400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

БРЕЙН-РИНГ» интеллектуалдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп және колледж ұстаздарына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «БРЕЙН-РИНГ» интеллектуалдық сайыс

Мақсаты

  • Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге оны түсіне білуге шақыру;

  • Ана тілін сүюге, құрметтеуге, таза сөйлеуге және ұлтжанжылыққа , елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд-презентация /ҚР рәміздері,тілге қатысты нақыл сөздер т.б./

«...Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өлкен сайын көбейіп келеді... Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар.Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болады!Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн»

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан

Қатысушылар: ұстаздар, 5-6-сынып оқушылары

Барысы:

І.Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:Құрметті ұстаздар,оқушылар! «Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі » атты тақырыбында өткізіліп отырған «БРЕЙН-РИНГ» интеллектуалдық сайысына қош келдіңіздер!Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ.Негізгі бөлім.

  1. Мемлекетіміздегі тіл саясатының жүзеге асырылуы

  2. Сайысқа қатысатын топтарды ортаға шақыру

  3. Әділқазыларды сайлап алу

  4. Сайыс бағдарламасымен таныстыру

Мұғалім:Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті қатынас құралы.Ол әрбір адамда ана сүтімен қалыптасады.Тіл байлығы-әр елдің ұлттық мақтанышы.Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес асыл мұра.Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, әлемдегі ең бай тіл.Ананың сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі-оның өрлігінде, орасан зор байлығында.Өзін туған елінің перзентімін деп санайтын әрбір азамат ана тілінде сөйлеуі керек.Кеңес өкіметі кезінде қазақ тілі империялық қыңыр саясаттың кесірінен шетқақпай көріп, өз елінде өгейсіді.Ең сорақысы еліміздің ертеңі – төл ұрпақ орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқады.Еліміз тәуелсіздік алғалы қазіргі таңда ана тіліміздің мәртебесі өсіп келеді.

Елімізде мемлекеттік тіл саясаты төрт бағытта дамып келеді:

-мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту;

-орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау;

-Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету;

- ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып үйрену.


Сайыстың бағдарламасы:

І кезең «Тарихи құрастырушы» / 5 ұпай/

ІІ кезең «Тарихи пошта» / 1 ұпай/

ІІІ кезең «Суреттегі тарих» / 15 ұпай/

ІV кезең «ХАНТАЛАПАЙ» /1 ұпай/


І кезең «Тарихи құрастырушы» / оқушыларға адасқан сөздер беріледі,

тарихи сөйлем құрау керек/

5-сынып

Солтүстік Үндістан, Ауғанстан, ежелгі тайпа, Орта Азия мен, жерлерін, Қазақстан, (б.з.б. 1 мыңжылдық – б.з. І ғ.) –, Шығыс Түркістан, Сақтар, олар, өмір сүрген, мекен еткен қазақ жерінде

6-сынып

Қыпшақ, иеленген, хандығының, Шығыста – Ертістен бастап, батыста – Еділге, (ХІ – ХІІІ ғғ.) , дейінгі, оңтүстікте – Сырдарияның өмір сүрген, орта ағысына , аумағы , дейінгі , кең аймақты

ІІ кезең «Тарихи пошта» /1ұпай/

5-сынып

  • Адамзат тарихындағы ең ұзақ уақытқа созылған ежелгі тас дәуірі

  • Б.з.б. 12-5мың жылдықтарды қамтитын дәуір:

  • Ежелгі “тік жүретін адам” өкілі

  • Адамдардың дән үккішті ойлап тапқан кезеңі

  • Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі:

  • Адамның сыртқы биологиялық қасиеттерін зерттейтін ғылым: Антропология

  • Шығу тегін жануарлармен байланыстыру

  • Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы

  • Темір дәуірінің қамтитын аралығы

  • Жеке меншік қалыптасқан дәуір


6-сынып

  • Түрік қағанатының құрамындағы теле тайпаларының саны:

  • Түріктердің шаруашылығы

  • Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері

  • Оғыздардың билеуші лауазымы

  • Хғ. Ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет

  • Керейіт мемлекетінің әлсіреу себебі

  • ХІ ғ. басында қимақ қағанатынан кейін,Қазақстанның негізгі аймағында билікке келді

  • Ресей жеріне барып орналасқан қыпшақтарды орыс деректерінде атады:

  • Моңғол империясының негізін қалаған

  • Қыпшақ хандығының ақсүйек шонжарларының аталуы:

ІІІ кезең «Суреттердегі тарих» /оқушылар берілген суреттерге мәтін құрастырады/










ІV кезең «ХАНТАЛАПАЙ» /оқушылардың ортасына екі түсті асық лақтырылады, қызыл түсті асыққа тапсырма, жасыл түсті асыққа ұпай беріледі /

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Мұғалім:Бүгінгі сайысымызды тұңғыш Елбасының «Тіл туралы» айтқан сөзімен қорытындылағым келеді.

«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?»

«Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде» деген тұжырымдаманы әрдайым жадымызда ұстап, қазақ тілімізді дамытып, өркендете берейік!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
1129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі