жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Бұлшық еттің құрылысы мен қызметі
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В Қозғалыс |
Мектеп: «Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ |
||||||
|
Күні: 10.02.2020жылы |
Мұғалімнің аты-жөні: Ашимова Бакыт Ашимовна |
||||||
|
Сынып: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Бұлшық ет ұлпаларының құрылыс мен қызметі. Адам денесінің бұлшықеттерін жіктеу (жаңа тақырыпты меңгерту) |
||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары |
8.1.6.5 бұлшық ет ұлпасының құрылысын, қызметін және олардың түрлерін сипаттау 8.1.6.6. адам бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшықет топтарын оқып тану. |
||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Бұлшықет ұлпаларының түрлері мен орналасуын анықтау; Бұлшықеттің құрылысын сипаттау; Бұлшықеттің түрлерін ажырату; |
||||||
|
Бағалау критерийлері |
Бұлшықет ұлпасының түрлерін ажыратады; Бұлшықеттің құрылысын сипаттайды; Бұлшықеттің түрлеріне мысалдар келтіреді. |
||||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: бұлшықеттің құрылысы мен бұлшықет ұлпарларының ерекшеліктерін тиісті пәндік терминологияны қолдана отырып, ауызша, жазбаша сипаттай алады. Кілт сөз бен суретті сәйкестендіріп, мағынасын ашады. Бұлшықеттің құрылымы мен қызметін ауызша жабаша түрде сипаттай алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Бұлшықет, миофибрилл, бұшықет талшығы, тарамыс, сіңір, қаңқа бұлшықеті, бірыңғай салалы, көлденең жолақты қаңқа, көлденең жолақты жүрек бұлшық еті, бұлшыет шоғыры, бұлшық ет талшығы, бұлшық ет жасушасы. Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Жүректе болатын бұлшықеттің түрі - .... Асқазан мен ішек секілді қуысты дене мүшелерінде болатын бұлшықеттің түрі - .... Қаңқа бұлшықеттерінің қызметі .... бірыңғай салалы бұлшықет ... құрайды. Көлденең жолақты бұлшықет ...кездеседі. Көлденең жолақты бұлшық ет жасушасының ...ядросы болады. |
||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады. Жазбаша жұмыстар арқылы академиялық шыншылдық, нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады. Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады. Таныстырылым кезінде өзіне деген сенімділіқ, талдау жасау, ойды жинақтау, идеяларды үйлестіру тыңдаушылармен байланыс орнату құндылықтары дамытылады. Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады. Топтық немесе жұптық жұмыс кезінде ортақ іс артқаруда ынтымақтастықта бола білу, жаһандық азаматтық, өз оқуына жауапкершілікпен қарау, сынға алу, ортақ пайдалану құндылықтары дамытылады. |
||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Бұлшықеттің жиырылуы, пішіні, бұлшық еттердің жұмыс жасау механизмі туралы түсініктер арқылы физика пәнімен байланысты. |
||||||
|
Алдыңғы білім |
«Жаратылыстану» курсынан оқушылар адамның сүйектерінің бөлімдерін және қозғалысты басқаратын бұлшықеттердің ролін біледі. 7- сынып «Қозғалыс» бөлімінен оқушылар омыртқасыздар мен омыртқалылардың қозғалысқа қатысатын мүшелерін және қозғалыстың жануарлар мен өсімдіктер үшін маңызын біледі. |
||||||
|
Сабақ барысы |
|||||||
|
Сабақ қезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Оқыту көздері мен ресурстар |
|||||
|
Сабақтың басы |
|||||||
|
0-4 мин |
«Құпия сандық» әдісі арқылы оқушылар сандықтың ішінен қима суреттер алып, оны құрастыру арқылы екі топқа бөлінеді. «Даналар», «Ғұламалар» тобы. Суреттер Абай Құнанбавтың «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» өлеңдеріне негізделген. Тақтадан Абай атамыздың сөзі оқылады, соған байланысты бес дұшпан мен бес асыл істі атау керек. Оқушылар адымдап жүреді. Осы қимыл қозғалысымыз ненің арқасында жүзеге асады? -Тірек-қимыл жүйесінің арқасында. Критерий: Бұлшықеттің Тірек-қимыл жүйесінің құрылысын сипаттайды; |
Кеспе суреттер, іздер |
|||||
|
Сабақтың ортасы |
|||||||
|
3 мин 2 мин 4 мин 7 мин 7 мин 3 мин 4 мин |
Білу «Биологиялық толқын» әдісі. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады. Жауап «иә» болса қолдарын жоғары көтереді, «жоқ» болса қолдарын төмен түсіреді. «Тақырыптық теннис» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу сұрақтары беріледі. «Кинометафора» әдісі арқылы тақырыпқа қатысты видео көрсетіледі. Сол видео бойынша ой түйіндерін айту керек. Түсіну «Суреттер сөйлейді» әдісі Оқушыларға тақырыпқа қатысты суреттер беріледі, тақырыпты оқи отырып, тірек-белгі жасау және оны қорғау. Дескриптор: -Суреттерді орынды пайдалана біледі; - Тақырыптың мазмұнын ашады; Қолдану №10 зертханалық жұмыс «Бұлшық ет ұлпасының құрылысын зерттеу» 1-топ: «Көлденең жолақты бұлшық етті» қарайды,кесте толтырады. 2-топ: «Біріңғай салалы бұлшық етті» қарайды,кесте толтырады. Сосын екі кестені салыстырады. Талдау «Еркін пікір» әдісі Қосымша дерек бойынша ойларын ортаға салу. Жинақтау «Жасырын сөздер» ойыны Терминдермен жұмыс. Ортаға топтан бір оқушы шығып, қарсы топтағылар оны тұспалдап жеткізеді. Ортадағы оқушы оны табуы керек. -Бұлшық ет, диафрагма,миоциттер, біріңғай салалы бұлшық ет, көлденең салалы бұлшық ет, жүрек бұлшық еті, шеңберлі бұлшық ет, шандыр, сіңір, бүгу бұлшық еті, жазу бұлшық еті |
|
|||||
|
35-37 |
Қолдарына таратылып берген ақпарат парағын толтырып, өздерін өздері бағалайды. |
|
|||||
|
Сабақтың соңы |
|||||||
|
38-40 мин |
Мен енді білемін ................ Маған ұнағаны .................................... Менің түсінбей қалғаным ............................ Мен жақсы түсіндім ...................................... Мен келесі сабақта.........................білгім келеді. |
|
|||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||
|
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? |
Көлденең жолақты және тегіс арасындағы айырмашылықтары бойынша суретін салады. Кейбір оқушылар қосымша тапсырмалар орындай алады. Кейбір оқушылар дене бұлшық еттерін жетілдіру жолдары туралы қосымша ақпарат көздерінен оқып өз білімін тереңдете алады. Кейбір оқушылар бұлшық ет талшығының құрылысын тереңдетіп оқи алады. |
||||||
|
Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? |
Жеке және топтық жұмыс арқылы Зертханалық жұмысты орындау бойынша Түрткі сұрақтар арқылы. Ауызша жауаптары арқылы |
||||||
|
Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері |
Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Микроскоппен ұқыпты жұмыс істеу; жұмыс тәртібіне жауапкершілікпен қарай отырып, үлкейтіп көрсетуге ауыстырғанда микроскопты сындырып алмау үшін бұрандамен ұқыпты жұмыс жасау. Өткір құралдармен, сапты инемен жұмыс істеу кезінде жарақат алып қалмас үшін бұл құрал-жабдықтардың кесетін және түйрейтін бөліктерін өзіңе қарай бағыттамау. Оқушы өз денсаулығы мен ортасына сақтықпен қарауы қажет. |
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген