Буллингтен қорған. Мен салауатты өмір салтын ұстаймын

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Буллингтен қорған. Мен салауатты өмір салтын ұстаймын

Материал туралы қысқаша түсінік
Буллингтен қорған. Мен салауатты өмір салтын ұстаймын тақырыбы бойынша сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің аты-жөні


Күні:


Сынып: 6

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

Буллингтен қорған! «Мен салауатты өмір салтын таңдаймын!»

Қауіпсіздік сабағы №1 (10 минут) «Төтенше қызмет нөмерлері»

6 ҚТ «Өрт қауіпсіздік ережелері»


ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЙЫ

2-апта дәйексөзі:

Тура биде туған жоқ

Құндылық

Әділдік және жауапкершілік

Индикаторлар

  • Моральдық нормаларға сәйкес өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін талдай білу

  • Тапсырылған жалпы іс үшін сынып ұжымы алдындағы жауапкершілікті сезіну

  • Басқаларға көмектесуге және әділдік, мейірімділік пен жауапкершілік танытуға дайын болу

     

Сабақтың барысы

Сынып сағат кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы

10 мин

Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы? Видеодан кейінгі сұрақтар: Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?

Оқушы өз ойларын ортаға салады. Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді








Тақырыптық суреттер сілтемеде суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo

Сынып сағатының ортасы

25 мин

Қауіпсіздік сабағы №1 (10 минут) «Төтенше қызмет нөмерлері»


1. Кіріспе (2 минутқа дейін): - Ортақ құтқару қызметінің нөмірін айт.


Суреттерден құтқару қызметінің түрін анықта, құтқару қызметінің нөмірлерін айт.

Кез келген қауіпті жағдайдан құтқаратын ортақ телефон нөмірі – 112. Бұл нөмірге хабарласу арқылы барлық қауіпті жағдай бойынша көмек ала аласыз. Төтенше жағдай кезінде бастысы, сабыр сақтап, диспетчерге, болған жағдайды дұрыстап түсінікті жеткізу қажет.

«Есте сақта!» Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

- «111» нөмірі – 24/7 байланыста

- «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

111


- Өмірде жалғыздан-жалғыз қиын жағдайда қалып қоятын кездерде барлығын өзің жеңіп шығуың керек болады. Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де, айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың.


2.Негізгі бөлім

Ендеше нөмірлерді жазып ал!

Жағдаяттарды талқылау:

Үйде сен бір өзіңсің. Кенет түтіннің иісін сездің. Келесі бөлмеге барсаң, өрт шығып жатыр. Сенің әрекетің.....

Спорттық алаңда балалар ойнап жүр. Араларында ересек адам жоқ. Ұлдардың біреуі құлап қалды. Ол қатты айқайлап жылап тұр. Баланың ауруы қатты ұлғая бастады. Сіздің әрекетіңіз...

Сен мектептен үйге келдің. Ата-анаң жұмыста, қарындасың балабақшада.

Ал үйден жағымсыз иіс шығып тұр. Газдың иісіне ұқсайды, сен не істейсің …

Үйде жалғыз қалдың, сенің ішің пысып кетті. Сен қалжыңмен өрт қызметіне телефон соғып, көрші үйде өрт болып жатқандығын хабарладың. Терезеге жақындап өрт қызметінің машинасын күтіп тұрсың.

Осы оқиғаны аяқта .....

3. Практикалық бөлім. (6 минут)

Жағдайларды талдау.

Төтенше жағдайға қоңырау шалған кезде, сізге хабарлау керек:

1. Алдымен қоңырау шалу керек: мекенжайды айтып, байланыс үзілсе де, құтқарушылар қайда бару керектігін біледі.

2. Бұл қайда болды: аулада, пәтерде, қоймада және тағы басқа жерлерді нақты айту керек.

3. Не болғанын нақты хабарлау: теледидар, жиһаз жанып тұр; газдың иісі сезіледі.


Егер диспетчер сұраса сіз үйдің, пәтердің нөмірін, кіре беріске кіру кодын және барлық қажетті мәліметтерді нақтылап айту керек.

Қорытынды. Сабақты қорытындылау, балалар үйге қайталау үшін ала алатын шұғыл қызмет нөмірлері бар жадынама тарату.

Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі. Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді. Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді. Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.

6 ҚТ «Өрт қауіпсіздік ережелері»

Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.













































Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.


Ақпараттық мәтін













Үлестірмелі қағаздар










Суреттер




Тірек-сызбалар






Кесте





















Пайдалы сілтемелер:

https://orken-instituty.kz/ru/telefony-goryachih-linij

https://youtu.be/XN1hCSucuqQ?si=d0QrFl9yslUOu2dn

https://youtu.be/ylMqQnk_eq4?si=zzekmQUmfe_7ldVC





Сынып сағатының соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау

Рефлексия


Қажетті білімді толық меңгердім бе? Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады



А4, конспект






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.11.2024
92
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі