«Буллингтен қорған!» «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Буллингтен қорған!» «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім телефондары»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» «Жедел жәрдем нөмірлері және сенім

телефондары»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife тикток

Күні:


Сынып:

9 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.

Құндылық :

Заң және тәртіп

Бірлік және ынтымақ

апта дәйексөзі: « Шығармашыл бала-ойлы бала »

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

Шағын сұрақтар:

«Буллинг дегенді қалай түсінесіңдер?

«Өміріңде осындай жағдайды байқадың ба?»

Кіріспе бөлім :

Мұғалімнің сөзі:

«Буллинг – бұл біреуді әдейі ренжіту, қудалау немесе қорқыту. Буллинг әртүрлі түрде болуы мүмкін: физикалық, ауызша, әлеуметтік және кибербуллинг (интернет арқылы). Бүгін біз буллингтің қандай зиян тигізетінін және одан қалай қорғану керектігін талқылаймыз.»

Буллингтің түрлері туралы қысқаша ақпарат:

1. Физикалық: ұру, итеру, заттарын лақтыру.

2. Ауызша: мазақ ету, қорлау, жаман сөздер айту.

3. Әлеуметтік: басқа адамды топтан шеттету, беделін түсіру.

4. Кибербуллинг: интернет арқылы қорқыту, әдепсіз хабарламалар жіберу.

Негізгі бөлім :

1) Буллингтің зардаптары:

Құрбан болған адамның психологиялық жағдайына әсері:

Өзін-өзі төмен бағалау, үрей, жалғыздық сезімі.

Қоғамға әсері:

Топ ішіндегі сенімсіздік, достықтың бұзылуы.

2) Буллингтен қорғану әдістері:

1. Өзіңе сенімді бол:

Тік тұрып, айқын сөйлеп, өз пікіріңді білдір.

2. Көмек сұра:

Ата-ана, мұғалім немесе сенімді ересек адамға айт.

3. Жағдайды елемеу:

Кейде ренжіткен адам ескерусіз қалғанда, ол әрекетін доғарады.

4. Қауіпсіз орта таңда

Сенімді достарыңмен бол және қауіпсіз жерлерде жүр.

5. Интернетте қауіпсіздік:

Бейтаныс адамдармен хат алмаспа, жеке мәліметтерді жариялама.

Жағдайлық тапсырмалар:

Жағдай: «Сыныпта бір оқушыны барлығы мазақ етеді. Ол өзін жалғыз сезінеді. Не істеу керек?»

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Жағдай: «Саған интернетте біреу қорқынышты хабарлама жіберді. Сен қалай әрекет етесің?»


Дұрыс шешімдерді талқылау.

Практикалық бөлім :

Рөлдік ойын

Топқа бөлініп, әртүрлі жағдайларды сахналау. Мысалы:

Бір оқушы ренжіп тұрғанда, достары оған көмектеседі.


Біреуді мазақтауды тоқтату үшін достары оны қолдайды.

қарым-қатынас орнатып, мейірімді болудың маңыздылығын түсінеді.

Қорытынды бөлім :

Мұғалімнің сөзі:

«Буллинг – бұл үлкен мәселе, бірақ біз оны бірге шеше аламыз. Әрқайсымыз мейірімді болсақ, бір-бірімізге қолдау көрсетсек, буллингті жеңуге болады. Егер сіз немесе сіздің досыңыз осындай жағдайға тап болса, міндетті түрде көмек сұраңыз.»

Сұрақтар:

«Сен буллинг жағдайында қалай әрекет етесің?»

«Бүгін не үйрендің?»

Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау.

Әр топтың жұмысына баға беру.


Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді







Оқушылар кластер жасап, оны қорғайды.


































Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады




Оқушы

лар бірін -бірі бағалай

ды

Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин








































ҚС:

Сабақтың мақсаты: қажет болған жағдайда жедел қызмет нөмірлері мен сенім телефондарын қалай дұрыс пайдалану керектігін үйрету.

Негізгі міндеттер: төтенше жағдайларды шақыру ережелерін бекіту қарапайым және төтенше жағдай арасындағы айырмашылық ұғымын бекіту.

Материалдар мен ресурстар:

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.


  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111

Сынып сағаты тақырыбындағы видео; Шұғыл қызмет нөмірлері бар карточкалар; Рольдік ойынға арналған телефондар.

Сабақтың барысы

    1. Кіріспе (2 минутқа дейін)

Бейне ролик қарау:

https://youtu.be/qfY3NzKvrnw?si=Ie_ekiYUXRV_qDPC

Естеріңізге сала кетейік, оператор оқиға туралы хабарды қабылдағанда, бұл ақпаратты тиісті шұғыл қызметтерге жеткізу керек. Қызметтердің жұмыс уақыты: ТӘУЛІК БОЙЫ. Телефон шотында ақша болмаса да, барлық ұялы байланыс операторларына қоңырау шалу ТЕГІН.

«Есте сақта!»


    1. Негізгі бөлім (6 минутқа дейін)

Маңызды! Шұғыл қоңыраулар ұшу және қуат үнемдеу режимдерінде жұмыс істемейді.

  1. Телефондағы «Баптаулар» қолданбасын ашыңыз.

  2. «Қауіпсіздік және төтенше жағдайлар» түймесін басыңыз.

  3. Экранның төменгі оң жақ бұрышында «Орнатуды бастау» тармағын таңдаңыз.

  4. Жергілікті жедел жәрдем нөмірін өзгерту қажет болса, «Нөмірдіөзгерту»

түймесін басыңыз. Нөмірді енгізіп, «Келесіні» таңдаңыз.

  1. Төтенше жағдай контактілеріне геодеректер мен жаңартуларды жіберу үшін «Контакты қосу» түймесін басып, төтенше жағдайда ақпаратты кіммен бөлісетініңізді таңдаңыз. Шұғыл қоңырау шалу мүмкіндігі төтенше жағдай контактісіне қандай мәліметтерді жіберетінін көрсетіңіз. «Келесі» түймесін басыңыз.

Кез келген ұялы байланыс операторынан және қалалық нөмірлерден шұғыл қызметтерді шақыру Қазақстанда тегін жүргізіледі.

Рольдік ойын:

      • Оқушыларды жұпқа бөліңіз. Бір оқушы қоңырау шалушы, екіншісі оператор ролін атқарады;

      • Әртүрлі жағдайлары бар карталарды таратыңыз (өрт, террористік қауіп және

т.б.);

Оқушыларды топтарға бөліп, қарапайым және тиімді бірлестіктер құру үшін

Жедел жәрдемнің нөмірін таратыңыз.

Нұсқаулық

        • Қажетті нөмірді теріңіз.

        • Анық және байсалды сөйлеңіз.

        • Өз атыңды қай жерде, не болғанын айтыңыз.

3. Қорытынды (2 минутқа дейін)






















































https://drive.google.com/file/d/1idryjxl07j4TqE8wwixxInqe_1WxqHsI/view https://drive.google.com/file/d/1xdSM-qHslvaEDkx6mFG-xVdi75O63EbU/view

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі