жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бұйымды жасау. Бұйымды пішу.
Үйірме аты: «Киімді құрастыру және үлгісін жасау»
Оқу тобы:I. II. III Оқу жылы: II
Сабақтың: Өткізілген күні:
Үйірменің тақырыбы: Бұйымды жасау. Бөлшектерді пішу.
Сабақтың мақсаттары : әртүрлі графика тәсілдерін қолдану арқылы (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданып) өз бетінше графикалық және технологиялық құжатты құру
Білімділік: иықты бұйымды тігуге арналған матаны пішу ережелерімен танысады;
Дамытушылық: тәжірибелік жұмыс кезінде таңдаған материалы мен қажетті құрал-жабдықтарды қолданады;
Тәрбиеліг:иық бұйымы бөлшегін пішуді орындайды.
Пәнаралық байланыстар:Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушыларды сабақ басында «Тілек бұлттары» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, белсенді оқу іс-әрекетіне бағыттайды. Оқушылар стикерге осы сабақтан не күтетінін жазып, оны флипчартқа немесе үлкен қағазға әртүрлі реңктегі бұлттар бейнесінде бекітеді. Бұл жазбаларды кабинетте барлық оқушыларға көрінетіндей жерге орналастыруға және сабақ барысында қажеттілігіне қарай пайдалануға болады. Мақсатты тұжырымдау. Оқушылар тақтаға жазылған сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады және өткен сабақтағыдай топ құрамында бұл туралы ойланып, оның мәнін түсіндіреді.
Электронды презентация 1-слайд.

Сабақ тақырыбына сәйкес, әртүрлі тақырыпқа музыкалық композиция
Электронды презентация 2 слайд
Миға шабуыл
Оқушылар өз пішімінің сызбаларын қарастырады және мұғалімнің матадан бөлшектерді қалай пішіп алуға болады? деген сұрағына топта бір-біріне жауап береді. Жұмыстан соң оқушылар топ ішінде осы сұрақ төңірегінде ойларын айтады.
Шығармашылық жұмыс. Мата мен бөлшектерді пішуге дайындау.
1- кезең. Матаның бойлық жіп бағытын, өңі мен теріс бетін, сурет бағытын анықтау.
Оқушыларға матаның өңі жағын анықтау қажет. Мата әдетте рулонда екі бүктеліп оралады. Жүн маталардың өңі жағы ішіне қаратылып, ал жібек маталардың өңі сыртына қаратылып оралады. Матаның жиегіндегі тесіктер матаның теріс жағынан өңі жағына бағытталған. (Барлық тоқыма ақаулары әдетте матаның теріс бетінен көрінеді). Егер матаның суреті болса, оның суреттерінің қай бағытта – бір жағына немесе әртүрлі жаққа орналасқанын қарау қажет. Жайылма кезінде бұйым бөлшектерінің барлығында суреттің бір бағытта орналасуын ескеру қажет.
2- кезең. Матаның ақауын анықтау.
Оқушылар матаның ақауын тексеруі қажет. Матаның өңі бетінде:
артық талшықтың;
қысқа жуан жіптің;
бойлық немесе арқау жібінің біреуінің немесе бірнешеуінің болмауы;
түрлі реңктіктің;
мата бояуында ақаудың болмауы тиіс.
Барлық табылған ақауларды пішу кезінде ескеру үшін, матаның теріс жағынан бормен, арнайы маркер немесе қарындаш, сабынмен белгілеуге болады.
3 кезең.
Кейінгі қысқарудың алдын алу үшін матаны декатирлеу қажет.
Ылғалды-жылумен өңдеу (үтіктеу), жуу кезінде кейбір маталар отырады (қысқарады). Соның алдын алу үшін, матаны пішу алдында декатирлеу (ылғалды-жылумен өңдеу) қажет. Матаны созбай, бойлық жіп бағытымен үтіктеу қажет. Бойлық жіп мата жиегінің бойымен бағытталған. Пішімді бойлық жіп бағытымен орналастыру керек.
4 кезең.
Оқушылар матаны үтіктеулері қажет.
5 кезең.
Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеу, суреттерін теңестіре отырып, түйреу, сонан соң – бұрыштық арқылы көлденең мата қиығын тегістеу.
Жаңа ақпарат. Мұғалім көрсетілімі.
Матаға пішім бөлшектерін орналастыру (жайылма). Оқушылар жаңа ақпаратпен танысады. Мұғалім матада пішім жайылмасының қалай және қандай реттілікпен орындалатынын немесе жайылма кезеңі бейнеленген көрнекі суреттерді көрсетеді.Пішімді матаға орналастыру келесі реттілікпен орындалады.Матаның өңі жағын ішіне қаратып, бойлық жіп бойымен ортасынан бүктеп, бұрыштық арқылы (пішім жайылмасы кезінде бөлшектерінің қиғаштануы болмауы үшін) көлденең мата қиығын тегістейміз. Жайылма туралап қойылған жиегінен басталады, алдымен үлкен бөлшектерді, сонан соң ұсақтарын орналастырамыз. Лекало бөлшектерін үнемді орналастыру керек. Бойлық жіп бағытын ескере отырып, матаға пішім бөлшектерін орналастырамыз.Суреті бір бағыттағы матаға пішім бір бағытта орналастырылуы керек.Егер матаның суреті үлкен болса, суретінің оң жағы мен сол жағы симметриялы болуы тиіс. Кезекпен пішімнің әрбір бөлігін матаға түйрегішпен түйрейміз.Пішім контурын бормен айналдыра сызып шығамыз – бұл сызық бойымен тігіс жүргізіледі. Пішілетін сызық бойы мен бақылау нүктелері жіңішке ұшталған бормен немесе жұмсақ қарындашпен жүргізіледі.Сонан соң қосымша енін қалдыра отырып, пішім контурын тағы айналдыра сызамыз. Матаны екінші, қосымша сызық бойымен пішеміз. Жіберілген қателікті түзету үшін, матаны пішуді орындау, бұйым бөлшектерін қию алдында міндетті түрде өзін-өзі немесе өзара бақылау жүргізу қажет.
6.Пішім сызықтарын көшіру тәсілдері.
Ақпараттық мәтінмен жұмыс
Белгіні бір бетінен екінші бетіне қандай тәсілмен көшіруге болады?
Ол үшін қандай құралдар қажет?
Осы сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар топта өздігімен жаңа ақпаратпен танысуы қажет, соңынан оны сыныптастарына айтады:
Пішім бөлшектерін контур сызықтарын, конструктивті сызықтарын көшіру және пішім бөлшектерін әртүрлі тәсілдермен маркировкалау арқылы өңдеуге дайындау. Контур сызықтарын (бүйір, иық, етек, қолтық ойындысы, мойын ойындысы), конструктивті сызықтар (бүкпе, алдыңғы бойдың орта сызығы және т.б.) жоғарғы бөлшекте белгілеп, екінші қабатына көшіріледі, яғни жұп бөлшекке немесе симметриялық жағына.
Көшірме қағаз және кескіш-дөңгелекше қолданып: кереғар түсті көшірме қағазды пішіммен бірге салып, пішім жиегінің бойымен кескіш-дөңгелекшемен жүргізіп шығады. Түзу сызықтар сызғышпен жүргізіледі, бақылау нүктелері қысқа штрихпен белгіленеді; түйрегішті қолданып: пішімнің контур сызығы бойымен жоғарғы бөлшекті түйрегішпен екі қабатын қоса түйреп, төменгі бөлшекте бормен белгіленеді, сонан соң сызық жүргізіледі. Бұл тәсіл жұқа материалдарға жарамайды; түзу инешаншым арқылы: сызық жүргізгеннен кейін пішім бөлшектерін ажыратып, матаның өңі жағынан көрінетіндей конструктивті сызықтармен, түзу инешаншымдармен көшіріледі;көшіру инешаншымы арқылы: жоғарғы бөлшектің контур сызығы бойымен көшіру инешаншымы жүргізіледі, сонан соң бөлшектерді ашып, жіптерін қияды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: _________________Ахатай Э.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген