Материалдар / "Бұрымды қыз"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Бұрымды қыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық тәрбие сағаты, 6 сынып оқушыларына 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін өткізу мақсатында әзірленген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Мамыр 2019
1439
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әзірлеген: «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі» КММ –нің

6 «А» сыныбының сынып жетекшісі: А.К.Жамбулова


Тақырыбы: «Бұрымды қыз»


Мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтау. Қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу, құрметпен қарау. Эстетикалық тәрбие беру. шығармашылық-іскерлігін арттыру. Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу. Ісмерліктерін байқау.


Көрнекіліктер: «Бұрымды қыз», қанатты сөздер, шарлар,фото суреттер т.б.


Сайыстың өту барысы:

Әсем ән жіберу

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті асыл жанды ұстаздар!

2-жүргізуші: Сайыскерлерді демей келген ата-аналар, оқушылар!

1-жүргізуші: Иә, көптен күткен көктем де келді, көктем мен бірге аналардың, қыз-келіншектердің мерекесі бірге келді десейші.

2-жүргізуші : Осындай жақсы мезгілдің бастауы болған құрметті аналар, қыз-қызғалдақтар сіздерді төл мерекелеріңізбен, гүл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

1-жүргізуші: Осы байқау 6 сынып оқушы қыздар арасында: мектеп аруын анықтау мақсатында қыз сыны байқауын өткізгелі отырмыз. Бұл байқау қыздарымызға эстетикалық тәрбие беруді көздейді. Өйткені қыздарға жан сұлулығымен қоса тән сұлулығы бірдей болғандығы жарасады. Сондықтан ибалы, инабатты қыздарымыз көбейе берсін деген ниетпен «Бұрымды қыз » сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,

Келеді міне ортаға толқып тасып.

Аруларын сыйлаған, халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!


1-жүргізуші: Аңқылдаған ақ көңілмен,

Гүлдей жайнап әдемі қыздарымыз.

Озамыз деп нық сеніммен

Шықты ортаға Білгірлер тобы


2-жүргізуші: Шаштары ұзын, көрікті қыздар тағы бар,

Қанеки бәрің бері қараңдар.

Дидарлары атқан таңдай арайлы,

Қарсы алайық бұрымды Ару қыздар тобын

1-жүргізуші:

Қара шашты, қос бұрымы жарасқан,

Қыпша белдері тал шыбықтай бұралған.

Қарсы алайық Алау тобын қошеметпен,

Өнерімен көрерменді таңғалдырған.




2-жүргізуші:

Еңбек сүйгіш, ерінгенге жандары қас,

Бір жұмысты екі істеп сабылмас.

Ашық қабақ, Бота көзді, сұлу қыздарымыз,

Осы сайыста ер жүрек қыздар тобы табылмақ


1-жүргізуші:

Ән салуға жалықпайды

Шаршамайды, сірә бірі

Бұрымды қыздарымыздың сан өнері бар,

Сырларын терең ұғуға білуге тырыс уа- халайық.


2-жүргізуші:

Ал,халайық, аруларға тамсанайық,

Қыз қылықты дегенге ән салайық.

Атына заты сай аруларға

Тағы да бір қол соғып қарсы алайық.


1-жүргізуші:

Асқар анау аталар,

Салиқалы аналар.

Ұрпағың бұл тағы бір,

Бұрымды қыз атанар.

2-жүргізуші:

Уа, арулар, арулар!

Ешкімнің жоқ алалар.

Ару болу үлкен сын,

Оны қазың бағалар.

Әділқазылар алқасымен таныстыру

1.қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі: Құрманғалиева Ардақ Ернісовна

2.көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Нуркасимова Айнаш Боленхановна

3.музыка пәнінің мұғалімі: Омар Нұрдана


Ән: «Қазақтың қыздары» -ән қосу


2-жүргізуші: Бүгінгі сайыстың шарттарымен таныстырайық

  1. Таныстыру. «Сұрасаң бұрымды қыз......» /Бұл кезеңде өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, ойын жеткізе білу қабілеті бағаланады./


2. «Салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақтарға жауап беру


3 «Өнерлі -өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету. / ән айту, би билеу т.б/


4 «Ұзын шаштың өру формуласы» / Бұл кезеңде шаш үлгісі, күтімі, сусабындарға жарнама жасау./

5 «Ою ойғанының ойы ұшқыр» Қағаздан ою түрлерін жасау.

  1. «Ойлары ұшқыр қыздар» әріптерге байланысты қызық жауап беру



1-Жүргізуші: « Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып, жүрсе ақырын.

Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?» деп Абай атамыз жырлағандай байқауымыздың бірінші кезеңі таныстыруға берелік


1 топ Білгірлер тобы. Қошеметтеп қояйық

2 топ Ару қыздар тобы. Қошеметтеп қояйық

3 топ Алау тобы. Қошеметтеп қояйық



Әділқазы бағаларын береді.

1 топ Білгірлер тобының ұпайлары

2 топ Ару қыздар тобының ұпайлары

3 топ Алау тобының ұпайлары



2-жүргізуші:

Қыз емес қыздың аты-қызыл алтын,

Көрінер толған айдай жүзі жарқын.

Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,

Халқымның сақтай білген игі салтын,-дегендей екінші кезең. «Салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақтар суырып жауап беру.


1.Тұсау кесу деген не?/Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тезжүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Сәбиге арнайы ала жіп дайындалады/

Қыз- қонақ

2.Шілдехана деген не?/Жаңа туған нәрістенің құрметіне жасалатын той./

Гүл өссе, жердің көркі, қыз өссе, елдің көркі.

3.Базарлық деген не? /Алыс сарпарға саяхатқа шыққан адамдар жерлестеріне, досына, көрші-көлемдеріне сыйлықтар әкеледі. Оны базарлық деп атайды. /

Қызы бардың назы бар.

4.Сүйінші деген не? /Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші, сүйінші!» деп келеді. Үй иесі қалағаныңды ал,-дейді немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. /

Қыздың көзі қызылда.

5.Қырқынан шығару деген не?/ Сәби дүниеге келгеннен қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық бір қасық су құйып шомылдырады.Сәбидің қарын шашын алынып, оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап тігіп қояды./

Қызым үйде, көзі түзде.

6.Отпен аластау деген не? /бесікті, босағаны немесе үйді отпен аластау халықтың ертеден үзілмей келе жатқан ырымдарының бірі.Баланы бесікке саларда отпен қару, жас отауды отпен аластау жын-шайтан иектемесін, пәле-жәледен сақтасын деген ізгі ниеттен туған/

Қыз – қырық шырақты.


1 топ Білгірлер тобы. Қошеметтеп қояйық

2 топ Ару қыздар тобы. Қошеметтеп қояйық

3 топ Алау тобы. Қошеметтеп қояйық


Тақпак Алишер, Адис, Әлихан


Әділқазы бағаларын береді.

1 топ Білгірлер тобының ұпайлары

2 топ Ару қыздар тобының ұпайлары

3 топ Алау тобының ұпайлары


1-жүргізуші. Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреуі ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға,

Арулар аянбай- ақ жан салыпты. - өз өнерлерін көрсету


1 топ Білгірлер тобы. Қошеметтеп қояйық

2 топ Ару қыздар тобы. Қошеметтеп қояйық

3 топ Алау тобы. Қошеметтеп қояйық


Әділқазы бағаларын береді


1 топ Білгірлер тобының ұпайлары

2 топ Ару қыздар тобының ұпайлары

3 топ Алау тобының ұпайлары

2-жүргізуші:

Бұрымды қыз сайысы

Тәрбиелі, мәнді де.

Шашты күтіп өсіру

Қыз баланың сәні де

Бұл сайыста аруларымыз ұзын шашқа шаш үлгісін жасап, өсіру формуласымен таныстырып, ұзын шашты өсірудің құпиясын ашады және сусабынға жарнама жасайды.


1- Жүргізуші:-

Шашқа тағатын және оның сәнін келтіріп, мәнін арттыратын, сәндік бұйымдардың ішіндегі асылы –шолпы. Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріп кетпес үшін де тағылады. Әсем, сәнді шолпыларды тек қыз-келіншектер ғана таққан, егде әйелдер тақпаған.


2-Жүргізуші:

Шолпының түрлері өте көп: қоңыраулы шолпы, үзбелі шолпы, тізбелі шолпы, сағат баулы шолпы, моншақты шолпы, қозалы шолпы,сылдырмақ шолпы, көзді шолпы.Сұлу шашқа тағылған шолпылар қыз-келіншектер жүрген кезде күн сәулесіне шағылысып, көздің жауын алады. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар шығарып, сұлу қыз, кермаралдай керілген келіншектердің әсем жүрісіне үн қосып, ару сын мен сыйпатын одан әрі ажарлай түседі.


1-Жүргізуші: Қазақ халқы әйелдердің сұлу шашын ертеден-ақ жоғары бағалаған. Осыған байланысты әдет-ғұрыптар, тыйымдар туған. Шашыңды отқа тастама, шашыңды жайма, шашыңды қима деген тыйымдар бар. Жас әйелдің шашын маңдайдан айырып, екі бұрым етіп өрген соң оның арасын бір сүйемдей етіп ұшынан бір-біріне жалғайды, бұл «жұбымыз жазылмасын» деген ақ тілек белгісі. Ал, қыздар бұрымын дара өреді, бір-біріне жалғамайды.


«Қыздарымыздың өнерлерін тамашалайық

1 топ Білгірлер тобы. Қошеметтеп қояйық

2 топ Ару қыздар тобы. Қошеметтеп қояйық

3 топ Алау тобы. Қошеметтеп қояйық


Әділқазылар бағасын береді

1 топ Білгірлер тобының ұпайлары

2 топ Ару қыздар тобының ұпайлары

3 топ Алау тобының ұпайлары




1-жүргізуші:

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көрген тон пішер»деген рас,

Қыздарымыз шебер қолға араласқан,-

дей отыра «Ою ойғанының ойы ұшқыр» қыздарымыздың қағаздан ою түрлерін жасау.

Ою жасап болғанша шаш туралы айта кетейік



1-Жүргізуші:-Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз сұлудың көркі –шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген.Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен бойына қарап бағалаған.


2-Жүргізуші:- Иә, дұрыс айтасың. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол-әйелдер қауымының, яғни Хауа ана мен Бибі Фатима анамыздан бастап берілген алланың айрықша сыйы, құрметі, сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап-сол сый құрметке сай, әрі әйелдің әсем табиғаты мен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі, әрі ұлттық сыр-сыйпаты.


1-жүргізуші: Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,

Шашты кеспей күтіп оны қараңдар.

Қыздың көркі шаш екенін түсініп,

Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар,-


Тақпақ айтады: Мәди, Ақатай, Расул


Енді қыздарымыз дайын болса, жасаған оюларын қазылар алқасына табыс етсін

1 топ Білгірлер тобы. Қошеметтеп қояйық

2 топ Ару қыздар тобы. Қошеметтеп қояйық

3 топ Алау тобы. Қошеметтеп қояйық


Әділқазылар бағасын береді

1 топ Білгірлер тобының ұпайлары

2 топ Ару қыздар тобының ұпайлары

3 топ Алау тобының ұпайлары



Ұлдар көрінісі


2-жүргізуші

Ал енді сайысымыздың соңғы мәресіне де жеттік, Ойлары ұшқыр қыздарымыз, сұрақтарға қандай жауап береді екен соны тамашалайық


1-жүрзізуші

Сендерге сұрақ қойылады және бір әріп ұсынылады сол әріпке байланысты қызықты жауап беру қажет.

Мысалы: Әлеуметтік желіге қанша уақыт құртасың? «с» әріпіне


-Сенсендер, серьезно санасам Сегіз сағат


2-жүргізуші:

Ал қанеки бастайық. Әр топқа 10 сұраққа кезек пен жауап беру қажет


1.Сендерді аналарын қалай еркелетеді? «Р»

2.Бір басыңда неше туфлиің бар? «П»
3.Тәтті тағамның атауы «Ф»

4.Қандай бояуды (косметика) көп қолданасың? Не үшін? «Т»

5.Біз білмейтін қандай өнерің бар? «Ж»
6.Қолыңнан не істеу келмейді әлде жақсы істей алмайсың? «Н»
7.Фотосессия, селфи жасағанды жақсы көресің бе? «М»

8.Бізге өтірік айтқан кезің болды ма? «С»

9.Қандай жарыстарда жеңіске жеттің? «Л»
10.Сөмкеңе қандай ерекше нәрсе салып жүресің? «Б»

1-жүргізуші:

Рахмет!


2-Жүргізуші:- «Бұрымды қыз» сайысымыз да мәреге келіп- жеткен сияқты. Бұрымы сәнді, өздері шебер, нағыз қазақтың қыздарын саралап шығару сәті келіп жетті. Олай болса ендігі кезекте әділқазы алқасы қорытындысын шығарғанша


1-жүргізуші:

Алишердің орындауында ән «Қыз бала»

Келесі кезекте Алматы қаласында өткен Менің Қазақстаным атты Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындаудан тРеспубликалық дарынды балалар мен жасөспірімдер байқауының 1 орын жүлдегері 11 сынып оқушысы Қарысов Ақеділ ___________________________ әнімен.


2-жүргізуші:

Сөз кезегі әділ қазыларға


Марапаттау:


Ұлдар қыздарға сыйлық таратады, әйел қауымына гүлдер таратады.



2- Жүргізуші:- : Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

Осымен сайысымыз аяқталды. Көріп, тамашалағандарыңызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Сау-саламатта болыңыздар!



Бүгінгі сайыстың шарттары

  1. Таныстыру. «Сұрасаң бұрымды қыз......» /Бұл кезеңде өзін-өзі ұстауы, мәдениеттілігі, сөйлеу мәнері, ойын жеткізе білу қабілеті бағаланады./


2. «Салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақтарға жауап беру


3. «Өнерлі -өрге жүзер» өз өнерлерін көрсету. / ән айту, би билеу т.б/


4. «Ұзын шаштың өру формуласы» / Бұл кезеңде шаш үлгісі, күтімі, сусабындарға жарнама жасау./

5. «Ою ойғанының ойы ұшқыр» Қағаздан ою түрлерін жасау.

6. «Ойлары ұшқыр қыздар» әріптерге байланысты қызық жауап беру



«Салт-дәстүрді білесің бе?» сұрақтар суырып жауап беру. Мақалдың жалғасын тап


1.Тұсау кесу деген не?/Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тезжүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.Сәбиге арнайы ала жіп дайындалады/

Қыз- қонақ


2.Шілдехана деген не?/Жаңа туған нәрістенің құрметіне жасалатын той./

Гүл өссе, жердің көркі, қыз өссе, елдің көркі.


3.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!