Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Буын үндестігі. Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абетжанова С.Т.

Бастауыш сынып мұғалімі

Лебяжі жалпы орта мектебі

Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Аққулы ауылы

Пәні: қазақ тілі, 4-сынып

Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі

Сабақтың мақсаттары:

1) Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан және жіңішке болып келуіне орай жалғанатын қосымшалардың да жуан және жеңішке болып жалғанатынын байқау.

2)Пәнаралык байланысты,ой шапшаңдығын дамыту, берілген сұраққа тиянақты жауап беруге үйрету, сөздік қорын молайту.

3)Ұжымда өзін-өзі тәрбиелеуге,бағалауға дағдыландыру.Оқушыларды әдемі, сауатты жазуға баулу

 Күтілетін нәтижесі: Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініпп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тпсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады

Сабақтың көрнекілігі: смайликтер, плакаттар, парақшалар, маркерлер, тақта, бор, .

 Сабақтың әдіс - тәсілдері: " Болжау " стратегиясы, «Тілек айту», «Өрмекшінің өрмегі», «Шаңырақ», «Миға шабуыл», «Шаттық шеңбері», «Жүксалғыш, еттартқыш, себет», дидактикалық ойын, дәптермен жұмыс, топпен,жұппен, жеке жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері.

Құралдар: интербелсенді тақта, маркер,түсті қарындаштар мен фломастер,бағдаршам, өшіргіш.

Сілтеме: қазақ тілі оқулығы.Жалпы білім беретін 11 жылдық мектептің 4-сыныбына арналған оқулық. Ж.Қ.Балтабаева,

М.Қ.Солтанғазина, Алматыкітап баспасы 2015ж



Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


2 мин

Психологиялық ахуал тудыру мақсатында «Тілек айту» ой сергегін өткізу.

Үлкенге де Сіз,

Кішіге де Сіз!

Бар адамды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Оқушылар мұғаліммен бірге өлең шумақтарын қайталап айтады. «Үш шапалақ» арқылы мадақтау

Үй тапсырмасын тексеру





6 мин

«Өрмекшінің өрмегі» әдіс-тәсілі арқылы оқушылардың өткен тақырып бойынша білімдерін пысықтау. Бір-біріне сұрақтар қоя отырып, «өрмекшінің» торын құрады.


Шеңбер ішінде оқушылар өткен тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап береді. «Үш шапалақ» арқылы мадақтау




Жаңа тақырыпқа шығу






7мин










  «Миға шабуыл»:

Топтарға тапсырма беріледі:парақшада жазылған түбір сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап жазу. Жалғанған қосымшалардың жуан немесе жіңішке екенін анықтау. Қорытынды шығару. Осы сөздердің ішінен «сиқырлы» сөздерді табу.

Топ ережесін еске түсіру, топ басшылаырына бағалау парағын беру.

1топ:адал, күй, көлік,саз /дық, гер, тер, ші\

2топ:өнеге, бақыт, болашақ, дәрі \қа,хана, лі, ты\

3топ:дана, бақша,бап, жер \лар,кер, ге, лық\

4топ:бас, би, көше, өнер, \лер, паз, тық, ші\

Оқулықпен жұмыс:ережені жеке оқу, жұппен талдау.

Мұғалім: Сөзді бастан-аяқ біркелкі әуезбен айтуды үндестік заңы деп атаймыз.

Үндестік заңының екі түрі бар: а) буын үндестігі; ә) дыбыс үндестігі. Біз бүгінгі сабақта буын үндестігіне тоқталатын боламыз.

Мәлімет беру: Буын үндестігі - сөз ішіндегі, сөз бен қосымша арасындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не жіңішке болып айтылу заңдылығы. Буын үндестігін ғылымда сингармонизм заңы деп те атайды. Қазақ тілінде сөздер бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді. Кейбір жағдайларда жуан және жіңішке дыбыстар аралас келеді.

Bilimland» сайтынан үзінді бейнефильм көру.

«Сиқырлы» сөздердің құпиясын ашу:сазгер, дәріхана, өнерпаз,бапкер. Тілімізде буын үндестігіне бағынбайтын мынандай қосымшалар бар: -мен, -пен,-бен: қаламмен, аспен.-қор, еңбекқор, -кер, талапкер, -гер, мұрагер-нікі Алматінікі. Бұл сөздердің жазылуын есте сақтау керек.

Сабаққа мақсат қою: Бүгін сабақта қандай мақсатқа жеткілерін келеді?


Оқушылар берілген тапсырманы топпен ақылдаса отырып орындайды, қорытынды шығарады, мысалдар арқылы ереже құрастырады, «Сиқырлы» сөздерді табады.



Топ ережесі: «5Т» ұстанымын еске түсіру: талап, тәртіп, тазалық, тыныштық, татулық.





















Оқушылар буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтіреді.



Оқушылар сабаққа мақсат қояды, ойларын ортаға салады.

Ынталандыру




Мағынаны ашу














6мин


















Дәптермен жұмыс:күн ретін жазу, 12 беттегі 2-жаттығуды орындау.

1топ:1,2 сөйлемдерді жазу.

2топ:3,4 сөйлемдерді жазу.

3топ:5,6 сөйлемдерді жазу. 4топ:7 сөйлемді жазу.

Оқушылар топ ішінде тапсырманы талдап,оқулықтағы жаттығуды орындайды. Әр топтан бір оқушыдан сөйлемдерді оқиды,талдайды, қарама-қарсы топтар бағалайды.

«Бас бармақ» арқылы мадақтау








Ой толғаныс




6мин

Дидактикалық ойын

Оқулықпен жұмыс:13 беттегі 3жаттығудағы мәтінді түсініп оқу, мағынасын ашу.

Тапсырма орындау: кейбір оқушылардың орындықтардың артында мәтіннен алынған сөздер ілінеді, сол сөздердің түбірі мен қосымшасын ажыратып, ережені еске түсіреді.

Оқушылар берілген тапсырманы орындайды, қорытынды шығарады.

Ынталандыру


Рефлексия


6 мин


«Шаңырақ» үлгісін құрастыру

-Бүгінгі сабақтан өзіңе жадыңда нені түйіп алдыңдар?

-Балалар, құрастырған затымыз неге ұқсатуға болады?

- Шаңырақ туралы не білесіңдер?

Оқушылар сабақта алған әсерлерімен бөлісіп, шеңбер құрып, “Шаңырақ» үлгісін құрастырады.

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.



Ынталандыру





Кері байланыс














2 мин


















«Жүксалғыш»- бәрін түсіндім, өзіммен бірге жүксалғышқы салып алып кетемін, «Еттартқыш» -әлі толық түсінбедім, ойлануым керек,

«Себет»-ештеңе маған қажет етпейді арқылы сабақты қорытындылау.

Оқушылар стикерлерге ойларын жазып, керекті суретті таңдайды.


Бағалау

3мин

Топ басшысының бағалауы


Топ басшысы бағалау парағына сәйкес топ мүшелерін бағалайды


Үй тапсырмасы

2 мин

Үй тапсырмасы түсіндіріліп беріледі:

14бет, 5жаттығу, «Бермуд үшбұрышы» туралы қосымша мәлімет дайындау.

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.02.2019
665
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12