|
|
"Интердент" жоғарымедициналықколледжі |
Құжаттаматәртібі ҚТ-СМЖ-003.4-2024 Әдістемелікқызметтібасқару Оқу әдістемелік кешен |
Басылым 4 |
|
|
«КАРАЛДЫ және БЕКІТІЛДІ» Әдістемелік кеңестің отырысында хаттама № _____ «___» ____________2025жДиректордың ОӘЖ орынбасары ______ Каукеев К.К.
|
1 сабақтың жоспары
Тақырыбы: Бронх демікпесі
Пәні: «Ішкі аурулар»
Мамандығы:Емдеу ісі
Курс:3
Семестр:6
Сағат саны:1
Жалпы еңбек сыйымдылығы барлығы сағат/кредит :
Теориялық сабақтар – 36
Теориялықсабақтар – 108
|
|
«ҚАРАЛДЫ» және «ҰСЫНЫЛДЫ» «ЕІ арнайы пәндер» бірлестігі ЦМК отырысында хаттама № _____ «___» ___________ 2025ж ЦӘК меңгерушісі: ______ Ақмурзаев А.С. |
Алматы қ 2025ж.
Теориялық сабақ
Тақырыбы:Бронх демікпесі
Сабақ түрі:аудиториялық
-
Сабақтыңмақсаты:
Білімділік:
Cтуденттердің интелектуалдық және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және Жалпы патология,психология негізері және коммуникативті дағдылар,ішкі аурулар пропедевтикасы хирургия,педиатрия пәндерінен білімдерін тереңдету.Қауiпті жағдайлары бар емделушiлердiң мәселелерiнiң дербес шешiмi дәрiгерге дейінгі жедел көмектi iске асыру кезінде диагностикалық сұрақтарын, нәтижелі болжамалы диагноз қоюын, науқастарды тексеруін, баға беруін, әртүрлі инновациялық технологияларды қолдана отырып,командада шұғыл көмек көрсетуді меңгеруге үйрену. Шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда медициналық көмек көрсету бойынша мейіргерлік іс-әрекетінің алгоритмін қолдануды ,мейіргерлікмінез-құлықты және клиникалық ойлауды меңгеру.
Дамытушылық:
Ойлау қабілеттерін,есте сақтау, эмоциялар, байқау, тәуелсіздік, моральдық, психологиялық қабілеттерін дамыту. Мәселенің сұрақтарын қою және тұжырымдау, оларға жауап іздеу, талдау дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік:
Студенттер өздерінің жеке тұлға екенін сезіну,өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға дағдылану. Науқастардың кейбір жағдайда өмірлері медицина қызметкерлерінің алдында тұратынын жүректерімен, сана – сезімімен түсінуі. Осыған байланысты жедел және жоғары сапалы көмек көрсету біздің мамандығымыздың жауапкершілігіне жататынын ойларына терең ұялатып, кең көлемде білім алуға бағыттау. Адамгершілік, жанашырлыққа бейімдеп, білім алушылардың оқу барысында ұқыптылық, іскерлік, тиянақтылық, әдептілік қасеттерін қалыптастыру.
2. Сабақтың өзектілігі және себептілігі: Обьективтік тексеру әдістері: қарау, пальпация, перкуссия, аускультация.
3. Сабақты жабдықтау:
1.ОӘК;
2.мультимедиалық құрал;
3.тесттер,
4.ситуациялық есептер;
5.презентация.
Оқыту әдісі: түсіндірмелі-иллюстрациялық сөздік, белсенді, практикалық.
-
Пәнаралық байланыстар:Жалпы патология,психология негізері және коммуникативті дағдылар,ішкі аурулар пропедевтикасы хирургия,педиатрия
Пайдаланылатын материалдар:
-
1.«Ішкі аурулар», 2 том Б.Қалмурзина – Алматы 2005 ж.
-
2. «Ішкі аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері» Т.Сейсенбеков – Қарағанды, 1999 ж.
-
3. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» К.Мұратбекова, Көкшетау 2006 ж.
Сабақтың ұзақтығы: 50 мин
Сабақтың әдісі: аралас.
Сабақ өту хронологиялық кестесі:
|
1 |
Ұйымдастыру кезеңі |
5 минут |
|
2 |
Үй тапсырмасын тексеру |
5минут |
|
3 |
Тақырыптың өзектілігі |
10минут |
|
4 |
Жаңа тақырып өту кезеңі |
10минут |
|
5 |
Білім алушылардың өз бетінше жұмысы |
10минут |
|
6 |
Сабақты қорытындылау |
5минут |
|
7 |
Үйге тапсырма беру |
5минут |
Тақырыбы: Бронх демікпесі
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
А) оқытушының сәлемі, студенттердің сабаққа деген психологиялық көзқарасы.
Б) сабаққа қатысуды тексеру, журнал бойынша қатыспағандарды белгілеу.
B) студенттердің сыртқы келбетіне, аудиторияның сабаққа дайындығына назар аударады.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқытушы слайдтарда аурулар кестесін пайдалана отырып, фронтальды сауалнама және тест пен билет бойынша жазбаша сауалнама жүргізеді
III.Тақырыптың өзектілігі
Бронх демікпесі
(БД) – оның негізгі патогенетикалық
механизмдері қабынулармен шартталған бронхтардың
гипербелсенділігі, ал негізгі клиникалық көріністері
бронхтарылу салдарынан тұншығу ұстамасы (көбінесе
эспираторлық мінездегі), бронх сілемейлі қабатының
гиперсекрециясы мен ісінулері болып табылатын, тыныс
жолдарының созылмалы ауруы. Тұншығу ұстамалары, сонымен қатар
бронх демікпесіне тəн жөтел, кеудедегі «бітелу» сезімі,
ысқырмалы шалғайлық сырылдар, көп жағдайда түнгі немесе
таңертеңгі уақыттарда пайда болады жəне жартылай немесе
толық қайтымды (аяқ астынан немесе ем салдарынан) бронхиалдық
обструкциямен бірге жүреді.
Жіктемесі
Демікпе жіктемесі клиникалық көріністер мен өкпе
функцияларының көрсеткіштерін бірлесіп бағалауға
негізделеді:
1. Этиологиясы
бойынша:
- атопиялық (экзогендік);
- атопиялық емес (эндогендік);
- аралас.
2. Аурудың
ауырлығы бойынша бөледі:
I баспалдақ (жеңіл
интермиттирлеуші):
- күндіз симптомдардың саны аптасына 2
рет;
- асқынулар
арасындағы тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығының (ТШШЖ)
болмауы жəне қалыпты көрсеткіші, түнде симптомдардың саны
айына 2 рет;
- ОФВ1 немесе ПСВ - 80% норма, ПСВ көрсеткіштері 20%
аз.
II баспалдақ (жеңіл
персистирлеуші):
- күндіз симптомдардың саны > аптасына 1 рет, бірақ
<күніне 1 рет;
- ұстамалар белсенділікті бұзады; түнгі симптомдар > айына 2
рет;
- ОФВ1 немесе ПСВ. 80% норма, ПСВ
көрсеткіштері 20%-30%.
III баспалдақ (персистирлеуші, орташа
ауырлықтағы):
- симптомдар күнделікті, ұстамалар белсенділікті бұзады;
- түнгі симптомдар > аптасына 1 рет;
- ОФВ1 немесе ПСВ – 60- 80% норма, ПСВ көрсеткіштері >
30%.
IV баспалдақ (ауыр персистирлеуші):
- симптомдар үнемі, физикалық белсенділік шектелген;
- түнгі симптомдар жиі; ОФВ1 немесе ПСВ < 60% норма, ПСВ
көрсеткіштері > 30%.
3. Ағым фазалары
бойынша:
- асқыну;
- тұрақсыз ремиссия;
- ремиссия;
- тұрақты ремиссия (2 жылдан
астам).
