Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Бүтін көрсеткішті дәреже. Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.1А Бүтін көрсеткішті дәреже

Мектеп: №19 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жайлибаева С.К

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.1 натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу;

7.1.2.2 санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау.

Сабақ мақсаттары

- көбейтіндіні дәреже түрінде және дәрежені көбейтінді түрінде жазу;

- дәреже қасиеттерін қолдану;

- санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау.

Бағалау критерийлері

- көбейтіндіні дәреже түрінде және дәрежені көбейтінді түрінде жазады;

- дәреже қасиеттерін қолданады;

- санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

- дәреженің негізі;

- дәреже көрсеткіші;

- натурал көрсеткішті дәреже.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- бірнеше бірдей сандардың көбейтіндісі;

- ... дәреже түрінде жазыңыз;

Құндылықтарды дарыту


Өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, шығармашылықпен еңбек етуге, бірін бірі сыйлауға баулу. Оқушыны ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақты жауап беруге, практикамен ұштастыруға, тез шешім қабылдауға, өз білімін көрсете алу қасиеттерін азаматтық жауапкершілікке үйрету, топпен жұмыс жасай алу, сынға дұрыс қарау.

Пәнаралық байланыстар

математика

Алдыңғы білім

5-6 сыныптағы өтілген тақырыптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 минут








Топтарға бөлу. Парақшаларды алу арқылы оқушылар топтарға бірігіп отырады.

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.

«Екі шындық, бір өтірік» әдісі. Ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған. Мұғалім бірінші бастайды. Оқушылар жалғастырады. Оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау дағдысы дамиды. Оқушылар жүйелі ойлап, нақты айтуға тырысады.

«Миға шабуыл» әдісі. Өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар қою. Үй тапсырмасын тексеру.

Парақшалар








Сабақтың ортасы

30 минут

Тақырыпты ашу.

Оқушыларды тақырыппен таныстыру. Мақсатын және күтілетін нәтижелерін оқушылармен талқылау. Оқушылар нақты мақсатқа қол жеткізуге бағытталады.

Оқушыларға смайликтер беру арқылы бағалаймын.

Оқушылардың санның квадраты, кубы туралы не білетініндерін сұраудан бастаңыз.

Бірнеше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін қысқаша қалай жазуға болатынын көрсетіңіз. Мысалы:

a∙a∙a∙a∙a=a5.

Оларды орындау барысында өз беттерінше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін тұжырымдап қорытынды жасауға баулитындай, негіздері бірдей, ал дәреже көрсеткіштері әртүрлі және негіздері әртүрлі, ал дәреже көрсеткіштері бірдей дәрежелерді көбейтуді орындауға, сондай ақ дәрежені дәрежеге шығаруға тапсырмалар ұсыныңыз.

Мысалы:











(25)3=...


(ym)2= ...


(3 × 4)3= ...

34 × 24 = …. = 64 және т.б.

Әрі қарай, келесі тапсырмаларды оқушыларға жұптасып талқылауға ұсынуға болады. Мысалы:

1) Оң сандарды дәрежеге шығарудың нәтижесі қандай болмақ?

2) Теріс сандарды жұп/тақ көрсеткішті дәрежеге шығарудың нәтижесі қандай болмақ?

3) Егер болса, онда болатынын дәлелдеңіз.

4) Егер болса, онда болатынын дәлелдеңіз.

5) және (а-ның барлық мүмкін мәндерінде) салыстырыңыз.

6) үнемі –дан үлкен бола ма?

7) мен а тең бола ала ма?

Әрбір жұп жұмыстарының нәтижесін жалпы талқылауға ұсынады.

Оқулықтан №1.2-1.5 есептерді шығару







Алгебра, 7-сынып, Алматы, «Атамұра», 2017ж.

Сабақтың соңы

3-5 минут


Өтілген сабаққа рефлексия «Еркін микрофон» әдісімен жасалады.

Оқушылар еркін микрофонды ала отырып сабақты қорытындылайды. Оқушылар оқып білгендерін таразылайды. Оқушылардың оқуға деген белсенділіктері мен қызығушылықтары артады. Алған білімдерін өмірде тиімді пайдалануға үйренеді. Әрі кері байланыс беріп кетеді.

Үйге тапсырма беру.

1.6, 1.7 есептерді шығару.

Алгебра, 7-сынып, Алматы, «Атамұра», 2017ж.

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтарда қабілеті жоғары оқушылар нашар оқушыларға көмектеседі, сыныптасының білмегенін үйретеді, үйрете отырып өзі үйренеді.

Оқушыларды сабақтың әр кезеңдерін қорытындылап отыру.

Оқушылардың денсаулығын және қауіпсіздік техникасының сақталуын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.10.2020
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12