«Казталов мектеп-лицейі»
«БЕКІТЕМІН»
Мектеп-лицейі
директоры:
________________
Н.А.Хайрушев
«Жарқын жастық-баянды болашақ»
Орындаған: КМЛ жастары
2025- жыл, 15 қаңтар
Мектеп түлектерімен кездесу кешіне арналған сценарий
Мақсаты: Мектеп бітірушілерді болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт – бағдар беру.
Жүргізушілер; Инабат Аманжолқызы ,Рысбек Ерболұлы
1 - жүргізуші: Армысыздар, қадірменді жастар, мектебіміздің түлектері, студенттеріміз! Сәлем сөздің сыр айнасын ашайық.
Қуанышты шаттықпенен жүздесіп,
Баршаңызға мол қуаныш сыйлайық.
Бүгін біздің мектебімізде Рухани жаңғыру аясында «Жарқын жастық-баянды болашақ» атты кешімізге қош келдіңіздер! Алдымен арнайы шақырылған қонақтарымызды ортаға шақырсақ. Қош келдіңіздер!
1 - жүргізуші: Қайда менің студенттік күндерім,
Жалындаған жастық шағым, күн керім.
Дауылдатып, думандатып жүретін,
Бақытты сәт, шалқып шығар күндерім.
Қайда сол бір асыл жанды достарым?
Аңқылдаған жарқылдаған от жалын.
Сұңқар жігіт, аққу қыздар қайдасың?
Еске аламыз жүрегімде от жанып,- деп ақын ағамыз жырлап кеткен студенттік өмірдің қан майданында жүрген жастарымызбен оқушылар арасындағы кешті ашық деп жариялаймыз!
Ендеше кешіміздің алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Нұрлан Адилбекұлына береміз!
1 - жүргізуші: Ия, уақыт деген зымыран! “Кеше ғана бала ең, келдің ғой талай жасқа”, - деп ұлы Абай атамыз айтып кеткендей, алдарыңызда кеше ғана мектеп партасында отырып сусындаған шәкірттеріңіз таудай болып, жайқалған жасыл баудай болып үлкен бір мамандық иесі болып отыр. Көк байрағын желбіретіп, Әнұранын асқақтаған егемен еліміздің ертеңі мен келешегі.Қазіргі уақытта бір-бір мамандық иесі болып отырған қонақтарымызға сұрақ:
-Қандай оқу орынында білім алып жатырсыздар?
-Қазіргі мамандықты таңдауда не себеп болды? Өзіңіздің арманыңыз ба әлде ата –анаңыздың қалауыма?(Әркім өз ойын айтады)
-Студенттік кездерден қызықты естеліктер айтып өтсеңіздер?
-Болашақ жастарға қандай ақыл-кеңес берер едіңіздер? – Атап айтсақ болашақта бітіруші түлектер қандай мамандықты таңдауға кеңес берер едіңіздер! Қазіргі қоғамда қандай мамандық ең қажет деп санайсыздар?
Жақсы олай болса көңілімізді бір сергіту үшін ойын ойнап алсақ .Ол үшін ортаға география мен биология пәнінің мұғалімі Делназ Ибрагимовна мен Аягүл Еркінқызына шақырамыз.
2 - жүргізуші: І - ші курста аузын ашып, семинарда пардан қашып, лекцияда секіріп, сессиядан жүгіріп, емтиханда жылап, навыктен құлап, каникулда қыдырып, апайларға өтірік күліп, универ колледждің ауасын жұтып, степендиядан лоторея ұтып, жүрген студенттерге жалынды сәлем!, Бұл жастар - ел бірлігін ойлайтын, өз Отанын қорғайтын, өркениет өсіретін, аға - апаларымыздың ісін ары қарай жалғастыратын болашақ азаматтар. Ертеңгі күннің құрығын қолға ұстап, жолға шыққан студент жастар қадамдарыңа нұр жаусын. Бүгінгі кешті өткізудегі басты мақсат студенттік өмірдің қызықты сәттері туралы сұрақтарға жауап алу еді. Алдымен өздеріңіз оқитын оқу орны туралы мәлімет беріп, өз мамандықтарыңыз туралы айта кетсеңіздер
– Егер жасырын болмаса, ай сайын степендияға қанша аласыздар? -Сіздер оқитын оқу орының ерекшеліктері туралы кеңінен баяндап берсеңіздер.
-Студенттік өмірде қиыншылық кездесе ме?
-Осындай қиыншылықтардан шығуда кейінгі іні - сіңлілеріңізге қандай ақыл - кеңес бере аласыздар? Айта кетсеңіздер.
-Мектеп пен оқу орынының айырмашылығы қандай?
–Мектепті сағындыңдар ма? Соның ішінде, атап айтқанда, нені сағындыңыздар?
- Өздерің оқып жатқан оқу орнын қалай жарнамалаған болар едіңіздер?
-Мектеп ішінде қандай өзгерістер болды деп ойлайсыздар?
2 - жүргізуші: Ендігі кезекте ойынға береміз. Ортаға 2 студент, 2 - оқушы шақырамыз, яғни 2 топқа бөлінеді. Ойынның шарттары: Терминдерді әртоп өздерінше түсіндіруі керек, мүмкіндігінше әзілмен. Студенттерге қойылатын терминдер: 1. Лекция, сессия 2. Стипендия, жатақхана 3. Аудитория, декан
1 - жүргізуші: Оқушыларға арналған терминдер: 1. 1 қыркүйек, 25 мамыр, каникул 2. Директор, сынып жетекшісі, парталас 3. Бақылау, емтихан, тест
Әр адамның басында қызықты да шытырман оқиғалар өтпей ме? Әсіресе студенттік және оқушылық кезеңде шешуін таппас уақиғаларға тап келесің. Ал, сол кезде сендер не істер едіңдер?
2 - жүргізуші: Келесі кезекте мен бір жағдай туралы оқимын, соған жауап берулерің керек. Сондай кезеңде тығырықтан қалай шығар едіңдер? Ал іске сәт.
2 - жүргізуші: Студенттерге оқушылардың қоятын сұрақтары болса рұқсат.
- Куратор мен сынып жетекшінің айырмашылығы бар ма?
- Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деп ойлайсыз?
- Адам болашақ өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу қажет?
- Бұл мамандықты таңдауыңызға не себеп болды?
- Жақсы маман болуы үшін адам нені біліп, нені үйренуі қажет?
- Осы мамандығыңызға жүрек қалауыңызбен бардыңыз ба?
- Әттеген - ай деген шақтарыңыз болды ма?
- Мектепте жүрген кездеріңіз ұнай ма? Әлде студенттік кезең ұнай ма?
1 - жүргізуші: Студенттердің оқушыларға айтар тілектері бар ма екен? Тыңдайық
1 - жүргізуші: - Я шынымен де студентік өмір қызықты да көңілді өтетіні анық! Қиын да сәттері болады. Алайда осының бәріне тойтарыс беретін жас студенттер аз емес. Студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу! Әрине, әр студент өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет!
2 - жүргізуші: Уақыт шіркін зымырайды шақтары.
Алдымызда ақ үмітпен атқалы.
Жастық жігер, білімі бар, сөзге бай,
Бозбала мен Бойжеткен ол күн мен ай,
1 - 2 ай сауық құрып күнде жай,
Сессияда ұйықтамаған күндер - ай.
Ауыл, ақша, сабақ, сосын вечер - той,
Өмір мәні махаббатқа жетер ме ой…
Үлгеретін ал осының бәріне,
студенттер мықты халық екен ғой. Олай болса, кешімізді көңілді караокемен аяқтасақ.
1 - жүргізуші: Рахмет! Бұл кешке келгеніңе достар, Қатарыңның алды бол көшті бастар. Биіктерден әрдайым көріне беріңіздер. Иесі болашақтың - сендер жастар!
Ендігі кезекті студенттер кешінің символы болған « Естеліктер» тақтасына тілектеріңізді жазып кетсеңіздер.
2 - жүргізуші: Өмірлерің студенттік мәнді болсын, Қызыққа әнге толсын, сәнді болсын. Қайда барсаң жолдарың ашық болып, Біліміңе бар әлем тәнті болсын! – дей келе бүгінгі студенттермен кездесу кешіміз осымен аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Қош сау болыңыздар!
Анықтама.
Казталов мектеп-лицейінде қаңтар айының он бесі күні Рухани жаңғыру аясында биылғы жыл Жастар жылына орай ұйымдастылған «Жарқын жастық-баянды болашақ» атты ауыл жастары мен түлектерімен кездесу өтті.Бұл кездесуге осы мектепте оқып білім алған қазіргі уақытта жоғары оқу орынында білім алып жатырған мектеп түлектері арнайы шақырылды. Сонымен бірге бұл кездесуге 9-11 оқушылары ат салысып студенттерімізге көкейлеріндегі сұрақты қойды. Бұндағы мақсат болашақ бітіруші түлектерге кәсіби бағыт бағдар беру. Кездесу өте қызықты өтті. Келген қонақтар түрлі сұрақтарға жауап берді,берілген жағдаяттардан шығу жолдарын іздестірді.Қазіргі студент болып жүрген жастар өз ойларын ортаға салды және оқушыларға ақыл кеңестерін берді. Осы мектеп оқушысы қазіргі уақытта жоғары оқу орынында білім алып жатқан шәкірттерімізбен әдемі ән шырқап аяқтадық. Кеш соңында студенттер естелік тақтасына өздерінің тілектерін жазып қалдырыды.Барлығы бірге естелік фотоға түсті. Оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеу керектігін, сонымен қатар ҰБТ-ға ертерек қамданып дайындалу керек деп өз ақыл-кеңестерін айтты.Кеш еркін форматта «Сыр сұхбат»ретінде өткізілді.

Орындаған: Тәлімгер Телжан А.А
ҚББП Талапова И.А
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бүгінгі шәкірт,ертеңгі жас маман

шағым қалдыра аласыз