400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Брейн-ринг атты спорттық интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Брейн-ринг атты спорттық интеллектуалды сайыс. Сайыста спорттық жаттығұлармен спорт тұралы сұрақтарға жауап беріп жарысады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Брейн ринг» атты спорттық интеллектуалды сайысы

Сабақтың мақсаты:

1. Дене шынықтыру және спорт туралы қағидаларды үйрету, білімдерін
кеңейту.
2. Оқушылардың дене шынықтыру сабағына деген сүйіспеншілігін қызығушылығын арттыру. Өздерінің денсаулығына, біліміне көп көңіл бөлуге, өз елінің әлемге танымал спортшыларын үлгі тұтуға тәрбиелеу.
3. Оқушылардың жылдам қозғалу, жылдам ойлау, түсіну қабілеттерін дамыту.
Қолданылған құрал жабдықтар: ысқырық, баскетбол, волейбол, футбол доптары.

Сабақтың өту барысы:
Армысыздар құрметті ұстаздар, әділ - қазылар мен оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Брейн ринг»атты спорттық интеллектуалды сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»деп атам қазақ айтқан еді, бірақ казіргі XXI ғасыр заман талабына сай білекті де білімді де болу артық болмас дегім келеді. Дене тәрбиесі, спорт дегенде көбінің елестететіні доп және ойын, бірақ сол спорттық ойындардың өз шығу тарихы, даму тарихы, ережелері бар емес пе? Осы допты ойнап есімдері әлемге әйгілі болған спортшылар жетерлік. Талай спорттық додаларға түсіп, ел намысын қолдан бермей жеңіп шыққан толағайларымызды ұмытпай үлгі тұтып жүрген, өздері де білекті де білімді сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз
1 - топ ____________________ топ каптианы _____________
2 - топ ____________________ топ капитаны _____________
3 - топ ____________________ топ капитаны______________
Әділқазы алқасына бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл! – деп сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне әділ баға берер әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.:

1
2
3


Жылдамдатып жүгіртетін аяқ қой!
Қаламды алып, тездетіп жаздыратын қолымыз ғой!
Ойымыз бен санамыз жылдамдатып жауап бере ғой дей келе 1сайысымыз «Бәйге» сайысын бастаймыз
Сайыс ережелерімен таныс болайық. Әр топтың алдында ысқырық бар. Бір сұраққа ойлануға бір минут беріледі. Қай топ жауап беруге дайын болса ысқырық шалады. Жауап береді. Жауап дұрыс болса-қабылданады. Дұрыс емес кезінде кейнгі топқа мұмкіндік өтеді.

1 дұрыс жауап 1 ұпай болып саналады.
1 «Бәйге» сайысы

1 - сұрақ
Баскетбол ойнында алаңда қанша адам ойнайды?
А – 5. Б – 10. Ә – 6. В – 7.


2 - сұрақ
“Пенальти” қандай спорт түрінің айып добы?
А – Баскетбол. Ә – Футбол. Б – Волейбол. В – Хоккей.
3 - сұрақ

3 - сұрақ
Бокстың бір раунды қанша минуттан тұрады?
А – 2. Ә – 4. Б – 3. В – 5.


4 - сұрақ
Баскетбол ойнының себеті жерден қанша метр биіктікте орналасқан?
А – 3 м. Ә – 3. 05. Б – 3. 20. В – 3. 10.


5 - сұрақ
Олимпиадада Ольга Рыпакова жеңіл атлетиканың қандай түрінен алтын медаль ұтып алды?
А – биіктікке секіру
Ә – биіктікке таяқпен секіру
Б – ұзындыққа секіру
В – 3 адымнан ұзындыққа секіру


8 - сұрақ
Қандай спорт түрінде алаңда 22 адам ойнайды?
А – Рэгби Б – Хоккей
Ә – Футбол В – Баскетбол


9- сұрақ
Лондон олимпиадасында Ақжүрек Таңатаров қандай күрес түрінен қола медалін ұтып алды
А – Грек-рим
Ә – Еркін күрес
Б – Қазақша күрес
В – Дзюдо


10 - сұрақ
Қыстық олимпиада ойындары қанша жылда бір рет өтеді?
А – 2 Ә – 5 Б – 4 В – 3


