«Буллингтен қорған!» сынып сағаты

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Буллингтен қорған!» сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие ісінің меңгерушісі:

Аптаның дәйек сөзі

«Жауапкершілік – адамгершілік қасиеттің көрінісі»



Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Дусбаева Н.

Күні: 18.11.24 ж


Сынып: 3 Ә

Қатысушылар саны:15

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Буллингтен қорған!»


Мақсаттары

«Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;

Құндылық

Сынып ұжымын сыйластыққа, бір-біріне қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)


«Шұғыл қызмет нөмірлері»


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Миға шабуыл Буллинг дегеніміз не? Балалар сұраққа жауап береді, пікір алмасады.

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Миға шабуыл (бейнеролик) Мұғалім: (бейнероликтен кейінгі жетелеуші сұрақтар) Бұл бейнеролик не туралы?

Видеодан кейінгі сұрақтар:

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Біреу сені қорқытып, қорлап жүрген жағдайда не істеу керек? Егер сен өзің біреуді қорлап жүрген болсаң ше? Неліктен адамдар бір-бірін қорлап, қиянат жасайды?


Оқушы өз ойларын ортаға салады.

Оқушы жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу

Оқушы өз болжамдарын айтып, талқылау жүргізеді

ҚБ «Мадақтау сэндвичі»


Тақырыптық суреттер

сілтемеде

суреттер

https://www.youtube.com/watch?v=RCA_wFW-mSo


Сабақтың ортасы

Bullying сөзі ағылшын тілінен аударғанда "қорқыту", "кемсіту", "мұқату" дегенді білдіреді. Буллинг - агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін.

Буллингтің негізгі төрт түрі бар. Олар: сөзбен қорқыту, күшпен қорқыту, реляцион түрі және кибернетикалық буллинг.


Буллингтің күш көрсету арқылы жүретін түрі адамның тәніне зиянын тигізеді, оның дүние-мүлкіне зардап әкеледі. Мәселен, иықпен қағып өту, ұру, төбелесу осы қатарда. Әдетте буллинг басқалай басталып, ақыр соңында күш көрсетуге алып келеді. Күш көрсету — өлімге апаруы мүмкін өте қауіпті буллинг түрі.


Сөз формасындағы буллингте адам ауызша айқаймен, дауыс көтеру арқылы және күліп, кекетіп-мұқату арқылы зорлық көрсетеді. Құрбанды қорлап, оның намысына тию, сыртынан ол туралы өтірік айту, өсек тарату, дөрекі сөйлеу, жәбірлеу сөз түріндегі буллингке кіреді.


Relational буллингті кейде әлеуметтік агрессия деп те атайды. Бұл – бір адаммен қарым-қатынас құру арқылы оған зиян келтіру, кемсіту. Сондай-ақ реляцион буллинг түсінігін бір адам басқа жанның репутациясына кір келтіргісі келген, оның қоғамдағы беделіне нұқсан келтіруді ойлап жасаған әрекетін сипаттағанда да қолданады. Relational буллинг сырт көзге жақын араласатын адамдар боп көрінетін ортада болуы мүмкін. Сондықтан ол ұзақ уақыт басқа адамдарға байқалмай, бірнеше жылға жалғаса береді.


Қазір қорқытудың кибербуллинг деп аталатын түрі жиі ұшырасады. Мамандар да кибербуллингтің әсіресе пандемия кезінде өршіп тұрғанын айтып жүр. Кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін.


Оқушы ақпараттық мәтінмен жұмыс жасайды

Оқушы өз жұмыстарының қорытындыларын сынып алдында қорғайды. Оқушы бір-біріне қосымша сұрақтар, қойып, бір-бірін толықтырады.

Дескриптор:

өзгерістерін жіктейді



























Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топқа құпия хаттар жазылған конверттер таратылып беріледі. Жауабын әр топ ойланып, ақылдаса отырып айтады.

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады









ҚБ «Мадақтау сэндвичі»



ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады










ҚБ «Өзін-өзі бағалау»





10 мин

1 САБАҚ. «Шұғыл қызмет нөмірлері»

Сабақтың мақсаты: оқушыларға шұғыл қызмет нөмірлерін қолдануды үйрету. Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.

Постерді қарап шығыңдар. Сабақтың тақырыбын анықтаңдар. Сабақтың мақсаты: адам өмірін құтқару үшін төтенше қызмет нөмірлерін есте сақтау.



«Есте сақта»


Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау

- Төтенше қызмет нөмірлері туралы не білесіңдер? «Төтенше» деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер. -Адамдар бұл нөмірлерді қандай жағдайларда қолданады?

4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері. Топпен жұмыс. Педагог жұппен жұмыс істеуді ұсынады. 1-оқушы – диспетчер, 2-оқушы – қиын жағдайға тап болған адам.

1-топ: өрт;

2-топ: бұзақылардың шабуылы;

3-топ: көшеде ес-түссіз жатқан адам;

4-топ: пәтердегі газ иісі

5-топ: терең шұңқырға құлаған бала.

2 мин уақыт беріледі.

Әр топ берілген тақырып бойынша дайындалып, іс- әрекеттерін, төтенше қызмет нөмірін қалай қолданғанын сынып алдында көрсетуі керек. Әр топ жұмысы жеке тыңдалады. 5. Қорытынды. Рефлексия (2минут) -Төтенше қызметті көмекке шақыру сендерге қиын болды ма, әлде жеңіл ме?-Қиындыққа ұшыраған адамға көмектесу үшін ең бастысы нені білу керек? (Сасқалақтамау, не болғанын анық, дұрыс түсіндіру, төтенше қызметке мекенжайды дұрыс айту) Үй тапсырмасы: жедел жәрдем нөмірлері бар жадынама дайындаңыз, әдемі безендіріңіз және досыңызға беріңіз.









Сұрақтарға жауап береді.Тапсырманы орындайды

























Топтық жұмыс орындайды



Пайдалы сілтемелер:


https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=5




















Сабақ

тың соңы


Сабақты қорытындылау

Рефлексия

Қажетті білімді толық меңгердім бе?

Қай дағдыларды қалыптастырдым?

Үйге тапсырма

Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2024
108
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі