400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала

Материал туралы қысқаша түсінік
Әңгіменің мазмұнын біледі; Салыстыру жасай алады; Шынайы өмірмен байланыстыра алады. Басты кейіпкер Қожа туралы . Қожаға мінездеме, қандай адам екендігі сипатталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:


Күні:

Мұғалім:


Сынып: 5 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Адамгершілік - асыл қасиет


Сабақтың тақырыбы:

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа» Түбі адам болатын бала

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.3.2.1 . Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау


Сабақтың мақсаты:

Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстырады;

Әңгімедегі кейіпкерлерді шынайы өмірмен байланыстырады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, маркер т.б.

Бағалау критерийлері:

  • Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды

Дескриптор

  • Әңгіменің мазмұнын біледі;

  • Салыстыру жасай алады;

  • Шынайы өмірмен байланыстыра алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсаттар:

  мақтаншақтық,кызығушылық,бұзықтық,адамгершілік,уәдеге беріктік,т.б.

Құндылықтарды дарыту

Балаларды отансүйгіштікке, елжандылыққа, еңбексүйгіштікке, шынайылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Рower Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолдану

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Сабақтың басы

5мин










Сабақтың ортасы

8мин
























10мин







































5мин

















10мин


3мин








Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу;

Ширату. «Мен қандаймын?» тренингі. Оқушылар дөңгелене тұрып, қасындағы көршісінің бір жақсы қасиетін атайды. Хикаяттағы кейіпкерлер арқылы «Қожа, Жантас, Жанар болып 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасы: «Менің қиялымдағы Қожа» қандай болу керек? тақырыбына шағын ойтолғау.

Ой қозғау. Неліктен осы сөздер берілгенін сұрау арқылы сабақ тақырыбы мен мақсаты айқындалады.

  • Қожа қандай бала?

  • Сабағымыздың тақырыбы не себепті «Түбі адам болатын бала» деп аталады?

  • Оған кімдер сенім білдірді? т.б. сұрақтар төңірегінде өз ойларын алдыңғы білімдерімен ұштастырады.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

Ж.Ж 1-тапсырма Кейіпкерді тану «Бұл кім және қай сәт?»

Бұл қай сәт?  “Есікті аша бергенімде, тынысым мүлде бітіп, жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды. Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

Бұл қай сәт?  “Маңдайдан буым бұрқырап, есік 
алдына шықтым.  Сәйбек    көрінбейді.
Омырауымды ағытып, желпініп, ойланып тұрмын. Не деп шешер екен? Мектептен шынымен-ақ шығара ма?”

Бұл кім? “ Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.”

Бұл кім? “Шыбыным, әйтеуір ешкімге  тимей, ұрынбай, жайыңа жүр.  Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді. Біреудің ала жібін аттаушы болма.”

Бұл кім?  “Жаңа оқытушы  бізді оқу жылының басталуымен құттықтады, өзін таныстырды...”

 Бұл кім? “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ  жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың. Сонда маған шапағатың тиер.”

ҚБ. Мұғалімнің қолпаштау сөзі «Жарайсың! Бәрекелді! Өте жақсы!»

Т.Ж. 2-тапсырма: «Ойлан, бөліс» әдісі әңгімедегі кейіпкердің бірін таңда. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз.


Шығармада

Қазір...

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді...

-Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін. Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ.


Дескриптор: Білім алушы

- бір кейіпкерге таңдау жасайды;

- шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау

жасап, кестеге орналастырады;

-таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірде

көрінісіне дәлел келтіреді.

ҚБ. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Ж.Ж. 3-тапсырма: «Әдебиет лотосы» әдісі.

Мәтін бойынша ұнаған кейіпкерді сипаттап, кестені толтырады.


Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкері

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Кейіпкерге ұқсаңыз келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір?







Дескриптор: Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ақпаратты өз өмірімен байланыстырып, сипаттайды

Қалыптастырушы бағалау: «Смайликтер» әдісі Топтың бірін-бірі бағалауы

Саралау жұмысы: «ақпараттағы олқылықтарды толтыру» әдісі арқылы қолдау көрсетемін Жантас пен Қожаға сипаттама беріңдер.

Ж.Ж. 4- тапсырма «ПОПС» формуласы. Төрт сөйлем

Әңгіме мазмұнына сүйене отырып, кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы бір образды анықтаңыз. Анықтаған образды ұсынылған құрылымға салып дәлелдеңіздер.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, Қожа түбінде адам болатын бала.

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...

Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын..

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен.... деген шешімге келдім..

ҚБ. Мұғалімнің қолпаштау сөзі «Жарайсың!

Автор сөзі: «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу.

Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен.

Түйінді сөз

-Қожа - менің сүйікті кейіпкерім;

-Қожа - жаны таза бала;

-Қожа - түбі адам болатын бала;

- Қожаның болашағы жарқын.

Сабақтың соңы

4мин

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне кері ораламын.

«Кері байланыс»

Оқушыларға оқу мақсатын еске түсіре отырып «Сиқырлы ағаш» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бір сөйлеммен жазып ағашқа орналастырады.

Үйге тапсырма


«Түбі адам болатын бала» бөлімін оқып келу





Т.Ж. 2-тапсырма: «Ойлан, бөліс» әдісі әңгімедегі кейіпкердің бірін таңда. Кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, ол әрекеттердің қазіргі өмірде көрініс табуын өз сөзіңізбен талдаңыз








Шығармада

Қазір...

Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп, ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түпкірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді...

-Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін. Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ.





Дескриптор: Білім алушы

- бір кейіпкерге таңдау жасайды;

- шығармадан кейіпкердің 3 әрекетіне таңдау

жасап, кестеге орналастырады;

-таңдалған әрекеттердің қазіргі өмірде

көрінісіне дәлел келтіреді.

















Жантас пен Қожаға сипаттама беріңдер.


Жантас

Қожа






































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
943
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі