15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бұқар жырау (ХYІІІ ғасыр) « Батырың өтті Бөгенбай » толғауы
Мектеп: «Тарбағатай ЖББОМ»КММ Күні:16.01.2018 жыл Мұғалімнің аты-жөні:Узбекова А. Сынып: 9 «А» Қатысқандар саны: Қатыспағандар: |
|||
Сабақтың тақырыбы |
Бұқар жырау (ХYІІІ ғасыр) « Батырың өтті Бөгенбай » толғауы |
||
Сабақ мақсаты |
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырады, заманауилығына , тарихи құндылығына баға беру. Толғаудан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданып эссе жазу. |
||
Бағалау критерийі |
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып ,тарихи құндылығын бағалай алады.Шығармашылықпен жұмыс жасап эссе жазады |
||
Құндылықтарды дарыту |
Жауапты азаматтық позиция |
||
Пәнаралық байланыс |
Бұқар жырау толғауының идеясы мен маңызын анықтағанда тарих пәнімен байланыс болады. |
||
Бастапқы білім
|
Алдыңғы сабақта оқушылар Бұқар жыраудың өмірі мен толғаулары туралы ондағы көтерілген мәселе туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|
Сабақтың басы
1 минут
2 минут
7 минут
3 минут |
Хан сарайында жұмыс жасаймыз. 1. «Логика қайда?» әдісі Миға шабуыл Жошы хан ,құлан, домбыра суреттері проектордан көрсетіледі осы суреттерге ортақ тақырыпты табуға тапсырма беріледі. Бүгін оқылатын шығарманың тақырыбын тапқызу. 2«Бірлік шеңбері» Қызығушылығын ояту. ортаға шеңбер жасап , қол ұстасып Бұқардың толғауынан үзінді оқып, зор қызығушылықпен бірлікте жұмыс жасауға жұмылдыру. Əлемді түгел көрсе де, Алтын үйге кірсе де, Аспанда жұлдыз аралап, Ай нұрын ұстап мінсе де, Қызыққа тоймас адамзат! Ілімді түгел білсе де, Қызығын қолмен бөлсе де. Қызықты күні қырындап, Қисынсыз күйге түссе де, Өмірге тоймас адамзат! 3. «Аса таяқ» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу жасау. Шарты:Таяқты ортада бір оқушы ұстап тұрып , жерге тарс еткізіп өткен тақырыптардан сұрақ қояды. Келесі оқушы таяқты құлатпай ұстап алып сұраққа жауап береді. 4.Топқа бөліну 1-топ.Жыраулар тобы 2-топ.Батырлар тобы 3-топ. Хандар тобы «Тұмар тағу» салт-дәстүрі.Топтарға жұмысына сәттілік тілеп тұмар тағу. Мұғалім бағалауы сол тұмарды сәндеп, әсемдеуге үкі тарту арқылы жүргізіледі . Әр жауап үкімен бағаланады. «Естірту» дәстүрі көркем сөз үйірмесінің мүшесі Барлықбаев Сұңқар « Батырың өтті Бөгенбай » толғауын оқиды.
|
|
|
Сабақтың ортасы
15 минут
7 минут |
1-жарлық Шығарма құндылығын тауып бағала. 2-жарлық Шығармадағы маңызды деректерді тап. 3-жарлық.Шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын жазып баға бер! 4-жарлық.Шығарманы осы тақырыптас басқа шығармамен салыстыр. 5-жарлық.Толғаудың тақырыбы мен идеясын ашыңдар! .
Бағалау критерийі: 1. Шығарма құндылығын табады. 2. Шығармадағы маңызды деректерді табады. 3.Шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығына баға береді. 4.Шығарманы осы тақырыптас басқа шығармамен салыстырады. 5.Толғаудың тақырыбы мен идеясын ашады. 6.Топтың талдауын топ көшбасшысы таныстырады.
2. «Болашаққа хат» әдісі. Ұялы телефонымызға хабарлама келді. Ашып қараңдар. Келген сұрақтарға жауап бере отырып, тақырыпты ашатын шағын эссені топ болып жазу. 1.Абылай ханға Бөгенбай өлімі қалай әсер етті? 2.Бөгенбайдың Абылай ханға, еліне тигізген пайдасы қандай? 3.Бұқар жырау Бөгенбайдың Абылай үшін дара тұлға екенін қалай жеткізді?
|
|
|
Сабақтың соңы
5 минут
|
Бағалау «Ақ үй аманат» бағалау әдісі топтар өзара бағалау жүргізіп, кем тұстарын артық жақтарын айтып бұрынғы ескі дәстүрді еске түсіреді. Топтар бір-біріне аманаттап үй береді.
Кері байланыс: Оқушылар «Пайдалы үш нәрсе» тәсілі арқылы өзін-өзі бағалап, тексереді.
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген