«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше нөмірлер» ЖЖЕ№3 Жол таңбаларының мақсаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше нөмірлер» ЖЖЕ№3 Жол таңбаларының мақсаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше нөмірлер» ЖЖЕ№3 Жол таңбаларының мақсаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше нөмірлер» ЖЖЕ№3 Жол таңбаларының мақсаты

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

5 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.

- Оқушыларға жол таңбаларының негізгі мақсаты, түрлері және олардың маңызы туралы түсінік

Құндылық :

Заң және тәртіп

Бірлік және ынтымақ

3-апта дәйексөзі: «Жауапкершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі»!

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Салеметсіздерме құрметті оқушылар?! –

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

«Миға шабул»

1. Буллинг деген не?

2. Кибербуллинг деген не?

Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

1-тапсырма (жеке жұмыс)

Жағдаяттарды талдау.

Не істер едің?

2-тапсырма

«Буллинге жол жоқ» көрініс

ЖЖЕ №3

Жол таңбаларының мақсаты:

  • Жол таңбалары адамдарға жолда жүріп-тұру ережелерін түсінуге және орындауға көмектеседі.

  • Жол белгілері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қауіпсіздікті сақтау үшін маңызды.

Жол таңбаларының түрлері:

  • Ескерту белгілері: Бұл белгілер адамдарды қауіпті аймақтар туралы алдын ала хабардар етеді (мысалы, жол жөндеу жұмыстары, өткір бұрылыстар).

  • Тыйым салу белгілері: Бұл белгілер қандай әрекеттерді орындауға болмайтынын көрсетеді (мысалы, тоқтауға тыйым салынады).

  • Ақпараттық белгілер: Бұл белгілер қажетті ақпаратты ұсынады (мысалы, автотұрақтар, аурухана).

Оқушылар сәлемдеседі.



Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың?




Жағдаяттарды талдайды

Егер де:
1 оқушысаған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
2 оқушы сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
3 оқушы

әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса
4 оқушысені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса
5 оқушысаған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе
6 оқушыжеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса
7 оқушысені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе не істер едің?


Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин
































































  «ТӨТЕНШЕ НӨМІРЛЕР»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Оқушыларды жедел қызмет түрлерімен таныстыру, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін, жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын және өз денсаулығын сақтау жайлы түсіндіру.

  2. Зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларды өмірлік қиын жағдайда үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне тәрбиелеу; төтенше жағдайларда баланың мінез-құлқының қауіпсіз үлгісін қалыптастыру.

Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, жедел телефондар туралы еске салғыштары бар үлестірмелі материалдар, рольдік ойындарға арналған телефон аппараттарының түрлерінің макеттері.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут)

Сәлемдесу:

Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметінің маңыздылығын талқылаңыз.

  1. Негізгі бөлім (6 минут)

Ұғымдарды түсіндіру:

Жедел қызмет шақырған кезде диспетчерге не айту керек? Мекенжайды, нысанды, жағдайды көрсету, қажет болған жағдайда фамилияңызды және телефон нөміріңізді көрсету қажет.

Төтенше жағдайлар қызметінің негізгі түрлерінің иллюстрацияларын көрсетіңіз.

Төтенше жағдай туралы хабарлау неліктен маңызды?

Оқушыларға жалған қоңырау ойыншық емес екенін, оның салдары өте ауыр болатынын түсіндіру.

Сақтық шараларының қарапайым мысалдарын келтіріңіз.

Қазақстанда кез келген ұялы байланыс операторының пайдалы жедел қызмет нөмірлері мен қала нөмірлері тегін беріледі:

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

  • «111» нөмірі 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі құпиялылықты сақтайды

111









Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау

Жедел телефон нөмірлері мен олардың мағыналарын қарастырыңыз. Жедел жәрдем нөмірлері бар парақшаны таратыңыз.

Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list= PLA5eCSY2FeoQLLocS-

IEuEG9KjOrJzvPM&index=5






















































Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list= PLA5eCSY2FeoQLLocS-

IEuEG9KjOrJzvPM&index=5





































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
100
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі