|
Педагогтің Т.А.Ә. |
Аденова В.К. |
|
Күні: |
15.11.2024ж. |
|
Сынып: 9 А |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы |
Буллингтен қорған! Қауіпсіздік сабағы (10 минут) «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары» |
|
Сабақтың мақсаты |
«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту, жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. |
|
Қауіпсіздік мақсаты |
Оқушылардың қауіп төнген жағдайда жедел қызмет пен сенім телефондарына дұрыс хабарласу дағдыларын дамыту. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. |
|
Дәйексөз |
3-апта дәйексөзі: Әділетте берік болсаң аяғың таймайды! |
|
Сабақ тың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурс тар |
|
Сабақтың басы |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар назарын сабаққа аудару. Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы? Видеодан кейінгісұрақтар: Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды? |
Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді |
ҚБ «Мадақтау сэндвичі»
|
Тақырып тық суреттер сілтемеде суреттер https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo
|
|
Сабақтың ортасы |
Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі. Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді. Relationalбуллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляционбуллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relationalбуллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді. Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. |
Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады. Дескриптор: өзгерістерін жіктейді Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады. |
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Мадақтау сэндвичі» ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады ҚБ «Өзін-өзі бағалау» |
Ақпарат тық мәтін
Үлестірме лі қағаздар
Суреттер
Тірек-сызбалар
ҚБ парағы |
|
Қауіпсіз дік сабағы 10 мин |
Жедел қызметтерді шақыру қағидалары. Мұғалім: өрт құтқару қызметіне қоңырау шалу үшін телефон нөмірін ғана емес, тағы нені білу керек? Жедел қызметке қоңырау шалған кезде диспетчерге не айту керек: Өз атыңызды және жасыңызды ата: диспетчерге атыңды, жасыңды айтып хабарла. Бұл оларға кіммен сөйлесіп тұрғанын жақсы түсінуге көмектеседі. Қай жердесін -хабарла: орналасқан жеріңді мүмкіндігінше дәл сипатта. Егер оны білсең, мекенжайды көрсет немесе айналаңда не көріп тұрғаныңды айтып бер. Не болғанын айт: жағдайды және неге қоңырау соққаныңды қысқаша және анық түсіндіруге тырыс. Мысалы, апат болды, біреу ауырып қалды немесе көмек қажет. Диспетчердің сұрақтарына жауап бер: мұқият болып, диспетчер қоятын барлық сұрақтарға жауап бер. Бұл оларға қажетті көмекті тезірек жіберуге көмектеседі. |
Өрт күзеті 101 Полиция 102 Жедел жәрдем 103 Авариялық газ қызметі 104 Бірыңғай құтқару қызметі 112 Жедел құтқару тобы 111
|
|
Суреттер
|
|
Сабақ тың соңы |
Сабақты қорытындылау Рефлексия
Қажетті білімді толық меңгердім бе? Қай дағдыларды қалыптастырдым? |
Полиция |
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды |
А4, конспект |
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Буллингтен қорған!

шағым қалдыра аласыз