Ашық тәрбие сабақ тақырыбы: «Буллингсіз
әлем»
Сабақтың мақсаты:
оқушыларға буллингтің түрлері,
себептері және салдары туралы түсінік беру, оның қаншалықты зиян
екенін көрсету. Мейірімділік, адалдық, құрмет және жанашырлық
сияқты құндылықтарды күшейту арқылы оқушылардың бойында тұлғалық
қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың жоспары:
1.
Кіріспе. Презентация
2.
«Жұлдызым жоғары»
әдісі
3.
Топқа бөлу:
«ПАЗЛ»
4.
Бейнеролик «Буллинг деген
не?».
5.
«Төрт баған» әдісі (постер
қорғау )
6.
Жағдаяттық рөлдік
ойын: «Сезім
шеңбері»
7. «Пицца» әдісі ( мақалдың
жалғасын табу сұрақтар)
8. «Дос болайық бәріміз» караоке әнін
орындау
9.
Қорытындылау
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Сәлеметсіздер
ме құрметті оқушылар мен
ұстаздар! Бүгін біздің «Буллингсіз
әлем» тақырыбындағы ашық тәрбие
сағатымызға қош келдіңіздер!
Атақты
ойшыл Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес,
тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен. Бұл
сөздің растығын өмір тәжрибесі талай мәрте дәлелдегені белгілі. Осы
орайда біздің ата-бабаларымыз тәрбиенің орны бөлек екенін жақсы
білген. Өйткені ұрпаққа үлгілі тәрбие бере алу – қоғамның өзін,
елдің тірегін қалыптастыру. Соның ішінде балаға өнегелі
тәртіп пен құқықтық тәрбие бере білу – өлшеуі жоқ
қазына
.
Психологиялық ахуал: «Жұлдызым жоғары»
әдісі.
Мұғалім оқушыларға алдын ала
дайындалған жұлдыз суреттерін таратады. Әр жұлдызда бос жолдар бар.
Әр оқушы өз жұлдызына жақсы қасиетін жазып, Әр оқушы өз жұлдызына
жақсы қасиетін жазып, оны тақтаға
іледі.Топқа
бөлу: «ПАЗЛ» Буллинг тақырыбына сай
келетін қиылған 2 сурет беріледі.Балалар араласқан қима қағаздардан
толыққанды суреттер құрастырып шығу керек,
Оқушылар жауаптарына қарай
«Адалдық», «Мейірімділік» топтарына
бірігеді.
Тақырыпты ашу: Бейнеролик. «Буллинг деген
не?» Bullying сөзі ағылшын тілінен
аударғанда «қорқыту», «кемсіту», «мұқату» дегенді білдіреді.
Буллинг — агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені
қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де,
сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы
мүмкін. Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады»
деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам
үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде
буллингпен ұшырасуы мүмкін.
«Төрт баған» әдісі (постер
қорғау )
|
Факт |
Идея |
Әрекет |
Сұрақ |
|
БУЛЛИНГ |
Буллингті болдырмау, алдын алу |
Күресу, кешіру, сену, құрметтеу |
Балалар неге қатыгез боп барады? Буллингті қалай жоюға болады? |
Жағдаяттық рөлдік
ойын: «Сезім
шеңбері» Әр топ буллинг жағдайын ойнап
көрсетеді, бірақ әр оқушы кейіпкердің сезімін түсіндіру үшін "Сезім
шеңберіне" кіреді. Мысалы, буллинг жасаушы, жәбірленуші, бақылаушы
рөлдерін алып, сезімдерін көрсетеді. Дәуреннің сыныптағы екі
оқушысы оны күн сайын дәлізде қағып өтеді, сөмкесінен заттарын
төгеді және оған күледі. Дәурен бұл туралы біреуге айтудан қорқады,
себебі олар оны одан әрі мазалайды деп ойлайды. Не істеу керек?
Аружан әлеуметтік желідегі достарымен фотосурет бөліседі. Бірнеше
сыныптастары сол суретті көшіріп алып, оған түсініксіз сөздер
жазып, мазақ етеді. Олар суретті барлық оқушыларға жіберіп, күледі.
Аружан қатты уайымдап, өз-өзін кінәлай
бастайды.«Пицца» әдісі (мақал айтады
жалғасын тап, сұрақтар)
Досы жоқпен – сырлас, досы көппен –
сыйлас. Досы жоқ адам — тұзы жоқ тағам. Досы көпті жау алмайды,
ақылы көпті дау алмайды. Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп
айтар.
8. «Дос болайық
бәріміз» караоке әнін орындау
9. Қорытындылау. Бірақ есіңде
болсын, ешкімнің сені ренжітуге немесе өзің жайлы жаман
ойлауға мәжбүрлеуге құқығы жоқ.Тәрбие
сабағымыз аяқталды рахмет сау болыңыздар!
Қорытынды:
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Буллингсіз әлем"

шағым қалдыра аласыз