жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Буллингтен қорған
|
Тәрбие сағаты |
Буллингтен қорған! |
|
|
Күні |
20-24.01.2025ж |
|
|
Сынып жетекші: |
Аты-жөніңіз |
|
|
Сынып |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың мақсаты: |
1. Оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру. 2. Буллингтің салдарлары мен оның адамдардың өміріне әсерін көрсету. 3. Оқушыларға буллингке қарсы күрес әдістерін үйрету. 4. Өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге көмектесу. 5. Топта ынтымақтастық пен бір-біріне қолдау көрсетуге үйрету. |
|
|
Құндылықтарды дарыту |
Буллингтің түрлері туралы ақпарат беру.Оқушыларды өзара құрмет пен сыйластыққа тәрбиелеу.Әр түрлі жағдайлар мен іс-әрекеттерді талдау арқылы шешім қабылдауға дағдыландыру. |
|
|
Апта дәйексөзі |
Қаңтар – заң және тәртіп айы. Тәртіп-тәрбие бастауы
|
|
|
Сабақтың барысы |
||
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар
|
|
Ұйымдастыру кезеңі (15 мин)
|
Оқушыларды тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру. Мұғалім: Буллинг дегеніміз не?: Буллинг – бұл бір адамның немесе топтың басқа адамға физикалық, психологиялық немесе әлеуметтік қысым көрсетуі. Буллингтің түрлері: физикалық (үркіту, соққы беру), психологиялық (қорлау, мазақтау), әлеуметтік (ізінен сөз тарату, адамды топтан аластау). Буллингтің әсері: Жәбірленуші адамның психологиялық денсаулығына, сенімділігіне және өмірге деген көзқарасына теріс әсер етеді. Мұғалім: Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Психолог буллингтің кез келген түрі қауіпті екенін айтады. Маманның сөзінше, қазіргі уақытта әлеуметтік желілер мен технологиялардың жаңа деңгейге шығуы балалар арасындағы буллингті де жаңа деңгейге көтерген. Буллинг көп жағдайда физикалық қысымнан ғана тұрмайды. Көбінесе психологиялық шабуыл: қорлау, жаман сөздер айту, келемеждеу, өсек пен өтірік сөз тарату және шеттетуден тұрады |
Мұғаліммен амандасады. «Менің пікірім» айдары: Буллингке қалай қарсы тұруға болады?
Өз-өзіне сенімді болу.
Мектептегі ұстаздар мен ата-аналарға хабарласу.
Әлеуметтік желілерде де буллингке қарсы әрекеттер жасау.
Оқушылар өз тәжірибелерін бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетеді.
|
Дәптер, қаламдар Аудио және бейнемазмұн (буллингке қарсы бейнемазмұн немесе роликтер) Плакаттар мен қағаздар
|
|
Сабақ ортасы (10 мин)
|
Қауіпсіздік сабақ Мұздағы қауіпсіздік Сабақтың мақсаты: оқушыларға қыста мұздағы қауіпсіздік ережелері туралы түсінік қалыптастыру. Негізгі міндеттер: 1. Мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға және балалардың жарақаттануының алдын алуға ықпал ету. 2. Өз өміріңізге және айналаңыздағыларға жауапкершілікті қамтамасыз етуге үйрету; 3. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту. Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, қауіпсіздік ережелері жазылған парақша. Сабақ барысы 1. Кіріспе (2 минут) Сәлемдесу: Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады. Мұзда қандай жазатайым оқиғалар болуы мүмкін екеніне мысалдар келтіріңіз. https://youtu.be/xauwY-Wnhj4?si=v31EyFvVoOCn-a0N 2. Негізгі бөлім (6 минут) Ұғымдарды түсіндіру: Мұздан сақ болыңыз! • Оқушыларға мұз үстінде болу қауіптілігі туралы түсіндіру. • Осы тақырып бойынша иллюстрацияларды көрсету. • Нені есте сақтау керек? • Оқушыларға коньки тебуде ересек адаммен еріп жүруі керек екенінтүсіндіру. • Жазатайым оқиғаларға қарапайым мысалдар келтіріңіз. Мұзда өзін ұстау ережелерін түсіндіру. • Ненің рұқсат етілгенін, ненің болмайтынын түсіндіріңіз. • Дұрыс және дұрыс емес мінез-құлықтың иллюстрацияларын көрсетіңіз. 3. Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау Осы тақырыпты талқылау ұнады ма? Бұл туралы ата-анаңызға айтасыз ба? «Мұздағы қауіпсіз мінез-құлық» бойынша кеңестері бар парақшаны тарату. |
|
|
|
Сабақ ортасы 15мин
|
Видеоролик көру Оқушыларға сұрақтар қою 1.Буллинг деген не,қалай түсінесіздер? 2.Өз құқықтарыңды білесіңбе? Сілтеме: Буллингке қарсы түсінік беретін қысқа бейнемазмұнды көрсету.Видеодан кейін оқушыларға буллингке қарсы әрекет ету жолдары туралы ойлар айту ұсынылады. |
Сұрақтарға жауап беріп,ат салысады. Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді Оқушылар буллингтен қорғану тәсілдерін постерге жазып қорғайды.Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;Егер буллингтің куәгері болған жағдайда оны назардан тыс қалдырмау керекпіз.
|
Дәптер, қаламдар Аудио және бейнемазмұн (буллингке қарсы бейнемазмұн немесе роликтер) Плакаттар мен қағаздар |
|
Соңы 5 мин |
Қажетті білімді толық меңгердім бе? Қай дағдыларды қалыптастырдым? Үйге тапсырма Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Баяндама жазып келу
|
|
Дәптер, қаламдар Аудио және бейнемазмұн (буллингке қарсы бейнемазмұн немесе роликтер) Плакаттар мен қағаздар |
шағым қалдыра аласыз








Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген