400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау тиімділігі баяндалады
Материалдың қысқаша нұсқасы

BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау тиімділігі.

Сабақ жоспары – әрбір оқытушының жұмыс жоспары. Сабақ жоспары нақты және мүмкіндігінше қысқа мазмұнды болу керек. Сабақ жоспарын құру үшін көптеген әдістер бар. Қытай, Великобритания, және Канада білім беру ұйымдарында қолданып жүрген ең тиімді әдістерінің бірі болып саналатын BOPPPS моделі. BOPPPS- ты Британдық Колумбия университетінің оқу және академиялық өсу орталығы сабақ жоспарын құру үшін нұсқаулық ретінде жасаған. Қазіргі таңда BOPPPS моделі бойынша сабақты жоспарлау біздің Түркістан облысы, Жетісай қаласы, Жетісай жоғары медицина колледжінде өз сабақтарымда тиімді қолданып жүрмін.

BOPPPS моделі - бұл біріншіден оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, екіншіден алдынғы сабақ негізінде оның маңыздылығын қамтамасыз ету үшін, үшіншіден білім беруді жеңілдету мақсатында сабақ жоспарын ұйымдастырудың тәсілі.

BOPPPS оң аспектілері:

- оқушылардың қызығушылығына үлкен мән береді, оларға сабақтың мақсатын ашады,

- оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін бағалайды;

- оқушыларды белсенді оқуға баулу;

- мақсатқа қол жеткізілгенін анықтайды;

- негізгі ойларды қорытындылай отырып, сабақты бекітеді.



BOPPPS әдісі негізінде құралған сабақ жоспары

Курс: 1

Мерзімі: 23.11.2022 ж.

Сабақтың тақырыбы: Онтогенез. Дамудың генетикалық негіздері. Постэмбриональды дамудың жалпы заңдылықтары. Гаметогенез. Ұрықтанудың биологиялық мәні.


Bridge in

Б

9 мин

ілім алушылардың назарын жаңа сабаққа аудару үшін оларға ұрықтың дамуы туралы видео материал көрсетіледі. Білім алушылар бейне роликті тамашалап болған соң сабақтың тақырыбы немен байланысты екенін айтып беруі тиісті.




Outcomes

С

6 мин

абақтың соңында білім алушылар онтогенезді, эмбриондық және постэмриональды дамудың жалпы заңдылықтарын, гаметогенездің ұрықтың биологиялық мәнін меңгереді.

Pre-Assessment

Б

20 мин

ілім алушыларды бағалау ушін Kahoot ойыны өткізіледі https://play.kahoot.it/v2/?quizId=a4a529b4-bef7-4d34-b77d-a8d6f1ec8b90

Биологиялық диктант алынады


Материалдар: интерактивті тақта, смартфондар


Participatory learning

Уақыт мерзімі

Оқытушының әрекеті

Білім алушының әрекеті

Оқыту құралдары мен ресуртары

5 минут

Дәрістің негізгі бөліктері түсіндіріледі.

Зейіндерін толыққанды сабаққа аударады.

Презентация

25 мин

Джигсо интерактивті оқыту әдісі арқылы кең көлемді дәрісті төртке бөліп беріледі.

Білім алушыларды әртүрлі түсті жұлдызшалар арқылы топқа бөледі.

Дәрісті 5 минут оқып постер қорғайды.

Плакат, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар

10 мин

Стикерлердің артындағы сандар арқылы қайта сарапшы топ құралып, ақпаратпен бір-бірімен алмасады.

Қима - қағаздар арқылы берілген тапсырманы орындайды, түсіндіреді.

Қима-қағаздар

Post-Assessment

Б

10 мин

ілім алушылардың бағалау ушін Learning apps сайтынан тапсырма

беріледі. ttps://learningapps.org/view12047430

Summary

Істелген жұмыс үшін білім алушыларға алғыс айтып қорытындылап баға қойылады.

Ү

5 мин

й жұмысын беру.









Сабақтың барысы мен мазмұны:

1. Bridge in

Сабақтың бірінші кезегі (сәлемдесу, түгелдеу, білім алушылардың зейінін сабаққа аудару). Білім алушылардың назарын сабақтың тақырыбына аудару үшін бірнеше тәсілдер қолданылуы мүмкін. Олардың бірі видеоматериал көрсету. Видеомаериалда ұрықтың дамуы туралы видео материал көрсетіледі. Видеоматериал көріп болған соң оқытушы білім алушыларға бірнеше сұрақ қоюы тиісті.

Ол сұрақтар:

  • Видеоматериалда не көрдік?

  • Видеоматериалда не жайлы айтылған?

  • Видеоматериалдан не түсіне алдық?

Видеоматериалдарға білім алушылардың назарын максималды түрде ұстау үшін қойылатын бірнеше талаптар бар. Олар:

  • Визуалды эффект. Видеоматериал максималды визуалды ақпаратқа толы болуы тиіс: сұлбалар, кескіндемелер, графиктер, видео үзінділер.

  • Дыбыс эффекті. Видеоматериалда көрсетіліп жатқан көрініске байланысты дауысты ақпаратта берілуі мүмкін, немесе музыкалық сүйемелдеу болуы керек.

  • Уақыт шектеулері. Edx порталымен откізілген зерттеулер арқасында білім алушының назары видеоматериалға деген максималды көрсеткішіне жету үшін видеоматериалдың уақыты 6-9 минуттан бастап 9-15 минутқа дейін жетеді. Осы уақыт аралығында болатын видеороликтер көрсету арқылы біз білім алушылардың көрсетілген материалдан максималды ақпарат алуына мүмкіншілік береміз.



2. Outcomes

Бұл кезеңде білім алушыларға оқытушы сабақ соңында қандай білім алып шығуын немесе қандай кәсіби дағдыларды қылыптастыратынын хабарлап өтуі тиіс. Өзіміздің дәстүрлі сабағымызда бұл кезең білім алушыларына хабарланбайды. Бірақта егерде білім алушылар сабақтың негізгі мақсаты қандай екенін біліп отырса сол мақсатқа жету үшін сабақ барысында максималды ақпарат жинауға тырысады. Соның арқасында сабақтың эфективтілігі өседі.

"Сабақтың соңында онтогенезді, эмбриондық және постэмбриональды дамудың жалпы заңдылықтарын, гаметогенезді, ұрықтың биологиялық мәнін меңгереді"

3. Pre-Assessment

Бұл кезенде білім алушылардан үй жұмысы сұралады.

1)Білім алушылардың бағалау ушін Kahoot ойыны өткізіледі.

https://play.kahoot.it/v2/?quizId=a4a529b4-bef7-4d34-b77d-a8d6f1ec8b90

2)Биологиялық диктант алынады.



Жасушаның генетикалық ақпараты.

Прокариоттар мен эукариот гендерінің құрылымының ұйымдасуы.



Биологиялық диктант

1. Генетикалық ақпарат бір ұрпақтан екінші ұрпаққа нуклеин қышқылының  ..................................  арқылы беріледі.

2. Тұқымқуалау ақпараты дегеніміз - бұл ДНҚ-дағы аминқышқылдар ретін жазу.

3. Бір ақуыз аминқышқылдарының реті жазылған ДНҚ молекулаларының үлескісі ................. деп аталады.

4. ДНҚ-дағы ............................................ түрі 4-еу-ақ, олар: аденин, гуанин, тимин, цитозин.

5 Ген – тұқым қуалаушылықтың бірлігі ретінде бір ............................ тізбектің синтезін бақылайтын ДНҚ учаскесі.

6. Тұқым қуалау ақпаратының жүзеге асырылуы Криктің ұсынысы бойынша аталған молекулалық биологияның орталық догмасына сәйкес жүреді. Мұны Криктің негізгі ......................... деп те атайды.

7. .................................... мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм.

8. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын ........................ қаптап тұрмайды және пішіні .................. тәріздес болып келеді.

9. Прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға .......................... бөлінеді.

10. Ядролық ДНҚ хромосомасынан тыс орналасқан гендер жиынтығын .................................. деп атайды, олар цитоплазмалық тұқым қуалаушылықты анықтайды.

Дұрыс жауаптары

1. Транскрипциясы

2. аминқышқылдар

3.ген

4. нуклеотидтердің

5. полипептидтік

6. постулаты

7. Прокариоттардың

8. ақуыздар, сақина

9. тікелей

10. плазмондар



4. Participatory learning

Активті оқыту кезені. Бұл кезенде жаңа білімдер қалыптасады. Бұл кезеннің максималды эфективті өтуі үшін оқытушы нұсқау беруші ретінде ал білім алушылар сол нұсқаулардың орындаушы ретінде болуы керек.

1) Дәрістің негізгі бөліктерін презитация арқылы түсіндіріледі.

2) Джигсо интерактивті оқыту әдісі арқылы кең көлемді дәрісті төртке бөліп береді. Білім алушыларды әртүрлі түсті жұлдызшалар арқылы 4 топқа бөледі. Дәрісті 5 минут оқып постер қорғайды.

Онтогенез (грек ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. Осы күнгі көзқарастар бойынша Онтогенезге бастау болатын жасушаның ішінде организмнің одан әрі дамуын анықтайтын белгілі бір тұқым қуалаушылық бағдарламасы – код түріндегі мағлұмат сақталады. Бұл бағдарлама бойынша Онтогенез барысында ұрықтың әрбір жасушасындағы ядро мен цитоплазманың әсерлесуі; сондай-ақ, ұрықтың әр түрлі жасушалары мен жасуша кешендерінің өзара әрекеттесулері жүзеге асады. Тұқым қуалау аппараты өзіндік ақуыз молекулаларының синтезделуін кодтау (белгілеу) арқылы морфогенетикалық процестердің жалпы бағытын ғана анықтайды, ал олардың нақтылы жүзеге асырылуы белгілі дәрежеде (тұқым қуалаушылық нормасы шеңберінде) сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді болады. Организмдердің әр түрлі топтарында Онтогенездің тұқым қуалаушылық бағдарламасының мүлтіксіз орындалу деңгейі мен оның реттелу шегінің мүмкіншілігі мол.

ОНТОГЕНЕЗ

Эмбриональдық кезең Постэмбриональды кезең





Ұрық пайда болғанға дейінгі кезең

Гаметогенез (гаметогенесісгрекгаметос  — жыныс, жыныс жасушасы; генесіс — шығу тегі) — жыныс жасушаларының жыныс бездеріндегі (ен, жұмыртқалық) даму процесі.

Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.

Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбеюөсужетілу және қалыптасу кезеңдерінен тұрады.

  • Көбею кезеңінде жас жыныс жасушадары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

  • Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚпротеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік сперматоциттерге айналады.

  • Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.

Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

  • Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жұмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жұмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Эмбрион (грек, ембрён — ұрық) аталық және аналық жыныс жасушаларынын қосылуы нәтижесінде пайда болады. Ұрықтану — жануарлар мен адам организмінде жатыр түтігінің жоғарғы бөлігінде, ал суда тіршілік ететін жануарларда — сулы ортада жүреді.К. Бэр – эмбриологияның негізін қалаушы. Эмбриондық даму кезеңін эмбриология ғылымы зерттейді.

Эмбриогинездің негізгі 4 даму сатылары бар. Бірінші саты бөлшектену, екінші саты гаструляция, үшінші саты нейруляция, төртінші саты органогенез деп аталады. Бөлшектену кезеңі. Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулаға) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сұйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады.Бластула әр түрлі жануарларда түрліше болады. Ол: сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула), Құстарда, бауырмен жорғалаушыларда — дискобластула, қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады. Гаструляция кезеңі. Гаструляция-бұл эмбриональді жасушалардың қозғалу процесі, нәтижесінде ұрықтың 2 немесе 3 қабаты пайда болады.Екі қабатты гаструла сыртқы жапырақ- эктодермадан және ішкі қабат – энтодермадан тұрады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында мезодерма дамып жетіледі. Алғашқы мүшелердің қалыптасуы(органогенез). Жүйке түтігінің түзілуін нейруляция дейді. Ұрық жапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерінің қалыптасуы — гистогенез, ал тіндерден органдардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын — системогенез деп атайды.





Ұрықтың дамуына кері әсерлер

Адамның ұрықтық дамуы немесе жүктілік, яғни әйелдің ағзасында өтетін физиологиялық процесс, ол баланың тууымен аяқталады, қалыпты ағымында орташа 280 тәулік (10 ай) жалғасады. Жүктіліктің 9-аптасынан бастап туғанға дейінгі даму кезеңі медициналық терминологияда фетальды деп аталады,ал құрсақта дамып келе жатқан организм ұрықты (fetus) деп атайды.

Зиянды әдеттердің болуы жүктілікке теріс әсер етуі мүмкін. Ананың темекі шегу мерзімі мен салмағы бойынша шала туған балалардың туу қаупін арттырады. Алкоголь ішу балалардың физикалық және психикалық дамуының тежелуіне, олардың бет пен аяқ-қолдың ақаулары, жүрек ақаулары болуына байланысты.

Ұрықтың туылуы салдарынан 28 апта өткенге дейін жүктілікті тоқтату түсік немесе уақтылы босану ретінде жіктелуі мүмкін. 16-дан 28 аптаға дейінгі мерзімде жүктіліктің тоқтауы, егер ұрық емдеу мекемесінен анасы шыққан сәтке дейін тірі болса, уақытында туылмады деп есептелді. Басқа жағдайлар (16 аптаға дейін туылған, ұрықтың шығу сәтіне дейін қайтыс болуы). Жасанды және өздігінен жүретін түсік тастауға жатқызылды, соңғылары да түсік тастау деп аталады.

Түсік тастаудың себептері:

  • жұқпалы аурулар, жіті (мысалы, тифтер, безгек, қызамық, крупозды пневмония, тұмау), сондай-ақ созылмалы (мысалы, мерез, туберкулез, токсоплазмоз);

  • жүрек-қан тамырлары аурулары (гипертониялық ауру, жүректің ауыр ақаулары), бүйрек аурулары, эндокриндік бұзылулар, психикалық жарақаттар;

  • сынаппен, бензинмен, никотинмен, алкогольмен, марганецпен туындаған созылмалы улану;

  • ана мен ұрық қанының үйлесімсіздігі (ең алдымен, резус-фактор бойынша айырмашылық));

  • әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары (жыныс мүшелерінің ісіктері және қабыну процестері, инфантилизм және т. б.));

  • жүкті тағамда витаминдер тапшылығы (негізінен, А және Е);

  • хромосомдық бұзылулар.

Гистогенез және органогенез

Эмбриогенез барысында ұрық жапырақшаларының дамуы (дифференцировка) олардан әртүрлі ұлпалар мен мүшелердің қалыптасуымен жүреді. Оның ішінде, эктодермадан тері эпидермисі, тырнақ пен шаш, май мен тері бездері, жүйке жүйесі (ми, жұлын, ганглиялар, жүйкелер), сезім мүшелерінің рецепторлы жасушалары, көз жанары, ауыз, мұрын қуысының және аналь тесігінің эпителийі, тіс эмалы дамиды. Энтодермадан өңештің, асқазанның, ішектің, өттің, кеңірдектің, бронхтардың, өкпенің, зәр шығару каналының эпителийлері, сонымен қатар бауырдың, ұйқы безінің, қалқанша, парақалқанша және алқым бездерінің эпителийлері дамиды. Мезодермадан тегіс бұлшық еттер, қаңқа және жүрек бұлшық еттері, қан мен қан тамырлары, дерма, дәнекер ұлпа, сүйектер мен шеміршек, тіс дентині, шажырқай, бүйрек, тұқым бездері мен жұмыртқа бездері дамиды. Адамда алғашқы болып ми және жұлын жекеленеді. Овуляциядан соң 26 күннен кейін адам ұрығының ұзындығы шамамен 3,5 мм құрайды. Онымен қоса қолдың бастамасы байқалады, ал аяқтың бастамалары енді ғана дами бастайды. Овуляциядан 30 күн өткеннен соң ұрықтың ұзындығы 7,5 мм-ге жетеді. Бұл уақытта аяқ-қолдың, к

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
22.03.2023
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі