Материалдар / Б.Соқпақбаев-100 жыл. Сценарий. Балалар әдебиетінің бәйтерегі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Б.Соқпақбаев-100 жыл. Сценарий. Балалар әдебиетінің бәйтерегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл. Мақсаты: 1. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру; 2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; 3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту. Түрі: Әдеби кеш. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Менің атым Қожа»фильм таспасы, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, викторина Жоспары: 1. Алғы сөз. 2. «Бәйтерек» өлеңі 3. Жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы видеоролик 4. Викторина ойыны 5. Үй тапсырмасы: эссе,сурет 6. Шығармашылық жұмыс орындаған, әдеби кешке белсене араласқан үздіктерді марапаттау 7. Караоке. «Туған ел» әні -Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай өткізіліп отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер! (Бердібек Со
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2024
15337
57 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Балалар әдебиетінің бәйтерегі. Бердібек Соқпақбаевтың туғанына – 100 жыл.


Мақсаты:

1. Оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру;

2. Оқушылардың ой - өрісін, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

3. Оқушыларды тәртіптілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту.

Түрі: Әдеби кеш.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, «Менің атым Қожа»фильм таспасы, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы слайд, викторина

Жоспары:

1. Алғы сөз.

2. «Бәйтерек» өлеңі

3. Жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы туралы видеоролик

4. Викторина ойыны

5. Үй тапсырмасы: эссе,сурет

6. Шығармашылық жұмыс орындаған, әдеби кешке белсене араласқан үздіктерді марапаттау

7. Караоке. «Туған ел» әні


-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай өткізіліп отырған «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты әдеби кешімізге қош келдіңіздер!

(Бердібек Соқпақбаев туралы слайд көрсетіліп тұрады).

Кешімізді бастамас бұрын алғы сөз кезегін 43 ЖББОМ кітапханашысы Амандық Жұмабекқызына береміз.


-Ұлт руханиятының ірі тұлғасы, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына биыл 100 жыл. Жазиралы қазақ даласының жұпар исін аңқытып, ауылдың ғажайып көрінісі мен тыныс-тіршілігін, топырағында аунап-қунап өскен бала Қожаның боямасыз өмірін тап басып суреттеген қабырғалы қаламгердің ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Сонымен қатар «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның жалпыхалықтың оқуына Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы алынып отыр. Абайдың «Қара сөзінен» бастау алған елімізде 2007 жылдан бастап республикалық акция өтуде. Жылда ел болып оқуға белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар алынады. Міне биылғы жылы Бердібек Соқпақбаев алынып отыр.

Бүгінгі кешімізді өткізудегі негізгі мақсатымыз: оқушыларға жазушы өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білімдерін толықтыру. Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырмандардың құрметіне бөлену, ерекше таланттылықты қажет етеді. Міне, біздің қазақ балалар әдебиеті де осындай дарындарға кенде емес. Біз Ыбырай атамыздан бастап, Мұзафар Әлімбаев, Сапарғали Бегалин, Сәкен Жүнісов, Мұхтар Мағауин т. б. көптеген балалар жазушыларын білеміз. Солардың ішінде шоқтығы биік, бірегей таланттардың бірі – Бердібек Соқпақбаев. Оның шығармаларын оқыған кез келген бала өмірбаянымен де танысып шығады. Себебі жазушының шығармаларының басты кейіпкері өзі болып табылады. Балалық шағына деген сағынышын өз шығармаларына арқау еткен.


Бейсебай Кіріспайұлының «Бәйтерек» өлеңі.


Бала шақты кестелеген тілі нық,

Бір болса егер - осы болар ірілік:

Ұландары отызыншы жылдардың

Қайта келер көз алдыңа тіріліп.


«Бастан кешкен» шындық шымыр екшеліп,

Кітап болып бізге жетті естелік.

«Чемпионнан» Бекең өзі баптаған

Талай мықты жатты құлап, сескеніп.


Аспантаудан ақ бұлақтар атқылап,

Экранда – туған өлке, бақ, қырат...

Қолын бұлғап Жанар, Жантас, Сұлтанға

Келеді әне Қара Қожа шапқылап!


Кейіпкермен бірге тұрып, жүресің,

Бірге жасап, бірге жылап, күлесің.

«Сөз қадірін білген шебер екен!» деп,

Өз қадірін Бекеңнің де білесің.


Ту етіпті тектілікті бұл ағай,

Пір еткені қара шалың - Ұлы Абай!

Тік қалпында мәңгі жасай береді

Бәйтерегі Берді - ағаның құламай!


-Бердібек Соқпақбаевтің өміріне келетін болсақ, оның балалық шағы ауыр жағдайда өтті. Жоқшылық, жетімдік сияқты ауыр жайттарды басынан өткерді. Ендеше сіздердің назарларыңызға жазушы туралы шағын видеоролигімізді ұсынамыз.

- Жазушының балалық шағы, өмірі мен шығармашылығы туралы біраз мәлімет алдық. Ендігі кезекте сіздермен «Викторина» ойынын ойнасақ. Білетін сұрағымызға қол көтеріп жауап береміз.

(Интерактивті тақтадан ұяшықтар шығады)


-Алдыңғы аптада оқушыларға үй тапсырмасы ретінде «Менің атым Қожа» повестьінің желісі бойынша эссе жазып немесе сурет салып келуді берген едік. Арнайы шақыртылған қонақтарымыз, яғни мұғалімдеріміз үздігін таңдап алу керек. Ендеше сол үздік деп танылған оқушыларымыз эссесін оқып, суретін қорғауға шықсаңыздар. Кейін бүгінгі кешке белсене қатысқан оқушыларымызды марапаттайық.


-Жарайсыздар оқушылар, әрқашан осылай биіктерден көрініп, әдебиетіміздің қайнар білімімен сусындаудан ешқашан талмаңыздар! Ал ендеше үздіктеріміздің құрметіне бәрімізге таныс «Менің атым Қожа» фильміндегі «Туған ел» әнін бірге шырқайық!


-Біз бүгінгі кешімізде балалар әдебиетінің бәйтерегі Б. Соқпақбаев атамыздың өмірі мен балаларға арнап жазған шығармаларына шолу жасап өттік. Б. Соқпақбаев бүгінде тірі болғанда 100 жасқа келер еді. Біз де бүгінгі кешімізбен тамаша жазушының әруағына тағзым еттік деп санаймыз. Қабырғалы қаламгердің шығармаларына деген қызығушылықтарыңды аз да болса оята білсек, біз мақсатымызға жеттік деп санаймыз. Жазушымен одан ары таныстықты оның шығармаларын өз беттеріңше оқу арқылы тереңдете аласыңдар.

Кешімізге келгендеріңізге көп рақмет. Келесі бір тағылымы мол әдеби кеште жолыққанша, қош сау болыңыздар!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!