11 - сұрақ
Олимпиада ойындарының логотипі?
А – 5 шеңбер Ә – 5 ромб Б – 5 үш бұрыш В – 5 төртбұрыш


12 - сұрақ
2011 жылы Астана, Алматы қалаларында нешінші Азиада ойындары өтті?
А – 5 Ә – 7 Б – 6 В – 11



Әділқазылар алқасы ұпай санын санағанша «Білімсіздің күні қараң» дей келе 2 сайысымыз «Білімділер» сайысының ережесімен таныс болайық.
Бұл сайыста берілген төрт тақырып бар. Әр тақырыпта үш ұяшық. Ұяшықта ұпай сандары. Сіздердің мақсаттарыңыз сұраққа жауап беріп, ұяшықтағы ұпайды алу, егер ұяшық таңдаған топ жауап бере алмаса, бірінші болып жалау көтерген қарсылас топ жауап береді, жауап дұрыс болса ұпай сол топқа беріледі.




2 «Білімділер» сайысы


Баскетбол ойынын кім ойлап тапты? (Джеймс Нейсмит)

Футбол ойынының отаны? (Англия)

Астана - Алматы қалаларында өткен Азиада ойындарында Қазақстан спортшылары қанша алтын алқа ұтты? (32)

Футбол ойнында екі сары қағаздан кейін қандай шара қолданылады? (қызыл қағаз)

Хоккей ойнында айып добы қалай аталады? (Булит)

Баскетбол ойнында төрешінің мына қимылы қандай ережені бұзғанды білдіреді?
пробежка

Хоккей ойынының отаны? (Канада)

Ванкувер қыстық олимпиадасында жүлдегер атанған Қазақстандық спортшы? (Елена Хрусталева)


Қазылар алқасы ұпай санын шығарғанша топтарды ортаға
Флеш - моб - қа шақырамын. Барлық топ ортаға шығады, жүргізушінің соңынан шығып музыка ырғағына қарай жаттығулар жасайды.
Қазылар алқасы ұпай санын айтады, ұпайы аз топ келесі сайыста бірінші болып тақырып таңдайды.
Енді жүзден жүйрік мыңнан тұлпар жүйріктерімізді анықтайық
3сайысымыз «Дода» сайысының ережесімен таныс болайық. Үш тақырып бар. Әр тақырыпта үш ұяшық. Таңдаған ұяшықтан шыққан тапсырманы бірінші және дұрыс орындаған топ ұпай саның алады.

1. Баскетбол Допты алып жүру
2. Футбол Аяқпен допты алып
жүру
3 Әр - түрлі В/л добын жоғарыда алып жүру

4. Акробатикалық фигура көрсету


Бүгінгі ен бірінші «Бәйге»сайысында топтардың жылдам ойлау қабілетін көрдік.
Екінші «Білімділер» сайысында топтардың білімін байқадық.
Үшінші «Дода» сайысында топтардың күш жігерін көрдік.
Ендігі «Шешендер» сайысында топтардың тіл байлығын сарапқа салайық.


4 сайысымыз «Шешендер» Әр топтан бір ойыншы қатысады. 1 минут уақыт ішінде таңдаған ұяшықтан шыққан тақырыпқа байланысты өз ойын жеткізеді, ал басқа топ мүшелері толығымен сол 1мин ішінде бір өнерін көрсетеді
Қанша ұпай беретінін қазылар алқасы өздері шешеді.

Тақырыптар;
1 « Спорт - денсаулық кепілі»
2 «Бақытты отбасы»
3 «Болашақ бүгіннен басталады»
4 «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен»

Топтарды марапаттауға әділ - қазылар алқасын шақырамыз
Құрметті ұстаздар, қатысушы топтар міне біздің бүгінгі «XXI ғасыр көш басшысы» атты спорттық интеллектуалды сайысымыз да өз мәресіне келіп жетті.
Жеңімпаз анықталды., марапатталды
Бүгінгі сайысымызды мына өлең шумақтары мен аяқтағым келеді
Спорт - көркі өмірдің
Спорт - досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
30 наурыз
1021
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі