Материалдар / Ботай мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ботай мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
мақала, қосымша ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2023
317
6 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақ даласында жылқыны қолға үйрету


Қазақ даласында жылқыны қолға үйретудің ең алғашқы археологиялық дәлелі – Ботай мәдениеті. Ботай мәдениеті – еліміз аумағында энеолит, яғни мысты тас дәуіріне жататын бірден-бір ескерткіш. Орналасқан аумағы – Сол­түстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы Қазан ауылдық округіне қарасты Никольское елді мекенінен оңтүстік-шығысқа қарай біржарым шақырым жерде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша,  сонау жетпісінші жылдары осы қонысқа жақын жерде ағып жатқан Иман-Борлық өзенінің жағасында ойнап жүрген балалар сүйектен, тастан және балшықтан жасалған бұйымдарды тауып алады. Ежелгі дәуірге жататын бұл дүниелерді жергілікті мектептің директоры, тарих пәнінің мұғалімі Есләмбек Зәкәрияұлы Көкшетау қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына тапсырады. Арада біраз жыл өткен соң Көкшетау мұражайынан аталған жәдігерлерді көрген Қызылжар педагогика институтының жас ғалымы В.Зайберт дереу ат басын Ботайға бұрып, арнайы экспедиция ұйымдастырады. Нәтижесінде, дүниежүзілік археология тарихына жаңа бетбұрыс жасалды. Қонысқа алғаш рет 1980 жылы қазба жұмысы жүргізілді.

Еуропалық ғалымдардың  зерттеуіне  қара­ғанда, адам баласы жылқыны қолға үйрет­кеніне 5500 жылдан асыпты. Өр­кениет тарихында жылқылар ал­ғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үй­­ре­тілді деген тұжырым болған еді. Алай­­да соңғы зерттеулердің қорытын­ды­­сы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.

  Ағылшын зерттеушісі  Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, Horse атты жур­налға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген. 

Ағылшын зерттеушісінің пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталған археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуро­палық National Geographic News атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақ­стан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұр­ғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен...» деген байлам жасады. Басылымның бұлай түйін жаса­уына себеп болған дүние: Ботайдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.

Осы дәлел-деректерді негізге алған АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони: «Егер ботайлықтар биені сауып, сүтін пайдаланған болса, бұл жылқылар жабайы емес, яғни қол­ға үйретілген жануарлар» деп түйін сөзін айтқан. Сондай-ақ Ботай қонысы маңына археологиялық қазба жұмыс­та­рын жүргізген ұлыбританиялық жетек­ші ғалым, Эксетер университетінің қыз­меткері Алан Оутрам: «Біздер тапқан жаңа­лықтан түйгеніміз, байырғы адамдар біз ой­лағаннан да өнертапқыш екенін көріп отырмыз», дейді.

Біздің жыл санауымыздан 3600-3700 жыл бұрын энеолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар Есілдің жағасын мекен­деп, жылқыны қолға үйретіп, оның етін тұтынып, қымызын ішіп күнелт­кен. Зерт­теушілер осындағы жылқы сүйе­­гінің бір жерге аса көп мөлшерде шоғыр­лан­ғанына қарап, ботайлықтар жылқы малын будандастыруды да мең­герді деген оқшау тұжырым жасайды.

Сол секілді француздың атақты шы­ғыс­танушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде «ең алғаш жылқы малын қолға үйретушілер көшпенділер болған» дей отырып: «Сайын дала – жылқының ота­ны. Далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар һәм ат әбзелдерін ойлап табушылар да осылар...» дейді. 

Яғни ежелгі дәуірде жылқы түлі­гінің қазіргі Қазақстан аумағында қол­ға үйретілгені бұл малдың ерекше қастер­леніп, өмір сүру жоралғысының ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Тіпті қазақ халқы әлі күнге дейін жылқының сү­тін қымыз ретінде пайдаланып отырғаны – қа­зақ даласында сонау ежелгі дәуірден бері үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүр­дің айғағы.

Адамдардың жылқы малын қолға үй­рет­кені емес, бірінші кезекте оны кө­лік құралы ретінде тұтынғаны тарихи маңызды. Себебі адамдар жылқыны ерттеп мінгеннен бастап адамзат тарихында үл­кен сілкініс жасалды. Қазіргі техника дәуі­рі өркендеген заманның өзінде жылқы түлігі тарихи, шаруашылық маңызын жоғалтқан жоқ.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!