Қауіп-қатерлі факторлар: кене аллергендері, үйдегі тозаңдар (өте ұсақ болғандықтан, жай көзге көрінбейді), темекі тарту (науқас өзі темекі тартады немесе басқалар тартқанда, түтінмен дем алады), түбітпен қапталған жануарлар аллергендері, тарақан аллергендері, бөлмеден тыстағы тозаңдар мен зеңдік саңырауқұлақтар, бөлме ішіндегі зеңдік саңырауқұлақтар, физикалық белсенділік, дəрілер.
Диагностика
критерийлері
Шағымдар мен
анамнез:
- жөтел, əсіресе түнде;
- қайталанбалы сырылдар;
- қайталанбалы қиындаған тыныс алу;
- қайталамалы кеуде клеткасының басылу сезімі;
- симптомдар түнде пайда болады немесе нашарлайды;
- симптомдар триггерлермен жанасу кезінде
ауырлайды;
Аяқ астынан немесе бронходилататорлар мен қабынуға қарсы
препараттарды қабылдағаннан кейін симптомдардың
жоғалуы, бронх демікпесінің маңызды маркерлері болып
табылады. Науқаста немесе оның туыстарында атопиялық аурулардың
болуы.
Физикалық тексеру:
Термометрия. Дене қызуының тұрақты жəне ұзақ уақыт көтерілуі кезінде, қызбаның жоғарылығында, флораның антибиотиктерге сезімталдылығын анықтаумен гемокультураны бактериемияға зерттеу.
Инструменталдық зерттеулер:
Спирометр (ОФВ 1
немесе ФЖЕЛ) немесе пикфлоуметр көрсетімдері бойынша
(тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы – ТШШЖ) тыныс жолдарының
қайтымды немесе өзгермелі төмендеуі.
Пикфлоуметрді пайдалану кезінде демікпе жайлы ойлауға
болады, егер: ЖШШЖ тез əсер ететін агонистер жұтқаннан
соң, 15-20 минуттан кейін 15% аса жоғарыласа,
немесе Бронходилататорлар қабылдайтын науқастарда, кешке
өлшенген ЖШШЖ таңертеңгілік мəннен 20% жəне бронходилататорлар
қабылдамайтын науқастарда 10% ерекшеленсе, немесе ЖШШЖ 6
минут үздіксіз жүгіру немесе физикалық жүктемеден кейін 15% аса
төмендесе.
Мамандар консультациясы үшін көрсетімдер: көрсетімдер бойынша.
Негізгі жəне қосымша
диагностиклық шаралар тізімі
Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:
1. Қанның жалпы анализі.
2. Зəрдің жалпы анализі.
3. Микрореакция.
4. Қақырықтың жалпы анализі.
5. Флюорография.
6. Сыртқы тыныс алу функцияларын
зерттеу.
Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Кеуде клеткалары ағзаларының рентгенографиясы.
2. Пульмонолог консультациясы.
3. Стоматолог консультациясы.
4. Отоларинголог консультациясы.
5. Тері сынамалары.
6. Провокациялық сынамалар.
7. Қақырық цитологиясы, қақырықты БК-ға зерттеу.
8. Микробтардың антибиотиктерге сезімталдығын талдау.
9. Аллергосынамаларды жүргізу.
10. Сыртқы тыныс алуды бронхолитикпен жəне /немесе бронхопровокатормен зерттеу.
Лабораторлық зерттеулер: қанның жалпы анализінде эозинофилия анықталуы мүмкін. Жалпы зəр анализінде азадаған протеинурия анықталуы мүмкін немесе өзгерістер жоқ. Дифференциалды диагностика үшін: кеуде клеткасының рентгенографиясы (өкпелік тіндерде өзгерістердің болмауы).
Дифференциалды
диагноз
|
Белгілер |
Бронх демікпесі |
Созылмалы обструктивті бронхит |
|
Аурудың басталуындағы жас |
Жас |
Егде немесе орта |
|
Аурудың кенеттен басталуы |
Жиі |
Сирек |
|
Анамнезде темекі тарту |
Сирек |
Өте жиі (əрқашан) |
|
Аллергия белгілері |
Жиі |
Сирек |
|
Ентікпе |
Ұстаматəрізді |
Сирек |
|
Жөтел |
Өршу кезінде ұстаматəрізді |
Тұрақты, кенеттен ауытқусыз |
|
Жөтел продуктивтілігі |
Сирек |
Өте тəн |
|
Тəуліктегі тыныс шығарудың шыңдық |
Тəжірбиелік үнемі (тексерілу кезінде бронхолитикалық немесе қабынуға науқастарда) |
Жоқ немесе сирек жəне əлсіз |
|
Бронхиалды обструкцияның қайтымдылығы (ФАК (ОФВ) артуы немесе β2-агонистермен ингаляция жасағаннан кейін дем |
Əсері қысқа β2-агонистердің ингаляциясынан соң 15-20 мин |
Аз мөлшерде немесе қайтымсыз |
|
Қандағы жəне қақырықтағы эозинофолия |
Тəн |
Тəн емес |
|
Бронхиалді гиперреактивтілік* |
Айқын |
Айқындығы аз немесе жоқ |
|
Созылмалы өкпелік жүрек |
Созылмалы обструктивті бронхитке қарағанда түзілуі сирек немесе кеш байқалады |
Бронхиалды демікпеге қарағанда түзілуі ерте жəне жиі |
|
Аурудың үдеуі |
Кезекті |
Үнемі |
|
ЭТЖ жəне лейкоцитоз |
Тəн емес |
Аурудың өршуі кезінде тəн |
|
Өкпедегі рентгенологиялық өзгерістер |
Өкпе эмфиземасы |
Перибронхиалді жəне периваскулярлы инфильтрация, |
|
Өкпедегі аускультативті өзгерістер |
Құрғақ ысқырынған, «музыкалық» сырылдар тəн; ылғалды сырылдар тəн емес |
Жиі құрғақ жəне ылғалды сырылдар |
|
Қақырық |
Шырышты, эозинофилдер, Шарко-Лейдена кристаллдарының көбеюі |
Шырышты-іріңді, эозинофилдер, |
|
Аллергендермен терілік сынамалар |
Оң |
Теріс |
Ескертпе: *бронхиалді гиперреактивтілік ингаляциялық ацетилхолинді немесе гистаминді тесттің ремиссия фазасында анықталады.
Емдеу тактикасы
Ем мақсаты: тұншығу ұстамасын, аурудың асқынуларын
басу.
Дəрі-дəрмексіз
ем: себепті аллергендермен жанасуды,
спецификалық емес тітіркендіргіштер əсерін болдырмау (темекі
тарту, кəсіби зияндықтар, поллютанттар, өткір иістер жəне
басқа).
Дəрі-дəрмектік ем
Ұстамаларды
басу:
- ингаляциялық тез əсердегі 2-агонистер (сальбутамол,
фенотерол);
- əсері тез басталатын ұзақ əсердегі
2-агонистер (сальметерол, формотерол);
- ингаляциялық холинолитиктер (ипратропий бромиді); құрамында
холинолитиктер мен 2-агонистер қосылған комбинациялы дəрі
дəрмектер; қысқа əсердегі метилксантиндер
(аминофиллин);
- жүйелі ГКС (преднизолон).
- демікпені ұзақ жүргізу үшін, ауырлық дəрежесіне байланысты баспалдақты əдіс ұсынылады.
Барлық деңгейлер үшін: тұрақты күнделікті терапияға қосымша, қажет
жағдайда тез əрекеттегі ингаляциялық 2-агонистер қолданулуы
қажет, бірақ күніне 3-4 реттен жиі емес, фенотерол мен
ипротропий бромиді тіркелген комбинациясы.
I дəреже – ауруды бақылау үшін күнделікті қабылдау
қажет емес. Қысқа əсердегі бронходилататорларды қажеттілік
бойынша күніне 1-2 рет қолдану ұсынылады.
II дəреже – ингаляциялы ГКС: беклометазон дипропионат 200-500 мкг 1-2 қабылдауға, флутиказон пропионат 120 доза (100-200 мкг тəулігіне 2 рет), будесонид 100-250 мкг/тəулігіне.
Альтернативті ем: теофиллиннің ұзақ
əсердегі препараттарын тағайындау (теотард, теопэк 200-400
мг/тəулігіне), кромондар (кромоглиц қышқылымен ингаляция 10 мг
тəулігіне 4 рет немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторларын
бөгегіштер (зафирлукаст 20 мг күніне 2 рет). Қысқа əсердегі
бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол) қажеттілік бойынша
тəулігіне 3-4 рет.
III
дəреже -
ингаляциялы ГКС: беклометазон дипропионат (800-1600 мкг в 3-4
қабылдауға) флутиказон пропионат 120 доза (400-1000 мкг
тəулігіне 3-4 рет), Будесонид 800-1600 мкг/тəулігіне немесе
ИГКС стандартты дозада ұзақ əсердегі адренорецепторлардың
2 агонистерімен бірге (сальметерол 50 мкг күніне 2 рет немесе
формотерол 12 мкг күніне 2 рет), фенотерол мен ипротропий
бромидінің тіркелген комбинациясы немесе теофиллиннің ұзақ
əсердегі препаратымен.
Қысқа əсердегі бронходилататорлар (сальбутамол, фенотерол)
қажеттілік бойынша, бірақ тəулігіне 3-4 реттен көп
емес.
Альтернативті ем: теофиллиннің ұзақ əсердегі препараттарын тағайындау (200-700 мг/тəулігіне), кромондар (кромоглиц қышқылымен ингаляция 20 мг тəулігіне 4-8 рет немесе интал 5 мг/доза), лейкотриен рецепторларының бөгегіштері (зафирлукаст 20 мг күніне 2 рет).
IV дəреже - ингаляциялық ГКС: беклометазон дипропионат 100 мкг - 10 доза (1000 мкг аса) тəулігіне флутиказон пропионаты 100-200 мкг тəулігіне 3-4 рет, будесонид 800 мкг/тəулігіне аса, немесе эквивалент плюс қасқа əсердегі ингаляциялық 2-агонист (сальметерол, формотерол), фенотерол мен ипротропий бромидінің тіркелген комбинациясы; плюс бір немесе одан көп келесі препараттар, егер бұл қажет болса: баяулы босайтын теофиллин, антилейкотриен препараты, пероралды қысқа əсердегі 2 агонисттер, пероралды ГКС.
Іріңді қақырық болған кезде, жоғары лейкоцитоз, эритоциттердің тұну жылдамдығының артуында антибиотикограмманы ескеріп, антибактериалды терапия курсын тағайындайды (спирамицин 3000 000 БІРЛІК х 2 рет, 5-7 күн, амоксициллин+клавулан қышқылы 625 мг х 2 рет, 7 күн, кларитромицин 250 мг х 2 рет, 5-7 күн, цефтриаксон 1,0 х 1 рет, 5 күн). Тұтқыр қақырықпен науқастарға муколитиктер тағайындайды (амброксол, карбоцистеин, ацетилцистеин).
Негізгі жəне қосымша дəрі-дəрмектер
тізімі
Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
1. **Бекламетазон аэрозоль 200 доза.
2. *Ипратропий бромиді аэрозоль 100 доза.
3. Кромоглиций қышқылы дозаланған аэрозоль 5 мг; капсула 20 мг.
4. **Сальбутамол аэрозоль 100 мкг/доза; капсула 2 мг, 8 мг; небулайзер үшін ерітінді 20 мл.
5. **Теофиллин таблетка 100 мг, 200 мг, 300 мг; капсула 100 мг; 200 мг; 300 мг; капсула ретард 350 мг.
6. *Фенотерол аэрозоль 200 доза.
7. *Амброксол таблетка 30 мг; сироп 30 мг/5 мл.
8. **Преднизолон, таблетка 5 мг; инъекция үшін ерітінді 30мг/1 мл.
9. Буденосид 100 мг, аэрозоль.
10. *Ипратропия бромиді 21 мкг+фенотерол гидробромиді 50 мкг.
11. *Сальметерол+флутиказон 25мкг/50
мкг120доза, 25/125 мкг/120 доза, 25/250 мкг/120 доза аэрозоль
(ДАИ), 50мкг/100 мкг 60доза, 50/250 мкг 60 доза, 50/500 мкг 60
доза ұнтақтық ингалятор.
Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. **Флютиказон аэрозоль 60 доза, 120 доза (немесе олардың комбинациясы: салметерол, флютиказона пропионат, 25/50 мкг; 25/250 мкг).
2. *Кларитромицин 500 мг, табл.
3. *Спирамицин 3 млн. ЕД, табл.
4. *Аминофиллин инъекция үшін ерітінді 2,4% в ампуле 5 мл, 10 мл.
5. **Салметерол ингаляции үшін аэрозоль 25 мкг/доза.
6. *Амоксициллин+клавулонды қышқыл табл, оның қабықшасын жабу 500 мг/125мг, 875 мг/125 мг.
7. *Азитромицин 500 мг,
капсулы.
Ем тиімділігінің индикаторлары:
- симптомдардың айқындылығын азайту жəне оларды жою;
- өкпе функциясын жақсарту;
- асқынулардың дамуын алдын алу;
- дəрілік заттарды қабылдау қажеттілігін азайту;
- емнің жанама əсерінің даму қаупін төмендету;
- науқастарды өзін-өзі емдеуге оқыту.
* - Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік
заттар тізіміне кіретін препараттар.
** - Амбулаторлық ем кезіндегі рецепт бойынша дəрілік заттар тегін жəне жеңілдікпен берілетін ауру түрлерінің тізіміне кіреді.
Госпитализациялауға көрсетімдер: бронхолиттік терапия тиімсіздігі, 6-8 сағат бойы басылмайтын тұншығу ұстамалары, тыныс алу жеткіліксіздігінің үдеуі, «мылқау өкпе».
Бріншілік
профилактика: пайда болуына жəне/немесе асқынуына
триггерлердің əсер ету
профилактикасы.
Профилактикалық шаралар:
1. Бөлмедегі шаңды тазарту, фильтрация жүйесін пайдалану.
2. Үй кенелеріне аллергия болған кезде – оларды жою.
Әрі қарай
жүргізу: жылына 2-3 рет терапевттің қарауы,
пульмонолог, аллерголог – жылына 1
рет.
Диспансерлік бақылау – БД кез келген формасы мен ауырлық дəрежесінде науқасты оқыту қажет. Емделуші БД мəнін, тұншығу ұстамаларын өзі басуды, қай жағдайда дəрігерді шақыру керектігін, демкпенің жеке триггерлерін, тұншығу белгілерін жəне ахуалының нашарлауын жəне бронхтық өтімділікті, демікпені бақылап отыру үшін күнделікті қабылданатын профилактикалық препараттардың жеке дозасын білуі қажет.
IV. Жаңа тақырып өту кезеңі. Мультимедиялық дәріс.
https://kazmedic.org/archives/1269
https://stan.kz/gastrit-degenimiz-ne-zhane-oni-kalay-emdeydi-345934/
V. Білім алушылардың өз бетінше жұмысы.
Сабақ бойынша рефлексия
«Өзіме хат». Хат жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады, оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.

VI. Сабақтықорытындылау.
Сабақты қорытындылау кезінде оқытушы сабақ барысында топтың қызметін бағалайды, көзге түскен студенттерді атап өтеді, үздік жауаптарға түсініктеме береді, сабақты қорытындылайды.
Сабақ соңында мұғалім үй тапсырмасын береді.
VII. Үй тапсырмасы:Жедел және созылмалы бронхит.
Әдебиет: Қалимұрзина, Б.- Ішкі аурулар 1 том
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз