400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бұйрықты сөйлем

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақта жаңа технология элементтерінен пайдаланылған. Мұғалімдерге өз септігін тигізеді деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Бұйрықты сөйлем


САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Бұйрықты сөйлем туралы біледі, қосымша ақпараттар алады, сөйлемнің түрлері бөлімінен алған білімдерін тиянақтайды.

САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:
А)Сынып мүшелері өздерінше ойланады;
Ә)Оқушыларға қолайлы орта жасалады.

СТО-ҒА БАЙЛАНЫСТЫ МІНДЕТТЕР:
А)Сынып топ болып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады;
Ә)Өзінің жауапкершілік, білім алу үшін ізденімдік қабілеттерін арттырады;

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Түрлі әдісдер арқылы бұйрықты сөйлемнен алған білімін тереңірек қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Білім-білікті қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет, өзін-өзі тану
Сабақтың технологиясы:СТО
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, интер белсенді тақта.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу;
- Сыныпты екі топқа бөлу;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Жаттығу жұмысы тексеріледі


Үй тапсырмасын сұрау: Тапсырманың атауы: «Жылдар сөйлейді»
1845. 1846.1945. 1991. 1997. 2017.

Мақсаты:
-Оқушылардың хабарлы, сұраулы, лепті сөйлем түрлері бойынша меңгерген білімдерін саралау.
-Оқушылардың көп тіл білетіндерін байқау
-Пәнаралық байланысты нығайту.
Шарты:
-Оқушылар берілген жылдарға қарап сөйлемдер құрастыру.
-Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінуін табу.
-Сөйлемдерді орыс,ағылшын тілдеріне аудару.
-Құрастырылған сөйлемдер тарих,әдебиет,жаратылыстану ғылымдарымен байланысты болуы қажет.
Мысалы:

1803 жылы ақын Махамбет Өтемісұлы дүниеге келді. (Хабарлы сөйлем)

Ақын – поэт - poet

«Тіл туралы» заң 1997 жылы қабылданды ма? (Сұраулы сөйлем)

Тіл – язык - language

ІІІ. Қызығушылығын ояту.
Бұйыра сөйлеудің пайдасы мен зияны бар ма?
Пайдасы Зияны 
Сөзіңді өткізе аласың.
Өзіңді күштірек сезінесің Адамның көңілін қалдырасың.
Өтініп сұрау арқылы да тіл табысуға болады.

ІҮ. Мағынаны тану
Блум таксономиясы 
Джигсо-2 (әр топ өз бөлімін оқып, түсінік айтады)
І топ: Бұйрықты сөйлем туралы
ІІ топ: Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолы

Шығармашылық тапсырмалар.
І топ: Мына сөйлемді сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемге айналдырыңдар.
Асан Қайғы желмая мініп желдіріп, әр жерге сын айтқан екен.
ІІ топ: Сызбаны сөйлет
ІІІ топ: Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
Иран мен Тұран жеңісе алмай, бір-біріне қарсы тұрған заман екен. Олар кіммен соғысып жүр екен? Талай қыз мен сияқты сорлады ғой!

Жаттығу жұмыстары
І топ: 45-жаттығу . Жамбылдың Құлмамбетпен айтысындағы сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай анықтаңдар.
ІІ топ: 46-жаттығу. Бұйрықты сөйлемдерді мағынасына қарай талдаңдар.


Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын түсіндіру. Ауызша.

Тізеңді құшақтама.

Нанды жерге тастама

Жағыңды таянба

Бетіңді баспа

Есікті керме

Беліңді таянба

Ақты төкпе

Бос бесікті тербетпе


Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымызға сырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
— Неге есікті керме дейді?
— Есіктікерсе, үйденберекекетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)
— Неге сүтті төгуге болмайды?
— Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу — жоқшылық)
— Неге өтірік жылама дейді?
— Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады — қайғы)
Ойланайық: ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы
— Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?
— Жамандық.
— Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады.

Электронды оқулықпен жұмыс. Тапсырма.Берілген сөйлемдердің тыныс белгісін қойып, бұйрықты сөйлемді бір бөлек, лепті сөйлемдерді бір бөлек жазыңдар.



Сабақты бекіту:Семантикалық карта



Мысалдар

Хабарлы

Сұраулы

Лепті

Бұйрықты

1

Жиналыс басталды ма





2

Аспан шайдай ашық





3

Кітабыңды берші





4

Оқушылар сабақ айтсын





5

Отан үшін алға





6

Өзі нағыз ер екен - ау





7

Баяндамашыға сұрақ бар ма





8

Түн жым-жырт





9

Еліміз өркендей берсін





10

Келші, қалқам менің қасыма отыршы






Сабақты қорытындылау: «Кір жайғыш» ойыны


Шарты:

Оқушылар кір жайғышта ілінген әр киімде берілген сөйлем түріне байланысты мысалдар жазып шығады.

Оқушыларды бағалау:

Бағалау парағы бойынша оқушылар сабаққа қатысып отырғандарына қарай өз-өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма беру:

47-жаттығу. Ереже жаттау

Ү. Бекіту 
"Кері байланыс”
1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
2. Сабақтан алған әсерің?
3. Қояр сұрағың бар ма? 








Бағалау парағы



Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жылдар сөйлейді

Тыйым сөздер

Шығармашылық жұмыс

Семантикалық карта

1







2







3







4







5







6







7







8







9







10







































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1178
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі