2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / "Бұртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша есеп

"Бұртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие саласы бойынша есеп
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Жетісу облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында

I жартыжылдықта атқарылған іс- шаралардың есебі


2024-2025 оқу жылының І жартыжылдықтағы тәрбие жұмысы

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.

.

І жартыжылыдық тәрбие жұмысын жоспарлау әр айдың тақырыптық бағыттары бойынша жүзеге асырылды.

Оқу тәрбие процесінде білім алушыларды құндылықтарды қалыптастыру кешенді жұмыс күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтыды. Күн сайын «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» (үзіліс кезіндегі ұлттық ойындар. «Өнегелі 15 минут» (өзекті адамгершілік тақырыбында әңгімелесу),

Апта сайын «Менің Қазақстаным» (ҚР Әнұранын орындау), Апта дәйексөздері, Қауіпсіздік сабақтары сынып сағаты шеңберінде өткізілді.

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жылдық жоспарына сай өткізілген шараларға шараларды айтатын болсам:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы

Білім күніне арналған «Мектебім-мейірім мекені» тақырыбындағы салтанатты жиын және «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Қыркүйек айының 1аптасында «Қазақстан халқы тілдері» мерекесіне орай өткізілген «Тіл – достық дәнекері» атты тілдер апталығы өткізілді.

Мектеп кітапханашысы С.Ж. Қуатова «Тілдер әлемінде» тақырыбына

1-11 сыныптар арасында  көрме өткізді.

Жоспар бойынша қазақ тілі пәнінің мұғалімдері 8 – 9 сынып оқушылары арасында «Тіл – ең асыл құндылық» тақырыбында шығарма байқауын өткізді. Шығарма қорытындысы жарияланып, үздік оқушылар марапатталды.

6 қыркүйек күні 9-10 сыныптар аралығында педагог ұйымдастырушы

Г.А. Нургалиева «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» тақырыбында челлендж өткізді.

9 қыркүйек күні бастауыш сынып пәні мұғалімі С.Т. Муканова 2-4сыныптар аралығында «Тіл-халық мұрасы» тақырыбында интеллектуалды ойындар өткізді.

11 қыркүйек күні тарих пәнінің мұғалімі Ш.А. Рахметованың ұйымдастыруымен «Алаш зиялылары және қазақ тілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Қыркүйек айының 11-і күні қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н.С. Тұрарбекова 5 - 8 сынып оқушылары арасында «Туған тілім-тірлгімнің айғағы» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысын өткізді

Қыркүйек айының 12-сі күні бірлестік жетекшісі А.К.Абугалиеваның ұйымдастыруымен «Тіл жанашыры» апталықтың жабылу шарасы өтті.

Іс-шараға қатысқан барлық оқушыларды марапатталып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Сондай-ақ АПҚО аясында: «Ата-ананың мектептегі бір күні» жалпы мектепішілік жиналыс өткізілді. Жиналысқа 1-11сыныптың ата-аналары қатысты.(47 ата-ана) Жиналыс барысында мектеп формасы туралы, ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының нұсқаулығымен ондағы тақырыптардың өзгеру туралы талқыланып, таныстырылды.

Сонымен қатар «Аналар мектебі» ,«Әкелер мектебі» жобасы құрылып, жұмыстар атқарылуда.

Сондай -ақ АПҚО аясындағы қыркүйек айындағы сабақтары өткізіліп, әлеуметтік желіге жарияланды.

Қыркүйек айында мектеп психологы Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу бойынша сауалнама жүргізіп, мониторингі жасалды.

Қауіпсіздікке байланысты «Жол қауіпсіздігі ережелері» 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Алдын алу шаралары бойынша «Буллингтен қорған». 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттары жоспарға сай өткізіліп, әлеуметтік желіге салынды.

Қыркүйек айының 3 аптасында жоспарға сай ДТІЖО ұйымдастырумен 1-11сыныптар арасында «Қазіргі әлемдегі цифрлық сауаттылық» үгіт-насихат акциясын өткізді. Қыркүйек айының 4-аптасында сынып жетекшілері «Еңбек түбі береке» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізді.

Қыркүйек айының 4 аптасында жылдық жоспарға сай АПҚО аясында: сынып жетекшілері «Ананың аялы алақаны» тақырыбында 1-4 сыныптар аралығында челлендж өткізді.

Сондай-ақ педагог ұйымдастырушы Г.Нургалиева «Мектеп президентін сайлау», «Еріктілер ұйымын құру» туралы ашық айлау өткізіп, әлеуметтік желіге жариялады.

Қыркүйек айының 5 апатсында Мұғалімдер күніне орай: «Ұстаз! Сіздің алдыңызда...!» тақырыбында іс-шаралар жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Өзін-өзі басқару ұйымы Шабыт жобасы аясында: мұғалімдер күніне орай «Даналық ұстаздан» дублер күні өткізді. Ұстаздар күніне орай 1-11 сыныптар арасында мектепшілік іс-шара өткізілді

Қазан айы – Тәуелсіздік және отаншылдық айы:

Қазан айының 1аптасында Қамқор жобасы аясында: Қарттар күніне орай

7-10 сыныптар арасында «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет, қайырымдылық акция ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шара әлеуметтік желге салынды.

Қазан айының 2 аптасында қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Н.С.Тұрарбекова, Г.А. Ерболаева Мемлекет және қоғам қайраткері «Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл» 5-11сыныптар арасында әдеби кеш ұйымдастырылып өткізілді. Өткізлген шаралар әлеуметтік желіге салынып, жарияланды.

Сынып жетекшілері Алдын алу шаралары: «Қоғамдық мүлікке азаматтық жауапкершілік!» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттарын өткізді. Сондай-ақ ДТІЖО А.Н.Есенбекова Алдын алу шаралары: «Ойынға салауатты көзқарас», «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам».

5-9 сыныптар аралығында дөңгелек үстел өткізді.

Қазан айының 3 аптасында Республика күніне орай іс-шаралар жоспары құрылып мектеп директорымен бекітілді. Жоспар аясында сынып жетекшілері «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!» тақырыбында

1-11сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізді.

«Республикам – мақтанышым!» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында мектепшілік іс-шара өткізіліп әлеуметтік желіге салынды.

Қараша – әділдік және жауапкершілік айы

Қараша айының 1аптасында сынып жетекшілері «Адал азамат – Адал еңбек – Адал – табыс» тақырыбында 1-11 сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізді.

Қараша айының 2-аптасында сынып жетекшілері «15 қараша – Ұлттық валюта – теңге күні» 1-11 сынып сағаттарын өткізді.

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту.

Сонымен қатар жылдық жоспарға сай Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында: 1-4 сыныптың жетекшілері А.А. Бегалина, С.Т. Муканова

«Күзгі асар» жәрмеңкесін өткізді.

Кешенді жоспар аясында ДТІЖО 9-10 сыныптар арасында Сыбайлас жемқорлық – барша қоғамның жауы» тақырбында ұшқыр ой алаңы зияткерлік ойынын өткізді.

Мақсаты: Қоғамның әр-түрлі орталарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу, профилактикалық жұмыстарын насихаттау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, құқықтық мағлұмат беру,білімдерін дағдыландыру; саяси өмірден хабардар жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, шәкірттердің еркін сөйлеуіне, қоғамға деген өз ой - пікірлерімен санасуға жағдай жасау, ҚР-на адал қызмет етуге, Ата заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Кешенді жоспар аясында

Қараша айының 3 аптасында Дүниежүзілік балалар күніне орай: 5-11сыныптар арасында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалар құқығының қорғалуы бойынша сауалнама, педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, іс-шаралар ұйымдастыру» туралы іс-шара жоспары құрылып,мектеп директорымен бекітілді. Іс-шаралар жоспарға сай өткізілді әлеуметтік желіге салынды. ДТІЖО А.Н. Есенбекова, пед ұйымдастырушы Г.А. Нургалиеваның ұйымдастыруымен 5-11сыныптар арасында «Кәмелетке жасы толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, жыныстық тиіспеушілік, нашақорлықтың алдын алу шаралары қыздар, ұлдар ұйымы жиналысы» өткізілді. Жиналысқа округтік арнайым мамандар қонгаққа шақырылды. Іс-шара әлеуметтік желіге салынды.

Терроризм және діни экстремизмге қарсы іс қимыл: сынып жетекшілері «Діннен адастырар теріс ағым» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында сынып сағаттарын өткізді.

Апта сайын лездеме өткізіліп, тәрбие бағыты бойынша ақпараттар айтылып, дәйексөздерге тоқталып, оқушылардан әр лездемеде сұрап, марапттар беріледі.

Қараша айының 3 аптасында сынып жетекшілері Алдын алу шаралары: «Буллингтен қорған!» тақырыбында 1-11 сыныптар аралығында сынып сағаттарын өткізді.

Қараша айының 4 аптасында сынып жетекшілері «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» 1- 4 сыныптар аралығында біріңғай сынып сағаттарын өткізді. Сондай-ақ жылдық жоспарға сай ДТІЖО А.Н. Есенбекова «Қазақ классигі, драматург Бейімбет Майлиннің туғанына - 130 жыл » мерейтойына орай 5-9 сыныптар аралығында әдеби сазды кеш өткізді.Өтілген іс-шара әлеуметтік желіге салынып, жарияланды.

Қараша айының 4 аптасында алдын алу шаралары бойынша Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күніне орай «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында апталық іс-шара жоспары құрылып,мектеп директорымен бекітілді. Іс-шара жоспарға сай өтті. Іс-шара жарияланды.

https://www.instagram.com/reel/DC33iYgC-mA/?igsh=ZzVzMDZ2d251cjll

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы

Желтоқсан айының 1 аптасында 1-11сыныптардың жетекшілері «Бірлік және ынтымақ» құндылығы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

Педагог ұйымдастырушы Г.А. Нургалиева, Адал ұрпақ ұйымымен Ұшқыр ой алаңы жобасы аясында: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай зияткерлік ойындар өткізіп, әлеуметтік желіге жариялады.

Желтоқсан айының 2 аптасында:

16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектепшілік іс-шара жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Жоспар аясында 1-11сыныптың жетекшілері «Ұлттық рух – тәуелсіздік тірегі» тақырыбында біріңғай сынып сағаттарын өткізді.

Педагог ұйымдастырушы 9-11сыныптар аралығында «Жетістігімді еліме арнаймын» тақырыбында челлендж өткізіп, әлеуметтік желіге жариялады.

Желтоқсан айының 3 аптасында:

Шабыт жобасы аясында: АӘД жетекшісі Ж.С. Мусабеков «Жас Сарбаз» әскери патриоттық әндер фестивалі, ант қабылдау» іс-шарасы өтті.

Желтоқсан айының 4 аптасында:

Сынып жетекшілері 1-11сыныптардың арасында алдын алу шаралары бойынша «Күнделікті өмірдегі қауіпсіздік және жауапкершілік!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.

19 желтоқсан күні 1-сынып оқушыларына арналған “Қош бол, сүйікті әліппем!” атты мерекелік іс-шара өтті. Сынып жетекшісі:Касимбаева Гүлнұр Ниязбекқызы. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтіп, оқушылар өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.

Сондай-ақ Жетісу облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің 06.12.2024 жылғы №3171-н хатын негізге ала отырып мектебімізде 23-25 желтоқсан күндері «Қош келдің, Жаңа жыл - 2025!» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға барлығы 86 бала қатысты.

Мақсаты: білім алушыларға Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір-біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

тт27.12.2024 жылы кезекті жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыА.Н. Есенбекова оқушылардың қысқы демалыс кезінде құқықбұзушылыққа бармау, қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерімен толық таныстырып өтті.

Әрбір оқушы қысқы демалыс кезінде өзін-өзі дұрыс ұстау, тәртіп ережелерін білу. Электр сымдары мен ток көздерімен ойнамау, үзілген ток көздерін көрген жағдайда аулақ жүру. Қысқы сырғанақ ойындарына барғанда қауіпсіздік ережелерін естен шығармау, мұз айдыны мен көлдерге бармау. Мейрам кезінде пиротехникалық заттармен ойнамау, жарылғыш заттарды ату кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау. Оқушылардың қысқы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы толық таныстырып мәлімет берілді.

Өткізілген барлық іс-шаралар әлеуметтік желіге салынып, жарияланды.


Орындаған: ДТІЖО А.Н. Есенбекова



Ұсыныстар:

    1. Сынып жетекшілер тарапынан ата-аналармен жүргізілетін жұмысты күшейту және оларды тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатыстыру

1.2. Оқушылардың іс-шараға тартылу белсенділігін арттыру


1.3 «Біртұтас тәрбие» бағдарлаамсы аясында өткізілген ауқымды іс-шаралар БАҚ беттеріне жариялау


10 Ақпан 2025
122
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі