400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бұрыштарды салыстыру" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, математика мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Бұрыштар. Көпбұрыштар

Мектеп: «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Муханбетжанова Айдана

Сынып: 5 б

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұрыштарды салыстыру

Сабақтың түрі

Бекіту сабақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.1.5 - бұрыштардың түрлерін ажырату (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық );

5.3.3.3 - бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару;

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Бұрыштарды салыстырады

Басым бөлігі: Транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшейді.

Кейбір оқушылар:Бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға  берілген күрделі есептерді шығарады.

Бағалау критерийлері

Оқушы білімді меңгерді, егер:

1.Бұрыштың түрлерін ажыратады.

2.Бірнеше бөлікке бөлінген бұрыштарды транспортир көмегімен салады,анықтайды.

3. Бұрыштардың өмірдегі қолданысын,маңызын бағалайды.

Тілдік мақсаттар


Негізгі сөздер: транспортир, градус ,бұрыш, сүйір, доғал,жазыңқы.

Сөз тіркестер: транспортир шкаласы, градус өлшемі. 

Сыныптағы диалог үшін қажетті сөз тіркестері:бұрыш, төбе, бұрыштың градустық өлшемі.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру,жұптық, топтық жұмыс жасау алуға дағдыландыру

Пәнаралық байланыстар

Сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны презентация таныстыру үшін қолдану

Бастапқы білім

Бұрыш, бұрыштың шамасы, бұрыштың түрлері, транспортирмен бұрыштарды өлшеу және салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Топқа бөлу.

Оқушыларды 3 топқа бөлеміз: «Сүйір», «Доғал», «Тік» бұрыш топтары. Оқушылар  үстел үстінен градустық өлшемдері жазылған  карточкаларды алады. Сол градус өлшемдері бойынша топқа бірігеді.

Бұрыш тақырыбы бойынша сұрақтар. 
1) Бұрыш дегеніміз не?
2) Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең?
3) Доғал бұрыш дегеніміз не?
4) Қандай бұрышты сүйір бұрыш деп атаймыз?
5) Тік бұрыштың градустық өлшемі неге тең?
6) Толық бұрыш неше градусқа тең?
Үй жұмысын тексеру №1216

Бағалау критерийі:

Оқушының қажеттілігін анықтаймын.

Қалыптастырушы бағалау: Мадақтау арқылы

Презентация

Тарапта қағаздар

Сабақтың ортасы

35 минут






Топтық жұмыс.

 1. Ермексаз және жіп арқылы бұрыш құрастырыңдар.

  1. Сол бұрышты өлшеп, салыстырыңдар

 Дескриптор:

  1. Ермексаз және жіп арқылы бұрыш құрастырады.

  2. Градустық өлшемдерін анықтайды

  3. Бұрыштарды салыстырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Қол шапалақтау»

 «Ойлан-жұптас-бөліс»  стратегиясы арқылы (жұптық жұмыс)

 Сағаттың минуттық тілі мен сағаттық тілі қандай бұрыш жасайды?

І жұп:   17:35, 10:20.              

ІІ жұп: 11:05,  16:00.           

ІІІ жұп: 15:55, 17:45.

IV жұп: 20:05, 23:30.

V жұп: 12:15, 14:35.

VІ жұп: 09:15, 13:10

VІІ жұп: 16:30, 10:15

VІІІ жұп: 11:35, 12:10

Дескриптор:

Бұрыштың градустық өлшемін табады

Қандай бұрыш екенін анықтайды және салыстырады.

 Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы бағалау

Оқулықпен жұмыс (жеке жұмыс)

№1219 №1222 №1227

Қалыптастырушы бағалау: смайликтер арқылы мадақтау бағалау

Презентация

Жіп ермексаз


сызғыш








Сағат



















Оқулық

Сабақтың соңы

5 мин

 «Сіз қаншалықты сенесіз?»

Мұнда дұрыс жəне дұрыс емес тұжырымдар, түйінді сөздер беріледі.

1.

Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигураны бұрыш деп атаймыз

иә

2.

Градустық өлшем дегеніміз берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін санды айтады

иә

3.

Бұрышты құрайтын сәулені бұрыштың төбесі деп атайды

жоқ

4.

Қабырғалары қарама-қарсы сәулелер болатын бұрыш жазыңқы бұрыш болады

иә

5.

Тік бұрыштан үлкен, бірақ жазыңқы бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады

иә

6.

Бұрыштың қабырғалары кесінділер болады

жоқ

7.

Бұрышты градус есебімен өлшеу үшін градусник қолданылады

жоқ

8.

Толық бұрыштың гралустық өлшемі 1800-қа тең

Жоқ

9.

Кез келген доғал бұрыш сүйір бұрыштан үлкен

Иә

10

1790 доғал бұрыш.

Иә

Бағалау критерийі:

  1. «иә» немесе «жоқ» сөздерін жазу арқылы оқушылар ойларын жүйелейді

  2. жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау: «Плюс+» «минус-» әдісі

«+»-дұрыс жауапқа; «-»-қате жауапқа қою

Үй тапсырмасы: №1218

Рефлексия

«Жетістік ағашы» 
Оқушылар себеттегі сары алма, жасыл алма және қызыл алма түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген жетістік ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

Жасыл алма  – қызықты

Сары алма  –құнды

Қызыл алма -қиын

Презентация

Карточка

Қызыл – жоқ

Сары –ия

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз ? Оқушылар бірлесе отырып топпен жұмыс жасайды. Олар бір – біріне көмек көрсету арқылы есептерді бірлесіп шығарады. Ал баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұранамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Оқушылардың топтық жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін  кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалау жұмыстарын беру арқылы жеке оқудағы жетістіктеріне көздерін жеткізу.

Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін. .

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса,неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кездерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?


Бұл бөлімді сабақ бойынша өз пікіріңізді жазуға пайдаланыңыз. Сол жоқ бағандағы өз сабағыңыз туралы негізгі сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың нақты, қол жеткізуге мақсаттары, оқушыға түсінікті тұжырымдалған анық тілдік алдын-ала жоспарлау оқыту нәтижелері болып табылады.

Бұл сабақта орындалған тапсырмалар оқушыларды салыстыруға, себептері мен салдары іздеуге, сол арқылы ғылыми-зерттеу дағдыларын және сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға үйренеді.

Бұл сабақтың жақсы сәттеріоқушыларды сабақта белсенді жұмысы үшін мадақтау маңызды - бұл сыртқы ынталандыру негізгі жақтарының бірі болып табылады.Сондай-ақ келешектегі жұмысын жоспарлауда оқушыларға көмектесу - кеңестер, ескертулер, ұсыныстар болып табылады.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе(оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1723
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі