Бүтін және бөлік.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Бүтін және бөлік.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Бөліктерден бүтінді құрастыруға және бүтінді бөліктерге бөлуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, қатынас.

Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.

Тақырыбы: Бүтін және бөлік.

Мақсаты: «бүтін және бөлік» туралы ұғым қалыптастыру.

Міндеттері:

  1. Бөліктерден бүтінді құрастыруға және бүтінді бөліктерге бөлуге үйрету. Түпкілікті жиын мен оның құрамдас бөліктерінің арасындағы қатынастын анықтау білігін дамыту; бүтін өзінің бөлшегінен үлкен сандарды салыстыру. «+», « – » таңбасымен таныстыру білігін қалыптастыруды жалғастыру; сандарды санау, салыстыру, цифрларды тануға және атау қабілеттерін бекіту.

  2. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

  3. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

меңгереді: «бүтін», «бөлік» сөздерін айтуды;

түсінеді: затты (фигураны) өзінің бөліктерінен қалай құрастыруға болатынын;

қолданады: сандарды санауды және салыстыра білуді.

Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №2 жұмыс дәптері, плакат, демонстрациялық материал. 24-кесте. Қуыршақтар Әлия, Сырым.

Сөздік жұмыс: бүтін, бөлік, жарты, төрттен бір бөлік.


ҰОҚ-нің барысы

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

Ойын жағдаяты «Аспазшы». Әлия мен Сырым тақтада алжапқыш пен аспаз телпектерін «киеді». Педагог балаларды кесілген жемістерді орналастыруға шақырады. Балалар жағдаятқа қызығушылық танытып, жұмысқа араласады.

    1. Негізгі кезең.

Педагог қызғылтсары шеңберді алып екіге бөледі.

  • Әлия апельсинді екіге бөлді.

Әр бөлікті қалай атауға болады? (жарты)

  • Ал егер біз екі жартыны бір-біріне біріктірсек, не болады? (Бүтін апельсин болады. Барлығы біріктіреді).

Әлия апельсинді неше бөлікке бөлді? Қайсысы көп: бүтін бе, әлде бөлік пе?

  • Бөліктерден бүтінді қалай жасауға болады? (бөліктерді қосамыз).

Сырым апельсинді төрт бірдей бөлікке бөлді. Бұл бөліктерін- ширек,төрттен бір бөлігі деп атайды.

- Барлық бөліктерін біріктірсе, не болады?(Бүтін)

Сырым апельсинді неше бөлікке бөлді?

Не көп: жарты ма, әлде төрттен бір бөлігі ме?

2 немесе 4 пе?

Практикалық жұмыс

Педагог пицца немесе тәтті(пирог) нанды жарты немесе төрт бөлікке кесуге ұсынады.

Бөліктерден бүтінді қалай жасауға болады? (Біріктіру арқылы.)

Қорытынды: бөліктерден бүтінді алу үшін бөліктерді біріктіру немесе қосу қажет.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырманы педагог балалармен бірге ауызша орындайды. Заттарды атайды.

  • Әр суреттің қандай бөліктері бейнеленген? Оларды көрсет. Педагог қосымша сұрақтар қояды:

  • Компьютердің неше бөлігі бар? Олар бірдей ме?

  • Апельсиннің қандай бөліктерін көріп тұрсың?

  • Ойыншықтардың неше бөлігі бар?

Шаршының бөліктерін қара. Шаршының парағын осындай бөліктерге кес. Шаршыны бүкте.

    • Паровоз вагондарды алып жүреді. Олар нешеу, санаймыз.

Паровоздан кейін бірден сол жақтағы вагондардан бастап санайық. Балалар санайды. (10)

    • Барлық вагондар бірдей ме? Пішіні, өлшемі, түсі бойынша?

Пойыздың 10 вагонын біртұтас деп айтуға болады.

-Текшелер жиынтығы - бұл бүтін. Жиынтықта қанша текше бар? Олар бірдей ме? (Пішіні мен өлшемі бірдей, түсі әртүрлі)

    • Жиынтықтағы текшелерді сана.

Осыдан кейін педагог қағаздан жасалған шаршыларды таратады, оны тең бөлікке, содан кейін тағы бүктеуді ұсынады. Ашып бөліктерді санайды.

    • Шаршының екіден бір бөлігін, төрттен бір бөлігін басқаша қалай атауға болады? (жарты, ширек)

Сондай-ақ, тең және тең емес бөліктерге бөлінген ашықхатты таратуға болады. Педагог бүктеуді сұрайды. Бөліктерді санайды.

Ойын жаттығуы: «Дұрыс ата»

Педагог суреттерді көрсетеді, балалар бүтін немесе бөлік деп айтады.

Бүтін алманы, текшелер жиынтығын көрсетеді, содан соң бөліктерін-жарты, төрттен бір бөлігін. Балалар атайды.

Дәптермен жұмыс

Балалар 2-тапсырманы орындайды. Бүтін мен бөліктердің үстінен саусақтарымен жүргізеді. Практикалық жұмыс жүргізеді, сұрақтарға жауап береді.

    • Алма қандай бөліктерге бөлінген? (Жоғарыда алма екі бөлікке, төменде төрт бөлікке бөлінген).

- Барлық бөліктерін біріктірсе, не болады? (Бүтін)

- Алманың екіден бір бөлігін, төрттен бір бөлігін, басқаша қалай атауға болады? (Жарты, ширек.)

Педагог мұны «+» белгісінің көмегімен көрсетеді.

Екінші суретте алманың төрт бөлігінен бір бөлігін алады, қанша бөлік қалады? Педагог мұны «–» таңбасының көмегімен көрсетеді. 3 бөлігі қалады.

Одан кейін 3-тапсырманы орындау ұсынылады. Бәліштің бөліктерін табуды ұсынады.

4-тапсырмада бүтінді бөліктерге бөліп жапсыру тапсырылады. Жеке жұмыс жасалады.

«Қай сан жоғалды?» дидактикалық ойыны

Таныс цифрдан сандық қатар құрылады. Балалар көздерін жұмған кезде, бір сан алынады (түн). Балалар сандарға қарап, қай сан жоғалғанын айтады.

«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.

Педагог 33-беттегі 51 тапсырманы орындауға ұсынады. Балалардан тапсырманы орындар алдында ауада «қосу» таңбасын жоғарыдан төменге және сол жақтан оңға қарай жазуды сұрайды. Содан кейін «азайту» таңбасын сол жақтан оңға қарай.

Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.

3. Рефлексия.

Оқу қызметін қорытындылайды, балаларды көтермелейді. Бүгін қандай жаңа сөздерді білдіңдер? Қандай белгілерді білдіңдер? (Бүтін, жарты, ширек).

Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя. Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
148
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі