15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Бұқар жырау Қалқаманұлы.Бұқар-жырау, көрнекті қайраткер.
Тексерілді..................................
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім: Касимова А.А. |
Уақыты: |
Кабинет |
|
Сабақтың атауы Мақсаты |
Бұқар жырау Қалқаманұлы.Бұқар-жырау, көрнекті қайраткер. Жаңа сабақты түсіндірру |
|||
Көрнекілігі |
Әдебиет оқулығы |
|||
Топқа бөлу |
Пазл арқылы топтарға бөлу |
|||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Мейірімділік»
тренингі. |
|||
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
«Иә»,
«Жоқ» стратегиясы |
Оқушылар өз ойларымен бөліседі |
||
Мағынаны тану |
Бұқар
жырау Қалқаманұлы (1693, бұрынғы Баянауыл,
Далба тауы бойында – 1787, сонда) - әйгілі
жырау. Абылай ханның ақылшы - биі, абыз.
Жұрт оны «Көмекей әулие» деп атаған.
Сөйлегенде үнемі қара сөзбен емес,
көмекейі бүлкілдеп, түйдек - түйдек
жырмен сөйлейтін болған. Көбіне Абылай
ханның «сәуе айтшы» деген өтініш,
тілегімен түсін болжап, онысы дәлме
- дәл келіп отырған. Әкесі Қалқаман
батыр болған. Бұқар жыраудың өзінен
Ақдербіс, Жарылғап, Жанта есімді үш
ұл тараған. Ол өзінің ұзақ ғұмырында
талай - талай тарихи оқиғаларды басынан
өткізген. «Ақтабан шұбырынды» заманында
тәуелсіздік пен ел бірлігін сақтауда
айрықша күш жұмсаған. Ол Абылай ханға
үлкен үміт артып, оның ел басқарудағы
саясаты мен жорықтарын қолдаған. |
|||
Ой толғаныс |
Екі жақты күнделік
Кітапта жазылған
Менің ойым
|
|||
Бағалау |
Бағалау парақшаларымен жұмыс |
|||
Үйге тапсырма |
Мәліметтер жинақтау |
|||
Тексерілді..................................
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім: Касимова А.А. |
Уақыты: |
Кабинет |
|
Сабақтың атауы |
Бұқар жырау толғаулары |
|||
Мақсаты |
Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру; |
|||
Топқа бөлу |
Пазл арқылы топтарға бөлу |
|||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Сәлемдеме хат» жаттығуы Мақсаты: жағымды көңіл-күй, топ ұйымшылдығын арттыру, симпатия сезімін дамыту. Нұсқау: мен сіздерден өз сәлемдемелеріңізді параққа жазып, мына тақташаның үстіне қоюларыңызды сұраймын. Ал енді бұларды араластырамын.Сіздер оны қайтадан алып, өзіңізге келген сәлемдемені оқисыздар. Қаласаңыз осы кездесудің естелігі ретінде өзіңізде қалдырасыз. |
|||
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
«Жыраулар» туралы не білеміз? |
Таныстырылымды тамашалайды, әңгімелеседі |
||
Мағынаны тану |
Толғаулары Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, “Қилы заман” толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді: “Күнбатыстан
бір дұшпан, Қазақ
қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын,
дінінің, тілінің, жерінің тозатынын,
қабілетсіздер сұңғылаларды илеп
билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын,
марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін
баяндаған. Бұл “Қилы
заман”
толғауының қалай туындағанын Мәшїүр
Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді.
Абылай хан бір салтанатты күнде ат
үстінде Бұқардан сұраған: “Асан
қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай
басын шортан шалар дегені не тантық,
суда жүрген шортан тауға біткен
қарағайдың басына қайдан шығады. Миға
қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда
Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының
басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне
арта салып, көзіне жас алып; “Әй,
хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек
еді, мен айтпасам керек!”
деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың
небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз
ойластырған Ресей
империясы сахарада
қара шекпенділер мен келімсектерді
түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен,
тұс-тұстан қалалар мен бекіністер
салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы
жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды.
Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап,
абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне
ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау
былайша жоқтап зарлайды: “Өзің
қонған Көкшетау, Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген, көрегендікпен болжай таныған: “Әлемді
түгел көрсе де, Ұлы ойшыл-философ сөзін де, пікірін де ойнатып, жайнатып, етек-жеңі жинақы, ықшам, жүзіктің көзінен өткендей сырлы да сұлу мінсіз түйдек әкелген. “Әлемді түгел көру”, “Аспанда жұлдыз аралап, ай нұрын ұстап міну” деген данышпандық толғамдары есіңді аларлықтай есті сөздер. Бұқар Жырау толғауларының сыртқы сымбаты мен ішкі қасиет-қуатында, көркем ойлау процесінде шиыршық атқан жалынды шешендіктің буы, асқақ қаїармандық рухтың лебі білінеді. Негізінде, толғаудың құрылысы күрделі ой ағымына, пікір еркіндігіне, ауызекі сөйлеу стиліне бағынады. Тармақтар 7 — 8 буынды, ұйқастары еркін. Тегінде, толғау муз. аспаптардың (қобыз яки домбыра) сүйемелдеуімен орандалады. Бұқар Жырау толғауларының поэзиялық сәулеті, ерекше қасиеті және оның сөз қолдану ерекшелігі де өзгеше. Қара суды теріс ағызған Абылай ханды “Ай, Абылай, сен бір он бір жасыңда”, “Күпшек санды күреңді” дейтін толғауларында: “Қара судың бетінде, Шайқалып аққан сең едің… Алтын тонның жеңі едің”, “Алтын тұғыр үстінде, Ақсұңқар құстай түледің…. Бақ үйіне түнедің”, деп “Айбалтасын алтынменен булатқан”, “Періштесін жұрт үстінен дулатқан”, “Жасыл көлге мәслихатқа келтіріп, Зәмзәм суын мыс табаққа толтырған. Қазығын қалайыдан қақтырып, тоқпағын сом алтыннан соқтырып, Нақыра күміш шаптырып…”, “Орындығын оймыштан, Ою нақыш салдырған, Сануылғын сары алтынға малдырған” деген поэзиялық сипаттаулары; ердің ері Бөгембай батырды “Қазақтың қамал қорғанына”, “Бұтақты мүйіз бұғысына” ұқсатуы, жыраулардың пірі өзін “Мен — Арғын деген арыспын, Аузы кере қарыспын. Сен — бұзау терісі шөншіксің, Мен — өгіз терісі талыспын” деген метафоралық салыстырулары яки өзінің образдық көркемдік бейнесін сомдауы келісті кесек, немесе: “Бірі етек, бірі жең болған”, “Найзасының ұшы алтын” тәрізді кестелі, келісті, көркем суретті сөйлемдер жырау поэзиясының муз. архитектоникасын, образдық-бейнелілік табиғатын анықтайды. Осылардың баршасы Бұқар Жыраудың жаратылысы, дүниені, ғаламды жан-жақты ұғып-түсінуден, танып-білуден, “тұрмыс қазанында қайнап піскен”, сөз-ұғымдарды, сөз-образдарды жаңғырта, көркейте түсер шығарымпаздық қабілетінен, филос. көзқарасынан туған деуге болады. Б. ж. поэзиясында ақындық даналықтан, тапқырлықтан нәр алған әсерлі, көркем теңеулер де кездеседі. Мыс., “Ұрғашының жақсысы, Абжыландай есіліп… Бозжорғадай бұлғаңы”; “Ормандай көп Орта жүз”; “Қорғасындай балқыған”; “Киігін қойдай қайырған”; “Құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған”; “Буыршындай тіздесті”; “Ағып жатқан бұлақтай Жарға ойнаған лақтай”; “Ерттеп қойған құр аттай”; “От орындай тұяқтым… Саптыаяқтай еріндім, Сарымсақтай азулым… Кекілін қыздай тараған” және т.с.с. Бұлар ұлттық поэзия тілінің құлпыра түсуіне, сырты сұлу, іші ну оюлы, өрнекті сөздердің молая беруіне жойқын ықпал жасайтындығы даусыз. Бұқар Жырау толғауларының танымдық-эстетикалық мәні, сұлулық әлемі даралық-авторлық айқындаулардан да байқалады. Айталық: “сегіз қиыр шартарап”, “Төсі аршынды сұлу”, “құрсағы жуан боз бие” “алпыс басты ақ орда”, “еңсесі биік кең сарай”, “құбылып тұрған бәйшешек”, “ардақталған сұлулық”, “ойнай басқан аяқтым”, “қиғаш қамыс құлақтым” “Шұбар көсем сары аяқ”, “Қоспақ өркеш сары атан”, “Тостаған көзді торыны” және т.б. Сөз кестесі мен бунақталу тәртібінің әуенін, орайын, шырайын түрлендіріп келтіруде меруерттей мөлтілдеген фразеологиялық оралымдардың бір-бірімен әсем қиысып, табиғи құйылып отыруы — жырау поэзиясының басты ерекшелігі. Мыс., “өкпеңменен қабынба, өтіңменен жарылма”, “омыртқасы үзілген”, “Өлетұғын тай үшін, “Қалатұғын сай үшін”, “Тар құрсағын кеңіткен, Тас емшегін жібіткен”, “Назыменен күйдірген, Құлқыменен сүйдірген” “Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, Қайырусыз жалқы бақтырған, Қалыңсыз қатын құштырған”, “екі қара көзді алар”, “Ауыздағы сөзі алар, Бойыңдағы әлді алар, Бетіндегі нұрды алар, Бойыңдағы шарды алар, Аузыңдағы тісті алар, Қолыңдағы істі алар”, “Еңкейіп орақ орарға, Тоңқайып масақ терерге”, т.б. Бұқар Жырау ой-пікірін, лебізін құйқылжыта, тамылжыта жеткізуде бірінен бірінің артықшылығын, айырмашылығын көрсетуде қарама-қарсы құбылыстарды шендестіре суреттейді: “Айналасын
жер тұтқан, Я болмаса: “Құландар
ойнар қу тақыр, Бұқар Жырау шығармаларында замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл-ой таразысынан өткізілген өмір тәжірибесінің, ұлттық тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы іспетті нақыл-ғибрат сөздер мол. Әсіресе, белгілі бір құбылыстарды, заттар мен нәрселерді тізбелеп, салыстырып айтатын “Қара құлаш жүйрік деп”, “Ежелгі дос жау болмас”, “Бағаналы орда, басты орда”, “Жар басына қонбаңыз”, “Көкте бұлт сөгілсе”, “Алыстан қызыл көрінсе”, “Биік тауға жарасар”, “Қорғанды шаїар қаласын”, “Жал, құйрығы қаба деп”, “Асқар таудың өлгені”, “Ақсаңнан биік тау болмас” секілді термелерінде неше алуан мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді келтіруге болады. Мыс., “Тар
пейілді кеңімес, “Ер
жігітке жарасар, Бұқар Жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері — Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік, Татулық пен Араздық, Достық пен Дұшпандық, Адалдық пен Арамдық, Тектілік пен Азғындық, Тұтастық пен Бірлік. “Бұхарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана, — деп жазады жыраудың тұңғыш библиографы Мәшїүр Жүсіп Көпеев — бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек”. Бұқар Жырау шығармаларының текстологиясы әлі күнге ретке келтірілмеген. Ең қажетті таңдамалы сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер іріктеліп, сұрыпталып алынбаған, дұрыс, түзу, мұқият салыстырулар жүргізілмеген. Бұл — болашақтың ісі. Бұқар Жырау мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде Мәшїүр Жүсіп Көпеев, Қ. Халид, Г.Н. Потанин, Ш.Уәлиханов, Әуезов, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Қ.Мұқаметқанов,М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді. Әдебиеттанушылар Бұқар Жырау толғауларының жазба әдебиетке тән сипат белгілерін атап айтқанда, әлеуметшілдік сарынын, азаматтық нысанасын, сондай-ақ, жыраудың даралық өзгешеліктерін талдаса (Әуезов), екіншілері өмірі мен шығарм-на үңіледі (Мұқанов, Жұмағалиев, Мұқаметқанов, Мағауин), соңғылары жыраудың тілі мен стилін қарастырады (Сыздықова). Сөз жоқ, Бұқартану ілімінің қалыптасуы мен дамуы тарихы бар. Болашақта ұлы жырау мұралары жаңаша көзқарас, дүниетаным тұрғысынан (ислам құндылықтарымен сабақтастығы, мораль философиясы, мемлекет мүддесі, поэтикасы) тексерілуге тиіс |
|||
Ой толғаныс |
|
|||
Бағалау |
Оқушыларға бағалау парақшаларын үлестіру |
|||
Үйге тапсырма |
Жырлар және оның түрлері туралы оқып келу. |
|||
Тексерілді..................................
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім: Касимова А.А. |
Уақыты: |
Кабинет |
|
Сабақтың атауы |
Абылайға арналған жырлары |
|||
Мақсаты |
Бұқар жырау Қалқаманұлының өмірі,шығармаларына тән ел бірлігі мәселесіне тоқталу. Туған жердің тарихын соның ішінде Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Дамытушылық: Оқушылардың қызығушылығын арттыру, өз ойларын жүйелі сөзбен жеткізуге бейімдеу. Ой қозғауға, өз пікірлерін ортаға салуға дағдыландыру. Тәрбиелік: Алты алаштың ардағына айналған батыр бабамыз Абылайды құрметтеуге, елімізге, Елбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлжандылыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдістері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, кубизм, карточкалармен жұмыс |
|||
Көрнекілігі |
Үлестірмелі парақшалар, топтастыру,БББ кестесі |
|||
Топқа бөлу |
Пазл арқылы топтарға бөлу |
|||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Менің кеңістігім» әдістемесі (музыка) Қатысушыларға альбом бетіне дөңгелек және одан басқа дөңгелектерге шапақ шашылып тұрған суретті салу. Ортадағы дөңгелекке «Мен» деп жазу керек, ал басқа планетадағы дөңгелектерге сөйлемдердің соңын жазу керек. Мысалы: Менің сүйікті сабағым... Менің сүйікті тамағым... Менің сүйікті түсім... Менің сүйікті жыл мезгілім... Менің ең жақсы досым... |
|||
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
1.Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмаларын тексеру 1.Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер? 2.Орыс зерттеушілерінің Қазақстан туралы еңбектері? 3.ХҮІІІ ғ. суырыпсалма қазақ ақын – жыраулары мен әншілерінің есімдерін атаңдар. 4.Шежіренің қазақ қоғамындағы атқарған қызметі туралы әңгімелеп беріңдер. 5.Тарихи әңгімелердің өзіндік ерекшеліктері қандай? 2.Ерлік, батылдық, достық, адалдық, туған жер, ерлік жайында мақал- мәтелдер айту. |
|||
Мағынаны тану |
Кіріспе сөз. ә)«ХVIII ғасырдағы тарихи жағдай» сергіту сәті. «Көшпенділер» фильмінен үзінді. 1. 1723 жылы - Жоңғар қалмақтары қазақ жеріне ұрыс бастайды. 2.
1726 жылы - Бұланты өзенінің бойында
болған шайқаста қалмақтар жеңіледі. Сонымен
Абылай хан XVIII ғасырдың 30 жылдары
ішінде Қазақ хандығын басқарған
мемлекет қайраткері, халықаралық
саясатта дипломат. Жыраудың сөздері тұнып тұрған ақыл, өнегелі, ғибратты сөздер. «Ай не болар күннен соң», «Ежелгі дос жау болмас», «Жар басына қонбаңыз», «Жарқ – жарқ еткен жайда бар», т.б. Биік тауға жарасар «Асқар таудың өлгені» дегең өлеңінде жырау «өлмегенде не өлмейді?» сұрағына «жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», – деп жауап беріп, бүкіл ой – білімін, талант – дарынын, өмірін, адамзаттың асыл арманы үшін сарп еткен адамдардың есімі де, олардың артына қалдырған аталы сөздері де ғасырларға кете береді деген түйін жасайды. Адам өмірінің кезең – кезеңдері туралы толғауларының да ғибраты мол. Бұл тақырыптағы өлеңдеріне «Жиырма жасыңда», «Ей Абылай, сен он бір жасыңда» т.б.жатқызуға болады. Адамзаттың жас кезінен бастап қартайған шағына дейінгі өмірін суреттейді. Сонымен бірге елді бірлікке шақыру идеясы да аңғарылады. Ел бірлігін сақтап қалу үшін не керек екенің анық айтып береді. Ел бірлігі болса, алынбайтың қамал жоқ екеніне көз жеткізеді. «Абылай есімімен байланысты өлендерінен де ел бірлігін көздеген ойымен қатар, ханға айтқан ақылын, ханның ел басқарудағы жақсы істерін жырлағаның көреміз. Қырық беске келгенде, Жақсы мен жаман демедің Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының Атының басын бір кезеңге тіредің,- дейді. Абылайды Абылай еткен, оған бақ – абырай әперген, бір жағынан, «елдігі болса», екіншіден «бар күшін қазақтың абыройы мен ары үшін сарп етіп» ел қамын ойлаған қаһарлы батырлары еді деген әділ пікір айтқан. Абылайға көп өлеңдер арналуының бір себебі – қазақ елін хан айналасына топтастыру еді. Алайда, жырау ханның барлық іс-әрекет, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қостай бермеген. Үлкен мәні бар әлеуметтік мәселелер төңірегіндегі келелі кеңеске көнбеген тұста ол ханды аяусыз сынап, ашы шындықты бетке айтып отырған, Бұл тұста біз жыраудың көрші орыс елімен соғысуды ойлаған Абылайға тоқтау айтып, болашағы зор елмен тату-дос болуға шақырғанын көреміз. Жалпы, жыраудың толғауларын бірінен – бірін бөліп қарау мүмкін емес. Себебі, әр өлеңінде тақырып пен идея ел бірлігі, татулығын дәріптей келіп, бір-бірімен сабақтасып жатқан үлгі өнегеге толы жырлар екенін көреміз..Оның «Абылай ханның қасында», «Ал, тілімді алмасаң», «Ай, Абылай, Абылай», «Қазақтың ханы Абылай», «Ханға жауап айтпасам», «Басыңа біткен күніңіз», «Ай, Абылай, сен он бір жасыңда», «Ал, айтамын, айтамын» атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталған. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасаған. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлаған. Жыраудың толғауларынан асқақ қаһармандық рухтың лебі білінеді. 2. Сөздікпен жұмыс: Жырау - өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Сәуегейшілік, батагөйшілдік, түс көру, ырым айту, табиғат құбылыстарына болжамдар жасау. Абыз – ғұлама, әулие, көріпкел адам. Тайпа, ұлыс өміріне, ел басқару ісіне, жорық жасау мәселесіне араласып отырған саяси тұлға. Боғдыхан - Қытай императорының моңғол тіліндегі атауы. Стелла – ескерткіш құлпытас. Шежіре – қазақтардың генеологиялық кестесі. Ақын - өз жанынан өлең шығаратын сөз шебері
1.(жасыл түс жағы) Абылай – қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. 2.(қызыл түс жағы) Абылайдың ішкі саясаты. 3.(көк түс жағы) Абылайдың Ресеймен қарым –қатынасы. 4.(сары түс жағы) Қазақ – жоңғар қатынастыр 5.(қара түс жағы) Абылайдың қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі. 6.(қоңыр түс жағы) Абылайдың қазақ тарихында алатын орны б) Рефлексия. РАФТ әдісі. Рөл ретінде мұғалім тақырып айтады. «Бұхар жырау Абылай хан туралы не білдік ?» Аудитория-(тақырыпқа байланысты мінездеме беріледі) Бұқар жырау Ақылгөй адам Философ Терең ойлы адам Көрнекті ақын Шешен Кеңесші Жырау Өткір сыншы Абылай хан Батыл Ер жүрек Батыр Хан Мәмлегер Күйші Қолбасшы Сұлтан Қайраткер Адал Сабалақ Күйші Форма - көне шындыққа жаңа көзқарас. Бұхар жыраудың есімімен Қарағанды облысының бір ауданы аталған. Қарағанды қаласында Бұхар жырауға арналған ескерткіш қойылған. 2003 жылы 11 маусымында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің алдындағы алаңда қолдан бюст-ескерткіші ашылды. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991 жылы Алматының басты даңғылдарының біріне Абылай есімі беріліп, темір жол вокзалының алдына ат үстіндегі ескерткіші орнатылды. Хан ескерткіші Жезқазған, Павлодар қалаларында да бар. Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылайдың өмір жолына арналған «Көшенділер» фильмі түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен Петропавлда «Абылай хан ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. Оның есімі Алматыдағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне берілген. Тақырып-ой-толғаныс кезеңі.(оқушылардың пікірі) Сабақты түсінгендігін тексеру сұрақтары: 1.Жырау толғауларындағы негізгі тақырып пен идея қандай? 2.Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған жыршыларды атаңдар. 3.Ақын толғауларында қандай әлеуметтік мәселелер көтерілген? 4.Ақын толғауында Абылай бейнесі қалай суреттелген? 5.Абылай кімдердің ақылына жүгінген? 6.Абылай ханның күйлерін атаңдар. 7.Абылайдың қазақ хандығын нығайтудағы еңбегі қандай болды? |
|||
Ой толғаныс |
Бекіту тұжырымдамасы: Абылай хан туралы көптеген дастандар, аңыз-әңгімелер, өлең–жырлар, тарихи деректер мен зерттеулер бар. Абылай ханды еске алғанда біз оны батыр, Орта жүздің сұлтаны, сосын Орта жүз және де бүкіл қазақ халқын біріктіріп, қазақ хандығын біртұтас мемлекет ретінде сақтап қалып, оның Ұлы ханы болып, өзіне қазақтың барлық хандары мен билерін–сұлтандарын бағындыра алғанын және де саяси қайраткер, ақылды қолбасшы, дарынды мәлімгер, күйші екенін айтқанымыз жөн. Абылай хан бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы, егемендігі үшін арнады. Бұқар жырау шығармаларынан ел бірлігін көздеген сұңғылалықты, татулықты аңсаған ақыл иесі екенін білдік. Жырау өз жырына заманның түрлері құбылыстарын жақсы мен жаман, достық, адалдық, мейірімділік т.б. жайындағы ойды да арқау еткен. Абылай образын ашуда да үлесі зор. Бұқар жырау жырлаған Абылайдай бабамызды ешқашан ұмытпай, есте ұстайық, аруағына бас иейік! Ұлы бабаларымыздың аманатын ұрпақтары орындады, ел билігін бекем ұстаған Елбасымыз бар. Ендеше, тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын бола берсін, көк байрағымыз желбірей берсін деген ақ тілекпен сабағымызды қортындылайық.
|
Оқушылар тапсырмаларды орындайды. Қорғайды. Талдайды. БББ кестесін толтыру |
||
Бағалау |
Бағалау парақшасын толтыру |
|||
Үйге тапсырма |
Мазмұндау |
|||
Тексерілді..................................
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім: Касимова А.А. |
Уақыты: |
Кабинет |
|
Сабақтың атауы |
Шал ақын(Тілеуке Құлекеұлы)(XVIII-XIX ғасыр) |
|||
Мақсаты |
Жаңа сабақты түсіндіру |
|||
Топқа бөлу |
Асықтар арқылы топтарға бөлу |
|||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Поезд»жаттығуы Ойын ортада жүргізіледі. 1, 2-ге саналып шығуымыз керек. 1-номердегілер қолдарын 1-рет соғып,аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылтады. Қозғалыс, қимылдар осылай қайталана береді, яғни поез жүру дыбысы естіледі. |
|||
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
Кесте бойынша әңгіме жүргізу |
Оқушылар сурет бойынша әңгімелеседі. Ортақ ойды табады. |
||
Мағынаны тану |
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы, Шал ақын (1748, бұрынғы Көкшетау облысы Азат темір жол бекеті – 1819, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағы) — қазақтың төкпе ақыны. Әкесі Құлеке батыр Абылай ханның жақын серігі болған. Шалдың өлең, жырларынан өз дәуірінің өмір көріністері айқын аңғарылады. Бұлардың бәрінде дерлік жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, ынсап пен тойымсыздық, ақылдылық пен аңғалдық, ізгілік пен надандық, байлық пен кедейлік тәрізді кереғар жайттар кең қамтылып сөз болады («Ата-ананың кадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» тағы басқа).[1] Шалдың енді бір алуан жырларында жас пен кәрі сипаттарынан тыс, моралдық, этикалық қатынастарда ұтымды бейнеленеді («Кәрілік туралы», «Жастықты көксегені», «Он бес деген жасым-ай», «Елу ердің жасы екен», «Жаманға дәулет бітсе ауа айналар», «Екі арыстан жабылса дәуді өлтірер», «Айтайын бір аз кеңес» тағы басқа)- Шал кезінде ел өмірінде елеулі орын алған айтыс-кағыстарға қатысып отырған. Бұлардан оның ұшқыр киялды тапқырлығы мен от ауызды, орақ тілді алғырлығы да мол көрінеді («Шал мен қыз», «Бәйбіше мен Шал», «Шал мен жігіт», «Шал мен келіншектер» тағы басқа). Бір топ жырлары «XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (1962 ж.), «Үш ғасыр жырлайды» (1965 ж.), «Алдаспан» (1971 ж.), «ХV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982 ж.), «Бес ғасыр жырлайды» (1984 ж.) жинақтарына енді. [2] Суырып салма ақындық таланты 15 жасында оны даңққа бөлеп, сол кездің өзінде халық Шал ақын ауылы (кәрі, дана) деп атаған. Оның шығармашылық таланты бүкіл Сарыарқаға кеңінен жайылды. Ақын адамгершілік үшін күресіп, қоғамдағы әділетсіздіктерді шындық тұрғысынан айтып, сынады. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Шал мен Күлтімжан қыз», «Жігіт пен шал», «Шал мен кемпір» шағын айтыстары мен «Ата-ананың қадірін», «Жігіт туралы», «Жігіттің өзін білем дегені», «Әйел сыны», «Қыздар туралы» және басқа өлеңдері сақталған. Шал ақынның көптеген шығармалары, соның ішінде тарихи аңыздар мен әңгімелерге бай қазақ халқының шығу тегі жөніндегі эпикалық шығармасы сақталмаған. Шал ақынның белгілі өлеңдері 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап баспа бетінде жарық көрді, жеке шығармалары орыс тіліне аударылды.[3] Есімі Солтүстік Қазақстан облысының аудандарының біріне берілген. Шал ақын қазақ халқының аса бір ерекше құндылығы - перзенті де сөз етіп, жырлайды, табиғат құбылыстарымен салыстырады: жер-боз, қой-қозы, ағаш-жапырақ, құс-жұмыртқа, тау-бұлақ, ешкі-лақ, көл жағады жасыл құрақ. Бұл табиғаттағы келісімділік адам өмірінде де болу керек екенін айтып, өзінің перзентсіз болғанын зарлы түрде жырлайды: "Бір жаратқан пенденмің, Перзент үшін жылаттың. Балалы арқар маңырайды, Баласыз арқар зарлайды, Балалыны көргенде Екі көзім жайнайды, Ішім оттай қайнайды!"
Ата менен ананды құрметтесең, Мекке болып табылар үйдің іші (128б). Жас ұрпақ ата-анасын тыңдап өссе, ел азбайды. Ұрпақ ұштастығы – халықтың дәстүрлі құндылығы. Шал ақынның бір сөзінде осы құндылықтың мазмұны былай ашылған: Жетесіз туған жігіттер Жиырма бесте жас болар. (130б) Жетесі жаман бозбала Тоқсандағы шалмен тең (138б) |
|||
Ой толғаныс |
Шал ақынның қандай шығармаларын білесіңдер? |
Оқушылар сұрақтарға жауап ретінде шағын жобалар жасайды. |
||
Бағалау |
Бағалау парақшаларын тарату |
|||
Үйге тапсырма |
Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау |
|||
Тексерілді..................................
Қазақ әдебиеті |
Мұғалім:Касимова А.А. |
Уақыты: |
Кабинет |
|
Сабақтың атауы |
Ұлт-азаттық көтерілістерінің белең алуы |
|||
Мақсаты |
Оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру |
|||
Топқа бөлу |
Шарлар арқылы топтарға бөлу |
|||
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
«Біздің топтың жүрегі» жаттығуы Мақсаты: эмпатия сезімін, сенімділікті, ұйымшылджықты дамыту. Мына үлкен ақ жүрекке назар аударыңыздар. Ол тірі емес дүрсілдемейді. Біз қазір оған жан береміз.Ол үшін кішкене жүрекшелерге осы топ қатысушыларына арналған тілек жазамыз. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тіріліп келеді. Бұл біздің тренингтің жүрегі үнемі дүрсілдеп тұрады. |
|||
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
||
Үй тапсырмасын сұрау Қызығушылықты ояту |
Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы, Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі сұлтандарының бірі Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып, хандық биліктің әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды. Сондықтан отаршылдықка қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі көтерілістерге Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер, батырлар басшылық етті.
|
|||
Мағынаны тану |
Көтерілістің шығу себебі Көтерілістің шығу себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды. Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай менЖетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды. Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды. Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады. 1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді. Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады. 1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық–зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді. Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді. Дүниежүзілік империалистік соғыс елде өнеркәсіптің қирауына, ауыл шаруашылығының тоқырауына (дағдарысына), халық арасындағы аштыққа алып келді. Жергілікті жерлерде шенеуніктер мен әкімшіліктердің зорлап алымсалық жинауы өсті, халықтар арасындағы ұлттық бөлунішілік күшейді. Қазақ даласында жалпы ұлттық дағдарыспісіп жетілді. Соғыс ауртпалығы Қазақстанда жұмысшылар мен шаруалар қозғалысының өуіне түрткі болды. 1915 жылы маусым айында Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кен руднитінде, Орынбор –Ташкент темір жолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. Соғысқа қарсы, қымбатшылыққа және етек алып келе жатқан аштыққа қарсы қалалар мен деревняларда қала кедейлері мен майданға кеткен солдаттардың әйелдері ереуілге шықты. 1916 жылы қаңтар айында мұндай тоқулар Верный, Семей қалаларында болды. |
|||
Ой толғаныс |
Әр топқа тапсырмалар таратылады.Ойлануға 2 минут уақыт беріледі. |
|||
Бағалау |
Бағалау парақшаларымен жұмыс |
|||
Үйге тапсырма |
Мазмұндау |
|||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген