400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Бұлшық ет жүйесінің дамуы" презентация 201топ студенті Юлдашева Малика

Материал туралы қысқаша түсінік
ттердің өсуі, күші, қимыл-қозғалыстың дамуы туралы білім беру. Шамадан тыс күштен сақтандыру шараларымен таныстыру Оқушылардың ой-өрісін ,танымдық дербестіктерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс іст Бұлшық ей білуге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Toggle navigation

  1. КЕРІ

Тапсырмалар



Пәні: Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы

Бастауыш білім беру.


Тақырыбы: Бұлшық ет жүйесінің дамуы, бұлшық ет күші, жұмысы, қажуы

Мақсаты:   еттердің өсуі, күші, қимыл-қозғалыстың дамуы туралы білім беру. Шамадан тыс күштен сақтандыру шараларымен таныстыру

Оқушылардың ой-өрісін ,танымдық  дербестіктерін дамыту, шығармашылықпен жұмыс іст Бұлшық ей білуге баулу. 





Бала бұлшық етінің дамуы . Бұлшық еттің туғаннан кейінгі өсуі . Бұлшық еттер ана құрсағындғы дамудың алғашқы жартысындағы кезеңнің өзінде –ақ өздеріне тән түр мен құрылымдық сипат алады . Бұл былай олардың ұзындығы мен қалыңдығы тез ұлғаяды .Олар сүйек скелетінің өсуіне сәйкес бұлшық еттер талшықтарының және әсіресе тарамыстардың ұзаруы арқылы ұзыннан өседі ,солардың көмегімен бұлшық еттер сүйекке бекиді .Қалыңдығынан өсу ,шамалы дәрежеде бұлшық еттегі алғашқы бұлшық ет тканінің қалыңдығынан жаңа талшықтардың пайда болуы есебінен жүреді . Бұлшық ет талшықтарының ұзарып өсуі 20-25 жасқа дейін, ал жуандауы 30-35 жасқа дейін жалғасады. Мұнда олардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі бірқалыпты болмайды. Ең жіті өсу жіліктің екі басты бұлшық етінен байқалады. 12-16 жаста денені тік қалыпта ұстауды қамтамасыз ететін барлық бұлшық еттер-статикалық бұлшық ет жетіледі. Бұлшық еттің ұзарып өсуі оның талшықтарының сіңірге ауысқан жерінде өтеді. Бұлшық еттің бұлтиған жері 13-15 жаста күшті өседі.

Қозғалыстың дамуы . Бұлшық еттің жиырылу қабілеті ана құрсағындағы тіршіліктің екінші айының соңында пайда болады . Бұлшық ет тонус бірте-бірте дамиды,сонымен бірге ана құрсағындағы даму кезеңінде және емшек жағында бүгілгіш бұлшық ет тонусы жазғыш бұлшық ет тонусынан басым келеді де,оның жатырдағы ұрықтың табиғи жағдайын сақтау үшін маңызды болады .

Үшінші айдың соңында адам тұрғы қолдың жанасуына оған жауап ретінде саусақтарын жұмады .Тағы бір айдан соң кеуде мен аяқ-қолдың ,ең бастысы жазылғыш еттердің білінер –білінбес және өте баяу жиырылуы біліне бастайды .Бұл қимылдау деп аталады .Ол бірте-бірте жиі бола береді әрі соншалықты айқын білінеді ,сондықтан оны екі қабат әйел айқын сезінеді .Аяқ – қолын бүгіп ,жазу үшін ,және тыныс алу қимылы басты қозғалту үшін қажет қимылдарды аса қарапайым түрде үйлестіру тек туғанға дейін пайда болатындығына күмән жоқ .алайда қимыл өте баяу болады .

Мектеп жасына дейінгі балаларға тұлғасының ерекше иілгіштігі тән ,мұны омыртқа арқылы шеміршектердің аса қалыңдығымен түсіндіруге болады .Омыртқа иіндері пайда болады да ,соңынан дененің жоғарғы бөліктерінің қысымы әсерінен бекиді .Қысым бағыты дене сымбатына яғни оның отырған ,тұрған және жүрген кездеріндегі қалпына байланысты болады .

Қимылдың жүйеленуі. Денені тік жағдайда ұстау үш жүзге жуық үлкенді-кішілі бұлшық еттердің бір мезгілде жақсы үйлестіріле әрекет етуін талап етеді .Әрбір бұлшық ет басқа да біріккен склет еттерімен бірге белшілі бір қалыпта бір-бірімен қозғала біріккен склет сүйектерін біріктіру үшін қатаң түрде белгілі бір күшпен жиырылуы тиіс .Бұлшық еттің жұмысы әсіресе жүргенде жүгірген кезде ауыр болады .

Қозу толқындарының өту жылдамдығы .Жоғарыда айтылғандардан алты жаста баланың қимыл апараттарының дамуы тоқтайды екен деген қортынды жасалмауы тиіс .Бұлшық ет талшықтарының қасиеттері алты жастан кейін де өзгереді .Қозу жағдайы демек ,сомен қатар бұлшық еттердің жиырылуы белгілі бір жиілікпен нерв талшықтары бойымен қозғалатын импульстердің әсерімен пайда болады .Әрбір импульс бұлшық етте кезекті қозу толқынын тудырады .Келесі қозу толқыны алдынғылары тоқтаған соң ғана пайда болуы ықтимал . Тітіркендіру табалдырығының шамамен аяқталатын бұлшық ет талшықтарының қозуы ,өмір сүрген алғашқы жылдардың өзінде –ақ ересектердікіне сәйкес дәрежеге жететіндігі анықталды .Бірақ кейбір бұлшық еттердегі қозу толқындарының өту жылдамдығы және олардың жиілігі 10 жасқа дейін арта беретін болады .Қозу толқындарының өту жылдамдығының артуы бұлшық ет күштерін көптеп жұмсауға жағдай жасайды .

Қимыл қарқыны . Жас өскен сайын бұлшық еттің жиырылудан босаңсуға және қайтадан жиырылуға ,яғни қимылды алмастыру жиілігіне көшу жылдамдығы артады. Әр түрлі бұлшық еттің жиырылудан босаңсуға және қайтадан жиырылуға ,яғни қимылды алмастыру жиілігіне көшу жыдамдығы артады .Әр түрлі бұлшық еттер тобының қозғалысы қарқыны ,әсіресе мектеп жасына дейінгі ересек балалар және кіші шәкірттік шақта интенсивті түрде өсіп,15-16жасқа қарай өзінің шегіне жетеді .

Бұлшық еттер күші. Бұлшық еттер күші ,бірдей мезгілде жиырыла отырып ,оның барлық талшықтарын дамыта алатын кернеуге байланысты болады . Бұлшық ет талшықтары неғұрлым күшті болады .Туғаннан бастап және ержеткенге дейін барлық кезең ішінде көптеген бұлшық еттер талшықтары не бәрі 2-3 есе ұзарған ,бұлшық ет күші он есе артады .Мұның мәні мынада :осы кезең ішінде барлық талшықтардың көлденең қимасы кейбір бұлшық еттерде 10-20 есе өсуі ықтимал ,ал балтырмен бірге сирақтың үш басыты бұлщық етін түзетін қамбала тәрізді бұлшық етте бұдан да едәуір көбірек өсе алады . Бұлшық еттің күші тек ұзындығына ғана емес, сонымен бірге көлденең қимасына да тәуелді. Мектеп жасындағы кішкентай балаларда бұлшық еттің жиырылу күші әлсіз. Жасөспірімдер бұлшық етініңұзына бойына өсуі көлденең өсуінен едәуір кейін қалады. Олар тез шаршайды, бірақ қанмен тәуір жабдықталу есебінен өзінің фунциясын тез қалпына келтіреді. Сондықтан балалардың дене еңбегі уақыт бойынша ұзақ болмауы және олардың функционалды мүмкіндігіне толық сай келуі керек.

Шамадан тыс күш түсірудің зияны . Эмоционалдық қозудың әсеріне, мысалы ойынға алданғанда , аса қауіпті жағдай төнгенде , жарыс кезінде, мектеп жасына дейінгі бала, әдеттегі жағдайда оның өзіне тән емес аса көп күш және қозғалыс апараттарының төзімділігін көтеруі ықтимал. Алайда ондай шамадан тыс кернеу организімнің жағдайына зиян келтіріп ,ауыр патологиялық ауырулардың тууына себеп болуы мүмкін. Барлық дене күшін дұрыс,белгілі бір мөлшерде жұмсаудың қажет екендігі міне ,сондықтан .


Тапсырма:  Сұрақтарға жазбаша жауап беру:

Бұлшық еттердің өсуі қай жасқа дейін жалғасады?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
660
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі