Бүгінгі Атымтайлар мен Ыбырай Алтынсариннің « Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүгінгі Атымтайлар мен Ыбырай Алтынсариннің « Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Бұл материалды жариялаған себебім оқушылар да, ұстаздар да пайдалана алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүгінгі Атымтайлар мен Ыбырай Алтынсариннің « Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі кешегі Атымтайдың ұқсастықтарын дәлелдеу

Атымтай жомарт салған жол,

Бақыт пен дәулет қонған жол. (Қашаған жырау)

Қазақ  тумысынан жаны жайсаң, кеңпейіл, жомарт халық.  Бойында мұндай қасиеттері бар жанды  Алла Тағала да жақсы көреді. Жомарттық жасау үшін адамның күш-қуаты, байлығы, ақылы болуы керек. Білеміз, байлық пен барлық та аспаннан өз бетінше жаумайды. Көл-көсір табыс тамшылаған маңдай термен, тынымсыз еңбекпен келеді.Ал, Ыбырай Алтынсариннің«Атымтай жомарт» әңгімесінде жазушы халық арасындағы Атымтай жомарт туралы аңыздарға жаңаша мазмұн беріп, өзінше қорытады. Атымтайды ол еңбек адамының үлгісі етіп көрсетеді. Еш нәрсеге мұқтаждығы жоқ болса да, Атымтай ылғи жұмыс істейді. «Күн сайын өз бейнетіммен, тапқан пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол нәр болып тарайды. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады», – дейді ол. Осы арқылы Ыбырай еңбектің мәні мен маңызын ардақтап көрсетеді.

Біз әрбiрiмiз қоғамның бір мүшесiмiз, Қазақстан азаматымыз деген адамда қоғамнан не аламын деп емес, қоғамға не бере аламын деген ұстаным болу керек. Сол кезде ғана елiмiз бұдан да жоғары деңгейде болар едi.Ұлттың ұлт болып, мемлекеттің мемлекет болып қалыптасуына жекелеген адамдар тарапынан жасалатын игі істер де көп. Қандай жолмен болса да, мұқтаж жандарға көмек беріп, қиындықтан құтылуға жәрдемдесіп жатса, бұл да болса сауапты істердің бірі емес пе?Елімізде көптеген жомарт жандар ,мұқтаж жандарға көптеп көмек беруде.Мысалыға атап айтсақ, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев нағыз «Атымтай жомарт» жанға лайықты адам .Олай дейтінім, Мемлекеттің қанша күрделі жұмыстарын атқарып жүрсе де жетім-жесір,мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетіп келеді.Олардың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін жәрдемақыларын көтеріп, баспанамен қамтамасыз етіп келеді. Ол кісі еңбек жолын қарапайым жұмысшы болып бастаған.Сондықтан, қарапайым жұмысшыны да бөліп-жармай тең санайды. Мемлекет қаржысын оңды-солды ысырап етпей ,қолдағы барды қадірлеп , тоғышарлыққа,мансапқорлыққа жол бермей,адал еңбек етуге шақырады .Қазақстанның әрбір азаматтарының тұрмыстары түзу болу үшін үнемі тынымсыз еңбек пен ізденіс үстінде. Елбасымыздың әрбір ісіне сүйсіне қараймыз.

Жалпы қорыта келе,бүгінгінің Атымтайы мен кешегінің Атымтайының мәні өзгермеген.Жомарттық жылдар бойы жалғасып келеді.Дәулетті жандар жұпынылау күй кешіп жүргендерге қол ұшын созып, жәрдем етіп жатады. Ондай жандарға Алланың нұры жаусын дейміз.Қашаған жырау айтып кеткендей, «Атымтай Жомарт» салып кеткен жолмен жүріп,бақыт пен дәулет қонған елге айналуымыз керек!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.06.2018
6257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі