Бүкіл Әлемдік тартылыс заңы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бүкіл Әлемдік тартылыс заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы туралы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы



БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТАРТЫЛЫС ЗАҢЫ

Ильяс Жұмагүл Акниетқызы

Ғылыми жетекші: Сапарбекова Ақбота Асылбекқызы,аға оқытушы

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ.

Ilyaszhumagul04@internet.ru

Ғаламымызда ғылым саласы біз ойлағаннан да күрделі дамып, түрлі жаңалықтар мен заңдар күн санап ашылуда. Оған дәлел ретінде физика ғылымын айта аламыз. Физика тарихындағы ғаламдық құбылыстарды анықтаудағы заңдар - кез келген адамды ойландырып, қызығушылығын оятары анық. Ендеше, бүгінгі біздің тоқталатын тақырыбымыз: физикалық күштерге деген қызығушылығының арқасында есімі тарихта қалған ғалым – Н.Ньютон және оның физика ғылымында ашқан жаңалығы жайлы болмақ.

Бүкіл әлемдік тартылыс заңы ХVII ғасырдағы Ньютонның ғылымға әкеп қосқан жаңалықтарының бірі. Небәрі 23 жастағы жігіт Ньютон 1665 жылы басынан өткен оқиғаны зерттеп, бақылау арқылы тартылыс заңын ашты. Нақтырақ айтқанда, басына түскен алманың құлауы. Бұл әрекеттен адамның жаңалық ашудағы мүмкіндігі әрқашан кеш емес, ол сенің алыста, жақында, көптеген адамдардың ортасында, яки жалғыз болуына қарамайтындығы. Демек, «И. Ньютонды қызықтырған не?» нәрсе деген сұрақты қояр болсақ, Ньютонның пайымдауынша жаратылыстағы барлық заттардың, материяның арасында белгілі бір тартылысқа түсетін күштің бар екендігі.Ньютонның ашқан бұл заңдылығы - кез келген дененің бөлшектерінде болып жатқан процесті көрсете алады. [1]

Ньютон бұл жаңалығын өзінің 1666 жылы жарыққа шыққан «Натурал философиялық математика негіздері» атты еңбегінде көрсетеді. Ал, теория бойынша-денелердегі бөлшектер массаларының көбейтіндісіне пропорционал, керісінше арақашықтықтарының қайта көбейтіндісіне кері пропорционал. Формула негізінде көрсетер болсақ:

F=G

Мұндағы-m1* 2 дененің массасы, ал G - гравитацияның тұрақтылығы, арақашықтық –r2. Демек, бұл формуладан күштің қаншаға тең екені шығады.Жер бетіндегі тыныштық жағдайында ауырлық пен салмақ формулалары бірдей. [2]

Ауырлық күші- жердің денеге әсер ететін күші, ал салмақ-дененің тірекке әсер ететін күші. Сондай-ақ, ауырлық күші тек дене орналасқан масса мен планетаға байланысты. Ал салмақ дененің немесе тіректің қозғалатын үдеуіне де байланысты болады.Сонымен катар ауырлық күші кез-келген пішіндегі денелер арасындағы өзара әрекеттесу күштерін есептеу үшін қолданылады, егер денелердің өлшемдері олардың арасындағы қашықтықтан едәуір аз болса.Ауырлық күш деп отырғанымыз Ньютонның екінші заңымен үндес. Еркін түсу. Неге еркін түсу? Себебі, ғаламымызда ешқандай тартылыс күші болмаса жерде жүрген адамдар, үйлер, тіпті өзге де жарытылыстар жерде өмір сүрмейтін еді. Жер бетінде еркін түсу процессі біркелкі емес. Бұны жер радиусымен салыстыруымызға болады. Бұл тұрғыда, жердің пішіні шар тәріздес екені бәрімізге белгілі. Тіпті, жердің географиялық ендігі мұнда назарға алынуы тиіс. Мәселен, оңтүстік полюске еркін түсу үдеуін де 9,78м/с2 құраса, ал экваторлық белдеулерде 9,83м/с2 ,ал 50° тағы ендікте 9,79 м/с2 құрауы мүмкін. [3]

Бүкіл Әлемдік тартылыс күшіне тән ережелерді атап өтсек: 1.Кез-келген дене тартылыс көзі болып табылады, яғни ол басқа денелерді өзіне тартады.

2.Тартылыс күшінің шамасын дене салмағы анықтайды. Дене салмағы неғұрлым көп болса, соғұрлым күш көп болады

3. Екі дененің арасындағы тартылыс күші осы денелердің массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал.

4. Тартылыс күштерінің шекаралары жоқ, олардың әрекеті шексіздікке дейін созылады және олардың мөлшері азаяды,қашықтықтың квадратына кері пропорционал.

5. Гравитациялық күштер аддитивті, әр дене үшін оның тартылыс күші күштердің векторлық қосындысы болып табылады.Бұл позициялардан мынандай сұрақ туындауы мүмкін, бұл қалай? алыстағы денелер бір-бірін қалай тартады? Физикалық тарту процесінің негізінде не жатыр?Өкінішке орай бұл сұрақтарға әлі жауап табылған жоқ.Ньютон гравитацияның табиғаты туралы мәселені ашық қалдырды. [4]

Бүкіл әлемдік тартылыс заңын Ньютоннан кейін астроном И. Кеплер зерттеді. Ғасыр бойынша он жетінші дәуірді құрайды. Астроном И.Кеплерде өзінің ғылымға деген біліктілігін физикалық заңдармен байланыстыра келе Ньютонның жолын жалғады. Әдіс бойынша «Механикалық кері есеп» деп аталады. Алғашқыда тартылыс заңы тек есеп күйімен көрсетіліп жүрсе, кейін келе Ньютон физикаға әкелген жаңалығын «Бүкіл әлемдік тартылыс заңы» деп өзгерткен болатын.

Тартылыс күші табиғаттағы барлық денелерде болады. Мұндағы денелердің ауырлық күштердің септігінен қозғалуын Г. Галилей зерттеді. Бұл дегеніміз - барлық табиғаттағы материялар өзінің массасының әсерінен қозғалыста болады. Мәселен, бүкіләлемдік тартылыс күші көрінісі - жер мен адамның бір - біріне тартылуын мысал ретінде айта аламыз, бұл И.Ньютонның теориясына практика,әрі дәлел.[5]

Сөзімізді қорытындылай келе, физикалық жаңалықтардың күн сайын ашылып, ғылымға қосылуы - адамзат өркениетінде адамзат баласының санасының биік деңгейде жетіліп, кемелденгенін білдіреді. Бәлкім, алдағы уақыта қазақ жастары физикалық шамалар туралы ерекше дүниелерді ғылым сахнасына әкеліп қосар.



Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Аққошқарова Қ. «Физика эксперименттік есептер » 

  2. Ж.Абдуллаев, «Жалпы физика курсы», Алматы, Ана тілі, 1991. 

  3. Б.Арызханов, «Физика курсы», Алматы, Мектеп, 1988.

  4. Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2009. — 240 бет, суретті.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2025
21
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі