қандай болса да, бұл белгісіз әйелдің Әбілқайырмен некесіндегі отбасылық өмірі тіпті төзгісіз ауыр жүкке айналады, 40 ж. ортасында ол Орынбор үкіметіне бұл некені бұзуды өтініп бірнеше рет көмек сұрайды.
Әбілқайырға өзінің әйелдері мен балаларынан басқа, Қазақстан территориясындағы ішкі және сыртқы мәселелерді шешуде оған көптеген туыстары мен немере ағалары да көмек көрсетті. А.И.Тевкелевтің мәліметінше, 1748 жылдың аяғында Кіші және Орта жүз көшпелі қазақтарының әртүрлі бөліктерін Әбілқайырдың 11 жақын туыстары басқарды: 5 баласы ( Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Шыңғыс), 2 туған немере інілері ( Тоқтамыс сұлтанның баласы Қылышқылы султан және Бұлқайыр сұлтанның баласы Досалы сұлтан) және 2 күйеубаласы ( Жәнібек сұлтан мен Абығай сұлтан). Сонымен қатар, қазақтар арасындағы саяси басқаруда хан немере ағасы Нияз сұлтан мен оның балалары – Қарабаш, Досмұхамед, Орыс сұлтанға; Бопай ханша жағынан туған балдызы Дербісәлі сұлтанға, қазақ элитасының « қарасүйек» тобына жататын жақтастарына арқа сүйеді.
Әбілқайыр үлкен ұлы Нұралыны өзінің басты жауы Барақтың туған немересі және қазақ ханы Күшіктің қызына; ал екінші ұлын- Хиуа ханының қызына; ең кіші ұлы Әділді- бұрынғы Арал иелігінің ханы Шах Темірге үйлендіреді. Бірінші әйелінен туған үлкен қызын Кіші жүз сұлтаны- Жәнібекке; ал тағы бір қызын со лжүздің сұлтаны- Абығайға күйеуге береді; қалмақ әйелінен туған қызын Бұхар ханы Әпілпайызға атастырады, алайда бұл күйеужігіттің өлуіне байланысты хан қызын әйелдікке Жоңғар ханы Цэбан доржыға беруге уәде етті. Осындай одақтардың нәтижесінде ол өзінің саяси үстемдігін нығайтқысы келді.
Әбілқайыр хан мен оның ханшасы Бопайдың ең басты арманы - өмірлерінің соңында балаларынан, немерелері мен шөберелерінен көп ұрпақ сүю болды және олардың бұл армандары орындалды деуге болады. Оның жеті ұлының ішінде балалар саны ең көп болғандары бұл Бопай ханшадан туылған – Нұралы, Ералы, Айшуақтың балалары еді; Қаратайда – төрт бала болды; ал қалған екі ұлы – Қожахмет пен Шыңғыс жас кезінде дүние салады да, бұлардан ешқандай тұяқ қалмайды; ал ең кіші ұлы Әділ де өмірден ерте озғанымен, оның артында екі баласы- Тұрсын мен Ағын сұлтандар қалды.
Әбілқайыр хан мен Бопай ханымның ең көп немересі үлкен ұлы, хан титулының тікелей мұрагері – Нұралы ханнан болды. И.Г.Георгидің мәліметінше, оның 12 әйелі ( А.И.Левшин-16) болған. Олардың төртеуі атақты Шыңғыс тұқымына жатты, ал қалған сегізі қарапайым қазақ шаруасының немесе тұтқынға түскен қалмақ қыздары еді. Бұл әйелдерінен Нұралы ханның 75 баласы ( по Левшину – 66), олардың 40-ы ер бала болған: Есім, Бөкей, Ғизалы, Қожахмет, Бабық, Шошқара, Бөлке, Бердығалы, Перәлі, Беғалы, Елтай, Есенәлі ( Есентай), Жалтыр, Ишалы, Қаратай, Қондырау, Жиналы, Құлтай, Мыңдалы, Сейдалы, Сығай, Көпи, Жорас, Қорқылта, Әйтөре, Артықғалы, Шоқа, Мұхаметғалы, Абылай, Арслан, Бердалы, Орман, Өзбекғали ( Жақсарт), Жүсіп, Дербісәлі, Фазылбек.
Ералы мен Айшуақ сұлтандардан да біршама ұрпақ қалды. Жазба деректерден Ералының бес ұлы – Темір, Жантөре, Ақап, Бөлекей, Бабы сұлтандар; ал Айшуақта – 16 ұл – Сығалы, Сапақа, Жантөре, Аймұхамбет, Серғазы, Байхұхамбет, Қыдыр, Өтебәлі, Қатана, Шайбақа, Тоққожы, Жақшылық, Қадырғали, Алғазы, Нұрмұхаммед, Тәуке және Жақып сұлтандар болғандығын білуге мүмкіндік туды. Олардың көпшілігінде өздерінің балалары мен немерелері болған.
Әбілқайырдың көптеген ұрпақтарының арасынан Кіші жүз территориясында хан титулын белгілі бір уақыт аралығында оның үш ұлы – Нұралы ( 1748-1786), Ералы (1791-1794), Айшауқ (1797-1805); тоғыз немересі – Есім ( 1795-1797), Пірәлі (1770-1815), Жантөре (1805-1809), Серғазы (1812-1824), Бөкей (1812-1815), Қаратай (1806-1824), Сығай (1816-1824), Бөлекей (1780-1808) және Темір (1817-1824); бес шөбересі – Қасым ( 1808-1827), Мәті (1817-1824), Жәңгір (1824-1845), Қайыпқали (1830-1850), Сауқым (1837/38-1843/44) иемденді.
Әбілқайыр тұқымының көптеген әйелдері Бопай ханым секілді керемет сұлулығымен ерекшеленді және ең беделді ақсүйек топтарының ішіндегі шыңғыс ұрпақтарының қалаулы келіндеріне айналды. Әбілқайыр балалары мен немерелерінің күйеубалалары қатарында Батыр сұлтанның баласы Қарабай сұлтан және Әбілмәмбет ханның баласы, наймандардың белгілі билеушісі - Әбілпейіз сұлтан, Кіші жүздегі әлімұлы руының ханы Арынғазы, Хиуа хандары Елтүзер, Мұхаммед Рахым, Аллақұл және Мұхаммед Әмин болды.
II БОПАЙ ХАНЫМ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАЙРАТКЕР РЕТІНДЕ
2.1 Бопай ханша мен патшайым Елизавета
Осыдан он шақты жыл бұрынғы Қоғамдық ғылымдар академиясында болған бір оқиға еске түсіп отыр. Бірер ай білім көтеруге барғандардың семинар сабақтарында ойындағысын ірікпей еркін көсілетіні бар ғой. Кәдімгі Раиса Максимовнаның Михаил Горбачевтан екі елі қалмай тұштаңдап алды-артын орап жүрген кезі. Бұрын бірде-бір ел басшысының зайыбын соңынан қалдырмай ертіп жүретінін көрмеген басымыз осы бір ерсілеу қылықтың себебін сұрамаймыз ба?! « Жұбайын ертіп жүрудің еш ерсілігі жоқ, бұл- өркениетте елдерде бұрыннан бар әдет. Азияттық пиғылдан арылатын уақыт жетті енді!» – деп Мәскеулік ғалым өзімізге дүрсе қоя берсін. Астам сөйлеп « азиялық» деп кемсіткісі келген соң намысқа шаппай қалай щыдарсың. Дәл осы заманның өзінде Индира Ганди, Беназир Бхутто сияқты шығыс әйелдерінің ел басқарып отырғанын, түптеп келсе, томирис пен Зарина сияқты массагет, сақ падишалары, грузин Тамарасы ежелгі азия тумалары болғанын еске салып, екі сөздің бірінде аузынан тастамай жүрген Елизавета мен Екатеринаның есімі олардай ғасырлар қойнауын жарып шығары екіталай екенін, ал өзіміз ақырғы ханының міндетін әйел атқарған халықтың азаматы екенімізді айтып, біз де біраз жерге барғанбыз.
Осындай өркөкірек астамшылықтың салдарынан шығыс, оның ішінде қазақ әйелдері туралы еуропалықтардың түсінігі әлі күнге дейін теріс. Ерге ердей, серіге серідей мінез танытып, кіммен болсын терезесі тең серіктей сөйлесу қазақ қыз-келіншектерінің қанымен біткен қасиет екенін олар қайдан білсін. « Хан-бас, ханым- мойын», мойын қайда бұрса бас солай қозғалады» дейтін қарапайым қағиданың өзінде қаншама шындық жатыр. Қазақ әйелдері, әсіресе ханымдары ері алдында ешқашан бүгежектеу, бүркеншіктену дегенді білмей, орынды жерінде ақыл қосып, шаруасын қашанда оңға бастырып отырған. Солардың бірі атышулы Әбілқайыр ханның әйелі Бопай ханым. Ол ханның меймандарын қол қусырып қарсы алып, құрақ ұшып күтумен қатар, олардың халық тағдырын қозғаған пікірлеріне де құлақ түріп, арасында ой сабақтап ел басқаруға да ат салысып отырған өз заманының зерделі де зерек, ақылды да алғыр адамы болған.
Танымал қаламгерлер Тахауи Ахтанов пен Әбіш Кекілбаевтың тарихи туындыларында Бопайдың тегі туралы әртүрлі пікірлер бар. Біреуі оны алты ата Әлімнің ең дүмді байы Достанның отыз ұлдың ортасындағы ерке тотайы десе, екіншісі адай Сүйіндік батырдың аруақ қонған, ақылы толған жалғыз қызы еді дейді. Қалай болғанмен де, ол әйтеуір төре емес, қарапайым қазақтың қызы. Былайша айтқанда, өз жұртының лүп-лүп соққан жүрегіндей, оның тіршілік тынысын, мұң-мүддесін ел есіне жеткізіп отыратын қара мен төренің арасындағы дәнекер сияқты. Ханды билеушіден гөрі халықтың қызметшісі деп білетін елдің өкілі ретінде ол төресін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізгеніне және дау жоқ. Бірақ соның бәр-бәрін ол әдептен озбай ақылмен атқарған сыңайлы.
Әбілқайыр хан опат болар алдында 1748 жылғы маусымның аяғына таман Ордада бригадалық генерал Мәмет Тәуекелов мырза арнайы жіберген Сақмар казагы Көбек Ор бекінісіне қайтып оралады. Қасында Әбілқайыр хан мен Бопай ханым қосып жіберген ханшаны қатты қадірлейтін кісісі Есіркеп батыр мен Байбек төлеңгіт бар. Көбек – ақ ордадан не көріп, не қойғанын, не естігенін түгел дәріптеп берді. Хан Мәмет мырзаның шабарманы барысымен-ақ қазақтардың күллі ру басылары мен билерін шақыртып алып бригадирдің хатын бәрінің алдында дауыстап оқып береді. Жиналған қалың жұрт бас киімдерін қолына алып, ұлы мәртебелі патшайымның құрметіне тағзым етеді. Баяғыда бодандыққа ант алу үшін падишадан арнайы жіберілген ол кезде полковник, қазір генерал-майор болып жүрген Тәуекеловтың өзі тағы да бір келіп, мән-жайын жақсы білетін тарпаң мінез қазақтың қыңырын жөнге, тентегін тезге салып беріп кетсе деген тілек айтылады. Бопай ханша қатысып отырған сол жиында Әбілқайыр ханның өзі сөйлеп, қамқорлық аясына алып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқытпай отырған биік мәртебелі патшайымға мың да бір алғыс айтып, осынау мархабат мейірімге әлі де еркін түсінбей отырған, тарпаң тағы қылығы ара-тұра қылаң беріп қалатын қыр халқының ерсі мінезін бетіне басты. Патша үкіметіне балаларымды алма- кезек аманатқа беріп отырғанымның өзі осы ел тыныштығының қамы деп салмақты халыққа салды хан,-деді Көбек көп жайдан мағлұмат беріп.
Көбектің сөзін Есіркеп те құптап, оған Бопай ханымның арнайы сәлемін жеткізді. Қамқоршы қадірмен қайнаға деп көпшік қоя дұғай сәлем жолдай отырып, ханша Мәмет мырзадан аманатта жүрген Қожахмет сұлтанды елге қайтаруын өтініп, жорықтан оралған соң орнына Айшуақты жіберетінін хабарлапты. Ханмен де, қарамен де, жатпен де, жақынмен де тіл табысып, үйіріп алып кететін ханымның осы мінезін үлкен де, кіші де қадір тұтып, ұдайы құрметтегені сөзсіз. Сол арқылы ханның да беделін биіктетіп, абыройын асырып отырған ол. Демек, оның бодандыққа кіргізгеннен кейін алғыс жаудыртып, Анна Ионовна патшайымға хат жазған хан-қара, би-шораларға қосылып, дербес сәлем жолдауы да тегін емес.
« Жаратқанның жарық нұрына бөленген жарқын жүзді ел иесі, Ресей мемлекетінің шығысы мен батысын ұластырып жатқан елдердің ұлы билеушісі, патшайым Сіздің биік мәртебеңізге бас ие отырып, ақ жүзіммен табаныңызға тәу етіп, қатеріңізге жеткізейін дегенім мынау еді», -деп жазды ол 1731 жылдың қаңтарында.
« Биік мәртебелі сіздің жарлығыңыз бойынша ұлық даражалы Мәмет мырза біздің қазақ жеріне келіп, күллі қазақ хандарын, сұлтандары мен бектерін бүкіл қарашаларымен бірге өзіңізге бодан етті. Барлық қожайындар, хандар мен сұлтандар сіздің биік мәртебеңіз үшін өз қарауындағылардан зекет жинап, түлкі, қарсақ терілерін ұлы құзырыңызға жеткізетін елшілер аттандырады. Ұлық мәртебеңіздің құлақкесті құлы біздің еліміз, барша хандардың ең басы Әбілқайыр хан өзінің бүкіл балаларымен бірге бодандығыңызға енді. Сол үшін де, биік мәртебелім императорлық ұлы мейіріміңізден біздей құлдарыңызды қағыс тастамауыңызды өтіне отырып, бұрын бастан кешкеніміздей қисапсыз көп қиындықтар енді қайталанбас деп сенеміз. Биік мәртебелі өзіңіздің бізді дұшпандардан қорғайтыныңызға сенім артып, әзір қауіп-қатерден арылғандаймыз. Құдыреті күшті құдай тағаладан сізге көп жыл жасар ұзақ ғұмыр бер деп тілейміз. Биік мәртебелім, құлақкесті құлыңыз Әбілқайыр ханның ханшасы Бопай ханым ең ізгі ілтипатпен құттықтай келіп, өзіңізге тарту ретінде он түлкі жіберіп отыр». Хат соңына өзінің, яғни ханшаның аты жазылған мөрі сиямен басылған.
Ханға Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ сияқты бақандай бес ұл тауып берген абыройы асқақ абзал ана Бопай ханымға патша ұлықтарының өзі де баса-көктеп кіру былай тұрсын, батып тіл де қата алмаған тәрізді. Оны Орынбор губернаторы Иван Неплюевтің Сыртқы істер алқасына Әбілқайыр ханның өлімі жайында жазған хабарламасынан да аңғаруға болады.
Әбілқайыр ажалының өзі де аяқ астынан болады. Жұмыс ыңғайымен қарақалпақ жұртына барған хан ойламаған жерде Барақ сұлтанмен ұшырасып қалады. Батыр сұлтан парсы шахының қолдауыменм Хиуаға хан болған баласы Қайыпқа Барақтың қызын айттырып құда түскен екен. Батырдың айдап салуымен беттескен жерде хан мен сұлтан қақтығысып қалады. Даудың басы Барақтың Азия саудагерлерінің ерсілі-қарсылы жүргенде оның ұлысына соғып отыруы талабынан туады. Керуендер онсызда көп тоналып жүрген соң бұған хан қарсылық білдіреді. Осыдан жанжал шығып, жігіттері басымдау Барақ ханды сойылға жығып, Әбілқайыр опат болады. « Алайда оны Бопай ханымға естірте алмай отырмыз» деп жазады генерал.
Әрине, бір жағынан сүйінші сұрағандай бірден естіртуге батпаса, екіншіден, ел дүрлігіп Барақ пен Батырдан кек аламыз деп дүркірей атқа қона ма деп те қауіп ойлайдыь ұлық. Барақ болса, Орта жүздің ең ірі тайпасы- исі Найманның тізгінін бекем ұстап отырған ірі тұлға. Оны тарпаң тағы қыр ғұрпының кегіне құрбан етсе, қазақтың үлкен бір бөлегінен айырылып қалуы кәдік. Сондықтан да алды артын өлшеп-пішіп, бәрінде жан-жақты ойластырып жасау керек. Сол үшін де ол алдымен ханның үлкен ұлдары Ералы мен Нұралыға сөз салып, ымыраға шақырды. Тіпті ағасын әке орнына таққа отырғызу жөнінде үкімет сенатына хат түсіргенінде жасырған жоқ. Ал хан қашанда халық тыныштығының кепілі болуы шарт.
Осылай алдын ала әзірлеп алып, ағайын-туғанның алдынан өтіп барып естірткенде Бопай ханымда қайғыдан қайрат шыңдап, мәрттік таныта білді.
- Елім-ай, маңдайың неткен тар еді, екі арыстан сыймаған,- деп толғанды ол. - Еліне тұлға екі арыс бітісер жолын таба алмай, бір-біріңнің түбіңе жеттіңдер. Қағусыз өскен қиын елдің салмағын бір әйелге тастап кеттіңдер. Белім талды ғой, дағдарған елді тар қиядан алып шығар ұл бар ма ? Қайдасың, азамат ?
Жылағанды жұбатып, құлағанды тұрғызатын, күйрегенде қуат, күйзелгенде қайрат беріп, ел анасын тар қия, тайғақ кешуден алып шығатын азаматты жұрт Нұралы деп білді. Әбілқайырдың өзі-ақ көзі тірісінде орнын басып, тақ иесі болар баласы тұла бойы тұңғышы осы Нұралы екенін губернаторға талай айтқан да көрінеді Сондықтан халық тақ иесі туралы талас туғызбай, оны бірден-ақ хан көтерді. Бірақ халық қанша қалап сайлағынымен, патша ағзам бекітпесе, ол заңды хан болып табылмайды. Осы арада Бопай ханымның абырой беделі тағы да кәдеге асады. Ол 1748 жылғы қазанның 5-ші жұлдызында ұлы патшайым Елизаветаға хат жазады.
« Жаратқан иенің сүйіспеншілігіне бөленген нұр сипатты, шарапатында шек жоқ, мейірбанды падишамыз, бүкіл Ресейдің билеушісі, мархабатты ел басшымыз Елизавета Петровна, - деп басталады ол хат. – Қырғыз-қазақ кіші ордасының ханы Әбілқайырдың ханымы Бопай ханша сіздің назарыңызға мынадай өтініш- тілегін салғысы келеді.
Біріншіден, императорлық ұлы мәртебеңізге адал берілген менің ерім Әбілқайыр хан бұл жарық дүниеден баз кешті. Төменшік күңіңіз мен – жесір, шиеттей бала-шағасы жетім қалды. Биік мәребелі алдияр падишам, қоғары құзырыңызға жан-тәнімен адал берілген Әбілқайыр ханның көзі тірі кезіндей бізді қажет кезінде мархабат мейіріміңізден тыс қалдырмауыңызды өтінемін. Құдайға шүкір, балаларым- Нұралы, Ералы, Қожахмет, Әділ, Шыңғыс ( Әбілқайырдың аяқ салған қалмақ қызынан тауып, кенжесі Әділмен бір емшекті тел емген) – бәрі де тілімді алып айтқанымды екі етпейді. Ал Айшуағым өз ұлысыңызда Орынборда тұрып жатыр.
Екіншіден, ерім Әбілқайыр ханның орнына біздің жағдайымызды жетік білетін, өзіңіздің ұлы құзырыңыздаңы құпия кеңесшіңіз әрі сардар Неплюев пен бригадир Тәуекеловтың және өзіңіздің күллі қырғыз-қазақ халқының ақылымен мұрагер ретінде менің үлкен ұлым Нұралыны хан етіп сайлады.
Үшіншіден, халқымыз аталмыш ұлым Нұралыны хан етіп сайлағанымен, биік мәртебелі патша ағзам, өзіңіздің ұлы жарлығыңызсыз оның басты хан боларлық жағдайы жоқ.
Солүшін де биік мәртебелі алдияр патша, аталмыш ұлым Нұралы сұлтанның әкесі Әбілқайыр ханның орнына нағыз басты хан болуына жарлық етіп, оның хандығын жоғары құзырыңызбен алтын мөрі бар сенімхатпен марапаттауыңызды сұраймын.
Мейірімі шексіз мархабатты мемлекет басшысы, сіздің патшалық биік мәртебеңізден риясыз берілген құлыңыздың өтінішіне мейірбан қолыңызды қоюыңызды өтінемін.
1748 жылғы қазанның 5-ші жұлдызы.
Осынау өтініш мәлімдемеге Әбілқайыр ханның Бопай ханшасының мөрі басылды. ( XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қатынастары. Алматы. 1961. Деректердің дені осы жинақтан алынды).
Сарыны дәл осы секілді өтініш хатты патшайымға сол күні кіші және орта жүздің бір топ билері мен батырлары да жіберген. Ал Бопай ханым бұнымен де тынбай келесі күні бригадалық генерал А.Тәуекелов ( бұл кезде ол башқұрт мырзасы шоқынып, Алексей Иванович деген ат алған) пен Орынбол губернаторы И.Неплюевке де хат жолдайды. Тарихи дерек үшін екеуін де толық жариялаған артық болмас.
« Аса мархабатты ұлық мәртебелі, бізге шынайы да шексіз мейірбандық көрсетіп жүрген жарылқаушымыз, жомарт жанды бригадир мырза сіздің ұзақ ғұмыр жасап, игілікті де бақытты өмір сүруіңізді тілеймін.
Өзіңіздің келініңіз Бопай ханша мына мен сіз жіберген ғизатлу хаттарды алғанымды қаперіңізге саламын. Тілмаш Яков Гуляев арқылы жіберген хатыңыз сияқты кейінгілер де қуанышым қойныма сыймай құмарта оқып шықтым. Мазмұнына қаныққан соң осындай жазуыңызды үзбей бізді ұдайы қуанышқа кенелте беруіңізді тіледім.
Осымен бірге сіздің қаперіңізге мынаны салғым келеді. Өкініші өте күшті әрі төзгісіз болса да, Барақ сұлтанның дұшпандық зұлымдықпен ханымызды мерт еткені сізге мәлім шығар. Алайда жүрегіңнің қалқанын қайғының жебесіне қарсы ұста деген ақылыңызды алып шыдап отырмыз. Сіздің ақыл-кеңесіңізбен күллі халқыңыз бірауыздан қылаусыз бірігіп, орат жүздің де, кіші жүздің де белгілі билері пәтуаласып менің ұлымды хан сайлады. Әйткенмен оның халық меселін қайтарып, хандық биліктен бас тартпақ ойы болмағанымен, биік мәртебелі патша ағзамның айрықша бұйрығынсыз хан тағына отырып, басты ханның билігін жүргізе алмайтыны анық. Сол үшін де билер биік мәртебелі алдияр тақсырдың өзіне өтініш айтып, өз адамдарын аттандырды. Сондықтан сіздің үкіметіңізден әрі өз мархабатыңыздан сол кісілерді қабылдап және оларға өз адамдарыңызды қосып менің ұлымды әкесінің орнына бас хан етіп қойып, өкілеттігін мәртебелі алтын мөр басылған сенімхатпен бекіту үшін жоғары жаққа жіберуіңізді сұраймын.
О, тақсыр, бригадир мырза, бізді алғаш өзіңіз ақ-адал жолға салып, сіздің қам-қарекетіңіз арқылы қыруар игілік көргендіктен өзіңізден өзге біреу бар деген ойға келмейді. Сіз Орынборға келсеңіз, одан қия басып ешқайда шықпайсыз. Егер Айшуақ сұлтанмен осында келіп, арамызда біраз болсаңыз ғой, дұшпаннан ханның кегі қайтқандай сезер едік. Ал өз атыңыздан сөйлеуге мұрсат бергеніңіз біз үшін керемет бір сүйсінерлік іс болды. Оның үстіне жоғары мәртебелі генерал Иван Ивановичпен келісіп, қоян-қолтық жұмыс істеп жатқаныңызға күллі халқымыз адам айтқысыз қуанышты. Өйткені сіз өзіңіздің асқақ ақыл-парасатыңызбен қашанда халқымыздың есіндесіз. Құдай берген қабілетіңіздің арқасында барлығымызды ақылға салып, әдет-ғұрпымызды сыйлап, бұрыс жолымызды дұрыс арнаға түсіріп, олқылығын толтырып отырушы едіңіз. Қазір бәріміз де Сізге құдайдай сеніп, тәңірден денсаулығыңызды зор етуін тілейміз. Бүгінгідей жағдайда тәлім-тәрбие беріп терісімізді түзеп жөн сілтер отырғаныңыз үшін жоғарыдағы жаратушы жалғыз иенің шарапаты тиіп халқымызды сүйсінтіп жасаған жақсылығыңыз өзіңізге де жұғысты болсын дегім келеді.
Осыдан артық асыра сілтеп, тым көп сөйлеп кетпейін. Оның үстіне генерал мырза Иван Иванович маған жолдаған хатында сіз жіберген сәлемдеріңіз туралы бригадир мырзамен хабарласып, ақылдасып отырамыз деген еді. Оған әжептәуір марқайып қалдық. Ал енді бізге ханның асын беру үшін бір түйеге тиеп бидай ұнын жіберуіңізді өтінемін. Келесі көктемде ханның бұрынғы ордасына жабу үшін жасыл немесе көк шұға қажет боп қалар. Бізге деген достық пейіліңізге сенгендіктен шұға жібер деп сізді қинағалы отырмын. Ол үшін ғафу етіп, өтінішімізді аяқсыз тастамассыз. Сонымен бірге мені қапа қып өкінішке қалдырмассыз деп ойлаймын. Жақсы кезде де ұдайы қол ұшын берген сіз өзіміз айтпай-ақ қамқорлық жасар деп үміттеміз. Сізге сол үшін де дән ризамыз.
Сөзімді түйіндей келіп өзіңізге әмісе игілік тілейтін Бопай ханшаңыз болып қала беремін дегім келеді. Бәрі жайында сізге өзіңіз бек сенетін тілмаш Яков Гуляевтан ауызша айтып жібердім.
1748 жылғы қазанның 6-шы жұлдызында Қайыңды-Ырғыз жерінде жазылды.
Аталмыш хаттың сенімдірек болуы үшін екі бірдей мөр: бірі-ханшаның екіншісі- Нұралы сұлтанның мөрі басылды.
Сонымен қатар сізден қалампыр, бұрыш және пияз жіберуіңізді сұраймын. – Қажеті болып тұр.
Нұралы сұлтанның сәлемі: Мен, зіңіздің жиеніңіз Нұралы сұлтан жоғарыда жазылғанның бәріне қосыла отырып, сіздің үкіметіңізге, қадірмен нағашым- мархабатты бригадир мырзаға тек қана жақсылық тілеуші болып қала беремін. Алда да мейірім шапағатыңыздан сырт қалдырмауыңызды сұраймын. Егер бір бұйымтай бұйрығыңыз болса, төбеммен жүріп орындайтыныма сеніңіз.
Иә, сонымен бірге сізге Жәнібек сұлтан мен өз адамдарымыз Байбек және кіші жүздің бес руынан бір-бір кісі жіберіп отырмыз. Осыларға өз адамдарыңызды қосып, әрі қрай аттандырасыз. Ал Қосқұлақ пен Түгелді өзімізге қайтарыңыз».
Ал енді губернатор Иван Неплюевке жолдаған хаттың мәтіні мынадай:
« Бек мархабатты әрі биік мәртебелі құпия кеңесші, Сардар мырза, Орынбор губерниясының губернаторы Иван Иванович, сіздің мызғымас абзал әулетіңізге барша жақсылықты тілеймін.
Сіздің жазғаныңызды осында тілмаш Яков пен өз адамымыз арқылы алдым. Оқып шығып ізгі ниетіңізге мейлінше риза болып қуанып қалдым. Менің ерім, сіздің досыңыз Әбілқайыр ханды Барақ сұлтанның өлтіруі бізді қандай қайғыға батырғаны өзіңізге белгілі шығар. Қанша қапаланып, қабырғамыз қайысып, қайғыға тұншықсақ та, достық ақыл- кеңесіңізді ізгілік деп қабылдап, жүрегіміздің қалқанын қарсы ұстап, қасірет жебесін кері майырып, сабыр етіп отырған жайымыз бар. Оның үстіне халқымыз бас құрап, татулық танытып, ұлым Нұралыны әкесі Әбілқайырдың орнына хан сайлауға өзара келісті. Соған сәйкес менен, Нұралыдан, орта және кіші жүздің күллі билерінен биік мәртебелі патша ағзамға өтініш хат жолданды. Сіздің жоғары мәртебеңізден сол жолдау хатты бік мәртебелі патшайымның сарайына өз адамдарыңызды қосып, жеткізіп, ұлымның әкесінің орнын басып, басты хан болғаны туралы алтын мөр басылған сенімхат берілуіне жәрдем жасауыңызды сұраймын. Онан да гөрі аталмыш залым Барақтан кек қайтаруға ұлы мәртебелі алдияр тақсыр падишаның рұқсатын сұрауыңызды, олай болмағанда біздің қырғыз- қазақ халқына оның сазайын тартқызуға мұрсат етуіңізді сұраймын. Бұл әне басқа мұқтаждарым өнінде биік мәртебелі патша ағзамнан өзіңіз арқылы шарапат көретініме кәміл сенемін.
Сізге жақсылық тілейтін
Бопай ханша.
Сенімді болу үшін оңына ханның мөрі басылды.
1748 жылғы қазанның 6-шы жұлдызында Ырғыздағы Қайыңды өзенінен жазылды».
Бұл хаттарда қаншама сыр, қаншама мұң, қаншама ой-пікір, ниет-пиғыл жатыр десеңізші. Патшайым ізін суытпай Орынбор губернаторы Иван Неплюевке жарлық береді. Онда ол: « Қырғыз-қазақтың ханы Әбілқайырдың қаза табуына байланысты оның ханымы Бопай мен үлкен ұлы Нұралы сұлтаннан және оны әкесінің орнына хан сайлаған күллі халықтың атынан елшілер келгенін, олардың басшысы хан тұқымының күйеуі Жәнібек сұлтан мен серіктері губернаторға қайтарып жіберіліп отырғанын, оларға көрсетілген сый-сияпат, тарту-таралғының жарлықта барлығы жазылады.
Губернаторға Жәнібек сұлтан барысымен Орынборға Нұралыны шақыртып алып, ханның таққа отыру рәсімін жасауды тапсырады. Адлдыққа ант берген соң ханға семсер сыйлап, торқа тон мен алтындаған бөрік кигізіп, той-томалақ жасап, жұрттың ризашылығын алуды жүктейді».
Бір қызығы бұл ат-шанадан басқа көлік, шабарманнан басқа байланыс жоқ кезде небәрі алты-ақ айдың ішінде шешілген мәселе.
2.2 Сүйегі өзге елде қалған қайран ана
Қазақтың өмір сүруі қиынға айналған XVIII ғасырдың аласапыранында ел-жұртының қамы үшін жанкештілік қимыл көрсетіп, ақырында отаршыл губернатордың саяси қапақылының құрбанына айналған Кіші жүз ханы Әбілқайырдың саяси-қайраткерлік бейнесі әлі танылмай жатыр. Кеңестік қалыппен қаланған тарихи баға Әбілқайырды қазақ жерін Ресейге қосып берген хан деген шеңберде әлі шиырлап жүр. Көшпенділер рухы құламай тұрғанда, дала демократиясының пәрменімен ханы қараның көңіліне қарап әрекет еткен кезеңде Әбілқайыр тұлпарының тұяғы көбірек тиген топырақ – Ақтөбе мен Орынбор арасы. Бүгінде ала шекара сызығымен екі түрлі мәдениетке қарс айырылған аймақтағы тарихи ес те екіге жарылып қалғандай. Дегенмен, жер-су атаулары, көшкен жұрттың қоныстары, тартысты күндердегі ширыққан оқиғалар ізі қалды. Басқыншы мәдениет отар елдің отына май құйған 300 жылғы өрт, өліара уақыт Әбілқайыр мен оның төңірегіндегі тұлғалар шоғырының ізін өшіріп жібергендей.
Абылай хан мен Әбілқайыр аруақтарын салыстырып, даңғаза « дерек» іздеген бүгінгі тірі пенделердің күйкі тірлігі де өсер елдің ісіне ұқсамайды.
Тарихи ес тірісінде де, өлісінде де нақақ жала мен негізсіз айыптаулардан құтыла алмаған Әбілқайырды аршып алуды сұрап-ақ тұр.
Цензурадан сүзгіленген мұрағат ақтарсаңыз, Әбілқайырдың іс-әрекеті мен димломатиялық қадамдарынан бәйбіше Бопай ханымның қолтаңбасы сығалайды. Себебі, Әбілқайыр тұсындағы Батыс Қазақстандағы кез келген сыртқы, ішкі мемлекетаралық қимылдар Бопай ханымның қатысуынсыз іске асырылған емес. XVIII ғасырдағы қазақтың айтулы әйелдерінің бірі Бопай ханым туралы тарихи әдебиетте, орыс зерттеушілері естеліктерінде көбірек жазылғанымен , оның үш ғасыр бұрын жүріп өткен жолдарын анықтауды Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы жоспарға кіргізді. 2008 жылдың шілдесінде басшысы Еркін Құрманбековтің бастауымен мұражай қызметкерлері Орынбор облысы Илецк ауданындағы Бопай ханым жерленген орынға барды. Ресейлік қазақтардан дерек жиналды.
Қазір облыстық тарихи-өлкетану мұражай қоры Бопай ханым, Әбілқайыр ұрпақтарына қатысты жәдігерлермен толыға түсті. Мұражай қорының бастығы Зада Мұқашева Бопай экспедициясына қатысты төмендегі жайттарды хабарлайды:
- 1990 жылдың ортасында Орынбор мұрағатынан алынған « труды ОУАК ( Орынбор ғылым комиссиясының мұрағаты) 27 фотокөшірмеде келтірілген Ресей императоры геология комитетінің мүшесі Д.Н.Соколовтың 1906-1907 жылдардағы « Из поездок по степи», « Наблюдения и Заметки» деген жазбасында Орынбордан бері қарай Орал уезінің қорғандарын, ірі Қобда, Елек, Орал маңындағы қорғандарды зерттеп, жаза келіп, осының ішінде Бопай жерленген жерді былай деп көрсеткен: « Раскопки Красногорского кургана на Кузнечной горе в стороне от крупных рек ( Илек, Урал) на горе острый Шихан у речки Черной, где как говорят при раскопке нашли (хищнической раскопки) железные вещи и обрывки парчевой одежды, несколько верст от ниже пос. Черновского, впадает в речку Черную ручей, которого русские называют Пупай. На 10 верстной карте Оренбурского военного топографического отдела около этого ручья, на левой его стороне на высоком Холме показана « Папая, Ханьшина могила». На рукописной обноверстной карте Оренбурского казачьего войска среди местных жителей этот холм называется « Мечетка», -деп жазылған.
Патша заманындағы көптеген карталарда Бопай атауы бар, кейбірінде
« Мечетка» деп жазылыпты. Орынбор әскери-топографиялық картасында « Пупая-ханьшина могила» деп белгіленген.
Соколов Бопай ханым мазары Әбілқайыр хан мазарына өте ұқсас, сұрғылт кірпішпен конус пішінді етіп өрілген, төбесінде айдың кесіндісі тұр деп сипаттаған патша шенеунігі П.И.Рычковтың дерегіне сүйенген. Қасында түрлі шүберектердің қиындылары байланған. Қабырға мен Өлкейек өзендерінің қиылысында тұрған Әбілқайыр мазарының биігіндегі ойықта найза, ұстанған қару-жарақтары кесе-көлденең тұр, жұрты ас берген мкезде найзаны алып, оның орнына ет, басқа тағамдарды табағымен қояды деп суреттейді.
Бопай мазары тұрған жерге Екатерина императрица кейіннен немістерді көшірген. Қасында орыстардың Черновский деген елді-мекені болған. Сол жердің тұрғындары Соколовқа « Мечетка» атауынан басқаны айтып бере алмапты. Соған қарағанда, жергілікті жұрт мазарды бұзып, кірпішін пеш салуға пайдаланған деп болжам жасады Соколов тарихшы. Тоналған ханым бейітінің маңында шашылып, жыртылған парша көйлектің жұқаналары да қарақшылықтың куәсі. XIX ғасырда басқа жұрттың қолымен жасалынған ұрлық пен тонау, қиратып-жоюды бастан өткерген Бопай анамыз жатқан биіктіктің тек « Мечетка» атауы қалды. Ханым мазарын да осылайша отаршылдық орағы қиратып түсірген.
Әбілқайыр-Бопай дәуірінен соң бұл жақта қазақ көші бұрынғысынша ұзақ аялдамайтын болды.
Бүгінгі Орынбор даласы қандай сырды бүгіп жатыр ? Жергілікті
қазақтар не дейді ?
Экспедиция мүшелері Бопай зиратына бара жатқанда Орынбор облысының Ақбұлағынан, әрі қарай Соль-Илецк ауданына кіреді. Орынбор қаласын айналып, Илецк ауданы « Димитров» совхозының жеріне өтеді. Ақтөбеден төте тартқанда, Оралдың Шыңғырлауынан тікелей құлдиласаңыз, Орынбордың Елек ауданындағы Бопай ана жатқан жерден бір-ақ шығасыз. Бөтен мемлекеттің жері болғасын, қазірде айналып жүруге мәжбүрміз.
Бұрында атақты жылқы зауыты орналасқан « Димитриев» совхозы 3-бөлімшесінде тұратын Лұқпан Есжанов оларды Бопай сайына алып барды. Ол кісі 1936 жылдан бері осы өңірде тұрып жатыр. Өз көлігімен мұсылмандардың ескі зиратына бастап әкеліп, осы жерде Бопай ханымның бейіті тұрғанын үлкендерден естігенін жеткізді. Ескі зираттың бейіт тастары құм болып езіліп, ақтастары шығып жатыр. Бұл жерде 1947 жылы ең соңғы рет екі қазақ жерленген. Екі құлпы тастың да сапасы төмен, тек сұлбасы қалған. Ескі зират қасындағы Бопай сайына алып барды. Ар жағы әскери полигон. Полигонның дәл түбінде тұрған биік төбеге бара алмады. Себебі, сол мезгілде Ресей армиясының әскери жаттығулары жүріп жатқасын рұқсат бермеген. Дегенмен, жергілікті Лұқпан жылқышының Бопай ханым жатыр деп жобалап айтқан жазықтағы ескі бейіттің орны көңілге қонбады. Үш ғасыр бұрын « Мечетка» атандырған айрықша мазар не болса да әскери полигонға айналған жазықтықтың бергі жағындағы алыстан көзге түсетін жалғыз төбеде қалған болар.
Лұқпан ақсақал өзі ес білгелі ханымды іздеп келген екінші топ екендерін айтқан. 1995 жылы осы жерге Әбіш Кекілбаев тұңғыш рет аяқ басқан. Оралдың Шыңғырлау ауданы басшылары да Әбішпен ере келіпті. Осыдан өзге бұрын-соңды Бопай мекенін іздеген жан болмапты. 1906-1907 жылдары саяхатшы Соколовтың жазбалары мен картасында белгіленген Бопай жері оларды араға 300 жыл уақыт сала көңілсіз қарсы алғанын айтады. Олар аяқ басқан төңірек- аумағы 35 шақырымдай елсіз жер.
- Әбілқайыр ханның саяси қайраткерлік тұлғасы күрделі әрі терең. Енді оның қасындағы Бопай ханымның бейнесі қандай! Бұл жөнінде қорда қандай деректер бар!
- XVIII ғасырдағы қайраткер қазақ әйелдерінің тарихта аты жазылып қалса, солардың көшбасында Бопай тұр. Оның шын есімі- Бәтима Сүйіндікқызы, руы- Адайдың Табынайы. Тарихта ол 100 жасады, Әбілқайыр қазасынан кейін де балаларына басшы болып, әсіресе баласы Нұралы ханның билігіне көп ықпал еткені айтылады. Өмір сүрген жылдары 1690-1780 жылдар. Кейбір деректерде 100 жыл өмір сүріп, 1790 жылы қайтыс болды деп те жазылады.
Жалпы, Әбілқайыр ханды көп зерттеп жүрген тарихшы Ирина Ерофеева екені барщаға мәлім. Ол ханның өзінен бастап, бүкіл әулетін жазды. Орыс зерттеушілері Бопай ханымды көбірек сипаттаған. Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы жазбалардың 400 беттейі тек Бопай ханымға қатысты жиналған дүниелер.
Бір ақиқаты- жұрты Бопай атандырған Бәтима Сүйіндікқызы Әбілқайырдың зайыбы ғана емес, ханның рухани-саяси көмекшісі бола білген. Ел тағдырына байланысты қиын-қыстау уақытта ханның саяси шешімдер қабылдауына ерекше ықпал еткен. Өте саясаткер, күрескерлік қабілеті мықты, қайсар да алғыр әйел болған. Ханмен келіспейтін жерлерін кеңесте ашық айтып, кейбір мәселелерде түзету жасап отырған.
Бопай- Әбілқайырдың екінші қосағы. Бірінші әйелі өлгеннен кейін Бопайдың әкесі Сүйіндікке құда түсіп, қызын алған. Әбілқайырдың Бопайдан
басқа үш әйелі болғанмен де, олардың есімдері жазбаларда ұшыраспайды.
Бопай- Кіші жүздің көк найзалы адай руының Табынай тармағынан. Бұл тұқымнан батырлар көп тараған. Әкесі- Сүйіндік батыр. Бопайдың інісі- есімі тарихта қалған Мырзатай батыр, Әбілқайырдың жанашыр серіктерінің бірі, әскерін басқарған айтулы тұлға. 1748 жылы ханды Барақ өлтіргеннен кейін Мырзатай батырдың Орынбор губернаторы Неплюевке жазған хатында осы жауыздықтың қасақана, мұқият ұйымдастырылғанын, Неплюевтің де басына осындай өлім келетінін ескерткен. Мырзатай хатындағы осы жолдардың өзі-ақ оның XVIII ғасыр ортасындағы шиеленістердің арасында жүрген, болып жатқан жағдайдан толық хабардар тұлға екенін айғақтайды. Әбілқайыр өлімінен кейін кек қайтару оқиғасына Бопайдың ағасы Қонай батыр белсене қатысқан.
Бопайдың Адай руынан екенін тарихшы Витевский « Н.Неплюев пен Орынбор губерниясы жайындағы» монографиясында ашық жазған.
Жалпы, Ресей архивтеріндегі патша карталарында қазақтың қонысы, жер-су атаулары сол күйінде қалған. 2007 жылы Орынбор мұрағатынан Бопайдың әкесі Сүйіндікке қатысты 1895 жылғы дереке кез болғанын жазады. Орынбор облысының қазіргі Адамов ауданы- Сүйіндіктің қонысы, қыс-қыстауы. Сол маңда Сүйіндік өзені ағып жатқан. Сүйіндіктің қоныс еткен жері ме, әлде қызының сыйға берген жері ме, белгісіз. Әйтеуір, орыс картасында Сүйіндік болысы делінген. Бұл 1912 жылы Орынбордағы Яковлевтер баспаханасынан шыққан. « Материалы по киргизскому землеиспользованию, собранные и разработанные статистической партией Тургайского-Уральского, пересенленческого района» деген кітабында « Суюндукская волость зимовка у реки Суюндук»деп көрсетілген.
Сондай-ақ осы Сүйіндік өзеніне қатысты жасы 80-нен асқан ақтөбелік Бағила Сарсенованың қызық дерегі де бар екен. Бала кезінде Сүйіндік өзеніне шомылып өскен екен, жақын жерде Елубай, Қоскөл деген ауылдар болғаны есінде. Сүйіндік- суы көп, балығы мол өзен болса керек. 1930 жылдары ата-анасыз қалған Бағила жетімдер үйіне жіберіліп, туған жерден қол үзген. Кейіннен Иреклинская су электр стансасы салынғасын, өзен бірте-бірте тартылып қалыпты. Бұл- қазіргі Орынбордың Адамов ауданы.
Бопай ханымның Ресей елшілерімен қарым-қатынасын, балаларының тәрбиесіне қатысты деректерді, өкінішке қарай, тек бірыңғай орыс зерттеушілерінің жазбаларына ғана қарап, танимыз. Сол себептен де Әбілқайырға қатысты мағлұматтар орыстық отаршылдық көзқарасқа еріксіз ауысып кете беретін сондықтан секілді ғой...
Шындығында, Бопай- ел анасы, оның қай ұлы да осал болмағаны тарихтан белгілі. Нұралы, Ералы, Айшуақ, Әділ, қыздары бар. Ұлдарының, одан тараған ұрпаққа тағылымды тәрбие берген аналары емес пе ? Бопай- жаңаны тез қабылдауға ұмтылған, мәдениет пен өнер, ғылымға жанашыр болған көрегенді ана. Мәселен, орыс патшайымы Екатерина Петербургте алғаш ұйымдастырған мұражайға қазақ халқының мәдениетіне, этнографиясына қатысты дүниелерді тауып беріп, ел ішінен жинастырған. Оның бәрі де қазақты танытуға деген ұмтылыстан туған. Мұның өзі-ақ Бопай ханымның алдағыны ойлайтын көрегендігін, парасаттылығын дәлелдеп тұр емес пе ?
Сұлулығы мен ақылдылығы өзіне сай, ерекше парасаттылық дарыған жан екені ірі әдебиеттерде баса айтылады. Жас кезінен сынықшылық қасиет дарыған. Ағылшын суретшісі Джон Кэстль 1736 жылы Хан Ордасына келгенде, 40- тан сәл асқан Бопай ханымды аса қызығушылықпен әдемі суреттегені бар. Әбілқайырдың ұлдары бірінен соң бірі Санкт-Петербургқа аманатқа жіберілді. Иператор сарайында жас Ералы мен Әділ ел бетін көрместен, 6-7 жыл үзіліссіз аманатта ұсталынды. Джон Кэстль Ералының суретін салып әкеліп Бопайға көрсеткенде, сағынышын ішене сақтап, сыр бермеген ханым баласының суретінен көз алмайды. Ұзақ қарап болғасын, көзінің жасын сүртіп, ризашылық белгісі ретінде үнсіз ғана тостағанға құйып шымылдық астынан Кэстльге қымыз ұсынған. Баласын ұзақ уақыт бойы көрмеу ана үшін ауыр қасірет. Бейтаныс шетелдіктен ұлының суретін қолға ұстағанда, жылдар бойғы жүрегін басқан зіл салмақты қозғап жібергенде де жан күйзелісін ішене бүгіп, өзін бақылап отырған шетелдіктің алдында Бопай ана сыр бермейді.
Орыс елінде ұсанатын жағымды да жылы тәрбиені, әрине, Бопай ханым балаларына бере білген. Ол- қайтсе де ерінің атын оздыруға ұмылған, ар мен ибаны қатар ұстанатын дала мәдениетін өз бойына жинақтаған қазақ әйелі.
Бопайдан тараған қыздар да өз заманында айтулы тұлғалар еді. Мәселен, Бопай немересі, Нұралының қызы Тойғараның елден асқан сұлулығы сондай, Орынбор өңірінде оған тең келер жан болмапты. 1796-1799 жылдары Орынбордың әскери губернаторы болған Осип Игельстром Тойғараға өлердей ғашық екен. 1854 жылы Санкт-Петербургтен шыққан Павел Небольсиннің « Рассказы проезжего » деген кітабында мынадай жолдар бар:
« Княгиня Тойкара настойчиво просила Игельстрома за своих близких родственников о восстановлении ханской власти. В Оренбурге он пленился Той-Карой женщиной умной и красивой. Тойкара была замужем за киргизом, чиновником в должности заседателя в пограничном суде, Нурмуханбетовым Хожею, жила постоянно в Оренбурге. Бывала и в Петербурге, усвоила сведкость, но одевалась всегда в национальный костюм. Поэтому непоследовательность в распоряжениях Игельстрома по киргизским делам объясняется влиянием на него Тойкары.
За ласки Тойкары выхлопатал ей титул княгини, пастбищное место для ее стад в окрестности Оренбурга и право, из уважения к ее породе ездить цугом».
« ... Тойкара, дочь Нурали-Хана, жена Хаджи Нурмухамедова, умерла в 1805 или в 1806 году. Она была женщиной умной, пышной и красотою свою с ума сводила многих. Самым жарким и горячим ее обожателем был барон Игельстром. Императрица Екатерина Великая подарила ей великолепную карету и пожаловала по смерти, землю в какую-то губернии. Тойкара была в таком уважении у всех киргизов, что даже братья ее и прочие султаны ни в чем не смели ей противоречить и слушали ее с почтением, с подобострастием. Часто она их журила, бранила, и с сожалением покачивая на них головою, частенько говорила: « Эх, не родись я бабой, а родись мужчиной, я бы показала вам себя! Я бы вас выучила! Да не словами, а делом, чтобы и вы, глядя на меня, делали тоже, что и я делаю!
Тойкара иначе не выезжала, как в карете, цугом в шесть лошадей. Муж ее человек хороший, но смирный, служил в комиссии, был надворным советником, носил медаль. Пожив в Петербурге, Тойкара возвратилась оттуда в 1797 году и с тех пор, по самою смерть безвыездно жила в Оренбурге, напротив одноэтажной казармы.
Она ужасно любила, чтобы ее, ни того, ни сего за то только, что отец ее был хан Нурали, звали почаще « Ваше сиятельство». Жила она совершенно на европейскою ногу: одевалась чрезвычайно богато, одна кожа в немногу как по киргизкси. Самолюбива была ужасно и важничала до смеха, благо рука была у барона Игельстром.
Примерно сказать, когда гости приедут с визитами, она не сядет по людски в кресло, заберется на диван поставленный на возвышении. По вечерам у Тойкары бывала обыкнавенная музыка, частенько самая жалкая. Пожила так и она в свое время! Схоронена она за Оренбургскими Миновым Двором, а после нее мужа там же похоронили».
Тойқара 1806 жылы патша императорының қолынан жер иеленуге рұқсат алған қыз. Орынбордан 12 шақырым жатқан Жайық өзенінің жағасынан шалғыны мол, нулы да сулы да жер бөлінген, осында имениесі болды. 6 атты қатар жеккен күймесімен Орынбор көшесіне шыққанда, жұрттың бәрі жапырылып жол берген. XIX ғасырдың басында осындай сән-салтанатпен көшеге шығуға тек орыс императорының ғана рұқсаты керек еді. Өкінішке қарай, Тойқара жөнінде дерек тым сараң. Суреті де жоқ. Бізге белгілісі- Орынбор губернаторының өзіне деген әлсіздігін қазақ-орыс қатынастарына, әсіресе, қазақтың пайдасына қарай бұра білгендігі.
Бопайдан тараған ұрпақ- Нұралының немересі Хұсни Жамал 1894 жылы Бөкей ордасында қыздар мектебін ашқан. Қазақта тұңғыш рет мектеп ашып, бала оқытқан қыз. Қазақ балаларының сауатын ашап деп жүріп қолы босамағандықтан, күйеуге де 40 жасқа келіп қалғанда шығыпты.
Әбілқайыр мен Бопайдың шөбересі Пірәлі қызы Жақсы ханым өз заманында Сыр бойындағы Кіші руларын бірлікте, татулықта ұстауға, басқа да саяхаттарға араласқан ақылды әйел. Жақсы ханымның күйеуі Арынғазы хан. Патша өкіметі демократиялық ұстанымдары үшін Арынғазыны Калугаға жер аударды. Елге қайтуға рұқсат бермеді, сонда қайтыс болған. Жақсы ханым орыс императорына күйеуінің артынан іздеп баруға рұқсат сұрағынымен, тыйым салынды. Арынғазы қайтыс болғанда, « ең болмаса сүйегін алып келейін» деп жазған өтініші іске аспады. Арынғазының мекені Ақтөбе қаласының түбіндегі Қарғалының бойы еді.
1937 жылғы қуғын-сүргін құрбаны, « үштіктің» үкімімен атылған жалғыз қазақ әйелі- Шахзада Аронқызы да Бопайдан тараған ұрпақ. Нұралының баласы Қаратай сұлтаннан өрбиді. Шахзаданы Телжан Шонанбаевтың әйелі үшін ғана емес, жеті атасынан бері тексергенде, Әбілқайыр- Қаратай хан тұқымы екенін анықтады. Үш жоғары оқу орнынан қуылған білімді, қайсар Шахзаданы ақыры халық жауы деп атып тынды.
Атақты Мұхит әнші, Дәулеткерей күйшінің ата-тегі де Нұралы әулетінен шығады. Әбілқайыр-Бопай ұрпақтары отаршылдық дәуіріндегі ұлтымыздың мәдени-рухани өмірінде өшпес іздер қалдырды.
Қуғын-сүргінге ең алғаш болып іліккендер - Әбілқайыр тұқымы. Ахмет Жұбанов Алматыда қазақтың тұңғыш ұлт аспаптар оркестрін құрғанда, Өзбекстанда бас сауғалап жүрген Қамбар Медетовты Алматыға шақыртқан. Ол Әбілқайырдың нұралы тармағынан. 1934 жылы Мәскеуде өткен қазақ мәдениетінің онкүндігінде Сталиннің алдында өзінің 24- бабасы Шыңғыс хан жөнінде « Ақсақ құлан» күйін орындап берген. 3 жылдан соң Қамбар Медетов халық жауының қатарына ілігіп, атылды. 1932 жылы Голощекин Мәскеуге бара жатып Ақтөбеге аялдағанда, 80-нен асқан Бақытжан Қаратаев ат арбасымен вокзалға жетіп, Голощекинге « кеңес өкіметінен осындай сұмдықты көреміз бе» деп айқайлаған ерлігін, сыбырлап айтудың өзі мұң болған заманда, кез келген қазақ қайталай алар ма еді ? Голощекин кідіріп тұра алмады, жергілікті партия белсенділері жым болды.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорында Әбілқайырға байланысты жинақталған деректердің дені орыс тарихшылары мен әскерилерінің жазбаларынан құралды. Олар орыс отаршылдығы көзқарасынан келеді, кеңес өкіметінде негізгі деректер құртылды. Сондықтн да өлкетанушылар жер-су аттарына үңіліп, тұрғылықты адамдардың әңгімесінен іздейміз.
Осы экспедициядан кейін Ақтөбенің Торғаймен шекараласатын белдеуіндегі « Хан моласы» қорымы зерттелді. Әбілқайыр мазарының орны анықталса кесене тұрғызу жоспарланды. Осындай ауқымды жұмыстар қолға алынып жатқан кезде, аласапыран уақытта ел билеген тұлғаның серігі Бопай ханымды іздегендері орынды. Ресей жерінде сүйегі қалған, зираты айуандықпен тоналған Бопай анамызды біз іздемегенде кім іздейді ?
2.3 Әуенімен әйгілі Әбілқайыр-Бопай әулеті
Көне кептің байыбына салсақ, көмейіне Жошы хан қорғасын құйғызған домбыра қайтып үн қатпастай тұншықпақ еді. Алайда, ғасырдар өткенде басқа емес – нақ осы әміршінің өзінен өрбіген жұлдызды шоғыр азалы да жазалы аспаптың құдіретіне дүниені қайта табындырды. Жошы заманы тым жырақ - әңгімеміз адасар. Арғы атасы әз-Жәнібек – бұл да бағзы белесі. Бергідегі Әбілқайыр бабаларына алдияр дейік. Иә, әңгіме баһадүр хан ұрпағының тұқымнан тақ тоздырған тегеуріні емес, әулеттен ән оздырған тектілігі хақында болмақ.
Әбілқайыр ханның төре тұқымының қызы Бопай ханымынан Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ туылғаны мәлім. Анасы Бопайдың көмегі арқылы таққа қол жеткізген Әбілқайырдың тікелей мұрагері Нұралы ханның аз деңіз, көп деңіз 16 әйелі болған деседі. Осылардан 39 ұл, 33қыз көрініпті. Әсіресе, Нұралының отыз тоғыз ұлы ішінде Бөкей, Шығай, Қаратай тарихта аты қалған тұлғалар. Осы үшеуінен басындағы бақты тақтан емес, күмбірлі күй мен әуелеген ән-жырдан тапқан ұрпақ қаншама. Айталық, төре күйдің тәңірі Дәулеткерей, әншілігімен Жайықтың сырнайы атанған Мұхит сал, «Шалқыманың» жаршысы Жантөре хан – дарынымен дара тұрар есімдер!
Бір ғана Бөкейдің балалары – Жәңгір хан, Тәуке, Әділ, Меңдігерей сұлтандар сарайынан күй керуендете шыққан салтанатты топ ше ? Тәукеден– Махамбет, Ғабдолхакім, Хабир күйшілер, Әділден – Науша күйші, Жәңгірден – шабытты ақын, шебер домбырашы Шәңгерей тарайды.
Ұлттық мәдениеттің тағы бір көрікті тобы – Қаратаевтар мен Мұхитовтар. Бұлардың көшбасшысы - әнші Мұхит. Мұхиттың атасы да, әкесі Мерәлі – Мерғали Еркінғалиев те рулы ел басқарған белсенділер. Мерәлінің Пангерей, Шәңгерей, Мырзагерей, Мұхаметкерей ( Мұхит), Сақыпкерей, Жанша және Жүсіп деген ұлдары болды. Сақып, Жанша, Жүсіптер бірінен-бірі асқан домбырашы болса, Шәңгерей скрипканы сызылта ойнады. Әйтсе де, ағайынды жетеуден оза шауып, « Оралдан ән оздырғаны» Мұхит сал.
Әйгілі аталарының туын жықпай XX ғасырға бұлардың бәрі Қаратаев тегімен жеткен еді. Ұлт-азаттық көтерілістің көсемі Қаратай сұлтанның күресі кеңестік тарихнамада әуелі дәріптеліп, кейіннен есімі қайта көмескіленді. Сірә, Ресей Думасының депутаты, алғашқы үкімет- Қазревкомның мүшесі Бақытжан Қаратаевтың Голощекин саясатын айыптап, қыр көрсете компартиядан шығуынан туған көзқарас салқыны болса керек. Содан ба, Затаевичтің «1000 әніне» Қаратаев болып кірген Мұхит Жұбановтың « Замана бұлбұлдарынан» Мерәлиев болып шықты. Тап күресі ушығып тұрған заманда Ахаңдай жанашырдың Мұхит мұрасы мен оның кейінгі ұрпақтарының тағдыры үшін ойлаған сақтығы еді. Сөйтіп, Мұхиттің өзінен тарайтын өнер саңлақтары оның атымен – Мұхитовтар болып жалғасты.
Немере інісі Бақытжан Қаратаевтың айтуынша, ақжарқын, әңгімешіл Мұхит қай төрдің де күткен мейманы болған. Жасында көркіне сұлулар сұқтанған әнші қартайған шағында кең пейілді, келбетіне парасат ұялаған абызға айналып, елдің құрметіне бөленген. Сөйтіп, жас шағында « Күнде той, күнде жиын жүрген жерім» деуі де, егде тартқанда « Мен кепіл өткен жастың келмесіне» деуі де шындықтан шалғай емес. Өмірінің соңында сезім әндерін шырқауды доғарып, Құранның сөзін әуезелейтін ғажайып араби сарынды сопыдай қайталаумен өткен дейді.
« Айдай» мен « Қыпшақ», « Алуаш» пен « Қилым», « Айнамкөз» бен «Паңкөйлек», « Дүние» мен « Зәуреш» әндері Мұхит есімін мәңгілік етті. Мұхит әншілігімен қоса Боғданың, Тазбаланың, Абылдың, Сәулебайдың күйлерін нақышына келтіре орындаған.
Мұхитың Шоң ( Мұхаметжан) және Нәу деген балалары әке қасиетін өздері мен кейінгі ұрпақтарына дарытқан өнерпаздар. XIX ғасыр соңында ғұмыр кешкен Шоң домбыра мен скрипкада шебер ойнаған. Шоңның балалары Лұқпан мен Ғұбайдолла Мұхитовтар, Нәудің баласы Шайхы Қаратаев атасының ән қазынасын алтындай сақтап, XX ғасырға табыстады.
Музыкант Мұхитовтардың соңғы ірі қайраткері арамыздан күні кеше өткен атақты домбырашы Құбыш Әшімұлы Мұхитов. Құбыштың анасы Зейнеп Нәуқызы Мұхитова- Шайхының қарындасы. Колхозшы Зейнеп 1935 жылы Алматыға келіп, Құрманғазы оркестріне орналасты. Сол жылдары оркестрдегі небәрі екі әйелдің бірі осы Зейнеп еді. Бармағынан бал тамған домбырашы жиырма жыл табан аудармай өнер көрсетті.
Әбілқайырдың немересі, Айшуақ баласы Жантөре хан « Шалқыма» күйінің негізін салушы. Атасы мен әкесінен қолбасшылық зәузат дарыған Жантөре жасында Сырым батыр жасағына ерді. Талай ұрыста ойқастап, талай айқастан аман шықты. 1805 жылы әкесі Айшуақтың орнына таққа отырды. Ағайынның алауыздығы мен Ресей саясатының қыспағынан тосылған сәттерде екі ішекке ерік беріп, « Көбік шашқанын» күмбірлетіп, қаһары мен күйінішін күй құдіретімен жеткізген.
Әбілқайырдың тағы бір немересі Шығай хан балаларының ішінде тағдыры қызығы Дәулеткерей болған. Шығайдың ағасы Бөкей ханның үш әйелі болды. Бәйбішесінен Тәуке мен Әділ, Атан ханшадан Жәңгір туды. Үшінші әйелі Жұмадан Меңдігерей есімді ұл сүйді. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болғаннан кейін Жұма әмеңгерлік жолмен Шығайға қосылды. Одан туған Дәулеткерей балалық, жастық шағын ағасы Меңдігерейдің қамқорлығында өткізді. Жәңгірлермен еншілес болды. Жиырма жеті жасқа дейін « Сұлтен Дәулеткерей Бөкейұғлы» есімімен жүрді.
Екі шаңыраққа тел өсіп, жастайынан биікке бейімделген Дәулеткерей 1852 жылдың ақпанынан бастап ноғай, 1860 жылдың сәуірінен бастап шеркеш руларын басқарды. Әйтсе де, Жантөре хан секілді мұның да атағы кейінгі ұрпаққа әкімдік әмірімен емес, ерен өнерімен – « Қосалқадай», « Қосшектей», « Ақжелеңдей» « Ақбаладай», « Мұңдығыздай», « Бұлбұлдай» сылқым саздармен әйгіленді.
Қорытынды
Қорыта келгенде, бір ғана «әйел» ұғымына дөңгеленген дүниенің бар кереметі сыйғандай. Оған аймен таласқан әсемдік те, көреген көсемдік те, мейірім мен нәзіктік те мағыналы теңеу – мазмұнды балама болмақ. Ал солардың ең қасиетті де қастерлісі – «АНА» сөзі. Одан асқан ұлылық, одан асқан құдірет жоқ. Біз қашаннан әйел-ананы әлпештеп, қыз-баланы қастерлеген халықпыз. «Ақ бесіктің иесі, туған жердің киесі» деген бабалар сөзі де содан қалса керек. Әйел – ана, отбасының алтын діңгегі. Тыныштық пен сәттіліктің кепілі, бақыттың қайнар бастауы. Өмірдегі барлық жақсылық ана есімімен тікелей байланысты.
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы, әйел-ананың жан жылуы, жүрек сезімі, сұлулығы, абзал ақылы, сезім тазалығы таңқалдырып, ғажайып күйге бөлейді.
Ананың қиыншылықты жеңе білуі, төзімділігі – баршаға өнеге, үлгі.
Ана - ақын жырына арқау, қаламгер шығармашылығына шабыт беретін мәңгілік тақырып. «Әйел – ана! Ана деп қана бағала оны, бағала!»
Орта Азия тарихында өзінің асқан беделімен, саясаткерлігімен танылып , тарихта ұмытылмас ізін қалдырған бірқатар әйелдер қауымы бар. Солардың ішінен XVIII ғасырда өмір сүрген атақты Бопай ханымды ерекше айтуға болады. Қарудың күшімен ұлы державалар құрылып, ұсақ халықтар жойылып, елді дүрбелең билеген кезең осы ханымның өмір сүрген заманы еді. Қазақ сахарасында бірлік болмай, ішкі талас-тартыстан әлсіреген Қазақстан Ресей, Жоңғар, Цин, Осман имериясының жаулап алу саясатына ұшырайды. Сондай-ақ, қазақ даласын Англия және Франция сияқты ұлы еуропалық мемлекеттер жан-жақтан анталаған қатал сұрапыл кезең еді.Міне, осындай қиын-қыстау заманда Бопай ханым қазақ әйелдерінің әуелгі әдеті бойынша отбасы, үй-шаруа қамымен емес, ер-азаматымен бірге билікке араласып, халқының жақсы өмір сүруі үшін жағдай жасауға тырысты. Тіпті күйеуі Әбілқайыр өлімінен соң да, ол қайғыға мойынсұнбай батыл шешімдер қабылдай білді. Баласы Нұралыны әкесінің орнына хандық таққа отырғазуда да осы ханымның ықпалы зор болғанын байқаймыз. Бұған Бопай ханымның патшайым Елизаветамен жазысқан хаттары бірден-бір дәлел болып табылады. Ханым Кіші жүздің барлық дерлік старшындары мен билеріне өз үстемдігін орната білді. Ал халқы оны әйел демей, ақылына сүйеніп үнемі тыңдап отырды. Ол Қазақстан мен Ресей елінде достық қарым-қатынасты берік ұстап тұруда көп еңбек сіңірген тұлғалардың бірі. Қазіргі таңда қазақ жерінің хандары мен белгілі батырларын еске алған кезде, біз Бопай ханымды да зор мақтанышпен айтамыз.
Осындай ардақ тұтар аналарымыз қатарында Бопай анамыздың да бар екеніне көзіміз айқын жетті. Тарих қойнауында өзінің ұмытылмастай ізін қалдырған бұл анамыз әлі күнге дейін өз дәрежесінде еленбей келеді. Осыған қатысты менің қосар ұсынысым: біріншіден, Бопай ханым туралы мәлімет жоқтың қасында, сол себепті оны тереңдей зерттеп, қатаң цензурадан өтілген мәліметтер негізінде жинақ кітапшасын шығару қажет; екіншіден, ханымның қазақ елінде емес, өзге елде елеусіз жатқан сүйегін туған елге қайтару немесе ең болмағанда оның мазарын тұрғызуды қолға алу керек.
Бірақ біздің есімізде тарихта Бопайдай анамыз болғанын ешқандай адамзат есінен шығармайды деп ойлаймын Ол кісінің істері әрбір адамға өнеге, үлгі бола бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ерофеева И. Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик. - Алматы, Санат, 1999.
-
Ақтаев С. Қазақ ханымдары. –А., 1994
-
Кэстль Д. Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапары туралы.- А., 1996.
-
Маңғыстау энциклопедиясы. –А., 1997.
-
Қазақстан тарихы. Энциклопедилық анықтамалық. –А., 2004
-
Дүйсенбаева Ж. Бопай ханым. // Жұлдыз журналы №6 2008 ж. 157 бет
-
Сарсембина Б. Бопай ханым. // Жас Алаш 15 маусым 2009 ж. 4 бет
-
Аманжолова Ш. Степная мадонна. // Экспресс К.-2000.-11 октября.-С.6
-
Бопай ханым. // Айна 2010 4 наурыз 9 б.
35