Саламатсыздарма құрметті ата аналар қош келдіңіздер. Балаларымыздың жаңа оқу жылдарымен құттықтаймын.Отбасымыз аман,тыныштық заман болсын.Сіздер болып біз болып пікірлесе отырып жиналысымызды бастайық. Жиналыстың тақырыбы Адал азамат болашақ қоғамның тірегі.Мақсатымыз ата ана мұғалім арасындағы байланысты нығайту,ортақ жауапкершілік екенін түсіндіре отыру.Баламен өткізген уақыттын санына емес сапасына көңіл аударғанымыз жөн.Қазір өмір бәрімізді уақытымызды еріксіз әңгімелесу балалармен байланысудан үнемдеуге үйреттігой. Жалпы сабақты бастау баладан ұқыптылықты, шыдамдылықты талап етеміз Түлектерімізді алда үлкен ҰБТ-ге дайындауда білімді субьект ретінде қалыптастыру үшін - жетістікке жетуге бағыттайтын, кездесетін кемшіліктерді ашып, түзету, дамыту, қолдау жұмыстарын жүргізетін негізгі топ – пән мұғалімері, сынып жетекші, ата-аналар және педагог-психолог болып табылады.
Біздің тарапымыздан тестілеуге дайындық кезеңіндегі Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағыттау дағдыларына үйрету, Өз күшіне сенімін арттыру, ерік-жігерін күшейтуге бағыталған жұмыстарды жасаймыз.
Әрине, әр ата-ана баласына деген сезімін түрліше жеткізеді. Қандай жағдай болмасын, баланың өзіне деген сенім тудырып, қолдап отыру керек. Бала бір істен қателескен жағдайда оған шыдамдылық көрсету керек. Рас, кейде өзге біреудің балалары бойындағы қабілеті айрықша сияқты көрінеді. Бірақ ол басқа бала. Сондықтан әр баланың өзінің жеке басының ерекшелігін, ешкімге ұқсамайтын кейбір қасиеттерін сезіну керек. Кейде бала бір сәтсіздіктерге ұрынады. Ата-ана уайымдап, баланың еш нәрсеге икемі жоқ, қабілетсіз деген қорытындыға келеді. Осыдан баланың өзіне деген сенімі күрт жойылады, қолын қусырып, кездескен қиыншылықтарды жоюға дәрменсіз болады. Мұндай жағдайда ата-ана баласының жай ғана талпынысының өзін қолдап түсіне білуі керек. Ең бастысы, бала біздің оны қалай бағалайтынымызды және одан не күтетінімізді сезінуі және түсінуі тиіс.
"Буллинг - балалар ортасындағы мәртебесін, ролін шегелеу мақсатында араларында кім күштірек, мықтырақ, кереметтеу, көшбасшылыққа жақындау екенін айқындау үшін болатын жайт. Ал екі оқушы бір затты бөлісе алмай, дауласса, бұл - конфликт. Ортада міндетті түрде таласқа түсетін бір зат болуы керек. Сондықтан конфликті кезінде медиацияның болуы тиімдірек: медиатор екі тараптың да пікір айтуына мүмкіндік жасап, келісімге келу амалын табуы мүмкін.
Буллинг процессіне қатысы бар кез келген адам қиналады, куәгерлер де агрессор немесе буллинг нысаны болған тарап деп бөлінеді, тек олар сезімін ішінде сақтап, эмоция шығара алмайтындықтан, тіпті қаттырақ қиналуы мүмкін.Баланың буллингке тап болғанын қалай түсінеміз? Анық белгілері бола ма?
Бала экономикалық буллингке тап болса, үйден ақша, құнды заттар да жоғала бастауы мүмкін. Мұндайда физикалық қысым көріп жүрген болуы ықтимал.
Бұдан бөлек баланың эмоционал халіне де назар аударған жөн. Кенет болған шуға дір ете қалса, смартфонын жасырып, ұйықтаған кезде мазасызданатынды шығарса да, ата-ана назар аудара бастауы керек.
Баласының буллинг қатысушысы (нысан/агрессор/куәгер) екенін білген ата-ана ең әуелі не істегені жөн?
"Ата-ана күдік пайда болған тұста-ақ, бірден баласымен ашық әңгімелесуі керек. Балалар, өкінішке қарай, көп нәрсені жасырып жатады. Бірі ата-анасын уайымға салғысы келмейді, ендібірі қорыққанынан айтпайды, сын естуден қашады. Кейбірі әке-шешесі баланың өміріне мүлде қызығушылық танытып, хал сұрамайтындықтан, оларға айту керек екенін білмейді де, ал басқалары "өсекші" деген "атақ" алудан қорқып, мәселені өзі шешуге тырысуы мүмкін. Баланың буллинг болып жатқанын жасырып қалуының мұнан да өзге себептері жетеді.
Дәл осы тұста ата-ана баланы сынап-сөкпейтінін, қолдап-қорғайтынын түсіндіруі маңызды. Ата-ана кейінгі кездері баласы өзгеріп жүргенін, буллингке ұшырап, мектепте қысым көріп жүр ме деп уайымдайтынын, осындай мәселе болса, оны шешуге көмектесетінін айтуы керек. Өйткені баланың мұндай мәселені өз бетінше шешуі екіталай.
Бұл жағдай көбіне мектепте болатындықтан педагогтардың да назарын аударған жөн. Алайда олар кей кезде "Бала ғой, олар осылай алысып-тыртысып жүріп өседі" деп тақырыпты жылы жаба салуы мүмкін. Керісінше, мұғалімдердің де салдары болатынын түсінуі маңызды. Олар тек буллинг жасайтындармен ғана емес, сыныппен түгел жұмыс істеп, түсіндіру жұмысын жүргізуі керек.
Баланың буллингке ұшырағанын білген соң агрессор жақтың ата-анасымен кездесу керек пе?
"Екі тарап өзара кездесіп, әңгімелесіп, мәселенің ортақ шешімін таба алса, жақсы, әрине. Алайда тәжірбие бойынша ата-аналар үнемі тек өз балаларын жақтап, екінші тарапты тыңдаудан бас тартатынын, ортақ шешім тауып, келісімге келуді қаламайтынын байқап жүрміз. Көп жағдайда қарапайым ұрыс-керіс, сөгіс пен қарғысқа айналып кететіндіктен, екі тараптың өз бетінше кездесуі көп кеңес етіле бермейді. Сондықтан екінші жақтың ата-анасы мәселені әңгімелесе отырып, талқылай шешуге ниеті болмаса, қашықтықты ұстанған абзал".
Ата-аналар тағы "нені істемеуі" керек?
"Ең әуелі сабырға келіп, салқынқанды болуға тырысыңыз, эмоциямен шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Әдетте ата-аналар "Балама бұлай әстеуге кімнің дәті барады?", "Баламды неге ренжітеді?" деп бірден біреуді айыптап, жазалағысы келіп тұрады. Конструктив диалогқа дайын болған кезде ғана іске көшуге болады. Кінәліні іздемес бұрын заң бойынша қандай амалдар қолдана алатыныңызды іздеп көріңіз. Қарсы тараптың ата-анасын, мектеп әкімшілігін жауапқа тарта аласыз, бірақ фактологияның: хат алмасуды дәлелдейтін скриншот, баланың бүлініп қалған киімі, оқиға жайлы айтып беруге дайын куәгерлердің болуы және тағы басқасы маңызды. Балаңыздың жағдайы қаншалықты нашар болса да, өз бетіңізше екінші тарапты жазалауға ұмтылу құптарлық әрекет емес. Қайта әуелі баланың жағдайын қалпына келтіруге тырысқаныңыз жөн. Көп жағдайда ата-аналар қиналып жатқан баласын ұмытып, тек өзін дәлелдеуді мақсат етіп алады. Асықпаңыз".
Буллингті болдырмау үшін баланы қалай тәрбиелеген дұрысырақ?
"Бәрімізде буллингке тап болу қаупі бар. Өйткені үнемі ортада кім екенімізді, не істей алатынымызды көрсеткіміз келіп тұрады. Сондықтан "Бізде буллинг болмайды" дейтін мектеп емес, "Иә, буллинг болуы мүмкін, бірақ біз оның алдын алу мен мәселені шешу амалдарын, баламен қалай жұмыс істеу керек екенін білеміз" дейтін мектеп тәуірірек. Қазіргі "мінсіз мектептің" басты критерийі де осы болуға тиіс, бірақ әрбіріміз жеке тәрбиемен айналысып, бір-бірін қинап, кемсітіп, қыстамайтын қоғам қалыптастыра алатынымыз рас.
Ол үшін ата-ана балаға жастайынан жеке шекараның не екенін түсіндіруі қажет. Бала өз шекарасын қорғап, өзгенің де шекарасына құрметпен қарауды түсініп өскені жөн. Ешкімді сөзбен, күшпен ренжітпестен өзін сыйлата білуді үйрету керек.Алайда оны біреуге ойыңа келген балағат сөзді айтып, ренжітпей-ақ, спорт арқылы шығаруға болады. Бастысы бұл қағиданың бәрі отбасы мүшелері арасында да сақталуы керек. Үйде бір-бірінің пікірін құрметтеп өскен бала, мектепке барып бұзыла қоймас".
Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектебі
Ата-аталармен жүргізілген түсіндірме жұмысының
Хаттамасы
Уақыты: 12.09.2025ж
Қатысқандар: мектеп ата аналары
Тақырыбы: Балалармен буллинг, кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Диагностика түрі: Түсіндірме жұмысы жиналыс
Мақсаты: Ата аналарға буллинг, кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу
Түсіндірме жұмысының барысы:
Ата аналарға тақырып бойынша түсіндірме жұмыстары сынып сынып бойынша жекелеп түсіндірілді.
Ата аналар тарапынан қойылған сұрақтар мамандар тарапынан қанағаттандырылды.
Буллинг,кибербуллингтің тек мектепте ғана емес, өзге де жерде кездесуі әбден мүмкін екендігі айтылды. (мысалы: көшеде, аулада, басқа мекемелерде)
Қаулы:
1.Түсіндірме жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Түсіндірме жұмыстары әрі қарай жалғастырылсын.
3.Буллинг, кибербуллинг туралы түсіндірме жұмыстары оқушыларға да түсіндірілсін.
Педагог-психолог: Э.Тортбаева, Б. Жақсылық

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Буллинг және киберббулинг

шағым қалдыра аласыз