400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бұлттарға айтыңдаршы құстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған жер туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бұлттарға айтыңдаршы құстар


Өмір деген – теңдессіз ұлы сынақ,

Жалған дүние алдайды жылы ұшырап.

Сенің өзің қалаған тағдырыңды.

Өкінбестей өткізгін дұрысырақ.


Құс ұшқан биіктен жерге қарасақ, - қайнаған өмір.

Иә, өмір - өзен, тоқтаусыз, өлшеусіз...

Бір шомылған суыңа қайта айналып шомыла алмайтын үздіксіз қозғалыс.

Теңіз тамшыдан құралады. Десек, сол теңіздей өмірдің өте кішкентай бөлігі яғни тамшысы – мен ...

Қазіргі таңда ғылым мен техника барынша қарыштап дамып келеді. Сол дамыған ғасырда өмір сүру біз үшін әрі бақыт, әрі қорқыныш.

Өйткені, өркениеті дамыған тәуелсіз елдің – тәуелсіз ұрпақтарымыз. 25 жылдық тәуелсіз тарихы бар қазақ елі бұған дейін қанша қиындықты басынан өткерді.

Өткен өтті...

Бұл күндерде еңсесін тіктеп енді ғана күн санап дамып келе жатқан елде судың да сұрауы бар екенін білмей, білгісі келсе де мойындамай жүргендер қаншама...

Жомарт табиғат, жер ана барын беруде бірақ, соған лайықты іс жасап отырмыз ба? ...

Осы сауал мені көп ойландырады.

Менің туған ауылым – табиғаты тамаша, ауасы таза көкжелекті көрікті өлке. Ол – Түлкібас ауданының, Шарафкент ауылы. Ауылымның көркіне көрік қосқан қос өзен: Балықты мен Арыс.

Арыс өзені Ақсу Жабағылы қорығынан бастау алып жолындағы елді мекендерді аралап қоқыс жинап келеді сол себепті де суы жылы болғанымен, тазалығы сын көтермейді.

Ал біздің Балықты өзенін айтар болсам, мақтауға сөз жетпес. Жер астынан қайнап шығып жатқан ұлы қайнар, суы тұнық дертке шипа суы бал. Айналасын тау көмкерген суы салқын бастау басы – елдің демалыс орнына айналған сұлу мекен.

Сол сұлулықты қолмен құртып жатқан жоқпыз ба?

Ойланып қарасақ, көшеде қаптаған машина, әуеде ұшқан зымыран бәрі-бәрі аспан әлемін өзгеріске ұшыратып экологиялық апат әкеліп жатыр емес пе? Қарапайым ғана мысал ауылдағы әрбір үйден шыққан қоқыс ен далада шашылса, полиэтилен қалташаларды өртесең ауаны ластайды, жерге көмсең шірімейді. Сондай-ақ балалар жеген балмұздақтар, тәттілер қабықтары, ішкен сусын құтылары сұлу даланың сәнін кетіріп-ақ тұр.

Соңғы екі жылда ауа райының әсерінен жеміс-жидек көкөніс көп өнім бермей отыр. Оның себебі өрік, жаңғақ, алма, жалпы жеміс ағаштары гүлдеген сәтте табиғат тосын мінезін көрсетіп үсітіп жіберіп жатыр. Ол да болса, Табиғат-Ананың ашуы деп білемін. " Таза болса табиғат, Аман болар адамзат " дей отырып, болашақта табиғатқа жанашыр болуды қолға алып, әрбір адам өз ісіне жауап берсе екен деймін.

Құстар бұлттарға айтыңдаршы адамзаттың қолынан келген жаманшылықты жай ғана бүркемей түзу жолға бұрыңдаршы. Табиғат-Ананы райынан қайтарып, қажеттті кезде жауыныңды жаудырып жерге көрік беріңдерші.

Біз –Тәуелсіз елдің тірегі, болашағы – балалар, бұлт баспаған бейбіт күнді, ашық аспанды қалаймыз.

Түйіндей келе, құс ұшқан биіктен жерге қарай отырып, туған өлкемнің табиғатын сақтап, орын алып отырған келеңсіздіктерге жол бермеуді және XXI ғасырда өмір сүріп отырған біздер бейбіт елдің ұландары екенімізді мақтана айтып, тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына өз үлесімді қосқым келді.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қазан
797
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі