«Буллингтен қорған!» «Төтенше нөмірлер» 5 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Буллингтен қорған!» «Төтенше нөмірлер» 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
«Буллингтен қорған!» «Төтенше нөмірлер»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Іс-шараның тақырыптары

«Буллингтен қорған!» «Төтенше нөмірлер»

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

@pedagoglife тикток

Күні:


Сынып:

5 « »

Сабақтың мақсаттары:

-Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу

- төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырату

Құндылық :

Заң және тәртіп

Бірлік және ынтымақ

апта дәйексөзі: « Шығармашыл бала-ойлы бала »

Сабақтың барысы

Сынып сағатының кезеңі\ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

бағалау

ресурстар




35 мин


































Армысыздар, қымбатты оқушылар! Сіздерді көргеніме қуаныштымын!

Барлықтарыңыздың жүздеріңізден күлімсіреу көрініп тұр! Керемет!

Шағын сұрақтар:

«Буллинг дегенді қалай түсінесіңдер?

«Өміріңде осындай жағдайды байқадың ба?»

Кіріспе бөлім :

Мұғалімнің сөзі:

«Буллинг – бұл біреуді әдейі ренжіту, қудалау немесе қорқыту. Буллинг әртүрлі түрде болуы мүмкін: физикалық, ауызша, әлеуметтік және кибербуллинг (интернет арқылы). Бүгін біз буллингтің қандай зиян тигізетінін және одан қалай қорғану керектігін талқылаймыз.»

Буллингтің түрлері туралы қысқаша ақпарат:

1. Физикалық: ұру, итеру, заттарын лақтыру.

2. Ауызша: мазақ ету, қорлау, жаман сөздер айту.

3. Әлеуметтік: басқа адамды топтан шеттету, беделін түсіру.

4. Кибербуллинг: интернет арқылы қорқыту, әдепсіз хабарламалар жіберу.

Негізгі бөлім :

1) Буллингтің зардаптары:

Құрбан болған адамның психологиялық жағдайына әсері:

Өзін-өзі төмен бағалау, үрей, жалғыздық сезімі.

Қоғамға әсері:

Топ ішіндегі сенімсіздік, достықтың бұзылуы.

2) Буллингтен қорғану әдістері:

1. Өзіңе сенімді бол:

Тік тұрып, айқын сөйлеп, өз пікіріңді білдір.

2. Көмек сұра:

Ата-ана, мұғалім немесе сенімді ересек адамға айт.

3. Жағдайды елемеу:

Кейде ренжіткен адам ескерусіз қалғанда, ол әрекетін доғарады.

4. Қауіпсіз орта таңда

Сенімді достарыңмен бол және қауіпсіз жерлерде жүр.

5. Интернетте қауіпсіздік:

Бейтаныс адамдармен хат алмаспа, жеке мәліметтерді жариялама.

Жағдайлық тапсырмалар:

Жағдай: «Сыныпта бір оқушыны барлығы мазақ етеді. Ол өзін жалғыз сезінеді. Не істеу керек?»

Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

Жағдай: «Саған интернетте біреу қорқынышты хабарлама жіберді. Сен қалай әрекет етесің?»


Дұрыс шешімдерді талқылау.

Практикалық бөлім :

Рөлдік ойын

Топқа бөлініп, әртүрлі жағдайларды сахналау. Мысалы:

Бір оқушы ренжіп тұрғанда, достары оған көмектеседі.


Біреуді мазақтауды тоқтату үшін достары оны қолдайды.

қарым-қатынас орнатып, мейірімді болудың маңыздылығын түсінеді.

Қорытынды бөлім :

Мұғалімнің сөзі:

«Буллинг – бұл үлкен мәселе, бірақ біз оны бірге шеше аламыз. Әрқайсымыз мейірімді болсақ, бір-бірімізге қолдау көрсетсек, буллингті жеңуге болады. Егер сіз немесе сіздің досыңыз осындай жағдайға тап болса, міндетті түрде көмек сұраңыз.»

Сұрақтар:

«Сен буллинг жағдайында қалай әрекет етесің?»

«Бүгін не үйрендің?»

Бағалау:

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау.

Әр топтың жұмысына баға беру.


Оқушылар жұдырық түйістіру арқылы бір біріне достық ықыластарын білдіреді







Оқушылар кластер жасап, оны қорғайды.


































Оқушылар ақ қағазға өз ойларын қысқаша жазады




Оқушы

лар бірін -бірі бағалай

ды

Презентация 1-8














Қауіпсіздік сабағы


10 мин








































ҚС:

Сабақтың мақсаты: төтенше жағдайлар кезінде көмекке келетін жедел қызметтердің нөмірлерін ажырату

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй қалыптастыру (1-2 мин).

Мақсат қою:

Педагог:

Шыр-шыр етеді, Құлағыңнан өтеді. Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді. (жауабы: телефон)

  • Бүгін біз сабақта не туралы сөйлесеміз деп ойлайсыздар?

  • Адамдарға телефон не үшін қажет?

  • Әлемдегі ең маңызды телефондар қандай?

Адамдардың өмірін құтқару бойынша шұғыл қызметтердің нөмірлерін есте сақтаңыз.

Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

Shape1
Қызметтік машиналардың суреттерінен «Қызметті тап» ойыны.

  • Бұл машиналар қандай қызметте жұмыс істейді?

Әр бір адам өз өмірінде төтенше жағдайдың куәгері болған шығар. Сондай-ақ сол адам зардап шеккендерге көмектесуге тырысатыны анық. Осындайда адамдарға жедел көмек көрсететін құтқару қызметтері бар. Олар дабылды қосып, арнайы қызмет көрсету машиналарына мініп, көмекке шығады.

1.Тақырыпқа кіріспе

«Шұғыл қоңыраулар» рольдік ойыны

Жедел қызметтердің бірыңғай телефоны бар, оған қоңырау шалу арқылы сіз кез келген төтенше жағдайда көмек сұрай аласыз. Бұл телефон – 112. Төтенше жағдайларда ең бастысы – тыныштықты сақтау және операторға мәселені, не болғанын түсіндіре білу. Қиындыққа тап болмас үшін әрқашан қауіпсіздік ережелерін есте сақтау қажет.

Нұсқаулар:

  1. Егер үйіңізде немесе көршілеріңізде өрт болса, 101-ге қоңырау шалыңыз.

  2. Егер сізді ренжіткен болса, затыңызды ұрлаған немесе қатты қорқытқан болса онда 102-ге қоңырау шалыңыз.

  3. Егер өзіңіз немесе жақын адамыңыз ауырып қалса, 103-ге қоңырау шалыңыз.

  4. Сізге кез келген жағдайда 112 қызметі көмектеседі.

  5. Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру.

Соңғы ойын «Әртүрлі жағдайлар» (балалар қандай қызметке қоңырау шалу керектігін және ондай жағдайда балалар өзін қалай дұрыс ұстау керектігін түсіндіруі керек:

  1. Есікті бейтаныс адам қақты (102).

  2. Әжем ауырып қалды (103).

  3. Көрші үйдің терезесінен түтін шығып жатыр (101).

«Есте сақта!»

Өрт күзеті

101

Полиция

102

Жедел жәрдем

103

Төтенше газ қызметі

104, 112

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, бала құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.


  • «111» нөмірі – 24/7 байланыста

  • «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды

- «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111


  1. Бекіту. Өзіндік жұмыс. Тапсырманы орындаңыз. Суреттің астына қызмет нөмірін жазыңыз.

  2. Қорытынды. Рефлексия.

Менде смайликтер бар: көңілді және көңілсіз. Тапсырмалары қиын емес балалар көңілді смайликті таңдайды, ал тапсырмаларды орындау қиынға соғатындар көңілсіз смайликті алады.

Пайдалы сілтемелер:

https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-

IEuEG9KjOrJzvPM&index=5 https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLL ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=25






















































https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-

IEuEG9KjOrJzvPM&index=5 https://www.youtube.com/watch?v=hH_WhoDXIzU&list=PLA5eCSY2FeoQLL ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=25


























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі