Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Буллингтен қорған” 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» «Ата-аналармен құпия сөз»
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып жетекші:



Күні:

20.01.2025

Сынып: 1



Сабақтың тақырыбы:

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»



«Ата-аналармен құпия сөз»


Мақсаты

Оқушыларға адам құқығы мен бала құқықтары туралы ақпарат беру.

Қиын жағдайларда көмек сұрау дағдыларын дамыту

Зорлық-зомбылыққа төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.





Оқушыларды ата-аналарыымен интернеттегі және басқа да платформалардағы құпия сөздің маңыздылығы туралы хабардар ету.

Қауіпсіз құпия сөз жасау және оны қорғау дағдыларын үйрету.

Балаларды интернетте қауіпсіздік сақтауы үшін пайдалы кеңестер беру.





Сабақтың барысы:


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу:

Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!



Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді







Көңілді әуен




Сабақтың ортасы

Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Кіріспе бөлім:

Мұғалім:

«Әр баланың бақытты, қауіпсіз балалық шағы болуы тиіс. Бүгін біз зорлық-зомбылық деген не екенін, оның қандай түрлері бар екенін және одан қалай сақтануға болатынын талқылаймыз.»


Оқушылардан сұрақ қою:

«Зорлық-зомбылық дегенді қалай түсінесіздер?»


«Балалар қандай құқықтарға ие?»



Негізгі бөлім:

1) Баяндама:


Бала құқықтары туралы негізгі мәліметтер:


БҰҰ Бала құқықтары туралы конвенция.


Балалардың өмір сүру, білім алу, қорғау құқықтары.

Тақырыпты талдау:


Зорлық-зомбылық түрлері:

Физикалық

Психологиялық

Экономикалық

Жыныстық

Әр түріне мысал келтіріп түсіндіру.

Жағдайлық тапсырмалар:

Оқушыларды топқа бөліп, жағдайларды талдау:

«Егер сені біреу қорқытса, не істейсің?»

«Досың зорлық-зомбылыққа ұшыраса, оған қалай көмектесесің?»

«Қиын жағдайға тап болсаң, кімге хабарласасың?»

Бейнеролик көру:

Тақырыпқа сай қысқа бейнеролик көрсетіп, оны талқылау.




Оқушылардың пікірлерін тыңдау.



Мәтінмен жұмыс:

Адалдық туралы қысқа мәтінді оқу.











Оқушылар сұраққа жауап береді









Оқушылар тапсырмаларды орындайды





Мадақтама сөздер айту





Ақ қағаз, фломастерлер


Бала құқықтары туралы постерлер.


«Зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы бейнеролик.


Тақырыптық слайдтар мен суреттер.



Сабақтың соңы

Қорытынды:

Балалардан сабақты қорытындылау сұрақтары:

«Зорлық-зомбылықсыз өмір сүру үшін не істеуіміз керек?»

«Көмекке жүгінудің қандай жолдарын білесіздер?»

Мұғалім:

«Әрқайсымыз қоғамның бір бөлшегіміз. Зорлық-зомбылыққа төзбеушілік – тек қана өзіміз үшін емес, айналамыздағы адамдар үшін де маңызды. Барлық қиындықта сіздерге көмекке келетін үлкендер бар екенін ұмытпаңыздар.»

Рефлексия:

Оқушыларға «Зорлық-зомбылықсыз әлемді қалай елестетесің?» деген сұрақ қойып, өз ойларын қағазға түсіруін сұрау (сурет немесе жазбаша

Сабақтың соңында:

Қауіпсіздік пен көмек көрсету қызметтерінің телефондары:


150 – Сенім телефоны


111 – Балалар мен жасөспірімдерге арналған қолдау орталығы.

Қорытынды нәтижесі:

Оқушылар зорлық-зомбылық туралы ақпарат алып, қиын жағдайда қалай әрекет ету керектігін үйренді.






Ақ қағаз

Қауіпсіздік сабағы

10 мин


Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау.

Кіріспе бөлім:

Мұғалімнің кіріспесі:

«Қазіргі заманда интернет біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды. Бірақ, интернетте жеке деректерді қорғау үшін құпия сөздің дұрыс және қауіпсіз болуы өте маңызды. Бүгін біз құпия сөздерге байланысты қауіпсіздік ережелерін және балаларымызды интернеттегі қауіптерден қалай қорғауға болатынын талқылаймыз.»

Негізгі бөлім:

1) Құпия сөз дегеніміз не және ол не үшін керек?


Құпия сөз – бұл жеке ақпарат пен деректерді қорғау үшін қолданылатын негізгі құрал.


Ата-аналардың дербес аккаунттары мен балалардың қауіпсіздігі осыған тәуелді.

Құпия сөз қауіпсіздігінің 5 ережесі:

1. Ұзындығы мен күрделілігі: Құпия сөз кем дегенде 8 таңбадан тұруы керек, әріптер, сандар және арнайы таңбалар қолданылуы қажет.

2. Бірегейлік: Әр аккаунт үшін жеке құпия сөз жасау.

3. Құпия сөзді ешкімге айтпау: Балаларды құпия сөзді бөліспеу керектігін үйрету.

4. Құпия сөзді жүйелі түрде өзгерту: Әр 3-6 ай сайын құпия сөзді жаңарту.

5. Қосымша қорғаныс: Екі факторлы аутентификацияны (2FA) қолдану.

Балаларды интернет қауіпсіздігіне үйрету:


Балаларға қарапайым сөздермен интернет қауіпсіздігі мен құпия сөздің маңыздылығын түсіндіру.


Оларға келесіні үйрету:


Өзі туралы жеке ақпаратты жарияламау.


Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу.


Күдікті сілтемелерге өтпеу.

Практикалық жаттығу:

Оқушылармен бірге қауіпсіз құпия сөз құрастыру.

Мысалы, сөз тіркесін алмасып жазу:

«Менің мысығым Мурка 3 жаста!» → MnMgMm3z!

Тапсырма:

Жеке және балалардың аккаунттары үшін 3 қауіпсіз құпия сөз жазу.

Балаларды қорғау құралдары:


Ата-аналық бақылау бағдарламалары:


Интернеттегі әрекеттерді қадағалау үшін арнайы қосымшалар орнату.


Кибербуллингті тану және алдын алу:


Балалармен интернетте жағымсыз жағдайлар туралы ашық сөйлесу.


Сенім телефондарына хабарласу қажеттігін түсіндіру.

Қорытынды бөлім:

Оқушылардан кері байланыс сұрау:

«Құпия сөздерді қорғау үшін тағы қандай шараларды қолдануға болады?»

«Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?»


Мұғалімнің қорытынды сөзі:

«Қауіпсіз интернет ортасын құру – біздің ортақ міндетіміз. Әр ата-ана өз баласына қауіпсіздік ережелерін үйретіп, өзі де сол ережелерді сақтауы қажет.»

Рефлексия:

Ата-аналарға келесі сұрақтарды беру:


Бүгінгі сабақтан алған маңызды 3 нәрсені атаңыз.

Сабақ соңында:


Оқушыларға пайдалы материалдар тарату:


Құпия сөз жасау алгоритмі.

Қауіпсіз интернет құралдарының тізімі.

Сенім телефондары:

111 – Балаларға арналған көмек орталығы.

150 – Сенім телефоны.



















Оқушылардың пікірін тыңдау.

































Сұрақтарға жауап береді













Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.






























Оқушылар сұрақтарға жауап береді



















Мадақтама сөздер айту
















Мадақтама сөздер айту























Мадақтама сөздер айту



















Мадақтама сөздер айту






Презентация








Тақырыптық слайдтар.


















Құпия сөз жасауға арналған нұсқаулық парақшалар.














Тақырыптық бейнероликтер.

















Презентация, әңгімелесу, практикалық жаттығу




















Постер фламастер

Сабақтың соңы

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріп, мадақтау.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2025
129
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12