Материалдар / «Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше қызмет нөмірлері»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше қызмет нөмірлері»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше қызмет нөмірлері»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2024
208
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» ҚС «Төтенше қызмет нөмірлері»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:


Сынып:

1 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.

Құндылық :

Заң және тәртіп

Бірлік және ынтымақ

3-апта дәйексөзі: «Жауапкершілік-адамгершілік қасиеттің көрінісі»!

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Салеметсіздерме құрметті оқушылар?! –

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай? Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық.

- Біз неге шеңберге тұрып, сабақты бастадық?

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

«Миға шабул»

1. Буллинг деген не?

2. Кибербуллинг деген не?

Буллинг деген не? Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектеп¬те¬рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия¬ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.
Кибербуллинг дегеніміз не? Кибербуллинг – адамды интернетте, мысалы әлеуметтік желілерде қорлау немесе қудалау. Кез келген адамның кибербуллингке ұшырауы мүмкін екені есіңде болсын. Егер де сенімен бұндай жағдай орын алып жатса, ол сенің кінәң емес. Дегенмен саған онлайн қауіпсіздігін сақтау қажет. Және көмек сұраудан қорықпа, бұл – әлсіздік емес.

1-тапсырма (жеке жұмыс)

Жағдаяттарды талдау.

Не істер едің?

2-тапсырма

«Буллинге жол жоқ» көрініс


Оқушылар сәлемдеседі.



Шеңберде тұрып оқушылар бір-бірімен сәлемдеседі. Мысалы:Салем! Сәлеметсің бе? Есен-амансың ба? Қалайсың?




Жағдаяттарды талдайды

Егер де:
1 оқушысаған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса
2 оқушы сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса
3 оқушы

әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса


Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин
































































  «ТӨТЕНШЕ НӨМІРЛЕР»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардың жұмыс істеу тәртібімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:

  1. Оқушыларды жедел қызмет түрлерімен таныстыру, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін, жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын және өз денсаулығын сақтау жайлы түсіндіру.

  2. Зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамытуға ықпал ету.

  3. Оқушыларды өмірлік қиын жағдайда үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне тәрбиелеу; төтенше жағдайларда баланың мінез-құлқының қауіпсіз үлгісін қалыптастыру.

Материалдар: осы тақырып бойынша иллюстрациялар, жедел телефондар туралы еске салғыштары бар үлестірмелі материалдар, рольдік ойындарға арналған телефон аппараттарының түрлерінің макеттері.

Сабақ барысы

  1. Кіріспе (2 минут)

Сәлемдесу:

Педагог оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды.

Төтенше жағдайлар қызметінің маңыздылығын талқылаңыз.

  1. Негізгі бөлім (6 минут)

Ұғымдарды түсіндіру:

Жедел қызмет шақырған кезде диспетчерге не айту керек? Мекенжайды, нысанды, жағдайды көрсету, қажет болған жағдайда фамилияңызды және телефон нөміріңізді көрсету қажет.

Төтенше жағдайлар қызметінің негізгі түрлерінің иллюстрацияларын көрсетіңіз.

Төтенше жағдай туралы хабарлау неліктен маңызды?

Оқушыларға жалған қоңырау ойыншық емес екенін, оның салдары өте ауыр болатынын түсіндіру.

Сақтық шараларының қарапайым мысалдарын келтіріңіз.

Қазақстанда кез келген ұялы байланыс операторының пайдалы жедел қызмет нөмірлері мен қала нөмірлері тегін беріледі:

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104,112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен

ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.

  • «111» нөмірі 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі құпиялылықты сақтайды

111









Қорытынды (2 минут). Ережелерді қайталау

Жедел телефон нөмірлері мен олардың мағыналарын қарастырыңыз. Жедел жәрдем нөмірлері бар парақшаны таратыңыз.

Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list= PLA5eCSY2FeoQLLocS-

IEuEG9KjOrJzvPM&index=5






















































Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list= PLA5eCSY2FeoQLLocS-

IEuEG9KjOrJzvPM&index=5



































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!