Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа». Менің атым....

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға тәжірибе алмасу үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:


Күні:

Мұғалім: Турысбекова Акерке Мухаметкалиевна


Сынып: 5

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет

Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа».

Менің атым....

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

5.1.4.1 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Сабақтың мақсаты:

Көркем шығарманы түсініп, тақырыбын ашады. Әдеби шығарманың идеясын анықтай алады. Өз ойларын ойлау арқылы өмірмен байланыстыра алады

Ресурстар

Оқулық, бейнероликтер топтамасынан сюжет көрсету.

Бағалау критерийлері:

  • Шағын үзіндімен жұмыс жасайды;

  • Көркем шығарманың идеясын талдайды;

  • Автор бейнесін меңгеріп, ойларын өмірмен байланыстырады;

Дескриптор

  • Үзінді бөліп оқи алады;

  • Мәтінді түсініп тыңдай алады;

  • Шығарма идеясын аша алады;

  • Шығармадан алған әсері бойынша жаза алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану, қалыптастырушы бағалау

Тілдік мақсаттар:

Шығармашылық жұмыс, ізденіс, ұтымды сұрақтар

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылық құндылықтарын игереді

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих, музыка


АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланады. Бейнеролик көрсетіледі.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Сабақтың басы

5мин





Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу;

Топқа бөлу; 1.Ақжелкен 2. Өрендер 3. Қырандар

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут

« Менің атым..» тренингі. Әркім өз атын айтып, мағынасын түсіндіріп кетеді.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.



Сабақтың ортасы

20 минут


























































































Сергіту сәті 3 минут






















Үйге тапсырма
















Ой түрткі. Білу. «Білгенім бір тоғыз білмегенім тоқсан тоғыз».

«Сиқырлы қалпақ» әдісі.

1.Хикаят дегеніміз не?

Романнан кіші, әңгімеден үлкен шығарма.

2. Хикаяттың басқа жанрлардан ерекшелігі қандай?

Көлемі емес,көтерген жүгі мен арқау еткен мәселесінің ауқымы шағын.

3. А Байтұрсынұлы хикаятты қалай атаған?

«Ұлы әңгімеден өресі қысқа, өрісі тарлау түрі ұзақ әңгіме деп аталады»,-дейді.

4.Б.Соқпақбаев туралы не айтасың, ол қандай жазушы?

... Алыстан арбалап материал тасымаймын, архивтің шаңын жұтпаймын. Жақыннан өз басымнан кешкенді, өзім байқап-түйгендерімді, өз айналамды дорбалап жинаймын. Бір сөзбен айтсам, өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды.”

Қандай шығармалары бар?

-«Менің атым Қожа» («Өзім туралы повесть»), «Жекпе-жек», Қайдасың, Гаухар?», «Өлгендер қайтып келмейді», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион», «Алыстағы ауылда» т.б.

Ой қозғау

Балаға ат қою дәстүрі

Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. Балаға көз тиюден немес жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек-мақсатқа орайлас болып келеді.

Әулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т.б.

Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т.б

Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т.б

  • Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп , дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген (1-тарау).

  • Қандай дәстүр туралы айтылған?

  • Шілдехана –жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.

  • Қазір бұл дәстүр сақталған ба?

  • «Менің атым - Қожа» фильмінен үзінді көреді.

  • Түсіну. «Білген сайын келеді біле бергім....»

«Менің атым Қожа» фильмі. «Дубляж»(дыбыстау) әдісі.

Абдолла Қарсақбаевтың “Менің атым Қожа” фильмі 1967 жылы Францияның Канн қаласында өткен дүниежүзілік фестивальда қазақ киносында тұңғыш халықаралық жүлдеге ие болды. 2000 жылы ЮНЕСКО әлемдік киноның жүз жылдығында фильмнің бір эпизодын алып, одан пошта маркасын жасап шығарды. Бұл қазақ киносының орасан зор жеңісі.
Жанр: комедия, жанұялық
Мемлекет : Қазақстан
Шыққан жылы: 1963 жыл
Режиссер: Абдолла Қарсақбаев
Әңгіме авторы: Бердібек Сокпақбаев
Сценарий: Бердібек Сокпақбаев, Ниссон Зелеранский
Сазгер: Нұрғиса Тілендиев
Кейіпкерлерді сомдаған:
Қожа – Нұрлан Сегізбаев
Сұлтан – Марат Көкенов
Жанар – Гүлнар Құрабаева
Жантас - Ерік Құрмашев
Миллат- (Қожаның шешесі) – Бикен Римова
Рахманов – Кененбай Қожабеков
Майқанова – Раиса Мұхамедиярова
Қожаның әжесі – Зағи Құрманбаева

  • Кері байланыс. «Көңілді смайликтер».

Ой ойласаң кең ойла, екі жағын тең ойла»

Қолдану.Тыңдалым. «Аудиовизуалды» әдіс. Т/Ж

«Түртіп алу» стратегиясы (дәптерге жазып алады)

А)Мәтінді тыңдайды

Ә) Сұрақтар арқылы постер қорғайды

1-топ. Ақжелкен.

1) Қожабергеннің есіміне сипаттама беріңдер.

2) Адамға ат қоярда неге мән беру керек дейді мәтінде?

2-топ.Өрендер.

3) Мәтіндегі монологтан өздерің есте сақтап қалған жерін жатқа айтуға тырысыңдар.

4) Қожабергенді балалар кім деп атайды? Себебін түсіндіріңдер.

3-топ.Қырандар

5) Повесть қалай басталатынын айтып бер.

6) Шығарманың басты кейіпкері Қожа қандай бала деп ойлайсыңдар.

Кері байланыс. «Бір жұлдыз, бір тілек»

«Сергіту сәті. «Туған ел» өлеңі.

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар


-Шығарма үзіндісімен жұмыс жасайды


-Үзінді бөліп ала алады;

-Тыңдалым бойынша түсінгенін жаза алады.


-Көркем шығарманың идеясын ашады


-Шығармадағы негізігі айтатын ойды анықтай алады

-кейіпкер бейнесін ашып, ойларын айтады

- кейіпкер бейнесі арқылы шығарманы саралап өз ойларын айта алады.


Қ.б Не үйрендім, не білдім.

"5-5-5-1"әдісі. ж/ж. «Түртіп алу» стратегиясы.

(дәптерге жазып алады)

1. Шығармадағы негізгі ойды білдіретін 5 жолды айтыңдар.

2. Бес жолдың ішінен негізгі ойды білдіретін 5 сөзді табыңдар.

3.Осы сөздерден тақырыпқа байланысты 5 сөзді табыңдар.

4.Мәтіннің мағынасын ашатын 1сөзді алыңдар.

Кері байланыс «Бас бармақ».

«Менің атым..» тарауын оқып, жоспар құрып келу.

Бағалау критерийі

Дескриптор

-шығармаға арқау болған негізгі ойды ашады

-шығармадан негізгі ақпаратты табады



Шығармада айтылған негізігі ақпаратқа сүйеніп, тақырыпты аша алады.

-негізгіойды түйіндеп,айта алады

«Көп білемін, қаншалықты дөп білемін»

Бағалау. «Анкета» толтыру

Топта жұмыс істей отырып, сен қаншалықты келесі әрекеттерді жиі қолдандың? (сенің жұмысқа қатысу және бірлесе әрекет ету деңгейіңді дәлірек көрсететін сөздің астын сызып, толықтырады).

Кері байланыс. «Шапалақ»

«Тәуекелге бел бусақ, көктегіні аламыз

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Ойлы болса санамыз.






«Сиқырлы қалпақ» әдісі










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2020
920
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12