15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Cаясаттану негіздері тарауын қорытындылау
Оқу ісі жөніндегі орынбасары: _______
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
ПӘН: Адам.Қоғам.Құқық |
Мектеп: Жалғансай орта мектебі |
|||||||||||||||||||||||
Күні: 7.02.2019ж |
Мұғалімнің аты-жөні: Досқалиева А.М |
|||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 11 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Бөлім:
татттттақырыбы: |
Саясаттану негіздері |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы
nfnnfтақырыбы:
|
Үшінші бөлім бойынша қорытынды
|
|||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
Саясат және өнер бөлімі бойынша өткен оқу материалдарын қайталау; Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған ,білімдерін толықтыру |
|||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Өткен тақырыптардың мазмұнын біледі; |
|||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Берілген тапсырмалар негізінде өткен тақырыптарға талқылау жасайды; |
||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Ойша салыстырады өз беттерінше тұжырым жасайды |
||||||||||||||||||||||||
Ойлау деңгейі |
Қолдану,талдау |
|||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Мәтіндегі негізгі бөліктерге көзқарасын білдіреді және пікір-таласқа түседі. Бірлескен оқуда ақпаратты талдайды, салыс-тырады, сипаттайды, өз сөзімен айтады. |
|||||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін тілдік бірліктер: Саясатануды мағынасы неде? Саясаттану мен саяси мәдениеттің өзара байланысы қандай? |
||||||||||||||||||||||||
Талдауға арналған тармақтар : Жеке тұлға дегенді қалай түсінесің? Саяси элитаның қандай маңызы бар? |
||||||||||||||||||||||||
Жазылым бойынша: терминдермен жұмыс |
||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Саясат, мемлекет және қоғам |
|||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Оқушының шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілік құндылығын, проблемаларды шешу дағдысын «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының «Зайырлы қоғам және жоғар-ғы руханят» құндылығымен байланыстыру |
|||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих ,әдебиет |
|||||||||||||||||||||||
Жоспар |
||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин Ұйымдастыру
|
1.Сәлемдесу, оқушыны түгендеу, психологиялық ахуал орнату 2.Сыныпты топқа біріктіру Амандасу тренингі:Оқушылар бір-бірімен «еуропалықша» қолдарын қысады, «жапондықтарша» бастарын иеді, «африкандықтарша» мұрындарымен, «итальяндықтарша» құшақтасады. Оқушыларға грек философтарының нақыл сөздерін құрастыруға беріп,сол арқылы Платон,Аристотель топтарына бөлінеді. «Адамның түсініктерін қалыптастыратын - мемлекеттің құрылу формасы» Аристотель «Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түспек» Платон Топ басшысына бағалау парағын беру. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты түсіндіріледі
|
|
||||||||||||||||||||||
БІЛУ 7 мин |
Оқушылар біздер бүгін сіздермен бірге білім шыңына шығамыз. Асуларды бағындырамыз. 1 –асу «Саясаттану» 1-тапсырма «Ойталқы пирамидасы» Пирамидада көрсетілген сұрақтарды негізге ала отырып,жауап беріңіздер. 1.Неліктен саясатты "басқару өнері" дейміз? Өйткені, саясат саяси құбылыстар әлемін тұтас және өзара тығыз байланысында зерделейтін ғылым. 2.Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін атаңыз 1.Көне дүние мен орта ғасырлар Картадан көрсету 2.Жаңа және ХІХғасырдың ортасы. 3.ХІХғ.ІІ жартысы мен ХХғ.басы 3.Саясаттанулық білімнің ерекшелігі неде? Ең алдымен қоғам өмірінің саяси саласы мен үдерістеріне,қатынастарына,саяси шешімдер қабылдау және оларды іске асыру процедураларына,саяси жүйелерге қатысуға, бір сөзбен айтқанда,саяси өмірге саналы түрде қатысуға дайын болуы қажет. 4. Саясаттану оқушы жастарға не береді? Саяси сананың демократиялық элементтеріне қол жеткізуге саяси дүниетаным мен саяси мәдениеттің негіздерін меңгеруге,өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға,әлеуметтік шиеліністерді шешуге ,саяси үдерістерге белсене қатысуға,саяси экстремизмге қарсы күресуге көмектеседі. 5. Жеке тұлғаның саясаттағы рөлі қандай? Қоғамның бүкіл саяси өмірі,саясатқа байланыстының бәрі адамдармен,адамдардың қатысуымен жасалады.Адамдардың белсенді түрде қатысуы арқылы қоғамның саяси өмірі жандана түседі. Дескриптор: - Оқушылар оқулықтағы мәліметтерді оқиды; - сұрақтарға жауап береді; - нақты мәліметтер келтіреді; - өз ойын еркін жеткізеді; Бейнекөрсетілім: «Саясат деген не?»
Түйін: Олай болса,оқушылар сіздерге мысал келтіре кетейін. Көз алдымызға театрдағы дирижерсіз опера айтып тұрған әншілерді елестетейікші.Хорды әркім әртүрлі айтады, солистер арияның қай жерде басталатынын білмесе,музыканттар ритмнен жаңылысады. Нәтижесінде дыбыстардың хаосы,келіспеушіліктер орын алады.Барлық залдағы тыңдармандарға кері әсер етеді.
Саясаттағы басқару өнері де дирижердің таяқшасы сияқты.Саясаттанушы елдің саясатын дұрыс жүргізсе ғана алға дамиды Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
|
Оқулық Интернет материалдары
https://www. youtube.com/ watch?v=maUKX_7c_HA&t=42s |
||||||||||||||||||||||
Түсіну 7 мин
|
2-асу «Саяси жүйе» "Телекөпір"арқылы Жалғансай орта мектебінің 11-сынып оқушылары байланысқа шығады. Кестемен жұмыс «Көршіңе әңгімеле» 1-топ Саяси жүйе және оның құрылымы
2-топ Элитаның типтері
|
Оқулық
|
||||||||||||||||||||||
Қолдану 5 мин
|
3-асу «Саяси мәдениет» Оқушылар бұл асуда сіздерге «Ғажайып хат» келген екен. Енді сол тапсырманы орындайық . Жеке жұмыс Тест жұмысы ҰБТ да кездесетін сұрақтар 1.«Саяси мәдениет»ұғымын алғаш қолданысқа енгізген философ................ И.Герднер
3.Саяси мәдениеттің қызметтері:......................................... Бірегейлендіру,бағдарлау,бейімдеу,интегративтік, коммуникативтік 4.Саяси мәдениеттің негізгі типтері:......................................... Патриархалдық,бодандық,қатынасу мәдениеті 5. «Қатынасу» мәдениетінің басқаша атауы .....Азаматтық мәдениет Терминдермен жұмыс Саяси мәдениет- қоғам мүшелерінің саяси тәжірибесін реттеп, саяси мінез-құлқын жөнге салып отыратын саяси өмірдің баршаға ортақ нормаларын,саяси құндылықтар, идеалдар,наным-сенімдер,бағыт-бағдарлар,дәстүрлер мен рәміздер жиынтығын айтамыз. Азаматтық қоғам- қоғамда мемлекеттің араласуынсыз және мемлекеттің араласуынсыз және мемлекеттік органдар арнасынан тысқары дамитын тұлғааралық қатынастардың, отбасылық,қоғамдық,экономикалық,мәдени, діни және басқадай құрылымдардың жиынтығы. Патриархалдық саяси мәдениет-жергілікті құндылықтарға мысалы, белгілі бір әулеттің,тайпаның,рудың, әлеуметтік таптың құндылықтарына негізделіп, соған орай жалған патриотизмге,сыбайлас жемқорлыққа,жершілдікке,рушылдыққа жетелеуі ықтимал. Бодандық саяси мәдениет-адамдардың қоғамның саяси жүйесі туралы белгілі бір түсінігі болғанымен,олар саяси өмірге енжар ғана араласып,көбіне билікке,заңға мойынұсынып өмір сүреді. |
Оқулық Интернет материалдары
|
||||||||||||||||||||||
Талдау 7 мин
|
4-асу «Азаматтық қоғам» Келесі асуда азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасын өз ойларыңызбен дәлелдейсіздер «Попс формуласы» «Азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасы» «Менің ойымша, ... » «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … » «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … » «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... » Дескриптор : - Азаматтық қоғам мен мемлекеттің арақатынасын ажырата алады. - өз ойын нақты мысалдармен дәлелдей алады. - қорытынды тұжырымды ойын айта алады. Мұғалімнің және оқушының бағалауы.
|
Ойтүйін |
||||||||||||||||||||||
Жинақтау 5 мин
Соңы 3 мин
Бағалау
Рефлексия: 3мин |
"Теңге ойыны" 1000 теңгелік сұрақ: Қазақстандағы жастар саясаты қалай дамуда?
ҚР
мемлекеттік жастар саясаты туралы
Заңына сәйкес жастар саясатының
мақсаты мен негізгі бағыттары
айқындалған. Онда жастардың құқықтары
мен мүдделерін қоғау, мемлекеттілік
пен қазақстандық патриотизмге баулу,
жастарды сапалы әрі қолжетімді
біліммен қамсыздандыру, жастарға
жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау,
жастарға және жас отбасыларғақолжетімді
баспанамен қамсыздандыру жүйесін
дамыту секілді жастарға қатысты
салалық әралуандылықты айқындап
көрсеткен 2000 теңгелік сұрақ: Алаш зиялыларының идеясы неде? Алаш зиялылары ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асырушы билік «Алашорда» үкіметін құрып,ұлттық-аумақтық негіздегі «Алаш автономиясы» Мемлекеттілігін жариялауға талпыныс жасады.Қазақ зиялыларының саяси-құқықтық,реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс,ұлттық сана,демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. 5000 теңгелік сұрақ: Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістерді атаңыздар: Еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы; 10 000 теңгелік сұрақ: Қазақстандағы азаматтық қоғамға сипаттама беріңіздер?Елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кəсiподақтар, ұлттық-мəдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарының жəне тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мəдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 бұқаралық ақпарат құралдары ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде.
Бүгінгі тақырыптың маңыздылығы неде? Адам өміріндегі саясаттың мәні мен маңызы қандай? Саясаттанулық білім әрбір азамат үшін қажет.Ол мемлекеттік биліктің қалай қалыптасатындығын,қоғам мен мемлекеттің өзара қатынастарының қандай екендігін ,өзінің құқықтары мен міндеттерін,саяси шешімдердің қалай қабылданатындығын,билікке ықпал ету мүмкіндіктерінің қандай екендігін білу үшін қажет.Саясаттану адамдарды саяси білімдермен және тәжірибемен,саяси мәдениетпен қаруландырады. Мұғалім сөзі:
Алаш
идеясы Қазақстан азаматтарының бірігу
идеясы, болашаққа жылжудың айқын
бағыты, бірлігімізді бекемдей түсетін
ұлы жол деп білуіміз керек.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: Үшінші бөлімге қорытынды тақырыбын оқу 176-181 беттер «Қазақстандағы саяси жүйе» эссе жазу |
|
||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
|
|||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып қосымша тапсырмалар беремін. |
|
|||||||||||||||||||||||
Рефлексия
|
Оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау критерийлерін жазамын;
|
|||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |
||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген