Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бу заттың газ тәріздес күйі. Будың айырмашылығы - оны қалыпты атмосфералық қысымда салқындату арқылы сұйыққа айналдыруға болады. Булану – сұйықтың буға айналу құбылысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Физика пәні байынша 8 сынып оқушыларының жоспары.


I-тоқсан


Сабақтың нөмірі:

13


Сабақтың тақырыбы:

Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған булар


Сабақ мақсаты:

8.3.1.5 – молекула – кинетикалық теория негізінде қатты күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттау,

8.3.2.13 – заттың булану және конденсация үрдісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау

8.3.2.14 – су буының мысалы негізінде қанығу күйін сипаттау


Бу заттың газ тәріздес күйі. Будың айырмашылығы - оны қалыпты атмосфералық қысымда салқындату арқылы сұйыққа айналдыруға болады. Булану – сұйықтың буға айналу құбылысы. Буланудың екі тәсілі бар кебу,қайнау. Кебу – сұйықтың беткі қабаттарының булануы. КЕбу заттардың молекулаларының өзара әрекеттесу күші әртүрлі болғандықтан кебу жылдамдығы заттың тегіне де байланысты болады. Молекулалар бір - біріне аз күшпен тартылатын сұйықтар тез кебеді. Конденсация – будың сұйыққа айналу құбылысы. Таңертеңгі шық тұман табиғаттағы конденсацияға мысал бола алады. Табиғатта құраудың пайда болуы десублимацияға мысал бола алады. Қанныққан бу –қзінің суығымен динамикалық тепе – теңдікте болатын бу. Қаныққан бу берілген температурада молекулалардың көп мүшелерін ұстап тұра алмайды, яғни үлкен тығыздықта бола алмайды. Газдың тығыздығын молекулалар соққысынан туындайтын қысым анықтайды. Қаныққан будың көлемі азайғанда молекулалардың бір бөлігі сұйыққа қайта оралады. Ал қысым өзгермейді. Егер бу өінің сұйығымен динамикалық тепе – теңдікте болмасы, онда оны қанықпаған бу деп атайды.


Видео үзінді: https://www.youtube.com/watch?v=sLJ41pkw27w


Тапсырма:

70 бет, Тапсырма сұрақтарға жауап береміз


Кері байланыс (whatsapp мобильді қосымшасы арқылы немесе электронды почтаға):

Мен не білдім?

Мен үшін бұл жаңалық болды.

Бұл менің білгендеріме қарама қарсы болды.

Бұл туралы көбірек білгім келеді.






















ТОҚСАН

БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

«Заттың агрегаттық күйлері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Орындау уақыты 25 минут

Тапсырма

1. Контейнерлерде бірдей газдың молекулалары берілген. Дөңгелекшелер газ

молекулаларын, бағдаршалар газ молекулаларының қозғалыс бағытын және жылдамдығын

сипаттайды. Ұзын бағдарша жоғары жылдамдықты сипаттайды.

Қай контейнердегі газдың тығыздығы жоғары және температурасы төмен



[1]

2. Абсолют нөл температураның мәні қандай?

А) 273 °С

В) 100 °С

С) 0 °С

D) -273 °С

3. Массасы 5 кг мырыш бөлігін 100 ºС-қа қыздыру үшін 20 кДж энергия берілді. Мырыштың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз.



4. 1 суретте энергияның суда тасымалдануын зерттейтін екі тәжірибе көрсетілген.



Тәжірибе 1

Суық су астынан бірқалыпты баяу

қыздырылып жатыр. Жоғарыдағы мұз

бөлігі су қайнамастан бұрын ериді.

Тәжірибе 2

Суық су жоғары жағынан бірқалыпты баяу

қыздырылып жатыр. Арнайы тор көмегімен

суда астында ұстап тұрған мұз бөлігі

жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де

қатты күйде болады.

а) Шыны арқылы энергияның (жылудың) тасымалдану процесі қалай аталады?

_____________________________________________________________________________ [1]

b) Бірінші тәжірибеде төмендегі судан жоғарыдағы мұзға энергияның берілуін сипаттайтын

негізгі процестің атын жазыңыз.

_____________________________________________________________________________ [1]

Жоғарыдағы (b) процесс қалай жүзеге асатынын сипаттаңыз.

__________________________________________________________________________

__________________________________________________________________________

[1]

с) Неліктен 2-тәжірибеде, төмендегі мұз бөлігі жоғарыдағы су қайнап бастаған кезде де

ерімеді? Екі себебін ұсыныңыз.

1. ___________________________________________________________________

2. ___________________________________________________________________

[2]

5. Iшіне мұз бөліктері және термометр салынған химиялық стақан жылы бөлмеде 15

минутқа қалдырылды.

5 минутқа дейін cтақанның ішінде су көрінбеді. 15 минуттан кейін стақанда кейбір мұз бөліктері қалды.

6. а) Төменде қайнау туралы үш тұжырым берілген.

1. Сұйық белгілі температурада қайнайды.

2. Қайнау кезінде сұйықтың ішіндегі кез келген нүктеде бу пайда болуы мүмкін.

3. Жылу энергиясы берілмесе қайнау тоқтайды.

Булану туралы төмендегі эквивалентті тұжырымдарды толықтырыңыз.

1. Сұйықтың булануы ..........................................................................................

[1]

2. Булану кезінде ..................................................................................................

[1]

3. Жылу энергиясы берілмесе булану ............................................................... [1]





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.10.2020
1224
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі