Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Буллингтен қорған 11 сынып сағаты қмж
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағаты |
Буллингтен қорған |
|
Күні |
18.11.24 |
|
Класс жетекші: |
11 сынып |
|
Класс: |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: (тақырып мазмұнын ашатын) |
«Буллингтен қорған!» |
|
Сабақтың мақсаты: |
Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу; Оқушыларға буллинг, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу. |
|
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин. |
. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Психологиялық тренинг жүргізеді |
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. |
https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo |
|
« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз
жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың
пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай
мөлдір! «Адамның
бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз |
|
|
Сабақ басы (10 мин) |
Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін. Буллинг деп көп жағдайда бір адамның бір адамды қорқытып-үркіткенін, қудалауын атайды. Ал құрбанға топ болып әлімжеттік жасауды моббинг дейді. Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг. Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі. Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді. Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді. |
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. |
Презентация |
Ортасы (15 мин) |
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы». Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу). «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру) |
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; - Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық; - Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. |
Презентация |
Қауіпсіздік сабағы 10 мин |
1.Кіріспе Күмәнді табыстардың түрлері туралы қысқаша баяндайды. Қосымша қаражат табуға шақыратын алаяқтардың басты белгілері мен таныстырады(1-қосымша). 2. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін) 1. Әңгіме: жақында қандай жаңа алаяқтық тәсілдері пайда болды? Айтыңызшы, сіз бұл туралы не білесіз? 2. Топтарда жұмыс істеу. «Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?» Жыл сайын алаяқтар ақшаны алып тастаудың барған сайын күрделі схемаларын ойлап табады. Телефондар, компьютерлер және электрондық мұрағаттар сіз туралы көп нәрсені білуге мүмкіндік береді. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз. Егер сізге қоңырау шалса немесе сіз туралы бірдеңе білетін бейтаныс адамдар келсе, БҰЛ АЛАЯҚТАР БОЛУЫ МҮМКІН. СІЗ ЕСКЕРУ КЕРЕК ЖАҒДАЙЛАР:
Сізге бейтаныс адамдар келіп, дәрі-дәрмектерді, қоспаларды немесе басқа заттарды сатып алуды ұсынады. Біліңіз! Нағыз дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар (диеталық қоспалар) сатылмайды. Оларды тек мамандандырылған дәріханалардан сатып алуға болады. Оларды қолданар алдында дәрігермен кеңесу керек. Мұндай қоңыраулар, СМС-хабарламалар және бейтаныс адамдардың ұсыныстары түскен кезде: - Сабырлы болыңыз. - Құқық қорғау органдарына дереу хабарлаңыз. - Ақпаратты тексеру үшін туыстарыңызға хабарласыңыз. Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз алаяқтардың құрбаны болса немесе сізге қарсы әрекет жоспарланған деп күдіктенсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз!
|
1. Егер сіз күтпеген жеңіс туралы SMS хабарлама алсаңыз, ойланыңыз! Нағыз ұтыс ойыны сіздің тарапыңыздан ақшалай төлемдерді білдірмеуі керек! Ақшаңызбен бөлісуге асықпаңыз! 2. Сізге бейтаныс нөмірден қоңырау келіп, жақындарыңыз қиыншылыққа тап болды деп мазасыз дауыспен хабарлайды. Мәселені шешу үшін сізге үлкен ақша қажет. Алаяқтар осы схема бойынша жұмыс істейді! Ақпаратты тексеру үшін туыстарыңызға қоңырау шалыңыз. 3. Емханадан хабарласып, сіз немесе сіздің туыстарыңыздың қауіпті ауруға шалдыққаны туралы хабарлайды. Алаяқтардың «қойылымының» күрделілігіне қарамастан (сіздің медициналық тарихыңыз, туысыңыздың аты-жөні, учаскелік дәрігердің тегі туралы айтуы мүмкін) бұл алаяқтық! Нағыз дәрігер телефон арқылы мұндай «жаңалықтарды» ешқашан жарияламайды! Ерте ме, кеш пе, алаяқтар тек қымбат дәрі немесе хирургия көмектесе алады дейді. СЕНБЕҢІЗ! БҰЛ АЛДАУ! 4. Сіздің телефоныңызға белгісіз нөмірлерден қоңыраулар немесе хабарламалар келіп түседі, олар балаларға көмектесу немесе ұтып алған жүлдені алу үшін шотқа ақша салуды сұрайды. БҰЛ ӨТІРІК! 5. Сізге әлеуметтік қызмет қызметкерлері келді. Алдыңғы есікті ашпас бұрын оларды жіберген ұйымға қоңырау шалыңыз. Алаяқтар қобалжыса, ал 212 нағыз жұмысшылар түсіністікпен қарайды. Ешқашан ақша, құндылықтар мен құжаттарды бермеңіз. |
https://youtu.be/t68mPSKGb2A?si=9GUGpTyP3xA_TLnk |
Соңы |
Қорытынды Сабақты қорытындылау Карточкалар 1. Жеке ақпаратты қалай дұрыс басқаруға болады? 2. Оны кімге және қандай көлемде беруге болады? Жадынама. Жас шектеулерін сақтау және интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша кеңестер. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды. |
. і. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. |
|