«Бүлдіршін ару - 2022»
сайысы.
1 –
жүргізуші:
Армысыздар, абзал аналар, ақ
жаулықты әжелер, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қыздар.
Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күнімен мерекелік көңіл – күй
тілей отырып «Бүлдіршін ару - 2022» сайысын тамашалауға
шақырамыз.
2-жүргізуші:
Той пердесін
ашайық,
Жырдан шашу
шашайық.
Аналарды
құрметтеп,
Ән маржанын шашайық – деп ән
жолдаймыз.
Ән:
1-жүргізуші:
Тіл байланып қалатындай
көргенде
Сұлулықты соған ғана берген
бе?
Кімде болса бас иеді
мойындап
Қарсы алдына қазақ қызы
келгенде, - дей келе бүгінгі сайысқа қатысушыларға сәттілік тілей
отырып, қошеметтеп ортамызға шақырайық:
№ 1. Мақсұтхан
Айжұлдыз
№ 2. Дәуітбек
Айзат
№ 3. Жазылбекқызы
Аяла
№ 4. Архатқызы
Инабат
№ 5. Жақсылыққызы
Айару
№ 6. Байжан
Аяла
№7. Тілекқызы
Әлия
№8. Берікқызы
Айзере
№9. Серік
Фируза
№10. Мәкен
Алтын
2-жүргізуші:
Әділдікпен баға берер
аруға
Әділдікпен қара қылды
жаруға
Алқасын қазыларды біз
сайлайық
Ақ аруды талдап бүгін алуға –
деп бүгінгі сайысымыздың қазылар алқасымен
таныстырайық:
Бастауыш сыны пән
бірлестігінің жетекшісі: Итбаева Ардақ
Жанарбекқызы
Директордың тәрбие жөніндегі
орынбасары: Сейтказина Айнұр Ахметқызы.
Технология пәнінің мұғалімі:
Төлеуханова Айымгүл Болатбекқызы.
Бүгінгі сайысқа
бүлдіршіндеріміз мына бөлім шарттары бойынша сынға
түседі:
І – бөлім. «Сәлемдесу». Бұл
бөлімде бүлдіршіндер өзін – өзі
таныстырады.
ІІ – бөлім. «Өз өнері». Бұл
бөлімде бүлдіршіндер өнерлерін ортаға
салады.
(ән айту, би
билеу).
ІІІ – бөлім. «Сән үлгісі». Бұл
бөлімде бүлдіршіндер сән үлгісін көрсетеді
ІҮ – бөлім. «Сұрақ - жауап».
Билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді..
1-жүргізуші:
Баурап алар бір-ақ ауыз
сәлемі,
Қазақ қызы – әдепті де
әдемі.
Қазақ қызы – ақылына көркі
сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі
– дей отырып сайысымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша
бүлдіршіндердің өзін – өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы
алыңыздар!
Ән:
2-жүргізуші:
Өнері өрге жүзер
талаптының,
Талантты талмай ұшар
қанаттының.
Әлди әуен әлемі өнер
аты,
Шарпып өтсін лебімен қанатының
– деп бүлдіршіндердің өнерін тамашалауға шақырамыз. (бүлдіршіндер
өнерін ортаға салады. Қазылар алқасы әділ бағасын
береді.)
1 -
жүргізуші:
ІІІ – бөлім. «Сән үлгісін»
көрсету үшін бүлдіршіндерді ортаға
шақырамыз.
2-жүргізуші:
ІҮ – бөлім. «Сұрақ - жауап».
Бұл бөлімде бүлдіршіндер билет алу арқылы сұрақтарға жауап береді.
Қазылар алқасы бағалайды.
Ән:
Би:
Жүргізуші:
Ұлтымыздың әр
сөзі,
Асып жатыр
кәдеге.
Қыздар сыны
мінекей,
Келіп жетті
мәреге.
Ән:
Би:
Марапаттау.
Жүргізуші.
Құрметті көрермендер!
Бүгінгі «Бүлдіршін ару - 2022» сайысы
өз мәресіне жетті. Әрқашан құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз
шаттыққа толы болсын, - дей отырып бүгінгі кешімізді
аяқтаймыз.
Абай облысы Ақсуат
Ауданы
«Тоғас батыр атындағы орта
мектебі» КММ.
Маселова Маржан
Еркингазиновна.
Бастауыш сынып
мұғалімі.