"Буллингтен қорған,буллингтің алдын ал" сынып сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Буллингтен қорған,буллингтің алдын ал" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Келісемін» Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

_____________ О.А.Кошмаганбтов

«____» _______2025 жыл



Сынып : 7 «б»

Сынып сағатының тақырыбы: Буллингтен қорған

Мақсаты: мектеп ортасында буллингтың алдын алу

Міндеттері:

* Балалардың қорлау, буллинг,  психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс қатынасын қалыптастыру.

* Қудалау жағдайынан шығу дағдыларын дамыту.

* Құрдастарына толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу.

* Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Сынып сағатының түрі: дәріс сабағы

Сынып сағатының барысы:

Суреттерге қатысты ой қозғау сұрақтары қойылады.

1.Буллинг дегеніміз не?

2.Буллингтің себептері мен түрлері

3.Мектептегі буллинг қайдан пайда болады?


image7.png



Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Буллинг деген не?

Қорлау (буллинг) – басқа адамның жанын ауырту мақсатында агрессияны қолдану. Қорлау жәбірленушіге ауыртпалық пен қайғы әкеледі. Оның агрессив мінез-құлықтың басқа түрлерінен ерекшелігі – бірнеше рет қайталанады және жеке адамға немесе топқа бағытталады.
Бүгінде буллинг әлем мектеп­те­рінде кеңінен таралып отыр. Буллинг сөзі ағылшын тілінің bully, яғни қорқыту ұғымын береді. Бұл физикалық агрессия­ны ғана емес, психологиялық қысым, қорқыту, тартып алу, қорлау дегенді білдіреді. Мұндай теріс әрекеттер физикалық байланыс, сөздер немесе басқа да әдістер түрінде болуы мүмкін. Мысалы, бет көрінісін өзгерту немесе әдепсіз қимыл, сондай-ақ буллингтің құрбанын топтан, қауымдастықтан әдейі шығарып тастауға ұмтылу.

Shape1

  • Қарым-қатынаста – жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).

  • Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.

  • Жыныстық қатынас – қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.

Вербалды – ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.

  • Кибербуллинг – интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.

  • Экономикалық-материалдық буллинг – бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе,


















Топпен жұмыс

1-топ:Сурет булингтің қандай түрінен қауіп төніп тұрғанын аңғатартады? Постер қорғау.

Объект 4


2-топ: Егер досың кибербуллинге ұшыраса, сенің әркетің.








3-топ: Егер сен өзің интернент арқылы біреуді қорласаң,әрекетіңді қалай түзетер едің ?

Мұғалім топтардың жұмысын бағалап,қортыынды жасайды.

Егер де:

  • саған зұлым, ренішті хабарламалар, смс немесе электронды хаттар (email) жазса

  • сені қорлайтын бейнероликтер, суреттер, өсек немесе жалған сөздер таратса

  • әлеуметтік желілерде сенің атыңнан жалған аккаунттар құрып, онда ерсi фотосуреттерді орналастырса

  • сені ренжіту үшін әлеуметтік желілерде достар тобынан әдейі шығарып тастаса

  • саған әдепсіз сөздер жазылған немесе қоқан-лоқы түрдегі хабарламалар жіберсе

  • жеке басыңа қатысты ақпаратты басқаларға жайса

сені ренжіту не қорлау мақсатында жеке фотосуреттеріңді басқаларға рұқсатсыз жіберсе, онда сен кибербуллинге тап болдың.

Егер сен біреуді қорласаң?

Не істеп жүргенің жайлы ойлан
Сен туралы біреу ренішті сөздер жазса, сенің қандай күйде болатының жайлы ойландың ба?
Алғашқы қадам – ол сенің буллинге жол бергеніңді мойындау. Бәріміз де кейде қателесіп жатамыз, дегенмен бұл сенің жаман адам екеніңді білдірмейді.

Біреумен ақылдас
Өзің сенетін ересек адаммен – анаңмен, әкеңмен, қамқоршыңмен, мұғаліміңмен сол жайында бөліс. Олар саған қандай әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере алады.

Жазған/жариялаған нәрсені жой
Барлық ренішті, қорлаушы посттарды, твиттерді және сын сөздерді жойып таста.

Басқаларды тоқтауға көндір
Буллинге қатысы бар басқа адамдармен сөйлес, одан бас тартуға көндір. Бір адам көп нәрсені өзгерте алады.

Кешірім сұра
Ренжіткен адамнан кешірім сұра, көмек ұсын. Бұл ол адам үшін өте маңызды болуы мүмкін.

Бұдан өзің үшін сабақ ал
Кейде біз ойланбастан бір әрекетке барамыз. Болашақта ондай жағдай қайталанбас үшін біз болған оқиғадан сабақ алуымыз керек


Қорытынды:

"Жасөспірім өзінің жасына байланысты буллингтен өзін қорғап қала алмайды. Бұл үлкендердің жұмысы. Дегенмен, мұндай мәселелердің алдын алу үшін ересектер балаларға түсіндіруі керек негізгі мәселелер бар:

Өзі сенім артатын үлкендерге болып жатқан қысым туралы айту;

Қудалауға қатігездікпен жауап берем деп үміттену дұрыс емес. Бұл тағы да басқа мәселелерді тудыруы мүмкін;

Рефлексия.

«Түйінді ой» стратегиясымен бүгінгі тақырып бойынша түйген ойларын айтып, қорытындылайды











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.01.2025
628
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі