Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бос уақыт және хобби.Балалық шақ.5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздар мен оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5-бөлім: Бос уақыт және хобби

Мектеп: №23

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Құрманбек С.Ә.

Сынып: 5 «а»

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Балалық шақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.5.1. тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру

5.4.4.1. жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсініп, ақпаратты анықтайды, қарапайым жоспар құрады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты табады , құрылымын дұрыс сақтай отырып жоспар құрады

Кейбір оқушылар орындай алады:

Мәтін мазмұны арқылы нақты ақпаратты зерделейді, құрылымын сақтай отырып күрделі жоспар құрады

Бағалау критерийі

  • мәтін мазмұнын түсінеді;

  • мәтін мазмұны негізінде нақты ақпаратты анықтайды;

  • мәтінге сәйкес жоспар құрады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын, болжамдарын өзіндік дағдыларына сүйене отырып, сын тұрғысынан ойлау арқылы, ойын еркін жеткізіп,нақты ақпаратты таба алады;

Пән лексикасы және терминология: 

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: 

Менің ойымша...

пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін...

оның мынадай себептері бар...

АКТ қолдану

Осы сабақ барысында оқушылар интербелсенді тақтамен жұмыс жасайды, слайд арқылы тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады.

Құндылықтарға баулу

Өмір бойы білімін арттыруға, жаңаны тануға және шығармашылыққа деген ынтаны қалыптастыру.

Өзін-өзі оқыту мен өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану, биология

Алдыңғы білім

Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыра алатын болған


Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

дер

Сабақтың басы









5-минут


5-минут





















Сабақтың ортасы


7 минут




Балалардың сабаққа дайындығын тексеру


Әуе шарында кім болу шарт?

Бүгінгі әуе шарында кім болу керек екенін алғашқы тапсырмаларды орындау арқылы табуымыз керек.

Белсенді әдіс: «Ойлан - жұптас - бөліс»

Оқылым алды тапсырмалар

2-тапсырма

ЖЖ Жұмбақ

Таңертең төрт аяқты

Түсте екі аяқты

Кешке үш аяқты

Қалай ойлайсыңдар?

  • Уақыт неге соншалықты алтынға теңейтіндей қымбат болды екен?/Үй тапсырмасы бойынша/

  • Неліктен «Көктемнің бір күні –жылға азық» дейміз?

  • «Не ексең, соны орасың» дейді, шындығында солай ма?

  • Адам болып қалыптасуға өміріміздің қай кезеңі маңызды.

Оқушылар суретке қарап тірек сөздер жазып, тақырыпты анықтайды

Дескриптор:

Тақырыптың мазмұнын сұрақтарға қарап анықтайды

Бағалау әдісі: «Бес бармақ»

Сонымен бүгінгі әуе шарында жаңа тақырыбыбыз «Балалық шақ» болуы керек екенін табады.

ІІ Мағынаны тану

Жоба табысты болу үшін келесі тапсырмаларды орындау керек

Оқылым кезіндегі тапсырмалар

Белсенді әдіс: «Ақпаратты сүзу»

Мәтін тақырыбы: «Балалық шақ»

Саралау тапсырмалары ЖЖ/ТЖ

1-топ

1-тапсырма Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды анықтайды

2-топ 2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, тірек сөздер арқылы нақты ақпаратты табады .

3-топ 3-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, маңызды ақпараттарды кестеге түсіріп жинақтайды.


1

2

Ұқсастығы

Негізгі ой




Тірек сөздер




ӘТН /күрделі сөздерді табу/




Дескрипторлар:

  1. Мәтінді оқып отырып, негізгі ойды анықтайды .

  2. Тірек сөздер арқылы нақты ақпаратты табады.

  3. Жинақталған мәліметтерден маңызды ақпараттарды кестеге түсіріп сипаттайды.


Бағалау әдісі: «Бағдаршам»







А4формат

















Оқулық

5-сынып

А4 форматы












10 минут


















15 минут







Ой толғау

3-тапсырма

Оқылымнан кейінгі кезеңдегі тапсырмалар

Саралау тапсырмалары ТЖ

ПОПС формуласы

  1. Қалай ойлайсыңдар, неліктен «Балалық шақты -патшаның тағы» дейміз?

  2. «Балалық,жастық шақ- өмірдің жазы» дегенді қалай түсінесіңдер?

  3. Берілген мәтіннің уақытпен байланысы бар ма?

  4. Балалық шақ пен келешектің байланысын түсіндіре аласыңдар ма?


Дескрипторлар:

  • сұрақтарға жауап бере отырып, нақты ақпаратты зерделейді


Бағалау әдісі: «Менің ескертуім»


Жазылым ТЖ

Шарды бағытынан не шатастырылып алмас үшін жоспарды дұрыс құруымыз керек.

Оқылымда берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құру.

Дескрипторлар:

Мәтін құрылымын сақтай отырып, жоспар құрады

Бағалау. «Үш шапалақ» әдісі

Оқушылар критерий бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді, комментарий жазады.

Үйге тапсырма беру.





Сұрақтар парағы


















Сабақтың соңы

3 минут

ІІІ Ой толғаныс :

Рефлексия


Ол сенің өміріңе қаншалықты қажет?

(оқушылар осы сұрақтар төңірегінде бір сөйлеммен жауап береді) «Менің көңіл күйім»

Рефлексия парағы

Қосымша ақпарат











































































Жаздың бір әдемі күнінде таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар менен гүл жапырақтарын көріп жүрді. – Мынау ағаш неліктен тіп-тік, анау біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

Оның себебі, балам, анау ағашты бағу-қағумен өсірген, қисық бұтақтары болса кесіп. Мынау ағаш бағусыз, өзі шығу қалыбымен өскен, – деді атасы.

– Олай болса, бағу-қағуда көп мағына бар екен ғой, – деді баласы.

Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де өзіңе ғибрат алсаң болады: сен жас ағашсың, саған да күтім керек, мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің; бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, – деді. (Ы.Алтынсарин)



































1. Бала мінезінің қалыптасуына отбасында берілетін тәлім-тәрбиенің қандай маңызы бар? 2. «Мен сенің қате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзік кісі болып өсерсің» деген сөзді қалай түсіне- сіңдер? 3. Бағусыз бетімен кету дегенді қалай түсіндіресіңдер? 4. Баланың «Бесік жырын» естіп өсуі қаншалықты маңызды? 3. Жазылым 3. Тәлім-тәрбиеге қатысты мақал-мәтелдер жазыңдар.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.05.2021
790
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12