400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүлдіршіндерді еңбекке баулу

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзіне-өзі қызмет көрсету: Өз бетінше белгілі бір реттілікпен киімін кию, шешіну, бүктеу, ілу, түймелерін қадау, ағыту, аяқ киімінің бауын байлау, шешу дағдыларын дамыту. Балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және үлкендердің көмегімен оларды реттеуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бүлдіршіндерді еңбекке баулу

Балалардың еңбек әрекетіне қатысуға қызығушылығын тәрбиелеуді жалғастыру. Үлкендерге көмек көрсетуге (тәрбиешіге, оның көмекшісіне, ата-аналарына), оларға ықыласпен қарауға тәрбиелеп, сондай-ақ, олардың еңбектерінің нәтижесіне ұқыпты қарауға ынталандыру. Топ бөлмесі мен балабақша ауласында тазалық сақтауға және үлкендердің тапсырмаларын орындауға үйрету. Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету.

Өзіне-өзі қызмет көрсету: Өз бетінше белгілі бір реттілікпен киімін кию, шешіну, бүктеу, ілу, түймелерін қадау, ағыту, аяқ киімінің бауын байлау, шешу дағдыларын дамыту. Балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және үлкендердің көмегімен оларды реттеуге үйрету.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек: Қарапайым тапсырмаларды орындауға ынталандыру: қасықтар мен сулықтарды, нан салғыштар мен табақшаларды орналастыру. Екінші жартыжылдықтан бастап асханада кезекшілік ұйымдастыру, тәрбиешінің көмекшісіне дастархан мәзірін дайындауға көмектесу. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын (қарындаштар қорабы, қылқаламдар, мүсіндеуге арналған тақтайшалар және т.б.) дайындауға және оларды реттеуге, ойыншықтар мен құрылыс материалдарын ойнап болған соң өз орындарына орналастыруға үйрету. Балаларды киіну, шешіну, жуыну процестерінде дербестікке ынталандыру. Балаларды киінуге, шешінуге, ересектердің көмегімен киімін, аяқ киімін шешуге (түймесін ағыту, бәтеңкесінің бауын шешу), шешкен киімдерін бүктеуге, киімі мен аяқ киімін дұрыс киюге үйрету. Киімдеріндегі олқылықтарды байқауға, ересектердің көмегімен өзін тәртіпке келтіре білуге тәрбиелеу. Тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттану сезімдерін дамыту. Балаларды қарапайым шаруашылық-тұрмысты еңбекке қатыстыру. Алдымен тәрбиешінің көмегімен, кейін бақылаумен үстел мен орындықтарды қою, үстел үстіне қасықтарды, нанға арналған ыдысты, сулыққа арналған ыдысты қою; ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажетті қарындаштар, тақта, шүберектерді қою, ойыннан соңынан ойыншықтарды, суреттерді, кітаптарды жинастыру, құстарға арналған астаушаларды жуу, құстар мен балықтарға жем шашу, өсімдіктерді суару, тәрбиешімен бірге учаскеге ойыншықтарды шығару, учаскені жинастыруға қатысу (жапырақтар, тастар, таяқтарды жинастыру), қардан құрылыс жасау.

Балаларды тапсырманы орындаудың басы мен соңғы нәтижесінің арасында байланыс орнатуды үйрету. Зат құралдарымен таныстыру, құралдармен таныстыру, баламен іскерлік түріндегі ынтымақтастық процесінде құралдармен орындалатын қарапайым әрекеттерді (қалақшамен құм алу, тарақпен шаш тарау) орындауға үйрету.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 қазан
73
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі