Ц дыбысы.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 3 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ц дыбысы.Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
3. 2. 1. 1. Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау. 3. 4. 1. 1. э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


Мұғалімнің аты-жөні:

Осипова Б.К

Пән/Сынып:

3-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

29-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.

Сабақтың тақырыбы:

Ц дыбысы (Оқулық «Атамұра» баспасы, 2018ж.)

Оқу мақсаты:

3. 2. 1. 1. Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау.

3. 4. 1. 1. э, ф, в, ц әріптері бар сөздерді сауатты жазу.

Бағалау критерийі:

  • ц дыбысы бар сөздерді сауатты жазады;

  • тірек сөздерді пайдалана отырып сурет бойынша әңгіме құрайды және мәтіннің түрін анықтайды.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылардың өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар


1 минут


Ұйымдастыру








  • Сәлеметсің бе! Бүгінгі сабақтың тақырыбы Ц дыбысы. Бүгін сен ц дыбысы бар сөздерді сауатты жазып үйренесің және тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрауды үйренесің.










Презентация


7-8 минут


Жаңа сабақ


1-тапсырма.


Суретке қара. Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрап жаз.

Тірек сөздер: Демалыс күні, Айбар мен Салтанат, өнер көрсетті, аю, ата-ана, цирк, керемет демалыс, жақсы көңіл күй, мотоцикл.


Орында:

  • Құраған әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?

  • Ц дыбысы бар сөздердің астын сызып, жазылуына назар аудар.


Ц – қатаң дауыссыз дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде кездеседі: цех, цемент.








Тірек сөздерді пайдаланып сурет бойынша әңгіме құрау. Мәтіннің түрін анықтау.




















Дескриптор:

  • Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрап жазады;

  • Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;

  • Ц дыбысы бар сөздерді тауып астын сызады.




8 минут




Тақырыпты меңгеру машығы


2 - тапсырма. (Оқулық 62 бет, 42 – жаттығу)





Сөзжұмбақты сызып, оны шеш.

Ц дыбысы қатысқан сөздердің жазылуына назар аудар.

  1. Ата Заң.

  2. Өлшем бірлігі.

  3. Сахнадағы ән, би кеші.

  4. Санның таңбасы.

  5. Көлік түрі.

  6. Оқу құралы

  7. Ойын көрсетілетін орын.






Ц дыбысы бар сөздерді сауатты жазу.








Дескриптор:

  • Сөзжұмбақты дұрыс шешеді;

  • Ц дыбысы бар сөздерді қатесіз жазады.




3 минут




Бекіту


Жеке тапсырма ұсыну. (Оқулық 61 бет, 41 – жаттығу)

  • Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Анасы балаларын ...иркке апарды. Үй салуға ...емент өте қажет. Биыл әр гектардан ондаған ...ентнер күріш жиналды. Ол мото...икл жүргізуді үйренді.



Сөйлемдегі сөздерді сауатты жазу.


Дескриптор:

  • Көп нүктенің орнына әріптерді дұрыс қойып жазады;

  • Каллиграфиялық нормаларды сақтайды.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2020
622
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі